Қосымша білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру



жүктеу 1,77 Mb.
бет5/13
Дата17.11.2017
өлшемі1,77 Mb.
#649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Оқу ұйымдары


  • Қызметтік ұйымдар

  • Шығармашылық ұйымдар

  • Коммуникативтік ұйымдар

  • Миссионерлік ұйымдар

    Мақсаты: Балалар ұйымдарының типтерінің бір-бірінен айырмашылығын анықтау, жұмыс жасау тәсілдерін игерту.

    Кордонский және Ланцберг «Топтар технологиясы» (2001) еңбектерінде балалар ұйымдарын өмір сүру әрекеттеріне байланысты бөлді. Олар: оқу, қызметтік, қызығушылыққа байланысты, коммуникативтік, миссионерлік.



    Балалар ұйымдарының түрлері.

    Әлеуметтік тәрбиені жүзеге асыру моделі

    Басымдылық көрсететін ұйым

    Қосарлы ұйым типі

    1.Мектеп


    Оқыту

    Функционерлік


    2.Станция


    Шығармашылық

    Функционерлік

    3.Студия


    Шығармашылық

    Функционерлік

    4.,,Табиғи клуб,,


    Коммуникативтік, миссионерлік , қызығушылықтарына байланысты

    Шығармашылық

    5.Квази кәсіби клубтар

    Миссионерлік, оқыту

    Функционерлік

    «Мектеп» моделіне - оқыту ұйымдары (секциялар, кластар, мектептер, бөлім) және функционерлік ұйымдары (ансамбль, хор, спорттық команда, музыкалық-театрлық ұжымдар, студия, мастерская)тән.

    Жас техниктер станциясына – қызығушылықтарына байланысты ұйымдар, оқу ұйымдары кіреді.

    Балалар ұйымдарының ең алғашқы типі оқу ұйымдары. Бір қосымша білім беру бағдарламасы негізінде оқитын балалар мен жасөспірімдерді құрайды. Бұл бір жастағы адамдардың не әр түрлі жастағылардың ұйымы болуы мүмкін. Оқу тобы тәуелсіз ұйым ретінде, басқа ұйым түрлерінің құрамында өмір сүре алады. Оқушылар бір жыл не екі жыл оқи алады. Егер бір жылдық бағдарламасы аяқталғанмен, баллаар қызығушылықтарымен екінші жыл оқуға қалып жатса, онда 2-ші жылдың бағдарламасы жасалып, балалар оқытылады. «Мектеп» моделіндегі оқыту ЖББОМ бағдарламасына ұқсас: оқытудың әртүрлі мерзімді кластары, пәндердің жылға бөлінуі. Бағдарламалар ЖББОМ бағдарламаларын толықтырады. Қазіргі кезде облыстық қосымша білім беру мекемелерінде сырттай және күндізгі оқу формалары бар. Оқыту бірлестігі деп мастерскойды да атауға болатын, яғни оқушылар үйретушінің айналасына жиналып, оның құпияларын білуге тырысуының өзі білім алуға жатады.



    Функционерлік бірлестіктердің негізгі міндеті – сұраныстарды қанағаттандыру. Жұмыс формалары: үлкен аудиторияда өз жетістіктерін демонстрациялау, жарыстарға қатысу және ұйымдстыру. Қарым – қатынас жұмықа байланысты өрбиді. Төмендегідей рольдер болады: актерлер, музыканттар, спортшылар, бағдарламаны жүргізушілер, безендірушілер, менеджерлер,механиктер, режиссерлер, тренерлер, өнертанушылар,т.б.

    Табысқа жетуге деген ынта – міндеттерін түсінуге және кәсіби құзіреттілікке әкеледі. Іс-әрекеттегі нәтиженің критериийі – жетістікке жету (спорттық нәтижелер, шығармашылық жарыстарда жетістікке жету.) Ф.Ұ. – ға ансамбльдер, спорт командалары, лабораториялар, музыкалық-театрлық ұжым, т.б. жатады.



    Шығармашылық ұйым әрбір топ мүшесінің шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Ф.Ұ. дайын, басқа біреулердің бағдарламасымен шықса, ал Ш.Ұ. – да өздерінің жасаған не белгілі бір дайындық кезеңінен өткен жеке шығармашылықтарымен шығады. Бұл ұжым бір композицияны жарты жыл дайындап, көрерменге ұсынып, содан кейін келесі шығармашылықтарын дайындауы мүмкін. Топ құрамына идея бастаушылар, талантты ақындар, композиторлар, ғалымдар, конструкторлар, т.б. кіреді.

    Ш.Ұ. құрамына студия да кіреді. Тәрбие берудегі әлеуметтік бағыттауда әсіресе студияда ансамбльдердің, театрлық көрсетілімдер, көрме залдарының болуы үлкен тәрбиелік жұмыстыр жүргізуге көмектерін тигізеді. Студияда әдеби эстетикалық хабарлар (вокалдық, хореографиалық, театралдандырылған әдеби) қызмет көрсетеді. Соңғы жылдары жаңа жобалармен жасақталған студиялар өз жұмыстарын істеуде. Студияда балалармен жұмыстар әртүрлі топтарға бөліну арқылы оқытылуы тиіс. Сабақты (пәнді) таңдау баланың өз билігінде болуы тиіс. Мысалы сурет немесе музыка сабақтарға қатысу жеке түрде немесе топпен болуы мүмкін. Әртүрлі бағыттардағы зерттеулерді зертханаларда жүргізу өте маңызды. Зертханаларда жүргізілген жұмыстар нәтижесі ғана үлкен көрсеткіштер бере алары анық. Қызығушылар бірлестіктері творчестволық бірлестіктер сияқты үлкен маңызға ие. Бұл салада әртүрлі мамандық иелері бас қосады: ғалымдар, өнер қайраткерлері, өте жоғары беделдері бар адамдар, ақындар т.б. Қызығушылар бірлестігінде коллекциялар толықтығы өз жұмысына деген қызығушылық. т.б. ерекшеленеді.



    Қызығушылықтарына байланысты ұйымдар. Жұмыс бағыттары: атрибуттар мен мәліметтерден коллекция жасау, коллекция және ақпарат алмасу мақсатымен адамдардың кездесуі, белгілі бір қызығушылықтары бар адамдардың тобы. Топ құрамына - әртүрлі ғылым, техника, өнер саласындағы білгірлер, үлкен авторитетті эрудиттер кіргендіктен олардың арасындағы қарым-қатынас мақсатқа бағытталған. Қ.б. Ұ. – да коллекцияның толықтығы, өз ісіне деген (хобби) қызығушылық, хабардарлық деңгейі бағаланады.

    Коммуникативті ұйымда қызығушылықтар тереңдігі төмен, бірақ қарым-қатынас деңгейі - өте жоғары деңгейде. Коммуникативті бірлестікте қарым-қатынас, өзін-өзі көрсете білу, сұлулық, сыртқы келбет үлкен роль атқарады.

    Миссионерлік бірлестіктер құрамының мүшелері кей жағдайларда өздерінің алға қойған мақсаттарын айыра алмай жатады. Кейде оны творчестволық бағыттар деп те жатулары ықтимал. Мұндай топтардың ерекшелігі – тірек, жеке тұлға бұл топтарды ішкі бағыттаушылар деп те санауға болады, миссионерлер тәртіпті, ұқыптылықты бағалайды. Бұлардың алға қойған мақсаттары ең жоғарғы жетістіктерге жетіп жатады. Оларға волонтерлік ұйымдар мен қоғамдық балалар ұйымдары жатады. Барлық мекемелерге сай күн тәртібі болады. Оқушылар сыныптан тыс жұмыстарға 1,5-3 сағатқа келеді. Яғни жалпы олта білім беретін мектептерде түстен кейін, ал 2-ші ауысымда оқитын балалар үшін- түске дейінгі уақыттарда.

    Ұйымдар типі және олардың қызмет ету тәсілдері

    Ұйымдар тобы Қызмет ету тәсілдері

    Функционерлік цех, репетиция, жоба, витрина, гастроль,

    Қызығушылықтары б/ша Білгірлер кездесуі

    ұйымдар


    Коммуникативтік Тусовка

    Шығармашылық Жобалық-конструкторлық бюро, ҒЗИ

    Миссионерлік Философиялық үйірме

    Оқу Оқу сабақтары, сабақ.

    Балалар бірлестігінің цех бірлестігінде қолдан жасалған қол өнерлер ішкі тапсырыстар, киімдер тігу, жар газеттерін шығару және т.б. жатады. Әзірліктер қойылымдарды қайталап оларды жаттау және орындау үшін қажет. Тағы бір балалар және жас өспірімдер бірлестігі ғылыми зерттеу институты. Мұғалім көмегімен зерттеулер жүргізіп, жаналықтар іздеуде, тексерулер жүргізуге ынталандыру. Балалар бірлестігі жұмысында жобалық-конструкторлық бюросы сызбалары, қойылымдар әзірлеуде үлкен роль атқарады. Яғни балалар осы жобаларды пайдалана отырып ,, саясатшы, ,,жазушы ,, , немесе , құрастырушы т.б. кейіптеріне ене алады. Сонымен қатар мұндай бірлестіктерде жұмыс жасуда сахнаның ролі ерекше. Бұның құрамына гастрольдер кіреді. Балалар оркестрының қойылымдары, жағы балалар демалыс орындарындағы концерттер қала көшелеріндегі және қалалық бүкілхалықтық фестивальдар, осының барлығы балалар және жас өспірімдер бірлестіктерінің ,, гастроль,, деп аталатын құрамына кіреді.Гастрольдер (жол сапарлар) сонымен қатар спорттық командалар, әскери жорық қала сыртына саяхат, тарихи этнографиялық, экологиялық, археологиялық бағыттарда да өз қызметтерін көрсетеді. Балалар және жас өспірімдер бірлестіктерінде білгірлер кездесулері жие өтіп отырады. Бұл кездесулер балалардың бір-бірімен білім алмастыру бағытында өтеді. Пайдасы - әр баланың өзіндік қорын жаңа білімдер мен пікірлермен толықтырады. Балалар және жас өспірімдер бірлестіктерінде философиялық ұйымдар, әсіресе жас өспірімдер ұжымдарында кеңінен қолданылады. Бұл жағдайда балалар және үлкендер қарым-қатынас структурасы:


    • қатысушылар, нақты талаптарды орындаушылар:

    • педагогикалық тапсырмалар:

    • қарым-қатынас , әртүрлі жағдайлар:

    • қозғалыстың ең нақты алгоритімі.

    Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау