Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2018 жылға арналған міндеттер туралы есебінің ТЕЗИСТЕРІ
Құрметті аудан тұрғындары !
Елбасының 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес қоғамды одан әрі демократияландыру, халықты елде жүргізіліп жатырған реформалар туралы хабардар ету, атқарушы органдардың халық алдындағы ашықтығын, жауаптылығын, есептілігін арттыру мақсатында әкімдердің дәстүрлі есеп беру кездесулері өткізілгелі отыр.
Есептік кездесулер-өткен жылғы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдымызда тұрған міндеттерді анықтау арқылы тұрғындардың әлеуметтік ауқаттылығын арттыру және аудан экономикасының дамуының тұрақтылығын сақтау жолдарын жетілдіру.
Өткен жылғы есеп беру кездесулерде аудан әкімінің есептік кездесулері бойынша бiлiм беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарының құрылысын жүргізу жөндеу мәселелерi жөнінде іс-шаралар жоспарына 7 мәселе енгізілген болатын.
Бүгінгі таңда, олардың ішінде Ойыл селосы көшелерін асфальттауды жалғастыру, Көптоғай дәрігерлік амбулаториясына жаңа жедел-жәрдем автокөлігін алу мәселелері толық шешіліп, облыстық құрылыс басқармасы арқылы облыстық бюджеттен 1,4 млн.теңге қаржы бөлініп, Кемер ауылдық клубының құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттарын дайындалды, «Ойыл-Қаратал»автокөлік жолын жөндеу жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, жөндеу жұмыстарына облыстық басқармаға бюджеттік өтінім берілді. Қайыңды ауылдық округінің Ақжар ауылы көпірін жөндеу мәселесі аудандық маңыздағы автокөлік жолдарын күтіп ұстауға бөлінген жергілікті бюджет қаржысы есебінен шешілді.
«Ойыл орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің өз қаржысы есебінен алма бағын жасақтау мәселесі және «Ойыл-Қараой» автокөлік жолын жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттарын дайындау мәселелері ағымдағы жылы шешілгелі отыр.
Ауданның ағымдағы жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау және іске асыру бағыттары бойынша жалғасуда.
Елбасының бастауымен еліміз болашақтың бағдарын айқындайтын Рухани жаңғыру жолына түсті.
Аудан әкімдігі жанынан құрылған ақпараттық-насихаттау тобы, облыстық, республикалық ақпараттық насихаттау топтары жыл бойы Елбасының аталған халыққа арнаған Жолдауы мен «Рухани жаңғыру» бойынша мақаласын кеңінен насихаттау мен түсіндіру мақсатында елді мекендерде кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізіліп, қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырды.
Мемлекет басшысының алға қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру аудан экономикасының ілгері дамуын қамтамасыз етті.
Аудан экономикасының нақты секторында негізгі көрсеткіштердің алдын-ала орындалуына тоқталар болсақ, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2023,3 млн.теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 104,4 пайызға , негізгі капиталға салынған инвестиция 3073,0 млн.теңгені құрады.
Бюджетті қалыптастыру саласында ауданның жергілікті бюджетінің кіріс жоспары 101,5 пайызға орындалып, бөлінген бюджеттік қаржы 100,0 пайыз игерілді.
Аудандық ішкі резервтерді анықтау комиссиясы арқылы салық базасын кеңейту жұмыстары жүргізіліп, бюджетке қосымша 37,7 млн.теңге түсіріліп, жоспар 156,0 пайызға орындалды.
Оған қосымша, ауылдық округтер әкімдерінің арнайы жергілікті есеп шоттарына 23294,4 мың теңге түсім түсіп, елді мекендерді қосымша абаттандыру, жарықтандыру және санитарлық тазалау жұмыстарында 21992,0 мың теңгесі игерілді.
2018 жылғы мақсат:
бюджеттік тапшылықты барынша қысқарту;
бөлінген бюджеттік қаржының мақсатты да тиімді жұмсалуына тұрақты бақылауды жалғастыру ;
жергілікті бюджеттік кіріс түсімдерін ұлғайту бойынша шаралар қабылдау;
Аудан экономикасының негізін құрайтын ауыл шаруашылығы саласында:
Егіс шаруашылығында 1625 га дәнді дақылдар егіліп, 501,0 тонна арпа, 991,0 тонна тары алынып, егілген 149 га жерден 1071,0 тонна көкөніс, 1092,0 тонна бақша өнімдері жиналды.
Облыс әкімінің тары өнімін ауданның брендтік өніміне айналдыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес тары кластерін жасауды қолға алынып, алынған тары өнімін өңдеп, өткізу мәселесіне басым бағыт ұсталынып отыр. Осы мақсатта аудан орталығында тары өнімдерін өңдеу цехын ашу шаралары қабылдануда.
Шаруашылықтардың «Табыс» коммуналдық базарымен, «Ресторандар және қонақ үйлер бизнесінің қауымдастығымен», «Ваниль» және «Той дастархан» кондитерлік өнімдер шығаратын облыс орталығындағы кәсіпкерлік субьектілерімен меморандум жасау ұйымдастырылып, «Жаңа Қадам 2016» ауылшаруашылығы кооперативі 300 кг ет, 20 кг тары өнімін өткізді.
Мал шаруашылығы саласында
Мал қыстату науқанына 159,4 мың тонна 1,5 жылдық мал азығының қоры жасақталып, мал қыстату науқаны қалыпты өтуде.
Мүйізді ірі қара 30мың648 басты құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 104,3 пайызға , қой-ешкі 131мың020 басты құрап 101,0 пайызға, жылқы 7мың111 басты құрап 115,6 пайызға, түйе 70 басты құрап 101 пайызға, құстар 30500 басты құрап 102 пайызға артты.
Мал басының өсімі одан өндірілген өнім көлемінің артуына негіз болуда. Өткен жылмен салыстырғанда 2017 жылы ет өндіру 102,9 пайызға, сүт 103,4 пайызға артып, 2017 жылғы ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 8190,9 млн.теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 102 пайызға артты.
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен мал басын өсіру мен мал тұқымын асылдандыру жөніндегі тапсырмалары толық орындалды.
Атап айтқанда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 140 бас МІҚ алу жоспарланып, барлығы 203 бас мүйізді ірі қара сатып алынып, жоспар 145 пайызға;
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 270 бас қой алу жоспарланып 411бас қой сатып алынып жоспар 152 пайызға;
«Құлан» бағдарламасы бойынша 40 бас мал сатып алу жоспарланып, қазіргі кезде 100 бас жылқы алынып жоспар екі жарым есеге артығымен орындалды.
Жайылымдық жерлерді суландыру бағдарламасы бойынша 7 шаруа қожалығы қыстақтарына құдық қазуға қолдау көрсетілді.
1842 бас мал бордақылау алаңдарына тапсырылып, жоспар 103,2 пайызға орындалды.
Асыл тұқымды мал сатып алу бойынша
1)400 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара сатып алу жоспары 407 бас алынып, тапсырма 101,7 пайызға орындалды.
2)Асыл тұқымды 600 бас қой сатып алу жоспары 721бас қой сатып алынып тапсырма 120,2 пайызға артығымен орындалды.
3)Асыл тұқымды 30 бас жылқы сатып алу жоспары 100,0 пайызға орындалды.
Шаруашылықтардың асыл тұқымды мал басын көбейту, мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын жүргізгені үшін Үкімет тарапынан мемлекеттік қолдау шаралары жалғасып 2017 жылы 153 аудан шаруашылықтарына 150млн754,0 мың теңге субсидия төленді.
Мемлекеттік қолдаулар арқасында ауданда асыл тұқымды мал өсіруші шаруашылықтар жылдан-жылға өсіп келеді. Қазіргі таңда 16 шаруашылықта 9342 аса асыл тұқымды қой және 11 шаруашылықта 579 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдары өсірілуде.
Саралжын ауылдық округінде құны 600,0 млн теңгеге «Тәжібай-Агро» ЖШС базасында 1200 бас асыл тұқымды ірі қара мал басын өсіру мен мал өнімдерін өңдеу бойынша 2017 жылы инфрақұрылым жасақталып, кешен құру жұмыстары ұйымдастырылуда.
Ағымдағы жылы 15 шаруа қожалығына жеңілдетілген несиемен 87млн 170 мың мың теңгеге ауыл шаруашылығы техникаларын алуға қолдау көрсетіліп, бүгінде облыстық бюджеттен елеулі қаржы бөлініп 2016-2017 жылы алған несиелердің 50 пайызы мемлекеттік субсидиялар арқылы қайырылуда,
2017 жылы жаңадан 8 ауыл шаруашылығы кооперативтері ашылып, ауданда 14 ауыл шаруашылығы кооперативтері жұмыс жасауда. Олардың ішінде 9 мал шаруашылығы, 5 аралас бағытта мал мен өсімдік шаруашылығымен жұмыс жасайды. 14 кооперативтің 227 мүшесі бар. Ағымдағы жылы облыстағы қаржы-несиелік ұйымдар арқылы 6 ауыл шаруашылығы кооперативіне жұмыстарын кеңейту жобалары бойынша 116,0 млн.теңге несие алуына қолдау көрсетілді.
Ағымдағы жылы кооперативтер арқылы 116 тонна ет, 12 тонна сүт, 156 тонна бақша өнімі, 35 тонна тары өндірілді.
Мал дәрігерлік қамту шаралары бойынша бюджеттен бөлінген 51,8 млн.теңге игеріліп, жоспардағы белгіленген аурулардың барлық түрлері бойынша алдын алу-емдеу, тексеру жұмыстары толық жүргізілді.
Бруцеллезге 38597 бас мүйізді ірі қара тексеріліп, оң нәтиже берген 555 бас , 128394 бас қой-ешкі тексеріліп, оң нәтиже берген - 584 бас жойылды.
2016 жылмен салыстырғанда бруцеллезге оң нәтиже берген мүйізді ірі қара саны екі есе көбейіп, ауру қой саны 465 бастан 584 басқа дейін өсіп отыр.
Жойылған жеуге жарамсыз мал иелеріне тапсырған құжаттарына сәйкес бюджеттен 2300,0 мың теңге өтемақы берілді.
Ауру малдар анықталған 50675 шаршы метр 290 аула-қораларға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Дегенмен, аудан тұрғындары арасында ауру малдарды уақытылы жоймау және ветеринарлық талаптарды бұзу фактілері жиі орын алуда. 2017 жылы аудандық ветеринарлық бақылау және қадағалау жөніндегі аумақтық инспекциясымен 17 тұлғаға әкімшілік шаралар қолданылып, 385,7 мың теңге айыппұл салынған.
2018 жылғы міндеттер:
шаруашылықтардың облыс орталықтарындағы өнім өңдеуші ірі кәсіпорындарымен байланысын одан әрі нығайту бойынша шаралар қабылдау;
1.Мал шаруашылығында: «Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік субьектілерінің ұсынылған жобаларына қолдау көрсетуді;
құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерінің мүшелерінің санын арттырып, жұмыстарын дамытуға қолдауды;
мемлекеттік бағдарламалар негізінде шаруашылықтардың мал сатып алу үшін ауыл шаруашылық құрылымдарының несие алуларына, лизингтік жүйемен жаңа техникалар алуына, малды асылдандыру жұмыстарына қолдау көрсетуді одан әрі жалғастыру;
мал өнімдерін өңдеу кәсіпкерлігін ашуға инвесторлар іздестіру;
жұқпалы мал ауруларына қарсы ветеринариялық жұмыстар деңгейін одан әрі жоғарылату;
2. өсімдік шаруашылығында: жергілікті көкөніс, картоп, бау-бақша өнімдерімен қамтамасыз етуді одан әрі жақсарту; суармалы тары егісін ұлғайту .
-тары өнімдерін өңдеу цехын ашу бойынша шаралар қабылдау;
- жылыжай ашуға тілек білдірген кәсіпкерлерге қолдау көрсету;
Жер ресурстарын басқару.
2017 жылы аудан шаруашылықтарына 51697 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер пайдалануға берілді, оның ішінде жаңадан ашылған 20 ауылшаруашылығы субьектілеріне 29550 га жер учаскелері табысталып, өткен жылмен салыстырғанда пайдаланудағы ауылшаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 25144 гектарға артты.
Елді мекендер ішіндегі кәсіпкерлік мақсаттағы 1,2 га 16 жер учаскесі сатылып, бюджетке 2466,0 мың теңге түсірілді.
Пайдаланылмай жатқан жерлерді қадағалау шаралары жалғастырылып, 44 ауылшаруашылығы субьектілерінің 26553 га жер учаскесі ауданның босалқы жер қорына қайтарылды. 726 га жерді пайдаланбай отырған 2 шаруашылыққа Ақтөбе облысының жерді пайдалануы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы арқылы шара қолданылып, жер учаскесінің кері қайтарылуы қамтамасыз етілді.
Ауданның кәсiпкерлiк құрылымдары аудан экономикасының дамуына, халықты жұмыспен қамту мәселесiн шешуге, қызмет көрсету саласының кеңеюiне өз үлестерiн қосуда.
Аудан бойынша 49 заңды тұлға, 316 шаруа қожалығы, 424 жеке кәсіпкерлер болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33 бірлікке артып немесе 104,4 пайызға өсіп, субъектілер саны 789 бірлікке жетіп отыр.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша Саралжын ауылдық округінен «Айтан» шаруа қожалығына асыл тұқымды мал сатып алуы және қажетті құрылыстарын жүргізу үшін екінші деңгейдегі банктен несие алуына және бағдарлама асясындағы мемлекеттік грандтқа қой жүнін өңдеу жобасы ұсынылып, жеке кәсіпкер Г.Сатыбалдинаға 1,5 млн теңге қайтарымсыз грант алуына қолдау көрсетілді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 43 адамға 190,8 млн теңге көлемінде шағын несие берілді.
Кәсіпкерліктің дәстүрлі емес саласы бойынша
4 кәсіпкер 75 бас асыл тұқымды ешкі өсірумен , жеке кәсіпкер Есенаманов Галимарданбек бал арасын өсіріп, «Дәулетжан» АӨК 300 бас қаз, жеке кәсіпкер Байдуллин Ж 80 бас бөдене өсіріп, жеке кәсіпкер Маханов Нұрлан 4,0 млн тг несие алып балық өсіруді қолға алуда.
2017 жылы аудан кәсіпкерлері тарапынан 25,0 млн.теңге инвестиция салынып, Ойыл селосында жаңадан 3 азық-түлік дүкені, 1 асхана, 1 монша, 1 фотосалон және 1 сұлулық салоны, Қараой ауылында наубайхана ғимараттары салынды.
2017 жылы әйел азаматтар кәсіпкерлігін дамытуға назар аударылып, ауданда облыстық «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған Өңірлік Іскер Әйелдер кеңесінің, Ақтөбе қаласының кәсіпкер азаматшалары, банк өкілдерімен бірігіп семинар, және Облыстық іскер әйелдер қауымдастығы және «Саясаткер әйелдер» клубымен бірлесіп шара ұйымдастырылып, өткізілді. Өткен күзде ауданнан 40-қа жуық әйелдердің Ақтөбе қаласына барып, кәсіпкерліктің қызмет көрсету салалары бойынша тегін тәжірибе алуы қамтамасыз етіліп, шебер-кластар ұйымдастырылды. Нәтижесінде аудан орталығында «Жанна» әсемдік салоны ашылды, ауылдық округтерде шаштараз, киім тігетін орындар ашылып, ағымдағы жылы наубайхана, тойхана ашуға ниет білдіріп отырған азаматшалар бар.
2018 жылғы жоспар:
-«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында ұсынылған кәсіпкерлік жобаларға мемлекеттік қолдау көрсету;
-Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы аясында шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бөлінген несиелерді бірінші кезекте өнім өңдеу мен тұрмыстық қызмет көрсету салаларында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағыттау ;
-ауданда дәстүрлі емес кәсіпкерлік саласын одан әрі дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету;
Әлеуметтік салада жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерiне ерекше көңiл аударылуда.
2017 жылы 422 жаңа жұмыс орындары ашылып, жоспар 105,5 пайызға орындалып, 2016 жылмен салыстырғанда 120,6 пайызға, 625 адам жұмысқа орналастырылып, жоспар 136,5 пайызға орындалып, 2016 жылмен салыстырғанда 126,8 пайызға артты.
Өткен 2017 жылы 600 жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға тартылды. «Гүлдене бер туған ел» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен бөлінген 24280,0 мың теңгеге 340 жұмыссыз жастар жұмыспен қамтылды.
2017 жылға арналған халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша жасақталған Кешенді жоспарға сәйкес жалпы 1788 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 120 пайызға орындалды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 153 жұмыссыз адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданып, 103 адам оқуды аяқтап, 97 адам жұмысқа орналастырылды.
113 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылып, жоспар 173,3 % ға, 119 адам жастар тәжірибесіне бағытталып, жоспар 211,4 % ға орындалды.
2017 жылы ұйымдастырылған 11 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге 120 жұмыс беруші, 862 жұмыссыз қатысты. Оның ішінде 395 адам тұрақты жұмыс орындарына, 241 адам уақытша сипаттағы қоғамдық жұмыстарға, 26 адам кәсіптік даярлауға, 48 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 44 адам жастар тәжірибесіне жұмысқа жолданып, 108 адамға заңнамалық кеңестер берілді.
«Өрлеу» жобасы бойынша құрамында 112 адамы бар 20 отбасымен әлеуметтік келісім шарт жасалып, 2694,1 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді, отбасының еңбекке қабілетті 12 адамы қоғамдық жұмысқа тартылды, 10 адам жұмысқа орналастырылды.
Жалпы, аудан тұрғындарының экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына шаққанда жұмыссыздық деңгейі - 0,1% пайызды құрап отыр.
Аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қамту бойынша бөлінген қаржылар да уақытында игерілуде. Есепті уақытта 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы алуға тиісті 390 отбасының өтініштері бойынша 1287 балаға 27794,8 мың теңге жәрдемақы тағайындалып, төленді.
2018 жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақы тағайындау өзгертілген жаңа заңнама талаптарына сәйкес жүргізілуде.
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес оңалту Бағдарламалары жүзеге асырылуда.
Ауданда бүгінгі таңда 440 мүгедек, оның ішінде жалпы ауру бойынша 220, 16 жасқа толмағандар 59, бала кезінен 18 жастан жоғары 139, жұмыс барысында жарақат алуына байланысты 8, Семей зардабынан 4, Чернобыль апатынан 1 және басқалай 9 мүгедек бар.
Бюджеттік қаржылар есебінен қажеттілігіне қарай мүгедектер гигиеналық құралдармен толығымен қамтамасыз етілсе, 7 мүгедек тифло техникалық құралдармен, 1 мүгедек сурдотехникалық құралмен қамтамасыз етілді. Қосымша 6 мүгедек көмекші құралдармен (жөргек) қамтамасыз етілді.
14 мүгедек жетек арбамен (ходунки) , 4 мүгедек серуендік және бөлмелік кресло арбамен қамтамасыз етілді. 2 мүгедек бала серуендік және 2 бөлмелік кресло арбамен қамтамасыз етілді. 19 мүгедектің Шымкент және Алға қалаларына курорттық ем алуға жолдама берілді.
24 жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметі тағайындалып, 6 жалғызілікті қарт және 2 мүгедек балаға үйде күтім көрсету жағдайында әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде.
8 мүгедек балалар үйден оқытылса, «Ойыл мүгедектерді қолдау орталығы» ҚБ арқылы 11 мүгедек балаға жартылай стационарлық жағдайда 13218,8 мың теңге көлемінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
Мүгедектерге демеушілік көмек беру барлық мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдары, аудандық мүгедектер қоғамы және аудан кәсіпкерлерімен жалғасуда.
«Туған жерге тағзым»акциясы аясында жерлесіміз, облыстық мәслихат депутаты А.Салфиковтың демеушілік көмегімен аудан орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін көмек беретін «Мейірім» әлеуметтік үйі күрделі жөндеуден өткізіліп пайдалануға берілді.
Мүгедектерге арнайы қызмет көрсетіп отырған аудандық психологиялық-педагогикалық түзетім кабинеті ғимаратына облыстық бюджеттен 25,0 млн.теңге бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2018 жылы:
-жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы тұрақты жұмыспен қамтуды жүзеге асыру,
-жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету;
-аз қамтылған отбасыларға жаңа форматтағы әлеуметтік көмекті уақыты тағайындау арқылы олардың әл-ауқатын арттыра отырып, аз қамтылғандар тобынан шығуына көмек беру;
-мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік қамтамасыз етілуіне қолдау көрсету;
Денсаулық сақтау саласында ағымдағы жылы 279 бала дүниеге келіп, өлім көрсеткіші 0,82 бірлікке төмендеді.
«Туған жерге тағзым» акциясы аясында бірнеше рет ауданға келіп, науқастарға тегін күрделі ота жасап, медициналық көмек көрсеткен жерлестеміз Батыс Қазақстан Мемлекеттік медициналық университетінің хирургия кафедрасының меңгерушісі, профессор, медицина ғылымының докторы Жакиев Базылбек Сағидолаұлына, облыстың бас хирургі Ерлан Сұлтангереевке және облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Болат Медетбаевқа аудан тұрғындары ризашылығын білдіруде.
Тұрғындар арасында туберкулезбен алғашқы сырқаттану деңгейінің өсуіне жол берілген жоқ. Тұмауға қарсы 700 адам тегін, 778 адам ақылы егілді.
Жергілікті бюджет есебінен туберкулездің әртүрлі нысандарымен және онкологиялық аурулармен ауыратын тұрғындарды әлеуметтік қолдау жалғасып, емделу мерзімі уақытында 64 адамға 8724,7 мың теңге жәрдемақы (әр адамға 22690 теңге) тағайындалып төленді.
Жедел және шұғыл медициналық көмекті көрсетуді одан әрі дамыту мақсатында аудандық орталық ауруханаға Ойыл орталық ауруханасына Лапораскопиялық қондырғы, 3 ЭКГ аппараты алынып, 14 ауылдық медициналық пункттер жаңа тоңазытқыштармен қамтамасыз етілді
Мектеп медицинасын дамыту мақсатында мектеп мейірбике штаттары ауруханаға ауыстырылып, 3,5 млн.теңгеге мектептердегі мейірбике кабинеттерінің материалдық-техникалық базалары нығайтылды.
Емдеу мекемелеріне орналасқан 6 маманға 952,9 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді.
2018 жылғы жоспар:
- Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің талаптарын одан әрі қалыптастыра отырып, әлеуметтік маңызы бар аурулар санын азайту мақсатында профилактикалық шараларды одан әрі күшейту;
-тұрғындардың туберкулезге қарсы толық тексерумен қамтылуы бойынша шараларды жалғастыру;
-емдеу мекемелерін жоғары кәсіби медициналық кадрлармен қамтамасыз ету шараларын жалғастыру;
-аудандық орталық аурухана мен ауылдық округтердегі емдеу мекемелері ғимаратын жөндеуге ұсыну мен емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын одан әрі жақсарту;
-білікті мамандармен қамту жұмыстарын жалғастыру;
Білім беру саласында жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселелері аудан әкімдігінің басты назарында ұсталуда.
Өткен 2016-2017 оқу жылында аудандағы 13 орта мектеп, 7 негізгі мектеп және 3 бастауыш мектепті 3222 оқушы аяқтады. Мектеп бітіруші түлектердің 27 оқушы «Алтын белгі» және 4 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері атанды және де негізгі мектеп бойынша 36 оқушы үздік аттестат иегері анықталды. Оқу жылын аяқтаушы оқушылардың 924 үздік, 940 екпінділерді құрап, білім сапасы 57,8% құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,0 пайызға артты.
11 сыныпты барлығы-223 оқушы аяқтады, олардың 70,9 пайызы немесе 158 түлек ҰБТ-ға қатынасып, қорытындысы бойынша орташа 90,1 баллды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7 баллға жоғары көрсеткіш көрсетті. Облыс бойынша алғашқы орынды иеленді.
2017 жылғы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша барлығы 3816,0 мың теңге қаражат бөлініп, оған 1-10 сыныптардағы 3002 оқушының 2815 оқушыны немесе 90,2 пайызы қамтылды. Оның ішінде алғаш рет «Спартак» шаруа қожалығының көкөніс плантациясында 20 оқушы 2 ай еңбек лагерінде жұмыспен қамтылып, 100 оқушы шатырлы лагерьде демалды.
23 мектепке дейінгі ұйымдарда тәрибиеленуші бала саны 1079 құрап, 3 пен 6 жас аралығында балалар мектепке дейінгі оқу-тәрбиемен толық қамтылып, 1-3 жас аралығындағы балалардың қамтылуы -95,4 пайызды құрайды. Ағымдағы жылы екі ауылдық мектептер жанындағы шағын орталық кеңейтіліп, тәрбиеленушілер саны 21 балаға арттырылды. Аудан орталығында 50 орындық жеке балабақша ғимаратының құрылысы жүргізілуде. 2018 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. 1,5 млн.теңгеге балабақшалардың төсек жабдықтары мен ыдыс-аяқтары жаңартылды.
Бюджеттен 29млн930,0 мың теңге бөлініп, оқулықпен қамту мәселесі 100,0 пайыз толық шешілді.
Өткен жазда Астана қаласында өткен «ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрмесіне жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен аз қамтылған отбасы балалары ішінен 95 оқушының тегін барып тамашалауына 3872,8 мың теңге қаржы бөлінді.
Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту бойынша облыстық бюджеттен бөлінген 30,0 млн. теңгеге мектептерге қосымша бейне бақылау камералары орнатылып, 3 робототехника кабинеті, жаңа компьютерлік құрал-жабдықтар алынды.
Аудан мектептері 1млн.116 мың теңгенің спорттық жабдықтарымен толықтырылды.
23 мектептің өрт қауіпсіздігі құралдарымен қамтуға 20156,8 мың теңге қаржы бөлінді.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша "Құбасай бастауыш мектебіне" ағымдағы жөндеу жүргізіліп, Ш.Берсиев атындағы ауылдық округ орталығында 2201,0 мың теңгеге балалар ойын алаңы жасақталды.
Облыстық бюджеттен бөлінген 234 304,0 мың теңгеге Көптоғай ауылдық округінің Шұбарши елді мекенінде және 226 775,0 мың теңгеге Саралжын ауылдық округінің Ақкемер елді мекенінде жаңа 60 орындық мектептердің құрылысы пайдалануға берілді.
Облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, облыстық құрылыс басқармасы арқылы Саралжын ауылдық округінің Бестамақ елді мекенінде 50 орындық мектеп құрылысы басталды.
Облыстық бюджеттен 7,0 млн.теңге бөлініп «Жолшы» балабақшасына ағымдағы жөндеу, «Өңірлерді дамыту»бағдарламасы аясында 1,5 млн.теңгеге Қараой балабақша ғимаратын кеңейту жұмыстары жүргізілгелі отыр.
Жаңа оқу жылында аудан мектептеріне 26 жас маман қабылданды.
Білім беру ұйымдарына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен жұмысқа орналасқан 23 маманға әрқайсысына 148 мың 470 теңгеден көтерме жәрдемақы, 7 маманға 22млн706 мың теңге тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит берілді.
2018 жылғы жоспар:
оқушыларға білім беру сапасын одан әрі арттыру бойынша шараларды қабылдау;
-мектептер мен балабақша ғимараттарын жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша шаралар қабылдау;
-аудан орталығында жеке балабақша құрылысының пайдалануға берілуіне қолдау көрсету;
-білім беру ұйымдарының материалдық техникалық жағдайын жақсарту шараларын жалғастыру;
-балаға білім мен тәрбие берудегі мектеп және ата-ананың бірлескен жұмыстарының тиімділігін арттыру;
-инновациялық технологияларды, интерактивті білім беруді іске асыруды дамыту;
-аудан орталығындағы білім беру ұйымдарын толық газдандыру;
Халықтың рухани байлығын молайтып, мәдениетін арттыру, ұлттық мәдениетті сақтауда кітапханалар мен түрлі мәдени мекемелердің алар орыны ерекше.
Ауданның мәдениет саласында ауданның барлық елді мекендеріндегі ауылдық клубтар мен кітапханалар қалыпты қызмет көрсетуде.
Елбасының ағымдағы жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру бойынша облыс әкімдігімен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық басқармалармен бірлесіп 8-9 қыркүйекте «Ұлы Жібек жолындағы Жаңғырған Көкжар жәрмеңкесінің 150 жылдық» мерейтойы өткізіліп, көршілес аймақтарымен өзара байланыстарымызды нығайту арқылы, ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына, туризм саласын дамыту бойынша қосымша шаралар қабылданды.
Ағымдағы жылы 30 маусым 1 шілде күндері «Туған жерім – нұрлы елім!» атты Ақтөбе қаласында Ойыл ауданының күндері ұйымдастырылды. Аудан күндері аясында Ақтөбе қаласында су тасқынынан зардап шеккен Қорайлы ауылының екі азаматына жастардың «Асар» қолдау акциясы ұйымдастырылып, Ақтөбе қаласында Ш.Берсиевтің ескерткіші салтанатты түрде ашылып, көше тұрғындардың атсалысуымен көше шеруі ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет саласының ұжымымен басқа да мерекелік шаралар Ақтөбе жұртшылығына ұсынылды.
Нәтижесінде ауданымыз үздік көше мерекесін ұйымдастырғаны үшін «Тарихи есім ұрпаққа ұлағат» атты номинациясы бойынша 1 млн 500,0 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Қазақы қаймағы бұзылмаған ауданымызда ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыз насихатталып, жастарымызға бағыт-бағдар беретін аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған үлгілі клубтардың бірі «Замандас» зейнеткерлер клубының 5 жылдығы аталып өтілді.
«Замандас» зейнеткерлер клубы мен «Әйел бақыты» жас келіндер клубының жұмыстары облыстық саясаткер әйелдер клубымен бірлесіп ұйымдастырылған «Озық тәжірибе баршаға ортақ» деген тақырыпта ауданнан 40 тан астам әйел азаматтардың қатысуымен өткен облыстық семинарда үлгілі ұйымдардың бірі ретінде облыстық көлемде насихатталды.
Аудандық Саз мектебінің «Маржан» би ансамблі халықаралық «Саз әлемі» халықаралық шығармашылық фестивалінде І дәрежелі лауреат атанды.
2017 жылғы аудан жетістіктерінің бірі «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсында ауданның Көптоғай ауылының тұрғыны Социалистік Еңбек Ері Бекіш Ғалымовтың отбасы облыстық конкурста гран-при иегері атанды.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржыға 4 ауылдық клубқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. (Амангелді, Сапақкөл және Шиқұдық, Көсембай ауылдық клубтары)
Мәдениет мекемелері бойынша жоспарланған 4500,0 мың теңге ақылы қызмет жоспары толық орындалды.
2017 жылы мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша бюджеттен - 2,5 млн.теңге бөлініп игерілді .
2018 жылы Кемер ауылында 150 орындық ауылдық клубының құрылысы басталғалы тұр.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бөлінген 7371,0 мың теңге қаржыға Қарасу, Аккемер, Ақжар, Сапақкөл ауылдық клубтарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, ақылы қызметтен түскен қаржы Тайсойған, жергілікті бюджет қаржысы арқылы Қаракемер ауылдық клубтарының жылу жүйелерін электр қуатына қосу жоспарланып отыр.
2018 жылғы мақсат:
-мәдени мекемелерді жөндеу мен материалдық-техникалық базасын жақсарту арқылы жұмысын жандандыру;
-Астана қаласының 20 жылдығына арналған мәдени-көпшілік іс-шараларды жоғарғы деңгейде ұйымдастыру ;
-мәдени мекемелердің ақылы қызмет көрсету ауқымын одан әрі кеңейту шараларын қабылдау;
-Саралжын ауылдық округі орталығында ауылдық клуб ғимаратының құрылысының және мәдени мекемелердің жөндеу жұмыстарының уақытылы сапалы аяқталуын бақылау;
Ауданда Жастар саясаты «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы негізінде жүзеге асырылып келеді. Ауданда есеп бойынша 6024 жас бар немесе аудан халқының 31,7 пайызын жастар құрайды.
Аудандағы әр елді мекен бойынша жастардың мекен-жайлық базасы жасақталып, олардың жұмыспен қамтылуы бақылауға алынды.
Өткен оқу жылында 9-11 сынып бітірушілердің деректер базасы жасақталып, орта мектеп бітірушілер ішінен 91 түлек колледждерге, 122 түлек жоғарғы оқу орындарына түссе, 10 аудан өңірінде түрлі салаларда жұмыспен қамтылған.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 27 жас әлеуметтік жұмыстарға, 119 адам жастар тәжірибесіне, 373 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. 158 адам 29 жасқа дейінгі жастар қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, техникалық және кәсіптік оқытумен қамтылып, 39 жас кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. 8 жасқа өз кәсіптерін бастау үшін 7,0 млн.т шағын несие берілді. 340 жас «Гүлдене бер,туған ел» марафон – эстафетасы бойынша жұмысқа тартылды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауданға тұрып жұмыс істеуге келген 35 жас маманға 5196,4 мың теңге көтерме жәрдемақы , 9 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 24 724,0 мың теңге бюджеттік кредит берілді.
Елбасының тапсырмасына орай халықтың жаппай спортпен шұғылдануын одан әрі жақсарту мақсатында аудандағы барлық мектептердің спорт залдары қазіргі заман талабына сай жөнделіп жылдың кез келген мерзімінде жаттығу жасауға мүмкіндік туғызылды. 2017 жылға дейінгі белгіленген стратегиялық жоспарды жүзеге асыру аясында 69 спорттық іс-шара өткізіліп, 5245 адам қатысты.
Спортпен шұғылданушылар саны жылма-жыл артып, бүгінгі таңда аудан тұрғындары спортпен тұрақты шұғылдануда, 2016 жылы 4130 (21,7 пайыз), спортшы, 2017 жылғы 5245 (28,0 пайыз) шұғылданушыларға артты.
Аудан аумағында спортты дамытуда ерекше маңызға ие болып отырған Ойыл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 836 оқушы (жалпы үлесі 25,1 пайыз) спортпен шұғылданады. Спорт мектебінде спорттың тоғыз түрінен: қазақ күресі, еркін күрес, волейбол (ұл,қыз), үстелді теннис, тоғызқұмалақ, дзюдо, бокс, футбол, каратэ бөлімдері жұмыс жасайды. Ауданның барлық ауылдық округ орталығы мен алты елді-мекенінде филиалдары жұмыс жасауда .
Спорт мектебі жанынан ашылған Ақтөбе «Футбол клубының» филиалында 30 бала жаттығуда.
2017 жылы «Туған жерге тағызым!» акциясы аясында Сарбие ауылдық округінде мектеп түлектері 4 млн.теңгеге және Саралжын ауылдық округінен кәсіпкер Қабиев Асхат 8 млн. теңгеге жасанды жамылғылы шағын футбол алаңдарын салып демеушілік көмектерін көрсетті.
«Ойыл аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2017 жылы бюджеттен облыстық жарысқа қатынасуға - 1635,0 мың теңге, аудандық жарыстарды ұйымдастыруға – 469,0 мың теңге бөлініп игерілді.
2018 жылғы мақсат:
-2020 жылға қарай 30%-ға дейінгі қазақстандықтарды бұқаралық спортқа тарту жөніндегі Елбасының тапсырмасының толық жүйелі жүзеге асырылуын қамтамасыз ету ;
«Туған жерге тағзым» акциясы аясында
-елді мекендерде спорт алаңдарының санын ұлғайту;
-көпшілік спорттық шараларды ұйымдастыру деңгейін жоғарылату;
-елді мекендердегі спорт алаңдарын жарақтандыру жұмыстарын жалғастыру;
-қысқы ойындарды дамыту шараларын қабылдау, барлық елді мекендерде мұз айдындарын жасақтауды ұйымдастыру;
Құрылыс саласы бойынша жұмыстардың көлемі 595,1 млн.теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 104,7 пайызға артты. 7141 шаршы метр 61 тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 129,5 пайызға артты, оның ішінде бюджеттен бөлінген 145,3 млн.теңгеге 21 коммуналдық тұрғын үй және жеке секторда құны 226,0 млн.теңге тұратын 40 тұрғын үй салынды. 24,9 млн.теңгеге 52 жеке тұрғын жер учаскелерінде инженерлік желілер жүргізілді.
2018 жылы Ойыл ауылында алты екі пәтерлік тұрғын үйлер құрылысы үшін 36,0 млн.теңге, жекеменшік тұрғын үйлер құрылысы жерлерінде электр желілерінің құрылысы үшін-73,9 млн.теңге бөлініп отыр.
2018 жылға жоспар:
-жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлер салу және инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу бағдарламасы бойынша бөлінген қаржыларды толық игеру;
-тұрғындарға жеке тұрғын үй құрылысын салуға қолдау көрсетіп инженерлік-коммуналдық жүйемен жабдықталған тегін жер учаскелерін беруді одан әрі жалғастыру ;
-аудан көлеміндегі жүргізіліп жатқан құрылыс, күрделі жөндеу жұмыстарына қоғамдық бақылау орната отырып, бөлінген қаржының мақсатты игеріліп, құрылыс–жөндеу жұмыстарының белгіленген мерзімде сапалы аяқталуын қамтамасыз ету;
-аудан бойынша жүргізілетін барлық құрылыстың есепке алынуын қамтамасыз ету;
Жергілікті бюджеттен 8930,0 мың теңге бөлініп, аудандық маңыздағы автокөлік жолдарын күтіп ұстау жұмыстары жүзеге асырылуда.
2017 жылы аудандық маңыздағы автокөлік жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына 18,0 млн.теңге бөлініп, оның 11,2 млн.теңгесі жеңімпаз мердігер «Крепость» ЖК бірқатар жұмыстар атқарылып, игерілді. Өткен жылғы күзгі кезеңде аталған мердігердің техникаларының жолды күтіп ұстауға дайын болмауына байланысты, келісім шарт бұзылды. Бүгінгі таңда заң талаптарына сәйкес қайта конкурс беріліп, жеңімпаз «Сәуірбаев»ЖК жұмыстар жүргізілуде.
2018 жылға аудандық маңыздағы жолды күтіп ұстауға 8235,7 мың теңге қаралып отыр.
Облыстық автомобиль жолдары басқармасы арқылы 250,0 млн.теңгеге «Ойыл-Қобда»автокөлік жол бойының 125-267 км аралығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Ойыл-Қаратал» автокөлік жолын жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 1523,0 мың теңге бөлініп, бюджеттік өтінім берілді. жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, «Ойыл-Сарбие-Қараой» автомобиль жолдарын жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттарын дайындау ағымдағы жылы жүргізіледі.
Облыстық бюджеттен 150,1 млн.теңге бөлініп, аудан орталығының 6 көшесін асфальттау жұмыстары жүргізілуде. 2017 жылы 2 көшенің жұмыстары аяқталды. 2018 жылы жалғастыру үшін облыстан қаржы бөлініп , мердігермен келісім шарт жасалды.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржыға Ойыл селосының орталық көшелеріндегі аллеялар жасақталып, безендіру жұмыстары жүргізілді.
2018 жылғы жоспар:
-қыс, жаз айларында аудандық маңыздағы автокөлік жолдарының үздіксіз байланысын қамтамасыз ету;
Аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету 73,3 пайызға жетіп, аудандағы 6 ауылдық округ орталығы мен 1 елді мекендерде тұратын 18836 адам орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.
100,0 млн.теңге бөлініп, Көптоғай ауылдық округінің Амангелді елді мекенінде ауыз су құбыры құрылысы басталды.
Қайыңды ауылдық округ орталығы Ақжар және Берсиев ауылдық округінің Құмжарған елді мекендеріне ауыз су құбыры құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.
Сарбие ауыз су құбырында ауыз су сапасын жақсарту мақсатында сүзгі орнату үшін 3145,6 теңгеге бюджеттік өтінім берілді.
2018 жылы:
-Көптогай ауылдық округінің Амангелді ауылына су құбырының құрылысын жалғастыруға 184 726 мың теңге;
-Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің Кұмжарған ауылына су құбырының құрылысын бастауға-46,3 млн.теңге;
-Қайыңды ауылдық округінің Ақжар ауылына су құбырының құрылысын бастауға-73,0 млн.теңге;
-Сарбие ауылындағы жерасты су қорларына қайта іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттарын дайындау үшін 8,0 млн.теңге бөлініп отыр.
Осы жұмыстардың сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету.
Елді мекендерді газдандыру
Бүгінгі таңда аудан орталығындағы үйлердің жартысынан астамы табиғи газбен қамтылды. Аудан орталығындағы 8 әлеуметтік нысан табиғи газға қосылды.
2018 жылы аудан орталығындағы коммуналдық тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды газдандыруға 33,3 млн.теңге, Саралжын ауылдық округінің Бестамақ елді мекенін газдандыру жұмыстарына 350,0 млн.теңге бөлініп отыр.
2018 жылғы жоспар:
-аудан орталығындағы барлық әлеуметтік нысандар мен коммуналдық тұрғын үйлерді газбен толық қамту және жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандарын көгілдір отынмен қамтылуына қолдау көрсету;
Аудан елді мекендерінің санитарлық тазалығы мен жасыл желектендіру, абаттандыру жұмыстары аудан әкімдігінің басты назарында ұсталуда.
Аудан елді мекендерінің санитарлық тазалығы мен жасыл желектендіру, абаттандыру жұмыстарына келсек, ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен елді мекендерді көркейту жұмыстарында 2942,0 мың теңге игеріліп, елді мекендерді жарықтандыру жұмыстарына 180099,0 мың теңге , оның ішінде 16,7 млн.теңгеге бөлініп, Екпетал елді мекенінде электр желісі жүйесі толық жөндеуден өткізілді.
Барлық ауылдық округтерде сенбіліктер ұйымдастырылып, ауыл-көше, елді мекен аралығындағы автокөлік жолдары аймағының тазалығы тұрақты бақылауда ұсталды.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаржыларға аудан орталығындағы Жолмырзаев көшесі, саябақ алаңына тас төселіп, жарықшамдар, отырғыштар орнатылып кеңейту, безендіру жұмыстары жүргізілсе, Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінде балалар ойын алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қадірлі аудан тұрғындары,
2018 жыл да еліміздің елеулі тарихи даталарымен толысқалы отыр.
Қазақстан 2018 жылды Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуімен бастады. Бұл-қазіргідей күрделі кезеңде әлемдік дәрежеде Елбасының беделінің зор екендігін айқындап, елімізге білдірілген үлкен сенім мен зор жауапкершілік болып табылады.
Егемен еліміздің айбыны мен мақтанышына айналған елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы аталып өтілгелі отыр.
2017 жылғы жеткен жетістіктеріміз Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатын жүзеге асыруды қолдап отырған аудан тұрғындардың ерен еңбегінің жемісі.
Біздің барлығымыздың алдымызда ортақ мұрат – ел болып ұйысып, жұрт болып жарасқан тәуелсіз Қазақстанның абырой-мәртебесін одан әрі арттыру үшін аянбай еңбек ету міндеті тұр.
Ауданның өркендеуіне үлес қосқан баршаңызға ризашылығымды білдіре отырып, алдағы есептік кездесулерде барша аудан халқының ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуге белсенді қатынасуға шақырамын.
Достарыңызбен бөлісу: |