Дарындылықты дамыту – әр ұстаздың парызы



Дата15.04.2020
өлшемі84 Kb.
#29483

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ә.Марғұлан атындағы жалпы білім беретін орта мектебі



Тақырыбы: Дарындылықты дамыту – әр ұстаздың парызы.

Орындаған: Аужанова Жанар Қанатқызы

Баянауыл, 2016 жыл


Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны — жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті түлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.


Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қойған жоқ. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығы мен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.

Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық — белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі бойынша «Дарындылық» — асқан қабілеттілік,  зеректік,  алғырлық.

Қалай болғанда да, дарынды табу үшін ең алдымен психологпен бірігіп кешенді тексерулер арқылы оқушының бейімділігін анықтау қажет.  Дарынды балаларды анықтау — баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу — ұстаздардың басты міндеті.

Бұл бағыттағы жұмыстың мынадай ұстанымдары тұжырымдалған:



  • Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу, яғни, жан-жақты зерттеу.

  • Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.

  • Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.

  • Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары,

  • Баланың отбасы жағдайын зерттеу – мүмкіндік бар ма, кедергі болып тұрған жоқ па.

  • Интеллектуалдық сайыстарға қатыстыру – ойлау, сөйлеу қабілеттерін байқау.

  • Үйірмелер жұмысы кезінде зерттеу – өнерге, шеберлікке бейімділігін анықтау.

  • Шығармалар – логикасы, ойын жеткізуі, ақындығы, жазушылығы анықталады.

  • Саулнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу – белгісіз қырлары анықталады.

  • Пәндік олимпиадаларға қатыстыру – білімділігі, бар білімін жинақтап, қолдану қабілеті байқалады.

  • Ғылыми жоба жарыстары – материал жинау, іріктеу, дәлелдеу, жеткізу.

  • Пікірсайыс ойындарына – сөздік қоры, сөйлеуі, өз пікірін қорғауы, жылдам ойлауы байқалады.

Осындай жұмыстар нәтижесінде баланың дарындылық бағыты анықталады. Ол бағыттар төмендегідей болып жіктеледі екен:


 

Дарындылық  түрі

 

Қабілеті

 

Қолдану аясы,

байқалатын кезі

Академиялық

Түсіну, есте сақтау, оны жеткізу

қабілеті жоғары



оқу-білім алуда озаттар

Интеллектуалдық

Сыни ойлау, зерттеу, іздену,

талдау қабілеті жақсы дамыған



ғылыми жұмыстар,

құрастыру, ойлап табу



Шығармашылық

шығармашылық, түрлі өнер

салалары, әдебиет,  мәдениет



өлең шығару, жазу, сурет салу, ән айту,

Әлеуметтік

ұйымдастырушылық

(лидерлік) қабілеті дамыған



ойын, шара ұйымдастыру

Спорттық

спорттық көрсеткіштері жоғары

сайыстарға қатысу

Көркемдік

сурет, мүсін, қолөнер, музыка

шеберлік сайыстары, аспапта ойнау

 

Бүгінгі уақыт талабы мәдени деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірт әзірлеу. Сондықтан да шәкірттеріміздің ішкі сырын жасырын ұстайтынын ескерсек, олардың іскерлік дағдыларын және білім құмарлық талап –жігерлерін жетілдіруіміз қажет.

Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде тиімді қолдану, дағдылар қалыптастыру жұмыстарын үнемі жүргізу оларды шығармашылыкқа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге әсерін тигізеді.

Ұстаз алдында отырған оқушыларды ерекше қабілетті,орташа деңгейдегі оқушы,үлгерімі нашар оқушы деп үш топқа бөлуге болады. Бұл қабілеттің әр түрлілігінен туындаған мәселе. Осы тұста «Ерекше қабілетті оқушы деген кім?» деген сұраққа жауап беретін болсақ…  Алдымен ол өз ойын еркін жеткізе алатын, талдай білетін,  дәлелдеу мен қорғау шеберлігі жоғары дамыған оқушы. Ал ең бастысы — ерекше қабілетті оқушы мұғалімнің көмекшісі. Олардың миы қабылдаған мәліметтерді қорытуға қабілетті. Демек, ерекше қабілеттілік бала бойында тәрбие мен алған біліміне байланысты қалыптасатын қасиет. Дегенмен, балалардың да ынталылығы, іскерлігі қоғам негізінде игерілетінін естен шығармаған жөн.

Дарынды балалардың ерекшеліктері:


  1. Басқалардан өзгеше әрі шапшаң ойлайды, соның арқасында білімді еркін әрі молынан меңгереді, сөздік қоры мол, есте сақтау қабілеттері жоғары, зерттеуші, өзіне сенімді, қиыншылықтан қорықпайды, түсінігі мен танымы жоғары, тым сезімтал, әділетті, әзілқой;

  2. Олардың физикалық тұрғыдағы ерекшеліктері — дамудағы жеделдік, ақындарша сөйлеу, жиі-жиі ойға берілуі және қиялының байлығы.

Бүгінгі дарын – ертеңгі ғалым. Дарындыны айқындау мен дамыту – ұстаз парызы.

Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.

Ендеше баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы екенін әр ұстаз естен шығармағаны абзал.

Үйреншікті дайын әдіс — тәсілдер баланы қызықтырмайды. Сондықтан кайткенде де баланың ойына, сезіміне серпіліс енгізуді мақсат етіп қою керек. Сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сезімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру қажет.

Сабақ — ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбектенуінен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы «шығарманы» алдыңда отырған оқушыларға игерту де оңай емес. Ол үшін мұғалімнің біліктілігі, көптеген әдіс-тәсілдерді қолдана білуі, айтқанын оқушы жүрегіне жеткізе алатындай шешендігі, шебер ой-өрнегі болу керек. Баланың жалпы психикалық дамуын қалыптастыру үшін мүғалім оқушының белсенді іс-әрекетін арттыратын шарттары:

біріншіден — жаңа сабақ материалдарында жаңалықтар көп болу керек,

екіншіден — мәселелік сұрақтар қоя отырып сабақты терең түсіндіру керек,

үшіншіден — оқушылардың эмоциялық көңіл күйіне әсер ету керек.

Дарынды баланың бойынан табылатын асыл касиеттердін, өмірге кұштарлық, биік ізгіліктің бәрінің кілті — мыңды жығатын білімде. Жан-жақты дамыған, кез келген биік жетістіктерге қол жеткізген дарынды шәкірттеріміз өздерінің жоғары дәрежедегі ерекшеліктерін мықты тағылыммен ұштастыратын қоғам кайраткері болмасына кім кепіл?

Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгін ауадай қажет, себебі дарынды адам басқаларға қарағанда қоғамға көп пайда әкелетіні анық. Ендеше сол жұмысымыз нәтижелі болу үшін әрқашан жаңа оқу әдістерін (технология) қолданамыз.

Жаңа оқыту әдісі (технология) – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы. Ал педагогтардың жаңа оқыту әдісі дегеніміз – бұл педагогтың мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім-амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы. Жаңа оқыту әдісін жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, шәкірттердің бағалауы ерекше орын алады.

Осыған орай окушылардың дарындылығын арттыруда қолданылатын жаңа технологиялардың алатын орны ерекше.

— Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушы өз ойын еркін түрде жеткізе алуға дағдыланады. Кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарауға үйретеді.

— Проблемалық оқыту арқылы оқушылар бұрынғы алған білімдерін нәтижелерді қорыту, жаңа білім, іскерліктерімен ұштастыру арқылы тәжірибемен байланыстырады.

— Сатылай кешенді талдау арқылы оқушының ойлау, есте сактау, қиялдау, елестету сияқты танымдық-психологиялық қасиеттері қалыптасады.

Психологтар зерттеу қорытындылары бойынша әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады дегенді айтады. Сондықтан баланы сәби кезінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі түрде шығармашылыққа баулу, ақыл-ойын, икемділігін дамыту қажет.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін бір қажеттілік — баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни педагогтың психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері:

— «Сенің қолыңнан бәрі келеді», «Сен қабілеттісің», «Жаса», «Үйрен» деп баланың еркін билеп, сенім білдіру;

— Оқушының кішкентай жетістігі болса да жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;

— Шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру,сезім күйін байқау, қамқорлық таныту;

— Ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылықтарынан қызғылықты оқиғаларды әңгіме ету;

— Оқушылар үшін педагог өзін қарапайым жан есебінде таныта білу, оқиға, сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру;

— Оқушылардың қойған сұрақтарына пейілмен жауап беру, психологиялық екпіндігін қамтамасыз ету;

Әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелік болады. Қандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Егер адамның туысында сол қабілет танылып, ол тәрбиеленбесе, оның қабілеті дамымайды.

Баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, рейтинг жүйесімен білімін бағалай отырып, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады.

Рейтинг жүйесін әр мұғалім өз пәнінің ерекшеліктеріне қарай бейімдеп жасауға болады. Осы бағытта жұмыс жасауға бел буған мұғалім оқушының қабілетін сабақ кезінен бастап–ақ байқайды, оқушының бойынан бір ерекшелікті байқағаннан-ақ тапсырманы күрделендіре түседі, өз бетінше жұмыс жүргізуге бағыт-бағдар беріп отырады. Оқушы тапсырманы орындағанда өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, ойланып жұмысын жалғастырады. Әр мұғалім бала бойындағы дарындылықты ашуды өз сабағынан бастайды.

Таланттылық пен дарындылықты дамыту үшін жаңа ұтымды әдістерді іздеу қажет. Ол әдістер оқушылардың белсенділігіне, ізденімпаздығына, оқиғаны сын көзбен қарауға негізделген.

Осындай әдістердің бірнешеуін атай кетсек:



  1. Оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдері: ақпаратты-коммуникативті технология

аркылы окушы жаңашылдыққа ұмтылады, интернеттен қажетті материалдар, мәліметтер жинақтайды, көреді, үйренеді.

  1. Мақсат қою технологиясы: сабақтың мақсатын айту, соңында оған жетті ма,

жетпеді ма? Жалпы мұғалім дарынды оқушының сабақтағы әрбір әрекетін алдын ала жоспарлау арқылы оның ойлау, болжау, тұжырымдау секілді оқытудың негізгі зерделік көрсеткіштерін де қалыптастыра алады. Сабақтың нәтижесін мейлінше жоғары көрсеткішпен шығу үшін оны бастамас бұрын оқушы қандай мәселеге жете көңіл аудару қажет, нені біліп, нені игеріп шығатыны туралы толық мағлұмат беріледі. Сабаққа осындай дайындықпен қатынасқан оқушы одан көптеген жаңалықты, қызықты құбылысты күтеді. Әрбір жаңа сабақ өткен сабақтың материалымен байланыстырудан басталуы тиіс. Бұл әдіс оқушының назарын бірден сабаққа белсенді түрде араласуға аударады. Мұғалім осыларды ескере отырып, дарынды оқушылардың белсенділгігі мен танымдылығын және интеллектілік – шығармашылық бағыттарын жетілдіруге әрекет жасай біледі. Егер оқушы берілген сабақты игере алмаса немесе зейінділік танытпаса, онда оған қосымша жұмыс арқылы көмектесуге болады.

Қосымша жұмыс – дарынды оқушының жеке қабілеттерін, ынта-ықыласын, қызығуын, құнды бағдарын шыңдап жетілдіреді, индивидтің тұлғалық мінез –құлқын реттейді. Сонымен бірге, оқушы еңбегінің жемісін күнделікті бағалап отырудан да көруге болады. Өйткені, еңбегінің жемісін күнделікті бағаланатынын сезінген бала алға ұмтылып, жақсы оқуға ынталанады. Бұның негізгі мәні мұғалімнің оқушыны үлгеру, үлгермеушілігіне байланысты қабылдауының себебіне тәуелді. Мұғалім бойындағы мұндай стратегияларды жою үшін төмендегідей белгілер міндетті түрде орындалуы қажет:



  1. Оқушының мүмкіндігін шектемеу.
    2. Оқушыны психологиялық тұрғыдан зерттеп білу.
    3. Бағалаудың объективтілігі, жариялылығы, оперативтілігі, кезінде атқарылуы.
    4. Оқушының сабақтағы қиыншылығын бөлісу.
    5. Мұғалім өзінің субъективті ішкі пікірлерін жоя білу.

Бұл белгілер жойылған кезде, бала бойындағы таным әрекеті белгілі бір жүйеге енеді. Оқушының танымдық әрекетінің жоғары деңгейде дамуы шығармашылық әрекетке әкеліп тірейді.

  1. Пікірсайыс. Оның негізгі ерекшелігі — екі қарсылас жақ бір-бірімен белгілі

Ережеге сәйкес айтысады.

Пікірсайыстың негізгі қағидалары: Өз көзқарасын талқылау және қорғау барысында қарсыластарының жеке басына қатысты мәселелерді қозғауға тыйым салынады. Пікірсайыс достық, ізгілік пиғылда өтуге тиіс. Ойыншылардың сөзі мен қимыл-қозғалысы қарсыластарына деген құрметінің бірден-бір көрінісі болып табылады. Ойыншылар төрешінің қандай да болсын шешімін мақұлдап, қайта қаралуға жатпайтын мәлімдеме ретінде қабылдауы тиіс.

Пікірсайыста бәсекелестер дайындық барысында жиналатын дәлелдер мен басқа ақпараттарға қатысты шыншыл да абай болуы, бәсеке барысында ойыншылар бір-бірін мұқият тыңдап, бір-бірінің сөзін бұрмаламауы тиіс.


  1. Ойлау қабілеттерін дамыту үшін миға шабуылдау әдісін қолдану тиімді. Миға шабуыл — шешім табу жолында қатысушының өз ойларын еркін білдіру арқылы жүзеге асырылатын ұжымдық талдаудың тиімді әдісі.

Мимен шабуылдау ережелері:

— Ұсынылған идеялар бағаланбайды және сыналмайды.

— Жұмыс сапаға емес, санға бағытталады, идея неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы.

— Кез-келген идеяны мүмкіндігінше кеңейтуге, дамытуға тырысу керек.

— Шектен шыққан ақылсыз идеялар да мақұлданады.

— Шабуыл уақыты шектеулі, берілген мерзімде үлгеру керек.

Мимен шабуылдау тұйыққа тірелген кезде де шешім табуға, мәселені көруді кеңейтуге, қатып қалған ойлау жүйесін өзгертуге мүмкіндік береді.Ол сыныпты топтастырып, қарапайым, тиімді тәсіл екенін білдіреді, қабілеттерін қалыптастыруға бағыттайды.

Нәтиже:  — Ой-пікірлерін ашық айтады.

— Өз идеясын ұсына алады.

— Өз сөз тіркестерін, қысқартып, тұжырымдап айтуға үйренеді.



  1. Зерттеушілік оқыту технологиясы

Зерттеу тақырыбын оқушының өзі қорғауын назардан тыс қалдырмаған жөн. Ол тақырыпты ата-аналар және өз құрдастары алдында қорғай алады. Қорғау кезінде оқушы өз жаңалығын ұсынуға үйренеді басқалардың ой-пікірін тыңдап, өзінің көзқарасын дәлелдеуді үйренеді.

Дарындылықтың негізі ізденіс пен белсенділік. «Ізденіс» бойынша жұмыс жасау оқушылар ғылыми қоғамының жұмысы.  Дарынды оқушымен жұмыс жасағанда оқушы жанындағы психолого – педагогикалық және әлеуметтік жағдайына назар аудару керек.

Балаға әсер ететін орындар: ата-ана, мұғалім, қоршаған ортадағы жолдастары. Дарынды оқушыны анықтап болған соң, оларды дамыту жұмыстары басталады. Яғни баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу ғылыми жоба ретінде көмек беруін мұғалім тарапынан көмек көрсетіледі. Дарынды оқушылармен жұмыс барысында мұғалім үшін қалыптасқан тұлғаны дамытуға ең тиімді жолмен кеңес серияларын ұйымдастыруға себеп туғызады. Дарынды оқушының жүрегіне жол тапқан ұстаз педагогикалық тұрғыдан шеберліктің қайнар көзіне айналады.

Енді осы бағытта біздің мектепте не істеліп жатыр, қандай дәрежеде екеніне кіз жүгіртіп көрелік. Ол үшін өткен оқу жылының көрсеткіштеріне жүгінейік. (Көрсеткіштер талданады, жетістіктер, кемшіліктер айтылады)

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Сондықтан әрбір ұстаз бұған жол бермеуі керек». Расында, мұғалім мамандығын таңдаған адам баласының артына калдыратын жаркын ізі — өз кәсібіне лайықты еңбек етіп, кейінгіге ғибратқа толы тәлім-тәрбие қалдыру болса керек.

Қазір компьютер заманы. Интернет арқылы талай сайыстар, олимпиадалар өткізіліп жатыр. Соларға қатысып отыру, оқушыларды қатыстырып отыру керек. Бұның пайдасы болмаса, зияны жоқ екені анық. Көзі ашылмай, ешкім байқамай жүрген «бұлақтардың көздері ашылып кетулері» мүмкін ғой.

Психологтер соңғы жылдары адам бойындағы дарындылықтың екі түрін бөліп көрсетті. Біріншісін «Туа біткен» данышпан деп, ал екіншісінің өкілін «Келе-келе қалыптасқан» данышпан деп атау қабылданған. «Туа қалыптасқан» данышпандар — Моцарт, Рафаэль, Пушкин, тағы басқалары өз туындыларында керемет қабілеттілік танытқан. Бұл топқа біздің халықтың ішінен Шоқан Уәлиханов пен Мұхтар Әуезовты жатқызыпты. Ал «келе-келе қалыптасқан» данышпандардың ең үлкен қасиеті — қажымайтын жігер, білімге деген құштарлық, өзіне-өзі қоятын талаптың қатаң болуы екен. Ондайлардың саны мол.

Мектеп қабырғасында түрлі балалар оқиды. Ал адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты — табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену. Демек, табиғи таланттарды ашу, жас талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет не? Ол міндет — оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жан аянбай еңбек ету.

Осы жағдайға жетектелген оқушы әрқашан да ұстаз сенімін ақтайды.

Баяндамамды дарын, қабілет туралы айтылған канатты сөздермен аяқтаым келеді:

Шығыс ғүламаларының бірі Жүсіп Баласағүнның «Құтты білік» поэмасының мазмұны тұнып түрған өнеге, тәрбие толғаныстары екн, оны шығармадан көптеп табуға болады.

Мысалы:

Анадан да шарана білімсіз болып туады,



Білім оқып үйреніп, дана жолын куады.

Адам естен басқаны білімнен алады,

Білім, оқу — тоқуды еңбегімен табады,-    десе,

ұлы ақын Абай өмірдің мәні байлық пен мансапта емес, мәдениет пен әдептілікте, білім мен ғылымда екенін түсіндіре келіп, «Тегінде адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де — ақымактық» деп адамның ең негізгі артықшылығы тәрбиесі мен білімінде екенін айтады.

Абайдың жетінші қара сөзінде дарынды балаға берген алтын ережесінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреу – «ішсем, жесем, ұйықтасам» деп тұрады, екіншісі – «көрсем, білсем, үйренсем» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.» деген екен.

Оқушының өзіне деген сенімін арттырып және іс-әрекетін демеп, қабілетін дамытып, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу-ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін танып, оны сол бағытта жетелеу — ұстаз парызы. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар өте көп.



Өйткені XXI ғасыр — білімділер ғасыры. Сол себептен де білім сапасын арттыру, окушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыруымыз керек. Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі ұрпак тәрбиелеу керек екенін естен шығармауымыз керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау