Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің



жүктеу 373,5 Kb.
бет1/4
Дата26.01.2020
өлшемі373,5 Kb.
#27348
  1   2   3   4



Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (ДЭФ ЖБҚИ) индикаторларын жақсарту жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған ІС-шаралар жоспарының ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

(2018 жылғы 1 шілдедегі жағдайы бойынша)






Іс-шаралар

Орындалуы

1

2

3

Дайындық және ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары

1

Орталық мемлекеттік органдарда, жергілікті атқарушы органдарда және «Атамекен» ҰКП ДЭФ ЖБИ үйлестіруге жауапты, бірінші басшының орыбасарынан төмен емес деңгейдегі қызметкерлер мен жауапты орындаушылар анықталсын

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің www.bko.gov.kz ресми интернет-ресурсында «Экономика және қаржы» бөлімінде 2018 жылғы 29 қаңтардағы ДЭФ ЖБҚИ индикаторларын жақсарту жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бекітуі орналастырылды.

6

Сұрау салу алдындағы кезеңде ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізу үшін дайындау іс-шаралары жүргізілсін

БҚО Кәсіпкерлер палатасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп жүйелі түрде ақпараттық-түсіндіру сипаттағы дөңгелек үстелдер, семинар-кеңестер, жұмыс кездесулер өткізіледі. Бизнес қауымдастықпен осындай кездесулер салалық заңнамалық актілер саласындағы мүдделердің есебімен ұйымдастыру тәжірибеленуде.

БҚО Кәсіпкерлер палатасының құқықтық блогымен 2017 жылы бизнес субъектілері үшін уәкілетті мемлекеттік және бақылау-қадағалау органдары өкілдерімен 10 астам дөңгелек үстел, 3 семинар-кеңес, 27 жұмыс кездесулер ұйымдастырылды, БҚО Кәсіпкерлер палатасының алаңында «Прокурор кабинетінде» 20-ға жуық кәсіпкерлер қабылданды.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалдау саласындағы тарифтің белгіленуі және сәулет-құрылыс қызметін реттеудің проблемалық мәселелері, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша тақырыбында 5 дөңгелек үстел, Ашық есіктер күні өткізілді.


7

«Атамекен» ҰКП арқылы сауал салу алдындағы кезеңде (сауал салуды өткізуге дейінгі 1-2 ай бұрын) кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілсін (өңірлерде кәсіпкерлермен кездесу, ТВ сұхбат және сөз сөйлеу циклы, Интернет пен әлеуметтік желілердегі мақалалар және т.б.)

8

Орталық меморгандар мен жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» ҰКП веб-сайттарында ДЭФ ҒБИ бойынша жеке бөлімдерді құру және олардың тұрақты жаңартылуын қамтамасыз ету

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің www.bko.gov.kz ресми интернет-ресурсында «Экономика және қаржы» бөлімінде 2018 жылғы 29 қаңтардағы ДЭФ ЖБҚИ индикаторларын жақсарту жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бекітуі орналастырылды.

10

Бекітілген индикаторлар шегінде бизнес-қауымдастықпен және жұртшылықпен тұрақты кездесулерді, дөңгелек үстелдерді, баспасөз-конференцияларын, семинарларды өткізуді ұйымдастыру

Батыс Қазақстан облысында уәкілетті органдармен кәсіпкерлер және азаматтық қоғам өкілдері арасында ақпараттық жұмыс жүргізіледі.

2018 жылдың 2-14 ақпанында облыстық кәсіпкерлер палатасымен салық кодексіне енгізілген өзгерістер туралы оқыту семинарлары өткізілді, 12 ақпанында облыстық ішкі істер департаментімен кәсіпкерлік және бизнес субъектілерінің құқығын қорғау бойынша консультавтитік-кеңесші органдардың отырысы ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың 1 - тоқсанында облыс орталығында және барлық аудандарында әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулері өтті, онда өңірде экономикалық-әлеуметтік салада атқарылып жатырған жұмыстар туралы айтылды. Барлық кездесулер жергілікті баспа басылымдар және телеарналар арқылы ақпараттық сүйемелденді.

2018 жылдың 2 сәуірінде қала мен аудандардағы жұмыс және жеке бизнесін енді бастаған іскер БҚО іскер әйелдерінің бірінші бизнес-форумы өтті, .

2018 жылдың 4 маусымында БҚО кәсіпкерлер палатысымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылып жатырған жобаларды талқылау бойынша Өңірлік кеңес отырысы өткізіліп, МЖӘ аясындағы жобаларды жүзеге асыру барысындағы кедергілерді және оларды шешу жолдары қарастырылды.

Облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде «Интернет, аэропорт и новые дороги должны приблизить глубинку» (03.02.), «Динамика развития радует» (08.02.), «Бизнес кеңесші» курсы аяқталды» (27.02.), «Экономику делает бизнес» (12.02.), «Темпы развития области вселяют оптимизм» (17.02.), «Іскер қыз-келіншектер бас қосты» (03.04), «Форум успешных женщин» (03.04), «Создавая здоровую бизнес среду» (17.05), «Барьеры в проектах ГЧП» (07.06) мақалалары жарияланды, «ТДК-42» және «Aqjaiyq» телеарналарында «Предпринимателям ЗКО разъясняют налоговый кодекс» (09.02), «На заседании совета по защите прав предпринимателей рассмотрено 4 вопроса» «Областной бизнес-форум деловых женщин», «Мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде 5 баспана салынуда», «В ЗКО реализуют 4 новых проекта ГЧП» сюжеттері көрсетілді.

Жалпы республикалық және жергілікті БАҚ беттерінде 92 материал жарық көрді.


11

Реформалардың оң нәтижелері мен жекелеген тұлғалардың, кәсіпкерлердің, кәсіпорындар мен өңірлердің табыс оқиғалары туралы сюжеттер мен материалдар санын ұлғайтуға бағытталған негізгі акценті бар 2018 жылға арналған Бірыңғай медиа-жоспар шегінде ДЭФ ҒБИ бойынша кең ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізуді ұйымдастыру

Қазіргі таңда облыста кәсіпкерлікті дамыту, халықтың арасында түсіндіру жұмыстарды жүргізу мақсатында облыстық БАҚ-та тұрақты түрде реформалардың оң нәтижелері және жекелеген тұлғалардың, кәсіпкерлердің, кәсіпорындардың жетістіктер тарихы туралы материалдар шығады.

Аталған бағытта есепті мерзімде 43 материал жарияланды. Республикалық БАҚ-та «24 хабар» телеарнасында «Составить конкуренцию иностранной продукции намерена бройлерная фабрика в ЗКО» (21.02) сюжет көрсетілді, «Егемен Қазақстан» газетінде «Отандық өндірушілерді қолдағаннан ұтарымыз көп» (12.03), «Өңірде өркенді істер көп» (16.05), «Казахстанская правда» газетінде «Труд да дело» (29.05) мақалалары жарияланды, жергілікті БАҚ-та «Aqjaiyq» облыстық телеарнасында «Всегда быть полезным Родине!» (02.03), «Новая продукция – новые возможности» (15.05) сюжеттері көрсетілді, «Информбиржа» газетінде «Бизнесмены Зачаганска — пример всему городу» мақаласы орналастырылды.

Сонымен бірге, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асырылуын жарықтандыру», «Республикалық баспа БАҚ арқылы облыс көлемінде шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде позитивті арнайы материалдарды жариялануын қамтамасыз ету» жобалары жоспарланды. 20 материал жарияланды. «Надежда» өңірлік газетінде «На заметку инициативным сельчанам» (25.04), «Табысқа жетулеріне қолдау көрсетеді» (09.05), «Караван» республикалық газетінде «Приуралье - клондайк для развития бизнеса» (04.05), «Импульс для развития» (01.06) мақалалары жарияланды.


Жүйелі сипаттағы іс-шаралар

1. «Институттар» факторы

1.04. «Қоғамның саясаткерлерге деген сенімі» индикаторы

23

Жұмысты нақты нәтижеге назар аударуды, бизнес-процестерді жақсарту және регламенттер мен рәсімдерді жеңілдетуді, есептілік пен қағаз жұмысты төмендетуді, басқару деңгейлері мен халықпен өзара әрекет ету арасындағы коммуникацияларды жақсартуды және басқа шараларды көздейтін меморгандардың жұмысын жетілдіру бойынша ұсынымдарды жасау 

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында «бір терезе қағидаты» бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды, бір ғимаратта қызмет көрсету орталығы, «Атамекен» ҰКП, «Казахинвест» ҰК кеңселері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарының, прокуратура өкілдері орналасқан. 2GIS» мобильді қосымша жобасы іске асырылды.

Келесі жобалар іске асырылуда:

«Ашық әкімдік» - тұрғындардан құжаттарды қабылдауға және өңдеуге ыңғайлы алаң. Жоба аясында Орал қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы бөлімдері және кеңсесі 17 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Жобаны іске асыру ашық жұмыс үшін жағдай жасауға, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, кезектілікті азайтуға мүмкіндік берді. 2018 жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік қызмет алу үшін 11905 адам келді.

Электронды ПИК – тұрғын үй тұрғындары, ПИК және әкімдіктің арасындағы байланысы үшін онлайн алаң. Жүйеде 80 ПИК тіркелген.

Кері байланысты жақсарту мақсатында Instagram және Telegram әлеуметтік желілерінде «Халықтық бақылау» жобасы шеңберінде жұмыстар жүргізілуде.


1.08. «Мемлекеттік  шығыстардағы ысырапшылдық» индикаторы

36

Меморгандар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының жұмысына ашықтық қағидаттарын енгізу:

1) меморгандармен интернет-порталда «Ашық бюджеттерді», сондай-ақ «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға сәйкес бюджеттік бағдарламалардың жобалары мен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді көпшілікпен талқылау

2) жергілікті бюджеттің шығыстарын жариялау бойынша өңірлер жұмысын күшейту, облыс/қала/елді мекен халқы арасында жергілікті бюджеттерді талқылау тетігін енгізу

3) ресми веб-сайттарда мемлекеттік органдардың/өңірлердің іске асырылатын инвестициялық жобаларының тізбесін орналастыру



Батыс Қазақстан облысының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1271 бұйрығымен бекітілген тәртіппен Ашық бюджеттер интернет-порталына бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, бюджеттік бағдарламалар жобаларын, өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді орналастырады.

Ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында облыстық бюджет жобаларын көпшілікпен талқылау үшін 2018 жылдың 2-16 наурыз, 15-29 маусым аралығында «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 15-2 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихат шешімнің жобалары орналастырылды.

Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру (бекіту, нақтылау) туралы қоғамды ақпараттандыру мақсатында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің www.bko.gov.kz ресми интернет-ресурсында «Экономика және қаржы» бөлімінде 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпарат және облыстық бюджеттің атқарылуы туралы ақпарат орналастырылған.

Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары тұрғындармен есепті кездесулерде, Қоғамдық Кеңес отырыстарында, брифингтерде, тікелей эфирдегі телевизиялық бағдарламаларда жергілікті бюджеттің шығыстарын жариялау және талқылау бойынша жұмыс атқарылады, сонымен бірге ақпарат ресми интернет-ресурстарда және өңірлік БАҚ-та орналастырылады.

Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының www.economica-bko.gov.kz ресми интернет-ресурсында Батыс Қазақстан облысында іске асырылатын инвестициялық жобалар тізімі орналастырылған.


1.12. «Мемлекеттік секторда шешімдер қабылдаудың ашықтығы» индикаторы

44

Үкіментте, ОМО және ЖАО өткізілетін мәжілістер мен талқылаулар туралы, сондай-ақ қабылданатын шешімдер туралы егжей-тегжейлі және толық ақпаратты БАҚ-та орналастыру тәжірибесін енгізу

Облыста қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, құқық қорғау саласында атқарылып жатырған жұмыстар және алдағы уақытқа жоспарлары туралы материалдар БАҚ беттерінде тұрақты түрде жариялануда.

Есепті кезеңде БАҚ-та облыстық қоғамдық кеңес отырысы туралы «Ориентир – запросы общества» («Приуралье» 01.02), «Өзекті мәселелер шешімін табады» («Орал өңірі» 01.02), денсаулық, білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша өткен отырыстар бойынша «Вот вам мой доклад, и я не бюрократ» («Надежда» 14.02), «Жаңартылған білім мазмұнын талдады» («Жайық үні» 01.02), «Қаладағы жол құрылысы қатаң бақылауда» («Орал өңірі» 17.04), «Эффективность освоения средств» («Приуралье» 19.05), «Ауқымды жұмыстар жазда жалғаспақ» («Орал өңірі» 19.05), БҚО бойынша мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әдеп жөніндегі кеңес отырысында қызметкерлермен еңбек заңнамасының сақталуы және еңбек қақтығыстарды алдын алу бойынша «Соблюдать права работников» («Приуралье» 05.04), қоршаған ортаны сақтау және тұрмыс қалдықтарын қайта пайдалану бойынша «Необходим контроль за утилизацией бытовых отходов» («Приуралье» 07.06) және т.б. материалдар жарыққа шықты.

Аталмыш бағытта жұмыстар жалғасуда.


47

ЖАО ресми сайттарында жер учаскелерін беру бойынша шешімдерді жариялауды қамтамасыз ету

 


2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында облыс әкімдігінің жер учаскелерін табыстау туралы қаулылары жер қатынастары басқармасының www.zhkb-bko.gov.kz ресми интернет-ресурсында жарияланды

1.13. «Терроризм қаупінің салдарынан болатын бизнес шығасылары» индикаторы

49

Терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік шараларды оң қабылдауға, сондай-ақ терроризмге ұшыраған объектілердің антитеррорлық қорғанысын қамтамасыз етуге бағытталған бизнес-қоғамдастықпен мақсатты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру. Ақпараттық қолдау көрсету үшін бұқаралық ақпарат құралдарын тарту

 


Мемлекеттің терроризмге қарсы саясатын бизнес-қауымдастығымен оң қабылдауды қалыптастыру мақсатында жергілікті БАҚ-тарда терроризмге қарсы іс-қимыл тақырыптары бойынша материалдар үнемі орналастырылуда.

БҚО аумағында орналасқан 737 террористік тұрғыдан осал обьектілердің 86 тексерілді. Барлық тексерілген террористік тұрғыдан осал обьектілердің өкілдері түсіндіру жұмыстарымен қамтылды, қызметкерлері арасында 2 семинар-тренинг өткізілді.

2018 жылдың 13 қаңтарында аудандық кәсіпкерлік бөлімдері басшыларының қатысуымен аудан халқын және кәсіпкерлік субъектілерін терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалардың талаптары жөнінде ақпараттандыру бойынша кеңес өткізіліп, жадынамалар таратылды, тиісті тапсырмалар берілді.

2018 жылдың жылдың 23 ақпанында адамдар көп жиналатын объектілердің (мейрамханалар,ойын-сауық орталықтары,ірі сауда орындары базар және т.б) басшыларынының қатысуымен жиын өткізілді. Кездесу барысында түрлі меншік нысанындағы объектілердің қорғалуын арттыруға бағытталған шаралар кешенін іске асыру қажеттілігі туралы терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалардың талаптары түсіндірілді, халықты алдын-ала ескерту бойынша заңнамалық талаптарды қатаң сақтау және кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді. Адамдар көп жиналатын объектілердің басшыларына «Терроризмге қарсы бұрыштама» орнатуды қарастыру жөнінде хабарлама жасалды.

Облыстың аудандарында террористтік тұрғыда осал объектілер тізіміне енген барлық нысандарда түсіндірме жұмыстары өткізілді.

Ұйымдар мен кәсіпорындардың терроризмге қарсы қорғалуын арттыруға бағытталған, заңнамалық және әдістемелік сипаттағы материалдарды және террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының www.business-bko.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылды.

2018 жылдың 6 наурызында «AQJAIYQ» телеарнасы БҚО Дін істері басқармасының басшысының қатысуымен брифинг өткізілді, сонымен қатар терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік шаралары, террористік тұрғыдан осал обьектілердің антитеррорлық қорғанысын қамтамасыз ету туралы арнайы репортаж ұйымдастырылды, терроризмнің қауіпі, радикалдық идеяларды тарату және жалған терроризм бойынша ҚР Бас прокуратурасымен дайындалған 10 бейнероликтердің трансляциясы жүргізілуде.

Террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылатын инженерлік-техникалық және өзге де талаптарға сәйкестігі мен аталмыш талаптардың орындалуына объект иелерінің жауапкершілігі жөнінде БАҚ-да түсіндіру мақсатында облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде 2 материал жарыққа шықты.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, діни экстремизм және терроризмді алдын алу мақсатында 85 материал жарияланды: баспа басылымдарда 33 мақала, 20 бейнесюжет, интернет-ресурстарда 32 ақпараттық материал.

Мемлекеттік ақпараттық тапсырысы аясында «Облыста халық арасындағы діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алуға бағытталған материалдарды баспа БАҚ арқылы жариялау» жобасы жүзеге асырылуда. «Пульс города» газетінде 14 мақала жарияланды. Мысалы, ақпараттық топ өкілдерінің облыстың ұйымдар қызметкерлерімен кездесулері туралы «Мекеме қызметкерлерімен кездесті» (20.06), нысандарды террористік қорғалуын қамтамасыз етілуі бойынша «Ең бастысы - елдегі тыныштық пен ынтымақтастық» (02.05) және т.б. мақалалар жарияланды.



1.14. «Қылмыс және зорлық-зомбылық салдарынан болатын бизнес шығасылары» индикаторы

1.15. «Ұйымдасқан қылмыс» индикаторы

1.16. «Полиция қызметінің сенімділігі» индикаторы

50

Азаматтардың полиция қызметіне сенімін арттыру бойынша іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету: 

1)       Бейнебақылау жүйелері желілерін, құқық бұзушылықтарды фото және бейне тіркеуді дамытуды және кеңейтуді, сондай-ақ жол-патрульдік полиция бөлімшелерін портативті бейнетіркегіштермен жабдықтауды қамтамасыз ету

2)       Халықты және қоғамдық құрылымдарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, сондай-ақ қоғамда құқық бұзушылықтарға «мүлде төзбеу» қағидатын қалыптастыруға тарту бойынша жұмысты жандандыру


Бүгінгі күнде облыс аумағында 584 бейнебақылау камерасы орнатылды, соның ішінде Орал қ. ІІБ желед басқару орталығында - 106, Орал қ. ІІБ учаскелік полиция пункттерінде – 346, ауылдық АІІБ - 132.

«Қазақтелеком» АҚ бастамасымен облыс орталығында «Ақылды қала» бағдарламасы аясында «Әуе бейнебақылауы» жобасы іске асырылуда, онда көп қабатты тұрғын үй кіре берістеріне бенебақылау камераларын орнату қарастырылған. Жоба аясында 3,5 мыңға жуық бейнекамера орнату жоспарланған. Учаскелік полиция инспекторлары пәтер иелері кооперативтерімен бірлесіп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 214 көп қабатты үйдің кіре берісіне 820 бейнекамера орнатылды.

«Орал» ӘКК-мен бірлесіп ағымдағы жылы 100 бейнебақылау камераларын, 40 жылдамдық өлшеу құрылғысы және 5 зияткерлік қиылыс (МЖӘ бағдарламасы шеңберінде) сатып алу және орнату жоспарлануда.

Облыстың жол-патрульдік полициясының саптық бөлімшелерінің жеке құрамы 100% бейнетіркегіштермен қамтамасыз етілген.

Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 16 наурыздағы №16-3 шешішімімен учаскелік полиция инспекторлары және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары үшін 465 дана бейнежетондар сатып алуға 88,0 млн. теңге қарастырылды.

Қазақстан Республикасы азаматтарының қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысуға ерікті қатысуын реттейтін «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №590-ІІ Заңына сәйкес қазіргі уақытта облыс бойынша 2174 адамнан құралған 235 құқық қорғауға бағытталған қоғамдық құрылымдар жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта біздің тарапымыздан студенттік жасақтарының құрамында тұрған студенттерді әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша учаскелік полиция пункттеріндегі «Қауіпсіз аула» бейнебақылау камераларына операторлар ретінде қатыстыру тәжірибесі енгізілді.

Орал қаласындағы 3 ЖОО-мен (БҚМУ, БҚАТУ және ҚАЗИИТУ) ынтымақтастық және бірлеске қызмет атқару жөніндегі келісім шарт жасалып, жалпы саны 72 студенттен тұратын 3 студенттік жасақ құрылды (ҚАЗИИТУ – 37 студент, БҚМУ – 20, БҚАТУ – 15).

Қоғамда құқық бұзушылықтарға «мүлде төзбеу» қағидатын қалыптастыру үшін облыс аумағында 2017 жылдың басынан бері облыс әкімі А.Көлгінов бекіткен «Өзіңнен баста!- Начни с себя!» жобасы іске асырылуда, бұл облыс тұрғындары арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған. «Facebook» әлеуметтік желісінде «Өзіңнен баста – Начни с себя!» парақшасында жоба бойынша атқарылған жұмыстар туралы материалдар жарияланады.


2. «Инфрақұрылым» факторы

2.02.  «Автожолдар сапасы» индикаторы

59

Автомобиль жолдары саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету:

3) жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын 1800 км реконструкциялау

4) 300 км облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау

5) 5 400 км облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу

6) қалалар мен елді мекендердің көше-жол желісін салу, реконструкциялау, жөндеу және ұстау


Батыс Қазақстан облысы бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 6496,3 км құрайды, соның ішінде республикалық маңызы бар - 1392,6 км, облыстық және аудандық маңызы бар - 5103,7 км.

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының қара жамылғымен 1159,2 км (23%) құрайды, шағыртасты-қиыршықтасты жамылғымен – 2150,9 км (42%), топырақты жолдар – 1793,6 км (35%).

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайда автомобиль жолдарының үлесі 28% құрайды (1429 км), қанағаттанарлықсыз жағдайда – 72% (3674,7 км).

2018 жылы жалпы сомасы 19,1 млрд. теңгеге 170 км облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды, аудандардағы елді мекендердің және Орал қаласының көшелерін жөндеу жоспарлануда, соның ішінде:

облыстық маңызы бар жолдар – 76,5 км (7,4 млрд. теңге):

«Бөрлі-Ақсай-Жымпиты» 38-53, 53-68 км автожолын қайта жаңғырту (13,5 км);

«Үлкен Шаған-Переметное-Вечный» 0-10 км, 10-20 км, 20-32 км автожолын күрделі жөндеу (14 км);

Шыңғырлау-Лубенка-Лебедевка 0-104 км автожолын күрделі жөндеу (10 км);

«Федоровка-Ақсай» автожолының 0-28 км телімін орташа жөндеу (28 км);

«Тасқала-Ақкурай-Болашақ-РФ шекарасы» 0-48 км автожолын орташа жөндеу (11 км);

«Бөрлі-Ақсай-Жымпиты» автожолының 149-159 км, 139-149 км телімін күрделі жөндеу», «Барбастау-Ақжайық-Индер» автожолының 43-93 км телімін қайта жаңғырту» ЖСҚ жасақтау жоспарлануда.

аудандық маңызы бар жолдарды және аудандардағы елді мекендердің көшелерін жөндеу - 43,6 км, 25 көше (4,2 млрд. теңге).

Орал қаласында жолдарды жөндеу - 50 көшелерінде 50 км (7,5 млрд. теңге).


жүктеу 373,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау