Жобалау әдісі сулейменова З. Е



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
Дата06.02.2020
өлшемі0,58 Mb.
#28372
түріУчебник


 

158 


4.  Лернер,  И.Я.  Умение  читать  творчески.  Роль  информативного  текста  учебника  в  развития 

учащихся. Текст./ И.Я. Лернер // Вечерняя средняя школа. - 1989. - № 5. - С. 28-31. 

5.  Орлова  Э.А.  Рекомендации  по  повышению  уровня  читательской  компетентности  в  рамках 

Национальной  программы  поддержки  и  развития  чтения.  Текст.  /  Пособие  для  работников 

образовательных учреждений. – М.: МЦБС, 2008. – 72 с. 

6.  Разуваева, Т.А. Формирование читательской компетенции студентов факультета иностранных 

языков: Дисс. канд. пед. наук: 13.00.08. Текст. – Тула, 2006. – 234 с.  

 

 



 

ЖОБАЛАУ ӘДІСІ 

 

Сулейменова З.Е. 

(Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті) 

 

 

 

Жобалау – оқыту технологияларының кең таралған түрлерінің бірі. Жобалау әдісі 



оқушылардың іс-әрекетін түрлендіріп кеңейте түседі.  

Жобалау  –  «proicere»  деген  латын  сөзі.  Бұл  сөз  «жоспарлау,  дайындау»  сияқты 

мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді.  «Жоба»  ұғымы педагогика 

саласында  ғана   емес  экономика,  басқару,  зерттеу  салаларында  да  кеңінен 

қолданылатыны белгілі. Мысалы: құрылыс жобасы, зерттеу жобасы, оқыту жобасы т.б. 

Сонымен қатар жобалау әдісі  - студент пен оқытушының  бірігіп, белгілі бір мәселені 

шешуге және қорытынды жасауға  негізделген оқу немесе басқа да әрекеттерін айтуға 

болады. 


Жобалау  әдісінің  тарихы    20-ғасырдың  басынан  басталады.  Бұл  әдістің  ғылыми 

негізін қалаушылар:  Д. Дьюи, ДевейКилпатрак, Снедден, Ричардс. 

Сол  кездің  өзінде  АҚШ  ғалымдарының  арасында  жобалық  жұмыстарды    жұмыс 

техникасына  немесе  дидактикалық  концепцияға  жатқызу   туралы   мәселе  пікірталас 

туғызған болатын. 

Танымдық  прагматизм  философиясының   өкілі  Девей  жобалық  жұмыстың 

ғылыми  және  саяси  концепциясының  іргетасын  қаласа,  оның  әріптесі  Килпатрак 

жобалау  әдісін  ауқымды  мағынасына  қарай  тәрбиеге  қатысты  философия  ретінде 

бағалады.  Осыған  байланысты  Килпатрак  жобаны  «әлеуметтік  ортада  өткізілетін 

жүректен  шыққан  мақсатты  әрекет»  ретінде  қарастырады.  Девей  мен  Килпатрак 

мектептен  тыс  кезде   өмір  мен  ойлауды,әрекет  пен  білімді,  мектеп  пен  тәжірибені  

байланыстырушы  ретінде  жаңа  дидактикалық  концепция  негізін  салмақшы  болады.  

Қорыта  келе  Килпатрак  «жоспарлы  әрекет  демократиялық  қоғамның  белгілі  сипатты 

бөлігі»  деп  есептейді,  сондықтан  «оны  да  оқу  үрдісінің  сипатты  бөлшегі 

ретінде»қарастыру  керек  екендігіне  тоқталады.  Бұл  ұғым  АҚШ-тың  шығысында  ғана 

қолдау тапты. Басқалары мәселені шешу процесін жобалау әдісінің ерекше белгісі деп 

білді.  Сонымен  кез  келген  өз  бетінше  шешуін  табуға  болатын  мәселелерді  жобалық 

жұмыс деп  айтатын болды. Осының салдарынан жобалық жұмыс  - мәселені шешудің 

сызбалық   үрдіс  деңгейіне  түсіп  кетті.  Бұл  үрдіс  барысында  оқытушы  мәселені 

ұсынушы болса, оқушы оны шешуші болды. 

Жобалау  әдісі  бастау  алған  Солтүстік  Америкадан  басқа  жерлерде 

(Кершенштайнер  1968;  Гаудиг  1922;  Хаазе  1932;  Отто  1914)  және  еңбек 

мектептерінде (Кершенштайнер  1904,  Эстрайх  1921;  Блонский  1937, Макаренко  1969) 

бұл мәселе жөнінде педагог-реформаторлардың арасында пікірталастар болып тұрды. 




 

159 


Рейхвейн  (1951)  теория  мен  тәжірибенің  байланысын  жоба  десе,  Б.  Отто  жалпы 

сабақтардың  концепциясында  басты  рөлді  сұхбат  алады  дегенді  айтады

Кершенштайнер  (1968)  еңбек  мектебінен  жобалау   идеяларын  немесе  осы  бағытта 

дамуды байқауға болатын еді. 

Жобалау  идеялары  Еуропада  алпысыншы,  жетпісінші  жылдары  «баламалы 

мектеп»  немесе  баламалы  оқыту  түрлерін  енгізу  туралы  пікірталас  кезінде  қолдау 

табады. 

Жобалау идеясы, жобалау әдісі   ең алдымен жалпы білім беретін мектептер мен 

жоғары  оқу  орындарындағы  дәстүрлі  оқытуға  қарсы  бағытталған  бағдарлама  ретінде 

қарастырылды.  Бұл  идея  көптеген  ғалымдардың  (Пиаже,  Эбли,  Высоцкий,  Леонтьев, 

Гальперин) қолдауымен жобалау әдісінің негізін қалауға себеп болды. 

Жоғарыда  айтылғандай,  жобалау  әдісі  мұхиттың  арғы  бетінде  20  ғасырдың 

басында  басталғанымен,  Қазақстанда  білім  беру  салалары  кредиттік  жүйеге  енгелі 

соңғы  жылдары  ғана  қолданыла  бастады.  Жобалау  әдісі  -  оқу  үрдісін  ерекше  етіп 

тұратын  кешенді  оқыту    тәсілдері  жиынтығы.  Бұл  әдіс  -  студенттерге  әрекеттерін  өз 

бетінше жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға мүмкіндік береді. 

Жобалау  әдісі  студенттерге  тақырып  таңдауда,  мәліметтердің  дерек  көздерін 

жинауда және презентация жасауда өз бетінше жұмыс істеуге жағдай жасайды. Бұл әдіс 

қарым-қатынастың  жаңа  түрін  үлгілеуге  арналған.  Жобалау  студенттің  өз  бетінше 

ойластырып, жүзеге асыруға арналған жұмысы. Зерттеу барысында студенттің бойында 

жұмысына қажетті төмендегідей біліктер қалыптасады: 

 

өзінің қабілеті мен қызығушылығына қарай тақырыпты еркін таңдай алады



 

алдына қойған міндетіне қарай жұмыстың мазмұнына өз бетінше талдау жасай 



алады; 

 



өз  бетінше  алдына  қойған  мақсатына  жету  және  жүзеге  асыру  жолдарын 

іздестіреді; 

 

мүмкіндіктері  мен  мүмкіндіктер  шегін  тексеруге  және  дамытуға  жағдай 



жасайды; 

 



мәліметтерді  жинап,  жүйелеп  және  сыни  ойлауға  үйренеді;  әдістерді  талдау, 

салыстыру арқылы жұмысына тиімді әдісті таңдай алады; 

  көпшілік  алдында  сөйлеуге,  ойын  дәлелді  және  логикалық  жүйелікпен 



жеткізуге, тыңдаушыларды өзіне қарата білуге дағдыланады; 

 



өзгелерді тыңдап, айтқандарын ой елегінен өткізуге дағдыланады; 

 



шешімі  қиын  сұрақтарды  өз  бетінше  шеше  біледі.  өз  көзқарасын  дәлелдеп, 

шешімінің дұрыстығына тыңдаушылардың көзін жеткізуге тырысады; 

Жобалауға  арналған  жұмыс  -  бұл  бір  тақырыпта  балалар  ұжымының  және 

зерттеудің  әртүрлі  бағытын  жалпылайтын  жұмыс.  Оқушылардың  ғылыми 

жобаларының пайдалылығы  - аздаған болса да зерттеу жұмысын жүргізіп, оның әдіс-

тәсілдерін меңгеруі. 

Жоба әдісінің мәні – нақты мәселеге оқушылардың қызығушылығын тудыру және 

сол  мәселені  жобалық  іс-әрекет  арқылы  шешуге  ынталандыру,  алған  білімдерін  іс 

жүзінде қолдана білуі. 

Жоба  әдісі  әр  уақытта  белгілі  бір  мәселені  шешуді  білдіреді  және  нәтижеге 

бағытталады. 

Жоба  әдісінде  болашақ  нәтиженің  практикалық,  теориялық  және  танымдық 

маңыздылығының  мәні зор.   

Жоба  әдісі  білім  алушыларға  дәстүрлі  оқыту  әдістері    арқылы  қол  жеткізуге 

мүмкін  емес    білімдерді  меңгеруге  мүмкіндік  береді.  Өйткені  оқушылар  таңдауды 

өздері жасайды және инициатива көрсетеді.  

 



 

160 


Жақсы жобаның белгілері: 

 



практикалық құндылығы; 

 



білім алушылардың өздігінен зерттеу жүргізуі; 

 



мәселені шешу мүмкіндігі;  

 



 

оқушыға қабілетіне қарай оқуға мүмкіндік беруі; 

 

оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуі



Жобалау  әдісінде  педагогикалық  процеске  қатысушылардың  ролі  өзгереді: 

мұғалім  сарапшы  емес,  ол  –  жетекші,  кеңесші,  көмекші;  соған  сәйкес  оқушы  да 

жобалаудың белсенді қатысушысының ролін атқарады. 

Жобаны орындау барысында оқушылар инновациялық шығармашылық қызметтің 

алгоритмін  меңгереді,  ақпаратты  өздігінен  іздеу,  талдауды  үйренеді,  біліміндегі 

кемшілікті толықтырады, шығармашылық міндеттерді шешу тәжірибесін жинақтайды. 

Алғашқыда  оқушылардың  өзіндігінен  іздену  тәжірибесі  аз  кезде,  олар   

мұғалімнің 

тікелей 

жетекшілігімен, 

оның 

ұсыныстарын 



орындайды. 

Бұл 


орындаушылық  жоба  болады.    Бұл  жағдайда  мұғалім  өзінің  айтқанын  орындатпай, 

бірлесіп талқылау арқылы жұмыс істеу нұсқаларын ұсынады.  



Конструктивтік деңгейде оқушылар тақырыпты мұғаліммен талқылаған соң, әрі 

қарай жобаны өздері орындайды.   

Егер оқушылар жобаның идеясын өздері ұсынып, жоспарын құрса, өздері жүзеге 

асырса, онда бұл шығармашылық жоба болады. 

Жобалар  жеке  және  топтық  түрде  де  орындалуы  мүмкін.  Топтық  жобада  кейбір 

бөлімдер  жеке  орындалады,  сол  сияқты  жеке  жобада  топтық  жұмыстың  элементтері 

қолданылады. 

Топтық  жұмыс  ынтымақтастыққа,  ұжымшылдыққа  үйретеді.  Сонымен  бірге  әр 

оқушының қабілетіне қарай әр түрлі қиындықтағы тапсырмалар беріледі. 

Жобаны орындау барысында мұғалім ескеруі тиіс 

•  оқушылардың осы іс-әрекетке даярлық деңгейі;  

•  оқушылардың мәселеге қызығуы;  

•  жобаны орындауда оқушылардың жаңа білім меңгеруі;  

•  жобаның практикалық маңыздылығы;  

•  жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі;  

•  алған білім, іскерлік, дағдыларын пайдалану мүмкіндігі; 

•  міндеттердің оқушылардың мүмкіндігіне сәйкестігі;  

•  қажетті материалдық-техникалық құралдардың болуы; 

•  экологиялық және экономикалық талаптарға сәйкес келуі; 

•  мектептің білімдік ресурстарын пайдалану;  

Жобаны орындау – тақырып бойынша материал жинау ғана емес, сонымен бірге 

экскурсия  ұйымдастыру,  стенд  безендіру,  альбом  дайындау,  видео  және 

фотоматериалдар жинау, кездесулер ұйымдастыру, конференция өткізу. 

Жобаны орындау барысында кездесетін қателіктер 

•  педагогтар  оқушыларға  таңдау  мүмкіндігін  бермей,  жобаның  тақырыбын 

өздері ұсынуы; 

•  оқушыларға сұрақ қоймай, идеяны өздері айтады

•  өтілген оқу материалын бекітуге шығармашылық тапсырмалар ұсынады; 

•  оқушылар шығармашылық қызметті жоба орындау деп түсінеді; 

•  жобаны реферат, баяндама түрінде ұсынады. 

Жобаны жазбаша түрде безендіруге болады, тек онда қойылған мәселені шешуге 

автордың өзіндік көзқарасы көрсетілуі керек.  

Өзім  танып  білгеннің  бәрі  маған  не  үшін  керек,  ол  білімді    қайда  және  қалай 

пайдалануға болатынын мен білемін  — жобалау әдісінің негізгі мәні осында.  




 

161 


Жобамен  жұмыс  жоспар  құрудан  басталады.  Жоспар  не  ғұрлым  сауатты,  нақты 

болса, жобасо ғұрлым табысты болады.  

Тақырып  таңдау:  жобаның  тақырыбы  әр  түрлі  болуы  мүмкін:  білім  беру 

мекемесінің  бағдарламасына  сәйкес  мамандар  ұсынады,  мұғалімдер  өз  пәндерінен 

береді,  оқушылардың  қабілетіне  қарай,  кәсіби  қызығушылыққа  байланысты,  сонымен 

қатар оқушылар өздері де ұсына алады. 

Жобаның  нәтижесі:  орындалған  жобаның  нәтижесі  көрнекі  болуы  керек:  яғни, 

талапқа сай безендірілген (видеофильм, альбом, журнал, компьютерлік газет, т.б). 

Жобаны  презентациялаудың  түрлері:  ғылыми  баяндама,  іскерлік  ойын, 

видеофильм көрсету, экскурсия, телебағдарлама, ғылыми конференция, инсценировка, 

жарнама, пресс-конференция.

 

 



 

 

Әдебиет: 

1.  Колесникова  И.А.,  Горчакова-Сибирская  М.П.  Педагогическое  проектирование:  учебное 

пособие для высших учебных заведений. - М.: Издательский центр "Академия", 2005.  

2.  Новиков  А.М.,  Новиков  Д.А.  Образовательный  проект:  методология  образовательной 

деятельности. - М., 2004.  

3.  Пахомова  Н.Ю.  Метод  учебного  проекта  в  образовательном  учреждении:  Пособие  для 

учителей и студентов педагогических вузов. - М.: АРКТИ, 2003.  

 

 

 



СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ҮШІН 

ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ 

 

Сулейменова З.Е., Воронова Р.М. 

(Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті) 

 

 



 

2005  жылдан  бастап  Қазақстан  ЖОО  оқыту  кредиттік  технология  жүйесінде 

жүруде.  Кредиттік  технология  оқытудың  дербестігін,  студенттердің  өзіндік 

жұмыстарының (СӨЖ) мәні жоғары сапада болуын талап етеді. СӨЖ ұйымдастырудың 

негізі студенттердің дәрісханадағы және дәрісханадан тыс жұмыстарын тұтас, үздіксіз 

жүйесіне айналдыруды көздейді.  

Казақстандық  білім  беруді  модернизациялау  тұжырымдамасы  студенттің  оқу 

үдерісінде  өзіндік  жұмысының  рөлін  арттыруға  бағытталған    белгілі  деңгей  мен 

профильдегі  білікті  мамандарды  даярлауды,  еңбек  нарығында    бәсекелес  және 

құзіретті, өз мамандығын еркін меңгерген мамандарды даярлауды қарастырады.  

Оқытушы  әрбір  өтілетін  тақырыпты  жіктеп,  жіліктеп  түсіндіріп,  студенттен  сол 

материалдарды  қалай  меңгергенін  сұрау  арқылы  оның      ерекшелігі  жайлы,  студент 

аталған  тақырыптан  қандай  мәселелерді  меңгеруі  керектігі  жөнінде  бағыт-бағдар 

береді. Ал студент материалдарды өзі ізденіп, алынатын білімді толық меңгеруі қажет.  

Білім беру жүйесінде әр пәннің өзіндік ерекшеліктері, өзіне тән қиыншылықтары 

болады.  Студенттің  сапалы  білім  алуына,  сол  пәннен  алынатын  міндетті  білім 

дағдыларын  меңгеруіне  дұрыс  бағытта  жол  ашу  үшін,  әр  пән  оқытушысы  сол  пәннің 

өзіне  тән  ерекшеліктеріне,  сол  пәнге  тән  оқытудың  принциптеріне  баса  көңіл  бөлгені 



жөн.  

жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау