Білім беру әдістемесі (Методика в образовании) – жекелеген білім процестерінің тәлімдік әрекетіндегі нақты тәсіл, амалдардың сипатталуы. Білім беру әдістемесіне байқау, жобалау, қателік, рейтинг, тест, т.б. әдістер жатады.
Гендер– қазіргі кезде ерлер мен әйелдердің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды, олардың әлеуметтік рөлдерін және т.б. талдаған кезде қолданылатын термин.
Генотип – адамның ата-тегінен мұраға алатын қандай да бір белгілер менгендер жиынтығы.
Даму дағдарысы – көп жағдайда адамның бір физикалық немесе психологиялық жастан екіншісіне өтуде байқалатын қиындықтар.
Дарындылық– үлкен нышаннан туындайтын қаблеттіліктің түрі. Д. Адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қаблеттілігі, өнердің бір түріне туа бейімділігі. Мыс., Дюрер 3 жасында өз суретін салған, Моцарт 7 жаста төрт соната жазған. Гаусс 14 жасында өзін математика әлеміне танытқан. Қабілетіжан – жақсы дамыған адамды дарынды деуден гері қабілетті деу орынды. Д. Туа бітетін ерекше қасиет. Ал қабілеттілік әр адамда болатын, еңбектенумен, ізденіспен жетілетін қасиет. Дарынды балалар зейінді, зерек, алғыр, ширақ келеді Олар қиын жұмысты жан-тәнімен беріліп істейді. Д. Атадан балаға, немереге, шөбереге қан арқылы берілуі де мүмкін. Д. – балаға білім беруде туа біткен алғырлық қасиеттің тәрбие жүйесіндегі әдіс – тәсілдермен бірлесе келіп, жеке тұлғаны қалыптастыруда ықпал етуінің нәтижелік көрінісі. Адамның білуге деген ынта – ықыласының бала бойында туа біткен алғырлық қасиетімен ұштасуын ақыл – ой қабілетінен байқауға болады.
Егіздік әдіс (Близнецовый метод) – біркелкі (гомозиготалық) және әркелкі (гетерозиготалық) егіздердің психологиялық ерекшеліктері мен дамуын салыстыра зерттеу. Е.ә. адамның психологиялық қасиеттері мен мінез – құлық ерекшеліктерінің қалыптасуына тек пен ортаның ықпал деңгейі туралы мәселені ғылыми тұрғыдан шешу мақсатында жүргізіледі.
Жас – адам дамуынын кезеңі, организм мен тұлға қалыптасуының тән сипатты зандылықтарының жиынтығымен сипатталады. Жас – дамудың белгілі бір сатысындағы тұлға құрылымының өзіндік ерекшелігін анықтайтын бірқатар өзгерістер тән болатын сапалық тұрғыдан ерекше кезең болып табылады. Педагогикалық тәжірибе, психологиялық бақылаулар, медициналық практика эмприялық негіздерде әр түрлі жас кезендерін саралайды. Жасқа орай дамуды кезендерге бөлудің қазіргі варианттары шартты түрде алынған, өйткені әрбір көзқарас тұрғысына тән критерийлерге негізделген. Жастың психологиялық сипаттамасы тәрбие мен дамудың нақгы тарихи жағдайларына, қарекет пен қарым – қатынас ерекшеліктеріне орай анықгалады.
Достарыңызбен бөлісу: |