18
17. Басқа біреудің балаларын немесе өзімді өнеге тұтамын қызыл.
18. Балам ашуланып бір нәрсе бүлдірсе, міндетті түрде жазалаймын қызыл.
19. Оқыған кітаптарды немесе көрген киноны бірге талқылаймыз жасыл
сары.
20. Үйдегі келеңсіз жағдайларды балаларыма айтып отырамын жасыл.
21. Мен ауырғанда немесе шаршағанда балам оны сезеді және көмектеседі
жасыл сары.
22. Менімен бірге жие болғанды жақсы көретінін әрқашан айтып жүреді
сары.
23. Баламмен сөйлескенді өте жақсы көремін жасыл сары.
Қорытынды: әр түстерді жеке - жеке санап, әр түске бір ұпайдан беріледі.
Әр түстің өз ұпайларын санаймыз..
Жасыл түсті шаршылар:.
А) 0 - 5 ұпай аралығында - балаңызға сіздің көңіл бөлуіңіз жетіспейді.
Әрдайым жұмыстан қолыңыз тимейді бірақ, бала сіздің көңіл бөлуіңізді күтеді.
Балаға көп көңілдің саны емес, сапасы маңызды. Жұмыстан кейін тамақ
әзірлеудің үстінде немесе ыдыс жуып тұрып балаңызбен сөйлесіңіз.
Б) 5 - 10 ұпай аралығында - балаңызға көп көңіл бөлінбейді. Тек
тамақтандырып, киіндіріп және күнделікті қарау, ол көңіл бөлінген болып
есептелмейді. Балаңыздың ішкі жан - дүниесіне көбірек көңіл бөлгеніңіз жөн.
В) 10 - 15 ұпай аралығында - балаңызға көп көңіл бөлесіз. Балаңыз сізге
әбден сенеді және арқа түзейді. Барлық қиындықтарда сіздің алып шығатынына
үлкен сеніммен қарайды. Болашақта жеке тұлға ретінде жақсы азамат болып
өсуіне кепілдік береді.
Сары түсті шаршылар:
А) 1 - 4 ұпай аралығында - сіздің балаңызға көп көңіл бөлінеді. Мүмкін ол
көп те шығар. Ойланыңыз, балаңыздың бос уақыты жеткілікті ме? Мүмкін оның
келеңсіз жағдайларын сіз шешетін шығарсыз? Осылай қалыптаса берсе, баланың
жеке тұлға болып өсуі тоқтатылады, балаңыз кейбір жағдайларды өзі шеше
алмай, өзіне деген сенімін жоғалтып, сізге тәуелді болып қалуы мүмкін.
Б) 5 - 9 ұпай аралығында – мүмкін сіз жасыл шаршылардан да осындай ұпай
жинаған шығарсыз, ол балаңыздың сізден өзіне деген көңіл бөлетінін күтеді.
Балаға күнделікті үйдегі жағдайларда көбірек көңіл бөліп, оның өзіндік
пікірлерін тыңдап, ақылдасыңыз.
В) 9 - 13 ұпай аралығында - сіздің көңіл бөлуіңіз балаға өте қажет. Егер де
сіз жұмыстан қолыңыз тимесе, күнделікті әр бос минутыңызды балаға арнауға
тырысыңыз. Уақытында балаңызды мақтауды, басынан сипауды ұмытпағаныңыз
жөн. Уақыт өте келе сіздің балаңызбен тіл табысуға қиындық туғызуы мүмкін.
Қызыл түсті шаршылар:
А) 0 - 2 ұпай аралығында - сіздің отбасында барлық жағдайлар жақсы:
балаға жеткілікті көңіл бөлінеді. Баланың өзіне - өзі бағалауы дұрыс
қалыптасқан.
Б) 2 - 4 ұпай аралығында - сіз балаға өте қатал қарайсыз немесе сіз балаға
көп көңіл бөлмейсіз. Сондықтан, ол сізді өзіне қарату үшін әр түрлі жағымсыз
істер жасауы мүмкін. Кез - келген нәрселерге ұрса бермеңіз. Баланы көбірек
қолпаштап, келесіде барлығы жақсы болатынына сендіріңіз.
19
В) 4 - 8 ұпай аралығында – Балаға үнемі ұрсып, ақыл айтқандықтан балада
да тәрбие саласы бойынша дәл осындай пікір қалыптасқан. Сондықтан бала
әрдайым сізді ашуландырып, айқайлауыңызды күтіп тұрады. Өзіңізді өзгертуге
тырысыңыз, Ешқандай себеп болмаса да, баланы көбірек мадақтауға, басынан
сипап жай сөйлесіп үйреніңіз. Дәл осылай қалыптаса берсе, күнделікті үйдегі
айқай - шу азайып, балаңыздың сабағы да жақсарып, ара - қатынасыңыз
дұрысталғандығыңызға көзіңіз жетеді. Жай сөйлесіп, түсіндірудің сізге де,
балаға да жақсы қасиет екенін ұмытпағаныңыз жөн.
ІV. Жаттығу. Медитация. «Өз жұлдызыңызды табыңыз»
Әдемі әуен ойнап тұрады.
Нұсқау: Жұлдызды түнді елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық
және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін
сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақын
орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз.
Мүмкін, бұл балалық кездегі сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін, ол сіздің
бақытты сәби кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да ол жұлдызыңызға
сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде
сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз.
а) ата - ана алдарында жатқан жұлдыздардан өзіне біреуін таңдап алады
ә) жұлдыздарға болашақта балаңызды қандай адам ретінде елестететінін
жазады.
б) тақтаға іледі.
Психолог: Осы сабақтың алдында біз балалармен бірге «Отбасындағы
қарым - қатынас» тақырыбында тренинг сабақ өткізген едік. Сол сабақта «Бала
сіздерден не күтеді және сізге деген көзқарасы қандай?» сұрақтарына жауап
алған едік. Өз балаларыңыздың жүрегін алып, оқысыңыз болады.
V. Қорытындылау.«Тілек шамы»
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
- Міне, қоштасатын да сәт жетті, ата - аналар, оқушылар. Біз сіздермен
жанұядағы ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынастың түрлі
жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя -
жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер
болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы,
ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге
тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі
кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған
ойларыңыз болса осы жерде айтып кетулеріңізге болады.
Психологтың қорытынды сөзі
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар және оқушылар! Жел бесіктен,
жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп.
Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген
соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік
абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен
тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп