Қосымша білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



жүктеу 1,77 Mb.
бет8/13
Дата17.11.2017
өлшемі1,77 Mb.
#649
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Дифференциацияланған оқыту дегеніміз не?

2. Оқытудың ұжымдық тәсілі қандай?

3. Оқытудағы жекелік әдістемесі қалай жүреді?

21 дәріс тақырыбы: Оқу процесіндегі жобалау әдісі

Дәріс мазмұны:


  1. Жобалау әдісі

  2. Ізденушілік және зерттеушілік жобалар

  3. Шығармашылық және қолданбалы жобалар

  4. Жеке жобалар

Мақсаты: Жобалау әдісі, оның түрлері жөніндегі білімдермен студенттерді қаруландыру.
Баланың әлуеметтік табиғи ортамен жанама өзара әрекеттесу процесінде стандартты емес жағдайларда алынатын білім мен біліктердің қолданылуы жобалау әдісі негізінде балаларға қосымша білім беру мекемелерінде ұйымдастырылуы мүмкін. Оқытудың бұл әдісі ХХ ғасырдың басында АҚШ тың ауыл мектептерінде пайда болды. СОЛ кезден бастап әлемнің көп елдерінде сәтті қолданыла бастады .Ресейде бұл әдісті алғаш қолдануға әрекет жасаған С. Т. Шатскийдің клубы болды.Жобалау әдісі –ұғылықты толық нәтижемен айақталуы керек балалар анықтаған немесе педагог ұсынған мәселені деталъдық өңдеу арқылы дидактикалық мақсатқа жеткізу әдісі. Ол нәтижені ақиқат тәжірибелік іс әрекетте көруге ұғынуға болады.

Мәселені шешу бір жағынан оқытудың турлі әдіс,тәсілдердің бірлігін қолдануды,екінші жағынан білім,біліктерді интеграциялау,ғылымның түрлісалаларынан білімді қолдануды талап етеді.Жобалау әдісі бойынша жұмысқандайда бір мәселенің болуын ғана емес ,сонымен қатароны ашушешу әрекеті жоспарлау болжамның болуы,ролъдің бөлінуін қарастырады.Жобаның тематикасы оқу процесін дифференциялау процессі,сол сұраққа қатысты жеке оқушының білімін тереңдету мақсатында оқу бағдарламасын ың қандайда бір теориялықсұрағына қатысты болуы мүмкін.Дегенмен көп жағдайда жобаның тақырыбы практикалық өмір үшін өзекті,шығармашылық ойлау,зерттеу жәнепрактикалық дағдыларды талап ететін сұраққа қатысты болады.Осылайша білімнің интеграциясына қол жеткізіледі.Жобалау әдістерінің маңызды мақсаттарының бірі оқуменпрактиканың толыққанды байланыстылығы классиканың дидактикалық принципін жузеге асыру,

Қосымша білім беретін мекемелерде жобалау әдісі келесі түрдегі педагогикалық міндеттерді шешуүшін қолданнылуы мүмкін.

- Білім,білік дағдылардын практикалықмәнділігін ұғынған жағдайда оларды баланың меңгеруі.

-Өз бетінше индивидуалъды және топтық іс-әрекет әдістерін меңгеруі.

-Танымдық және шығармашылық қабілетті дамыту.

-балалардың кәсіпті таңдауына көмектесу бағыт беру.

Қосымша білім беретін мекемелердегі жобалар алуан түрлі,олардыңжіктемесі түрлі негізде болады.Жобада басымдылық танытқан міндеттің сипатына қарай олар келесідей жіктеледі.Ізденістік,жіктеушілік,шығармашылық,қолданбаы.

Әдістемелік жобалар-ақпаратты жинау және талдау,мәселені анықтау және қою,міндет қою.Бұл жағдайда ақпарат әдістері болуы керек.Сауалнамалар,публикациялардың талқылануы,бақылау т.б.Сонымен қатар қажет қай әдіспен алуғу болатынын бала өзі анықтайды.

Жобаға қатысушылар осы міндеттерді шешу бойынша іс-әрекеттердің бағдарламасын өздері жасайды,бірақ міндеттерді шешуді жүзеге асыру ізденістік жоба ретінде қалады.Іс-әректтің заттықнәтижесін балалар жинаған,доклат,стенд,электрондық презентация түрінде ұсынған ақпараттар құрайды.Зерттеушілік,шығармашылық және қолданбалы жобалар-педагог ұсынған немесе алдыңғы ізденістік жобаның орындалу қорытындысы болып табылатын һандайда бір міндетті шешу.

Зерттеушілік жобаларды орындау барыснда балалар ақпаратты жинау және талдау әдістерінқандайда бір ғылым саласында қолданылатын экспериментті жүргізу әдістерін меңгереді.Балаларға қосымша білім беретін мекемелерде оқушылардың зерттеушілік жобалары нәтижесі ғылымжәне практикалық мәнге ие мәселелерге қатысты өткізіледі.

Балаллардың шығармашылық және қолданбалы жобалары өнер немесе техника саласында нақты өнім жасауға бағытталған.

Өнер саласындағы балалардың шығармашылығын жобалары қоғамдық бағытта,өйткені шығармашылық өнімі белгілі бір көрермендер үшін жасалады.Шығармашылық қолданбалы шаралар коммерциялық сипатта яғни жасалған өнімді басынан бастап сатуға бағытталуы мүмкін.Мұндай жоба тек оқу-тәрбие міндеттерін ғана емес,балаларға білім беру мәселесінің эканомикалық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.Балалар жобалары пәндік аймақта менозапәндік жне пән болуы мүмкін.Индивидуалды жобалардың орындалуындада оқу тобының ішінде қатынас болалды.Біріншіден әрбір индивидуалъды яғни жеке жоба ортақ мәселенің алтерънатифті шешімдерінің бірі болып табылады.Екіншіден жобаны орындау барысында стихиялық түрдегі кооперация болуы мүмкін.Жобаның орындалуының кез-келген кезінде ұжымдық талқылау жүреді.Өйткені олардың негізінде бір алгаритм жатыр.Жобалар педагог жағынан басқару сипатына қарай өзгешеленеді.

Сонымен қатар жүзеге асыру ұзақтығына қарайда өзгешеленеді.Ол қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болады. Балаларға қосымша білім беретін мекеме тәжірибелерінде жобалау әдісін қолдануға келесі талаптар қойылады. Бірінші талап – зерттеушілік және шығармашылық жоспарда мәселенің болуы.

Мәселенің шешілуінің объективті мәнділігі елеулі болмауы мүмкін, бірақ міндетті түрде балалар үшін оның субъективті мәні болуы керек.

Екінші талап – күтілетін нәтижелердің практикалық және теориялық мәнділігі болып табылады.

Үшінші талап – балалардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру мүмкінділігі.

Бұл балаларда қажет білімін және біліктердің болуымен, физиологиялық және психологиялық қауіпсіздік жағдайының сақталуымен ақпарат көздерінің қол жетерліктей болуы, материал, құрылғылардың болуымен байланысты.

Төртінші талап – аралық нәтижелерді көрсете отырып жобаның мазмұнды бөлігінің кезеңдерге құрылымдануы. Жобамен жұмыс бірнеше кезеңдерде жүзеге асырылады.

Біріншісі – ізденіс. Оның негізгі қызметі- жобаның мақсаты мен міндетін анықтау. Бұл кезеңде ізденіс пен мәселені қалыптсатыру жүзеге асады. Мәселені педагог меңгерілетін тақырып шеңберінде береді. Ал бала ақпаратты алдын- ала жинақтау және талдау барысында ұсынады. Ол үшін балалар келесі сұрақтар қатарына жауап беруі керек. Мен не істегім келеді? Неге мен мұны істегім келеді? Менің жұмысымның нәтижесі не болады? Осы сұрақтарға жауап бере отырып бала мәселенің субъективті мәнін ұсынады, алда тұрған іс- әрекеттің мақсаты мен міндеттерін нақтылайды.Бұл көлемді және нақты түрде жобаның тақырыбын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты анықталғаннан кейін ол міндеттерде, аралық мақсаттарда нақтыланады. Олардың орындалуы түпкі мақсатқа жетуге жеткізеді.

Екінші кезең – келешек жұмысты жоспарлау. Бұл кезеңде балаларға келесідей сұрақтар қойылады. Ұсынылған тақырыптардың шешімі қандай? Олардың әр біреуін қанша уақытта шешу керек? Әр міндетті шешу кімге жүктеледі? Жұмыстың әр кезеңін орындау үшін қандай материалдар мен құрылғылар қолданылады? Әр кезеңге кімнің көмегі керек және оны қалай алуға болады? Әр кезеңнің нәтижелері мен түсінікті нәтиже қалай ұсынылады? Жоспарлау кезеңі анықталғаннан кейін келешек жұмыстың жобасы жасалады. Онда мақсаты мен орындалу кезеңдерінің барлығы сипатталады. Зерттеушілік жобалауды әдетте жасөспірімдік жастағы балалар орындайды. Бұл жерде жүргізілетін зерттеудің жоба жоспарының орындалуы орынды. Мұнда болжам, қолданлатын әдіс, бақылау және эксперимент жүргізу графигі, аралық және түпкі нәтиженің ұсынылу формасы көрсетіледі.

Жоспарлау кезеңінде жобаның түпкі нәтижесіне қойылатын талаптар жасалады. Ол қалай жасалуы керек, қандай критериялармен бағаланады Бұл талаптарды педагогтың өзі өңдеуі немесе ұжымдық талқылау кезеңінде өңделуі мүмкін. Индивидуальді немесе топтық жобаларды тәжірибелік жүзеге асырмас бұрын оларды аудитория алдында қорғағаны жөн. Қорғау процедурасы кірістіреді:


  • жобаны жасаушы адамның қысқаша жоба жөнінде сипаттама беруі;

  • жарияланған жұмыстың орындалуы мен нәтижесіне жауапты адамдарға заттық символдар беру;

  • үшінші кезең – практикалық (техникалық) – жобаның кезеңдік орындалуы, аралық нәтижелердің бағалануы, жұмыс барысын талдау, қажет түзетулер енгізу.

Ол педагогпен жеке кеңес сериясы немесе дөңгелек стол түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.

Балалармен жоба әдісін пайдаланудың өз ерекшелігі бар. Кіші мектеп жасындағылардың жобалық іс- әрекетін ұйымдастыру әдісін Т.В.Цветков өңдеді. Ол жоба әдісі мен ұзақ сюжетті – рольдік ойынның синтезі ретінде көрінеді.

Жасөспірімдер үшін жобаның іс- әрекетті ұйымдастырылудағы маңызды кезең- жарысу т.б. Балаларға қосымша білім беретін меемелерде «Идея және іс биржасы» әдісі қодданылады. Ізденіс кезеңі мүмкін жобалар жөнінде идеяларды жинақтау идеялар тематикасы, іс - әрекет түріне қарай топтастырылады, олардың «құны» - өзектілігі және орындалу қиындығы анықталады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Жобалау әдісі дегеніміз не?

  2. Ізденушілік және зерттеушілік жобалар

  3. Шығармашылық және қолданбалы жобалар

  4. Жеке жобалар

22 дәріс тақырыбы: Балаларға қосымша білім беру мекемелерінде оқу практикасын ұйымдастыру

Дәріс мазмұны:

1. Қосымша білім беру мекемелеріндегі практиканың маңызы

2. Технологиялық практика

3. Далалық практика



Мақсаты: Студенттерді қосымша білім беру мекемелеріндегі практиканың жүру барысымен таныстыру, практика түрлерін талдау.
Қосымша білім беру мекемелеріндегі практиканың маңызы:

  1. оқушыларды тұтас өндірістік және ғылыми жағдайлармен таныстырады,

  2. Белгілі бір мамандық жүйесіне сәйкес келетін қарым-қатынастарға үйретеді, оның барлық жақтарын ашып көрсетеді.

Сондықтан да практика кәсіби тануда тиімді тәсіл болып табылады. Практика барысында дағды, іскерліктер қалыптасады, оқушы белгілі бір ұжымның мүшесі болады.

Далалық практика – белгілі бір мамандықтар бойынша зерттеушілік мақсатпен оқушылардың далаллық зерттеулері: геодезия, картография, археология, этнография, экология,т.б. Далалық практикада экскурсиялар, топтық жұмыстар жүргізіледі. Күнделік жүргізеді. Зерттеу қорытындыларын конференцияларда таныстырады.

Практиканың түрлері: танысу практикасы, өндірістік практика, конструктивті-технологиялық практика, т.б.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Қосымша білім беру мекемелеріндегі практиканың маңызы қандай?

2. Технологиялық практика деген не?

3. Далалық практика қалай жүзеге асады?

№23 дәріс тақырыбы: Балаларға қосымша білім беру мекемелеріндегі ағарту жұмыстары

Дәріс мазмұны:


  1. Ағарту жұмыстары туралы түсінік

  2. Сыртқы және ішкі ағарту жұмыстары

  3. Бағдарламалық ағарту жұмыстары

  4. Стихиялық ағарту жұмыстары

Мақсаты: Қосымша білім беру мекемелеріндегі ағарту жұмыстары жөнінде түсінік қалыптастыру, ағарту жұмыстарының түрлерімен таныстыру.

Ағарту ісі – тұрақты оқу тобына бөлінбеген және формальды емес (арнайы тіркелмеген) үлкен аудиторияларға есептелген білім беру іс - әрекетінің түрі.

Ағартудың негізгі міндеті - өмірді тұтас жан-жақты және оның жеке жақтарын ұғынуға негіз болатын білім және мәдениет жетістіктерін кеңінен тарату.Ағарту ісі дәрістер,әңгімелесу,диспуттар,пікір – таластар,ақпарат көздері арқылы,экскурсионды бағдарламалар,кітапхананың,коцерттік абонементтер,қозғалмалы қоймалар түрінде жүзеге асырылады.Қосымша білім беретін мекемелерде ағарту ісінің ішкі және сыртқы түрлері бар.Сыртқы ағарту басқа мекемелер мен ұйымдардың іске кірістірілу мүмкіндігін қарастырады(коцерт залдары,кітапхана,мұражай т.б.)

Ішкі ағарту болып есептеледі егер алынған ақпарат қосымша білім беретін мекеменің біреуінде ұйымдастырылса сонымен қатар бір балалар бірлестігі екінші балалар ұжымына ақпарат көзі болып табылса.

Қосымша білім беретін шығармашылық бірлестіктер мен педагогтаршағын аудан тұрғындары,мектеп оқушылары т.б. аудиториялар үшін ағартушы рөлінде көрінеді.Ағарту ісі барысында педагогтың қандай мотив түрін белсендендіргендігі, қоытынды шығаруда және талдауда қандай нәтижеге ерекше мән бергендігіне байланысты ағарту ісі оқушылардың оқудағы жетістіктерін ұсыну немесе әлеуметтік тәжірибені ұйымдастыру әдісі ретінде қарастырылады.Қосымша білім беретін мекемелерде ағарту кеңістіктік – уақыттық сипатына және әлеуметтік тәрбиенің басқа компоненттерімен байланыстылық деңгейі бойынша бағдарламалық және стихиялық болып бөлінеді.Бағдарламаның ағарту мекеменің бағдарламасын асырумен қатаң түрде байланысты,ол жүйелі түрде оқу процессіне кірістірілген.Ағарту ісінің бұл түрі « Мектеп » моденіне жауап беретін мекемелер мен бірлестіктер үшін дәстүрлі болып табылады.Оның негізгі міндеттері – білім мазмұнын кеңейту,пәнаралық байланысты орнату,оқу барысында балалар меңгеретін мәдениет өнімдері мен құбылыстарының аспектілерін ашу.

Бағдарламалық ағарту сонымен қатар «квазикәсіби клуб » моденінде де ұйымдастырылады. « Квазикәсіби клуб » және « Мектеп » моденіндегі бағдарламаның ағартудың мазмұны педагог білім бағдарламасының тар мамандануын түзету мақсатында жобалайды,

«Станция» және «Студия» модельдерінде бағдарламалық ағарту білім мазмұнының прагматизмін компенсациялайды. « Станция » моделінде білімнің мамандандырылуы орын алады.Жүйелі ағарту теметикалық тұрғыдан білім мазмұнымен байланысты,бірақ балаға сол мазмұнның әлемнің жаратылыстықғының көрінісіндегі рөлін және орнын түсінуге көмектеседі.

«Табиғи клуб» моделінде балаларды жүйелі оқвту жүргізілмейді : Білім әлеуметтік тәрбиені компонентіретінде ұсынылады.

Қарым – қатынас клубындағы бағдарламаның ағарту балалар ұжымы үшін өзекті міндетті шешуге бағытталғанқандайда бір іс - әрекеттер когнетивті қамтамасыз ету ретінде ұйымдастырылады.Мысалы : жоғарғы сынып оқушылары мекеменің аймағын ретке келтіру,гүл,терек егу жөнінде шешім қабылдайды.Қойылған міндеттердің келесі бөліктерін анықтап алған жөн : ауланы көгерту үшін қандай өсімдіктер қолданылады,топырақты және отырғызатын материалды қалай дайындау керек,ауланы декорлау бағыттары мен стилі бар екенін анықтау.

Ақпарат алу үшін балалар келешекте білім алмасу үшін әдебиеттерді меңгеру ді ұйымдастырады,мамандандырылған мекемелерге кеңес алуға барады т.б.Білім көлемі үлкен,оларды алу әдістері алуан түрлі болады,қандай білім алу қажеттігі ғана емес,сонымен қатар оларды алу формаларын сипаттайтын бағдарламаны өңдеуді талап етеді.

«Табиғи» клубтарда ағарту ісінің бағдарламасы ортақ қызығушылық немесе мәселе жөнінде терең жан-жақты білімі бар адамдармен кездесуді ұйымдасыру түрінде құрылады.Мұндай адам шақырулы ересек адам,сол клубтың мүшесі немесе соған ұқсас бірлестіктің мүшесі болуы мүмкін.Әдетте кездесулерде коллекциялар,фотолар,жеке архивтерден видеоматериалдар қарастырылады.

Табиғи клубтарды психологиялық қарым – қатынас саласындағы ағарту бағдарламалары танымал.Мұндай бағдарламалар жасөспірімдер мен жоғарғы сынып оқушыларына өзара әректтестіктің субъектісі ретіндегі өзі туралы түсінігін кеңейтуге,қатынас орнату ережелері мен әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді.

Қосымша білім беретін мекемелерде ағарту ісінің бағдарламасы мейрам,шараларды ұйымдастыруға мүмкіндігін береді.

Стихиялық ағарту жағдайлық түрде бірлестіктің өмір іс - әректінденемесе семантикалық оқу барысында пайда болатын сұрақтарға жауап формасында жүзеге асырылады.Проблемалық жағдай білім мазмұнын меңгеру барысында сонымен қатар бірлестіктен тыс жерде отбасында т.б. пайда болуы мүмкін.Осылайша қосымша білім беретін мекемелерде ағарту ісі былайша пайда болады.

- балалар мен педагогтардың қарым – қатынас процессін қолдау,ұжым жобаларын орындау,стихиялы экспедиция мен сараманға қатынасу.

- тар мамандандыру мен білім прагматизмін бағдарламаны компенсация.

Ағарту ісінің кең тараған формалары: дәрістер,әңгіме,экскурсиялар т.б.

Дәріс – қандай да бір сұрақтар бойынша көз – қарастардың бірлігін монолог түрінде демонстрациялайтын түсінік.Дәрістің негізгі міндеті қандай да бір мәселені кәсіби комментариялау,бұл өз кезегінде тыңдаушының ақпаратта бағыт бағдарлануына мүмкіндік береді.

И.М.Юсупов санаға ауызша сөйлеу арқылы әсер етудің негізінде жатырған принциптерді атайды:

1.Ақпараттың қол жетерлік деңгейде болуы.

2.Аргументациясы

3.Қарқындылығы.

4.Байланыстылығы.

5.Көрнектілігі.

6.Экспрессивтілігі.

7.Анықтамалығы,түсініктілігі.

Дәріс сыналушы үшін ақпараттық мәнде айқын болуы керек.Басынан бастап әңгіменің тақырыбын, монологтың міндетін анықтап алу қажет.Дәрістің аяқталуы барлық негізгі тезистердің міндеттерінің қайталануымен байланысты.Дәрістік қатынас тыңдаушылармен қатынас орнату және өзара әрекеттестікті моджельдеуді қарастырады.Дәріске дайындалуда аудиторияның құрамына және олардың не күтетіне бағытталу керек.Лекция ақпаратты демонстрация лау болып табылады.Мұнда тыңдаушылардын зейіндерін басқару үшін түрлі көрнектіліктер т.б.тәсілдер қолданылады.Әуендік ағарту ісінде лекцияларда үнтаспадағы жазбалар тыңдалады,артисттер қатынасады.Қолданбалы өнерге арналған дәрістер көрме түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.

Бағдарламалық ағарту ісінде кино,видео,телефильм,спектакль,концерт т.б.көру әдісі белсенділігі қолданылады.Бұл формаларда өзара әрекеттесетін субъектілерінің екі қызметі бар – көрермен және ұйымдастырушы.

Кино,видео т.б. көрудің тәрбиелік мәні екі жағдайда қалыптасады:

1)демонстрацияланатынның мазмұны.

2)көру процесінде өзара әрекеттестіктің сипаты.

Әлеуметтік тәрбиеде кино,видео т.б. көрудің қолдану әдісі келесі позицияларды кірістіреді:1.дайындық.2.көрудің жүзеге асуы.3.көргенде,сезінгенді талқылауды ұйымдастыру.Ең алдымен педагогикалық негізгі түрде қарайтын объектіні таңдау өте маңызды.Дайындық долашақ көрерменлердің эмоционалдық бағытын қарастырады.Бағдарламалық ағарту жүйелі, мақсатта болады,сондықтан баланың тек белгілі бір шараларға ғана емес, педагогтар жобарлаған барлық циклде тұтас қатынасқаны жөн.Ағарту ісі бағдарламасының аудиториясының тұрақтылығын ұстап тұру үшін абонементтер қолданылады.Абонемент дегеніміз бұл – ағарту ісінің шаралары, өткізілу орны,уақытты аудиториясы бойынша біріктірілген бүкіл циклдің бағдарламасы.Абонемент балаға ұсынылған мазмұнды бағыт бағдарлануға, оның даму логикасын ашуға ,өзі үшін оның мәнің анықтауға және өз уақытын ұйымдастыруға көмектеседі.

Ағарту ісінің кең тараған формасының бірі – экскурсия болып табылады.

Экскурсия – қандай да бір экспозицияларды демонстрациялау мақсатында қатынасушылардың қозғалуын арнайы ұйымдастыру.А.Е.Сейненскидің экскурсияны келесідей түсінуді ұсынады.:« Көрме,мұражай немесе табиғи жағдайларда түрлі заттар мен құбылыстарды бақылау мен зерттеуге мүмкіндік беретін оқыту – тәрбиелеу процессін ұйымдастырудың формасы ».Автордың айтуынша экскурсия сәтті өтуі үшін алдын ала жоспар жасалып,маршрут анықталып,оқушылар үшін тапсырмалар мен сұрақтар құрастырылуы керек.

Бүгінгі күні электрондық тәсілдердің кең қолданыс табуынан виртуальді экскурсиялар кең тараған.Мұндай өзара әрекеттестік « көру » немесе « қарау » формасына жатқызылуы мүмкін.Экскурсияларға қатынасушылар екіге бөлінеді:

1.Бақылауды ұйымдастырады,кеңес береді,қажет мәлімет береді.

2.Өз бетінше жұмыс жасайтындар:фотоға түсіреді,видеожазба,магнитафондық жазба жасайды.Осыдан экскурсия көмегімен шешілуі мүмкін ағартудың негізгі міндеттері шығады.

1.Қандай да бір ақпаратты оқушының меңгеруі.2.Ақпаратты білігін дамыту.3.Әлеуметтің мәдени объектіге өз қатынасын сезіну.

Бірінші міндетті шешуде экскурсант үшін жаңа субъективті нәрсе демонстрацияланады:жасалған экспозиция (мұражай,көрме);табиғи объект(табиғи ландшафт);архитектуралық ескерткіш;тарихи қайраткер немесе оқиғамен байланысты ескерткіш орындар;өндірістік орындар т.б. Бұл жағдайда педагогтың өзі экскурсовод рөлін атқарады немесе маманның қызметін пайдаланады.Балалар экскурсант рөлінде болады.

Екінші міндетті шеше отырып экскурсия балалардың қатынасуымен дайындалуы мүмкін.Бұл кезең қорытынды кезең балалар өз бетінше әдебиет көздерімен танысып,сауалнамалардың көмегімен аұпарат жинайды.Бұл жағдайларда балалардың бір бөлігі немесе барлық балалар рет – ретімен экскурсоводқа айналады.Экскурсияның маңызды кезеңі – оның талқылануы.

Үшінші міндетті шешу – ақпаратты жалпылау,оның меңгерілу деңгейін тексеру емесбаланың көрген,естіген нәрсесіне қатынасын анықтау.

Қосымша білім беретін мекемелерде ағарту ісін ұйымдастырудың өзіндік формасы сонымен қатар экскурсия мен кино,видео т.б. қараудың маңызды элементі әңгіме.Әңгіме бұл тек ақпарат,тәжірибе,норма,мәдениет құндылықтарымен алмасу ғана емес,сонымен қатар өзің және қоршағандар үшін өзінің психологиялық сапаларыңды ашу.Бұл ерекшеліктер әңгіме баланың интеллектуалдық және тұлғалық дамуының күшті әдісі болып табылады деп тұжырымдауға мүмкіндік береді.Оның негізінде диалогтық қатынас жатыр, онда тыңдаушы немесе сөйлеуші жоқ,қатынасушылардың барлығы белсенді:Әңгіме барысында әр оқушы ақпараттыалады және ұсынады,осы кезде олардың ес,ойлау,зейін процестері жақсара түседі.Әңгіменің сәттілігі екі қатынасушының бірін – бірі қабылдауына,алғашқы қатынас орнатуына тәуелді.

Әңгіме барысында педагог үшін әлеуметтік қабылдау стереотиптерініңықпалына түспеу маңызды.Екінші стереотип – педагогикалық көптеген педагог – практиктер әңгіме - өлендетілген дәріс деп есептейді.Шындығында әңгіме педагогтың аудиторияға ақпарат беруі емес,әңгімелесушілер арасындағв пікір,позиция алмасу.Педагог әр қатынасушының пікірін тыңдау дайын болуы керек.И.М.Юсупов әңгіме барысында үш кезеңге бөледі:1)әңгіменің басы.2)ақпарат алмасу.3)қандай да бір шешім қабылдау.Педагогикалық әңгіме әдетте тақырып және міндеттермен таныстырудан басталады.Балалар әңгімеге белсенді қатынасу үшін стиул беру,яғни ашық түде сұрақтар қойылуы керек.Әсіресе әңгіменің тақырыбын ұстану үшін сұрақтар және ойлануды талап ететін сұрақтар қойылады.

Әңгіме барысында баланың біреуі өзіне назар бөлгізуі үшін әңгімені тақырыптан ауытқытатын тақырыпта болады.Онда балаға бір жақты жауапты талап ететін ж абық сұрақ қойылады.Әңгіме кезінде педагогтан пікірді нығайту немесе өзгерту талап етілетін жағдай туындауы мүмкін.Бұл үшін келіспеушілік нейтрализация мен тезистердің аргументциясының түрлі тәсілдері қолданылады.Айналасында қарама – қайшы пікірлер қалыптасатын,жастар ортасындағы өзекті тақырыптарды талқылау үшін пікір талас сияқты ағарту жұмысының формасы қолданылуы мүмкін.Пікір – талас ( лат қарастыру – зерттеу)

- Қандай да бір сұрақты баспа беттерінде,жиналыстарда талқылау

Педагог пен балалардың қарым – қатынасының ішкі құрылымы бойыншапікір – талас әңгіме сияқты кеңістіктін – уақыттың ұйымдастырылу формасы бойынша алуан түрлі: Пікір таластың оның қатынасушылары үшін өзекті болуы керек.Алдын ала сауал жүргізілу ұсынылады.

Пікір таласты бастапқы дәрістен бастау керек,ол мәселені ашып, талқылау үшін материал ұсынады.Мұнда видеофрагменттер,интервьюлер қолданылуы мүмкін.

Пікір таласта реттелетін пікір алмасу.

Жетекші пікір - таластың қызметінің толық емес тізімі – талқылау инициациясы, регламентті ұстану,этикалық нормалар мен ережелерді ұстану,аралық қортындылар жасау.Пікір – талас сәтті болады егер қатынасушылар тобы түрлі позицияларды ұстанса.

Эрудиттер – қоғамдық өмірдің түрлі сферасында еркін болып бағдарланатын, кең ақпараттанған қатынасушвлар.Идеяның генераторы – топтың саясатын анықтап,тезистерді ұсынған қабілетті қатынасушы.Аналитик - өзінің қаламдасу мен аппоненттер командасының аргументациясының әлсіз жерін анықтауға қабілетті,іс- әрекетті бағылауға бағытталған қатынасушы.Технолог – орындаушы, топтың идеясын қортындылап аяқтауға жеткізетін қатынасушы.

Пікір таластың келесі түрлері бөлінге:дөңгелек стол,эксперттік топтың отырысы,форум,симпозиум,дебаттар « аквариум » техникасы (М.В.Кларин)

Дөңгелек стол - әңгімелесу,мұнда кіші топтың барлық мүшелері қатынасады,(әдетте бес адам шамасында) қатынасушылар және аудитория арасында пікір алмасу жүреді.Эксперттік топтың отырысы (панельдік пікір талас) әдетте 4-6 тәрбиелеуші қатынасады,төрағасы алдын ала тағайындалады.Топтағы талқылаудан кейін аудиторияның өз позицияларын ұсынады.Әр эксперт үшін қысқа мерзім беріледі.Форум эксперттік топтың отырысына ұқсас,айырмашылық финалдық кезеңде де пікір алмасуға барлық аудитория қатынасады.Дебат әдетте екі команда скипперлер судья, таймкипер қатынасады.Дебаттың мәні – студьға аппоненттің аргументіне қарағанда өз аргументінің жақсы екенін дәлелдеу.

Симпозиум – ароторлар өз хабарын автономды хабарлайды.Оратор өз сөзінен кейін аудиторияның сұрақтарына жауап береді. «Аквариум» техникасы – екі көзқарастың қарама – қарсы қойылуы,әр топ өз пікірін қорғап шығуы керек.Пікір – талас мұнда жанашырлар ортасында болады. « Аквариум » техникасының алгоритмі.(М.В.Кларин)

- Мәселенің қойылуы,балалар бірлестігіне ұсыну.

- Қатынасушылардың екі топқа бөлінуі.

- Топта өкілдерін таңдау,өкіл топ алдында таңдаған позицияны қорғайды.

- Топта жұмыс жасайды – мәселені талдау, көзқарасты анықтау.

- Топ өкілдері мәселені орта алдында талдап,талқылайды.

- Үзіліс (таймаут) топ өкілдерінің топ мүшелерімен кеңесуі үшін беріледі.

- Талқылауды аяқтау.

- Барлық қатынасушылардың пікір – таласты талдауы.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:


  1. Ағарту жұмыстары дегеніміз не?

  2. Сыртқы және ішкі ағарту жұмыстары қандай?

  3. Бағдарламалық ағарту жұмыстарының ерекшеліктері қандай?

  4. Стихиялық ағарту жұмыстары қалай жүреді?

№24 дәріс тақырыбы: : Балаларға қосымша білім беру мекемелерінде өзіндік білім алуды ынталандыру

Дәріс мазмұны:

  1. Баланың өзіндік білім алуын ынталандыратын ситуациялар

  2. Өзіндік білім алудың танымдық міндеттері

  3. Конкурстық бағдарламалар

Мақсаты: Балаларға қосымша білім беру мекемелерінде өзіндік білім алуды ынталандыру әдістерімен студенттерді қаруландыру.

Өзбетінше білім – оқудың жүйелі курсынан өтпей өзбетінше білім процессі және нәтижесі өзбетінше білімнің стихиялық үйренуден айырмашылығы,ол мақсатқа бағытталған,мотивацияланғандығымен,пәнділігімен ерекшеленеді.Бұл жағдай субъектінің өзбетіндік пен инициативтілікті ұстануы маңызды.Танымдық міндеттердің сипаты бойынша: оқу,тұрмыстық және тұлғалық өзіндік білімді ажыратуға болады.Өзіндік білімге деген ұстанымның пайда болуы қоршаған адамдардың жеріне тәуелді.

Конкурстың бағдарламалар – қандайда бір адамзат іс - әректінің түрінен жарыс.Конкурстың негізін адамның қолымен,басымен,денесімен жасай алатын нәрсенің бәрі құрай алады.Басқамен өзінді қалыптастыра отырып мақсатты түрде дамуға,жетілуге болады.

Конкурс бұл – жарыс әдісі.Конкурстың алгоритмі «қатынасушылар», «тапсырмалар», «критерилер», «жюри», «сыйлықтар», «жүргізуші»,«реквизиттер»,«техника», «кеңістік»,«көрермен».

Конкурсты өткізу жөнінде шешім қабылдау сол іс - әрекеттің балалар үшін маңыздылығы тәуелді болуы керек.

Шешім қабылдағаннан кейін конкурсқа ашық ат қойып,тапсырмалар мен конкурстың шарттары анықталады.Тапсыриа нақты әрі күшті талап етуі керек.Мысалы: « Тақпақ шығару » тапсырмасы бағалау критериі ретінде бола алады.

- тапсырманы орындауға жойылған уақыт.

- демонстрациялауға жойылған уақыт.

- түпкілікті өнім сапасы.

Ұйымдастырушының келесі міндеті- қатынасушыларға конкурсты қамтамасыз ету.Жарнамалық шақырулар т.б.

Жюри шақыру - өте маңызды міндет.Жюри мүшелері өте танымал адамдар болуы керек.

Дайындаушы кезкң қатынасушылардың іс - әрекет өнімдерін демонстрациялаумен аяқталады.Демонстрация кезеңі мүмкіндігінще конкурсқа қатынасушылар үшін ашық,эмоцияға толы уақиға болуы керек.Шоу – программаны өткізуге дайындалудың ұйымдастырушы финалдық кезеңінде келесі міндеттерді шешеді:көрермендерді шақыру,алдын – ала қарастыруды өткізу,кеңістікті безендіру,жюридың орналасу орнын белгілеу,жүргізушіні таңдау,экспонаттарды орналасыру,жюридің конкурс нәтижесін талқылау орнын,қатынасушыларды марапаттаушыны белгілеу т.б.Конкурстық бағдарламаның өткізілуі жоспарды талдау және қортынды шығарумен аяқталады.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Баланың өзіндік білім алуын ынталандыратын ситуациялар қандай?

  2. Өзіндік білім алудың танымдық міндеттері қандай?

  3. Конкурстық бағдарламалар дегеніміз не?

№25 дәріс тақырыбы: Балаларға қосымша білім беру мекемелерінде жеке педагогикалық көмек беру

Дәріс мазмұны:

  1. Балаларға қосымша білім беру мекемелерінде жеке педагогикалық көмек беруді жүзеге асырудың ерекшеліктері

  2. Ресурстар: денелік ресурс, сыртқы ресурстар, мемлекеттік және қоғамдық ресурстар

  3. Әлеуметтік статус

Мақсаты: Қосымша білім беру мекемелерінде жеке педагогикалық көмек беруді жүзеге асырудың ерекшеліктерімен таныстыру.

Жеке көмек беру – оқушыға қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін білім, іскерлік, дағдыларды игеруіне саналы түрде көмек беру. Адам өзінің әлеуметтік қалыптасуында жастарына сәйкес 3 түрлі міндетті шешеді: табиғи-мәдени, әлеуметтік – мәдени, әлеуметтік-психологиялық.

Қосымша білім көптеген тәжірибелі ұстаздары жетілген интуициялық деңгейде біріктіруде сондай психологиялық микроклимат қабілетті жасау , қайсыда қорғалған өзінді әрбір бала сезеді , топта жоқ « тұл қалғандардың ». белгілі , не өз қалыптасу топ және дамуда бірнеше кезеңнің жүреді . Өз өзін таныту артынаны алғашқы саты біріктіру күресімен сипатталады . Бірге қызмет барысында бірлік бірінші белгісі көрінеді , актив қалыптасады , бірақ ұжым назарлары аралық қайшылықтар және бөлек адамдарды көріне алады. Бастапқы сатыларға педагогикалық ықпалын жасау мәні томға көрсете алады , бөлек тәрбиеленушілердің тежеу - мінез-құлығы уақытында үшін , бірақ топ назарларымен өз ұмтылулар және тілектер ара қатынасын белгілеу мыналар жанында оларда сапасы даму .

Біріктіру жұмыстары екінің - үшеу айдан кейін жаңа қатысушылардың біріктіру қызметіне тарту мақсатқа лайықтылығы туралы сұраққа бір мағыналы жауапты жоқ .Бір автор тап осы процесті есептейді және жаңа келгендердің кірісі минимумға дейін қысқартуға ұсынады , ең басты терім жүзеге асырылған болатынды соң . Басқалар дәлелдейді , не және кейін балалар біріктіруі қызмет бас жұмыс тартумен балалардың оған тиісті тоқталмау . Сапты аяқ жұмысқа ертіп әкелу бастық қатысушыларға ұсыныс жасай алады немесе өз дос шара , кластастардың .

Балалар біріктіруі қалыптасу , ішінде болатын бірінші жылдың , топ саны өсу шегімен сипатталады , жеке адам аралық көңіл болулардың структуризациейі , үйлесімді тәсілдердің іздеуімен және жұмыс түрлерінің , бірінші нәтижелердің алуымен , дәстүрлердің көрінуімен , сыртқы байланыстардың жөндеуімен . Ереже сияқты , мынау біріктіру өмір ең ұзақ және жемісті дәуірі ( топ мүшелерінің адамдарының даму жоспарында ). мына сатыларға ұстаз беделі тұрақты өседі , ереже сияқты , еңбексіз ана шешімдерді қабылданады , бастық ұсынады . Өз жұмыс қорытындылауы балалар біріктіруі жұмыс бірінші жыл аяғысы ұстаздан талап етеді , келесі анықтаушы белгілер енгізуге сондықтан болады :

- игеруде нәтижелілік және меңгеруде әлеуметтік тәжірибе тәрбиеленушілерімен ;

- жайлылығы бал қорғанушылық және топтасы ;- оқушылардың қанағаттанушылық және олардың әке-шешелердің ұжымда тіршілік әрекетімен ;- сформированность позитивных отношений в детском объединении;

- балалар біріктіруі абыройы ;

- балалар бірлестігі индивидуалистік көрінуі



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Балаларға қосымша білім беру мекемелерінде жеке педагогикалық көмек беруді жүзеге асырудың ерекшеліктері қандай?

  2. Ресурстар: денелік ресурс, сыртқы ресурстар, мемлекеттік және қоғамдық ресурстар дегеніміз не?

  3. Әлеуметтік статус қалай түсінідіріледі?

№26 дәріс тақырыбы: Тәрбиеленушілерге жеке көмек беру процесі

Дәріс мазмұны:

Жеке педагогикалық көмек берудің негізгі кезеңдері

А) Диагностикалық кезең

Б) Жеке педагогикалық көмек беру кезеңі

В) Нәтижелерді қорытындылау кезеңі

Мақсаты: Жеке көмек беру процесімен таныстыру, негізгі кезеңдерін бөліп көрсету.

Диагностика жасөсіпірім балалармен жұмыс жүргізу барысы қалыпты жағдайда осы жас кезеңіндегі баланың проблемалық жағдайын шеше алуға бағытталады. Осы кезеңде баланың дамуында олардың физиологоялық дамуын және психологиялық жағынан даму барысы ерекше көзге түседі. Баланың іс-әрекетінен барлық ерекшеліктер байқалады, яғни осы кезеңде тұрақты түрде мінез-құлқы қалыптасады, мінез сипаты, эмоциялық қлпы, әр нәрсеге деген құлшынысы, жетістіктерге талпынуы, «мен», «өзім» деген ұғымдар көріне отырып, жаңа әлеуметтік бағытты ұстайды. Осы кезеңде баланың дамуында таным белсенділігінің, денесінің қалып көрсеткіштері ұлғаятын болады. Сонымен қатар айналадағы адамдардың ой-пікіріне өзіндік тұжырым айтып, қарсылық білдіреді. Олардың сезімталдығы күшті болады.Әсіресе бұл кезеңде мынадай жағдайлар байқалады: осы жас кезеңінде болатын кейбір кейбір кемшіліктер баланың даму жағдайына әсер етеді. Олар эмоциялық көңіл-күйінің тұрақсыздығы, жоғары жүйке жүйесі іс-әрекетінің ерекшелігі, түрлі жоғары деңгейдегі жағдай, үрейленіп қарау. Сондай жағдайда балаларға сауалнама, тест, анкета жүргізіледі.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Диагностикалық кезеңде қандай жұмыстар жүргізіледі?

2. Жеке педагогикалық көмек беру кезеңінің ерекшеліктері?

3. Нәтижелерді қорытындылау кезеңінде қандай өзгерістер болады?

№27 дәріс тақырыбы: Жеке көмек берудің әдістері мен тәсілдері



Дәріс мазмұны:

  1. Психологиялық-педагогикалық кеңес беру

  2. Эмоциональды-еріктік жеке педагогикалық көмек

  3. Ақпараттық жеке педагогикалық көмек

  4. Интеллектуалдық жеке педагогикалық көмек

Мақсаты: Жеке көмек берудің әдістері мен тәсілдерін меңгерту, көмек түрлерін талдау.

Жеке педагогикалық көмектің негізгі әдістері психологиялық-педагогикалық кеңес және дамытушы ситуацияларды ұйымдастыру болып табылады.



Психология-педагогикалық кеңес. Педагог-кеңесшінің негізгі ісі баланың проблемалық ситуациясын түсініп және оған қандай ресурстар керектігін білу қажет. Кеңестің мақсаты балада нақты проблемалық ситуация кезінде әрекеттердің альтернативті варианттарын қалыптасрыту. Кеңес беру кезінде есептің үш тобы шешілуі мүмкін:

  1. эмоциональді-еркін көмектер (тәрбиеленушінің өзінде сенімділігін арттыру, қиындықтарды шешу мүмкіндіктеріне сендіру),

  2. ақпараттық көмектер (тәрбиеленушіні проблемалық ситуацияны шешуге қажет мәліметтермен қамтамасыздандыру);

  3. интеллектуальдық көмектер (қосымша білім алуына көмектесу.

1. Эмоциональді-еркін жеке педагогикалық көмек педагогтан ашықтықты, қайырымдылықты, шынайылылықты талап етеді. Ол үшін педагог жымию, көзбен байланыс жасау сияқты вербальді емес айқындауларды қолданады. Үлкен рольді жақындасу (тактильді байланыс) атқарады.

Тәрбиеленушінің өз күшіне сенімділікті арттыру үшін педагогқа мына тәсілдерді қолдануға болады: сыйластықты қарым-қатынас жасау, атымен айту, баланың күшіндегі жеке сенімділікті көрсете білу.



2. Ақпараттық жеке педагогикалық көмек тәрбмеленуші ақпаратты проблема шешуде қажет деп шешкенде қолданылады. Педагогтың беретін ақпараттары төмендегі талаптарға сай болуы қажет:

  • нақтылық: ақпарат бала сұрағына нақты керексіз ақпаратсыз толық болуы керек. Бұл үшін педагог және тәрбиеленуші сол ақпарат төңірегінде әңгіме соғуы қажет;

  • түсініксіз сөздер, терминдер болмау қажет;

  • білім абстрактілі, теориялық емес, тәрбиеленуші қолдана алатындай болу керек;

  • ақпарат заттың нақты күйін көрсету керек және объективті фактілерден тұруы қажет;

  • беретін ақпараттың мазмұны және формасы баланың жеке ерекшеліктеріне сәйкес келіп, оның өзі туралы ойын дамыту қажет.

3. Интеллектуальдық жеке педагогикалық көмек жұмыстың жалпы алгоритмі төмендегідей құрылады:

  • жеке проблемалық ситуацияның әртүрлі аспектілерін, ерекшеліктерін, жеке позицияны, осы ситуациядағы жеке қызығушылықтарын сезіну;

  • болатын ситуацияға сәйкес тәрбиеленушінің жеке мақсатының қойылуы;

  • мақсатқа жету жолын анықтау;

  • мақсатқа жету үшін тәрбиеленушідегі ресурстарды сезіну;

  • мақсатқа жету жолындағы қажет әрекеттерді жоспарлау.

Кеңес беру кеңістікте, өзге адамдардан алшақ жерлерде жүргізілу қажет. Кеңістіктің атмосферасы және ұйымдастырылуы өте жақсы болуы керек.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Психологиялық-педагогикалық кеңес беру қалай жүргізіледі?

  2. Эмоциональды-еріктік жеке педагогикалық көмек деген не?

  3. Ақпараттық жеке педагогикалық көмек беру қалай жүреді?

  4. Интеллектуалдық жеке педагогикалық көмек деген не?

28 дәріс тақырыбы: Дамытушылық ситуацияларды ұйымдастыру

Дәріс мазмұны:

  1. Рольдік ойындар

  2. Аутотренингтер

  3. Жеке көмек беруде ситуацияларды ұйымдастыру әдісіне қойылатын талаптар

Мақсаты: Дамытушылық ситуацияларды талдап, оларды практика жүзінде ұйымдастыру.

Педагог-кеңесшінің жұмысының негізгі әдісі интервью болып табылады. Онда сұрақтардың әр типтері қойылады: ашық, жабық, дәлелдейтін және т.б. Интервью процесі кезінде экспресс – диагностика, ойын тәсілдерін қолдануға болады.

Кеңес беру процесіндегі қарым-қатынас ережесі педагогтың тәрбиеленушіге ыңғайлы сұрақтар қоюын, балаға түсінікті тілде әңгімелесуін талап етеді.

Психо-педагогикалық әдебиеттерде интервьюдің бес түрлі қадамы сипатталады (Г.С.Абрамова):



Бірінші қадам - өзара түсіністікке жету. Педагог әңгімелесу тақырыбын анықтай отырып, ситуация құрады. Ол өзінің мүмкіндіктері туралы ақпарат береді. Осы кезде тәрбиеленушіге педагог осы проблемалық ситуацияны ол үшін мүмкіндігін және дайындығын тудырмау қажет.

Байланыс орнату әдістемесі тәрбиеленушінің жас және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Осы этап кезінде педагогпен әңгімелесу нәтижесінде өтіп жатқандарды түсіне білуі қажет. Баланың қорытынды сөзі – «Мен оған сенемін!». Педагог үшін қорытынды – «Мен оны сеземін, түсінемін. Мен бұл балаға көмектесуге әзірмін».



Екінші қадам – проблемалық ситуацияның мақсатын анықтау. Ол ситуация туралы ақпарат жинаудан басталады. Педагог пайда болатын қиындықты бала көзімен елестету керек.

Алған ақпарат негізінде педагог ситуацияны шешуге баланың позитивті мүмкіндіктерін анықтайды. Интервью нәтижесінде ол тәрбиеленушінің қиындықтарының ерекшеліктерін және мүмкін себептері туралы өзі үшін болжамдар жасайды. Пайда болған болжамдарды сыртқа шығаруға болмайды.

Сұрақтарға жауап бере отырып тәрбиеленуші өзінің және басқаның тәртібін, ситуацияны сезініп талдайды. Бұл қадамда баланың қызығушылықтары мен позициясы анықталады.

Үшінші қадам – қорытынды анықтау. Педагог тәрбиеленушіге өз тілектерін сезінуге, өзінің идеясын, яғни қандай болғысы келетінін анықтауға көмектеседі. Осының негізінде тәрбиеленуші жеке мақсаттарын анықтайды.

Төртінші қадам – альтернативті шешім жасау. Бұл қадамда ситуацияның қиындықтарын шешуде қолданылатын баланың жеке ресурстары және орта ресурстары анықталады. Қадам ұзақ өтеді, себебі диагностика және өзін тану процесін ұйымдастыру кіреді.

Педагог тек бірмәнді кеңестер және нұсқаулар бермеу керек, әрекет тәсілі педагог үшін эффективті болғанымен, тәрбиеленуші үшін эффективті болмауы мүмкін.



Бесінші қадам - әрекетте өту. Бұл қадамда ең маңыздысы интервью кезінде тәрбиеленушіде болатын өзгерістердегі акцент болып табылады. Жұмысқа басқа адамның, маманның, ақпарат көздерінің және т.б. қажеттілігі анықталуы мүмкін.

Бірінші кездесуде тәрбиеленуші педагогпен қатар орын алуы мүмкін. Ол педагогтың қорғауынсыз өзіне сенімді болғанда сабақтарда активті қатысушы ролін атқарады. Келесі қадам арнайы ұйымдастырылмаған сабақтарда басқалармен әңгімелесуге үйренуден тұрады. Сонда ғана тәрбиеленуші әңгімелесу ситуациясын ұйымдастырушысы болады, ал педагог ол үшін интеллектуалдық, эмоциональдық, ақпараттық көмектердің көзі болып қалады.

Дамытатын ситуацияны ұйымдастыру кезінде педагог әртүрлі педагогикалық құралдарды құрастырып және қолдана алады, эффективті педагогикалық құралдарға ситуациялық – рольдік ойындар жатады. Олар өзін басқару дағдысын дамытатын аутотренингтер және баланың ойлау қабілетін дамыту құралдары ретінде шығармашылық дамыту тәсілдері болуы мүмкін.

Рольдік ойындарда тәрбиеленуші басқа ойыншылармен араласа отырып, өзін танып, жеке проблемасын сезіне отырып әрекет етеді. Ситуациялық – рольдік ойындарды өткізу әдістемесі Б.В.Куприянованың, М.И.Рожкованың, И.И.Фришманның «Жасөспірімдермен ойындарды өткізу әдістемесі және ұйымдастыру: Балалар үшін үлкен ойындар» (Москва, 2000) кітабында анық суреттеледі.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Рольдік ойындар қалай жүреді?

  2. Аутотренингтер дегеніміз не?

  3. Жеке көмек беруде ситуацияларды ұйымдастыру әдісіне қойылатын қандай талаптарды білесің?

29 дәріс тақырыбы: Педагогикалық көмек беру субъектілеріне – педагогтарға қойылатын талаптар

Дәріс мазмұны:

  1. Педагогтың дүниетанымдық позициясы

  2. Педагог пен тәрбиеленушінің өзара қатынасы

  3. Педагогикалық өзара әрекеттесу типтері

  4. Педагогқа қажетті іскерліктер

Мақсаты: Педагогикалық көмек беру субъектілеріне – педагогтарға қойылатын талаптарды меңгерту.
Педагогикалық қызмет құрылымының құндылығы философиялық, орталықтық принциптерге сәйкес болуы үшін бала бойындағы сенімділіктің өсуіне, оның менін қалыптастыруға, бала тәжірибесінің феноменальдық есебіне және оған сыйластық қарым- қатынастарға бағыттау қажет. Ол үшін ең алдымен тәрбиеленушіге құрмет пен сыйластық қажет, оның дауындағы проблемаларды шешу қажет.

Әрбір іс- әрекеттің қисынды аяқталуы оның талдау нәтижелері мен алға қойған мақсаттың адекваттілігі болып табылады. Озық педагогикалық жұмыстар құрылымына сәйкес жүргізілген ғылыми зерттеулер бірнеше кезеңнен тұрады және мынадай міндеттерді шешуді жүктейді: жүзеге асырылған әрбір озық педагогикалық жұмыстардың тиімділігін талдау, болашақ мұғалімге қалыптасатын даярлық динамикасын нақтылау.

Көптеген болашақ мұғалімдер жеке тұлға мен оның еңбек ерекшеліктеріне орай туындайтын айырша талаптарды сезінді. Теориялық әзірлік деңгейін жетілдіру бойынша жүргізілген сабақтар олардың оқу еңбегі ұтымды ұйымдастырудың теориялық нәтижелілігін қалыптастырды.

Дәрістік, семинарлық , тәжірибелік сабақтардың жүргізілуінің кең потенцалды мүмкіндігін талдау психологиялық – педагогикалық цикл бағыты мен қоғамдық пәндер бойынша болашақ мұғалімдерге кәсіби іс- әрекет нысаны жөнінде әдістемелік білімдермен қаруландыруға жағдай туғызады. Философиялық категорияларды (заңдылыық, жүйе – құрылым – элемент, жүйелік – құрылымдық амал , т.б.) игерудегі басым бағытты жұмыстар, қоғамды оқып үйренудегі диалектикалық заң әрекеттері болашақ мұғалімге педагогикалық жағдаяттарға саналы көзқараспен қарауға, бағалауға дағдыландырады. Бұны сабақты жүйелі талдау кезіндегі тапсырмаларды орындау мен семинарлық, тәжірибелік дәрістер барысындағы педагогикалық міндеттерді шешу нәтижелері көрсетіп отыр. Әсіресе, бұлар болашақ мұғалімнің педагогикалық үрдістерді ұйымдастыру барысында ескерілетін тәрбиелеу немесе оқыту заңдылықтары мен ұстанымдарында айрықша көрінеді. Оқытудың тиісті әдісін таңдап алу үшін әр түрлі авторлар ұсынған классификациясын пайдалануға болады: И.А. Лернердің классификациясында түсіндірмелі- иллюстративті (ақпараттық-рецептивтік)әдіс; репродуктивтік әдіс; мәселелік мазмұн; бөлшектік – ізденістік немесе эвристикалық зерттеушілік әдіс.

Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Яғни, жас

ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты.

Бүгінгі таңда мұғалімдердің кәсіби даярлығының теориялық негіздерін ашып көрсететін маңызды зерттеулер баршылық (О.А. Абдуллина, Ю.П. Азаров, А.Н. Алексюк, Ш.А. Амонашвили Н.В. Кузьмина, В.А. Кан-клик, А.И. Щербаков және т.б. ). Оларда болашақ мұғалімдерді даярлау мәселесі қарастырылып, кәсіби қабілетін анықтау бойынша жұмыстар жүйеленген. Осы ғылыми бағыттардағы еңбектерде мұғалімдерді жалпы педагогикалық

Даярлау мәселесі әр қырынан зерттелген. Даярлық мәселесінің өзі бірнеше жыл бойы психологиялық – педагогикалық зерттеулердің арқауы болып келеді, мұның өзі оның үнемі дамып отыратын ұғым екендігін көрсетеді.Бүгінгі дейінгі зерттеулерде «даярлық» ұғымы психологиялық жағдай, жеке тұлғаның күрделі құрылымы, жеке тұлғаның қасиеті ретінде

қарастырылады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби бейімделудің бастамасы уақыт бойынша тәжірибе жинақтау кезеңімен сипаталады. Біздің ойымызша, мұнда тәжірибелік іс- әрекет шарттарында өзіндік білім толықтыру ,тәрбиелеу және кәсіптік шеберлігін ұштау, дамыту қатар жүріп отырады.

Жас мамандар жұмысқа кірісе отырып, іс-әрекеттің жаңа түрлерін орындай бастайды. Олар: бейімділік , танымдық, кәсіби – педагогикалық .

Педагогтердің кәсіби іс- әрекетке табысты бейімделуінің үлгісі





Бөліктер

Өлшемдер

Көрсеткіштер

1.

Мотивациялық

-өзінің болашақ кәсіби іс-әрекетіне деген қызығуы

-өзінің кәсіби шеберлігін дамыта алуы (талпынуы)



-таным және кәсіптік қызығудың болуы

-үздіксіз білім көтерудің

жеке және қоғамдық маңыздылығын игеруі

-кәсіби жете біліктілік

деңгейін көтеруге бағыттылығы


2.

Бейімділік

-бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы

  • микроорта өзгерістеріне сай өз іс-әрекеттерін өзгертуі

-студент мәртебесін мұғалім мәртебесіне ауысуының ерекшелігін

сезіне білуі

-кәсіби іс- әрекетті жүзеге асырудың тиімді әдіс- тәсілдерін білу және пайдалана алуы

-бейімділік іс- әрекетіне тән қиыншылықтарды білу және оларды жеңудің жолдарын қарастыруы



3.

Танымдық

-әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны жедел тани білуі

- өзін кәсіби жүзеге асырудың нәтижелі әдіс- тәсілдерін пайдалануы



- әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны және жаңа талаптарды біліп, тануы

-жеке адамның базалық мәдениеті, кәсіптік білімі мен оны тәжірибеде қолдана білуі



4.

Кәсіби педагогикалық (іс-әрекеттілік)

-өзінің кәсіби іс- әрекетінің мақсаты мен міндетін анықтай алуы

- педагогикалық кәсіби

қарым-қатынастылық үрдісті жүзеге асыруы


-өз пәнін кәсіби жете білуі

-оқыту мен тәрбиенің психологиялық – педагогикалық негіздерінн білуі

-педагогикалық үрдісті жоспарлап, жүзеге асыра білуі


жүктеу 1,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау