Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Табиғи клубтарда тәрбие берудің қандай жағдайлары бар?
2. Клубта жүргізілетін жұмыстардың бағыттары қандай?
3. Волонтерлық топтар, оперативті отрядтар, агитациялық бригадалар дегеніміз не?
№17 дәріс мазмұны: Қосымша білім беру мекемелеріндегі балалар ұйымдарымен жұмыс жасау әдістемесі
Дәріс мазмұны:
1.Ұйымның қызметін жобалау кезеңі
2.Ұйымның қалыптасу процесін қамтамасыз ету кезеңі
3.Ұйымның тұрақты қызметін қолдау кезеңі
4.Ұйымның қызметін ұйымдастыру кезеңі
Мақсаты: Қосымша білім беру мекемелеріндегі балалар ұйымдарымен жұмыс жасау әдістемесін меңгерту.
Педагогикалық басқаруда қосымша білім беру мекемесіндегі балалар бірлестігін функциаландыру маңызды, яғни тәрбиеленуші жеке әлеуметтік тәжірибе жинайды.
Әлеуметтік психологтардың көзқарасы бойынша кез – келген топ міндетті түрде өзінің тіршілігінде белгілі бір сатылардан өтеді. Жалпы алғанда қосымша білім беру мекемесіндегі балалар бірлестігі жұмыстарын негізгі төрт этапқа бөлуге болады.
Өмірлік қызмет бірлестігіндегі жобалау және топтарды қалыптастыру бойынша жеке қызмет этабы.
Бірлестік үрдісін қалыптастыру және құру этабы.(бірінші жыл)
Бірқалыпты функционалдық бірлестікті қолдау этабы.
Ұйымдардағы функционалдауды аяқтау немесе бірлестіктерді түзетіп жаңалау этабы.
Әрбір саналған этаптардан педагогикалық қызметтің терең мазмұнын қараймыз.
I. Өмірлік қызмет бірлестігіндегі жобалау және топтарды қалыптастыру бойынша жеке қызмет этабы.
Бұл болашақтағы бірлесу қосымша білім берудегі педагогтардың сөз мәдениеті арқылы сипатталады.
Бірінші этапта педагогтардың қызметі бірлестікті тудыруға қатысушыларды, яғни үлкендер мен кішілердің қарым – қатынасын ұйымдастыру болып табылады. Бұл қарым – қатынас балалар бірлестігінің педагогы ретінде тәрбиеленуші; ата – аналар; педагогтар және басқа да үлкендер, яғни тәрбиелеу процесіне қатысушылар және ұжымның өмірлік қызметі сияқты субьектілерден тұруы мүмкін.
Балалар бірлестігін құру бойынша бірлескен қызметті жоспарлауға көмектесетін бастаушылармен, ұйымдастырушы топтармен кездесу бірінші кезеңді аяқтайды.
II. Бірлестік үрдісін қалыптастыру және құру этабы (бірінші жыл).
Балалар бірлестігіндегі қызмет балаларды таңдаудан басталуы керек. Негізгі жұмыстың үлгісі әр түрлі. Мысалы, қосымша білім беру мекемесі, жұмыс жасайтын негізгі бірлестік шеңберінде, ашық есік күнін өткізуге болады. Сонымен қатар әр түрлі жиындар т.б. Жиындарды екі бөлімге бөлуге болады: 1) арнайы–қонақтарға арналған және 2) рухани–өз қатысушыларына арналған. Балалар бірлестігінің құрылуы, бірінші нәтиже алумен, дәстүрдің әсер етуімен, бірінші жылда болған, топ сандарының өсуімен сипатталады. Бұл бірлестік өмірінде ең ұзақ кезең болып табылады. Сонымен қатар жетекші ұсынған сол шешім қиындықсыз қабылданады, себебі педагог беделі үнемі өсіп келеді. Сондықтан келесі анықтаушы шарттарды енгізу керек:
әлеуметтік тәжірибеде тәрбиеленушілермен қорытындыны жүзеге асыру және игеру;
топта баланың қорғалуы және ыңғайлылығы;
оқушылармен және олардың ата – аналарымен ұжымдағы өмірлік қызметпен қанағаттандыру;
балалар бірлестігіндегі позитивті қарым – қатынастың қалыптасуы;
балалар бірлестігінің репутациясы;
балалар бірлестігінің жекелігін таныту;
III. Бірқалыпты функционалдық бірлестікті қолдау этабы.
Бұл оның өмір сүруінің бірінші – екінші жылдарымен сәйкес келуі. Сонымен қатар бұл кезең бірлестіктің алдағы уақыттағы дамуында өзінше ерекшелігі бар және де ол В.И.Ланцберг, М.Б. Кордонск ашылуларына ие болған. Ұжымның «түрі», доминициялайтын түр бірлесу қызметінде жекелік қалыптасады. Бірлесуде дәстүр үлкен орын алады, яғни ұжымның әлі де мүшесі болып танылатындар.Бұл этапта педагог балаларды өзіне баурап алуы керек, ешқандай оқушыда педагогқа деген қарсы ойдың туындамауы тиіс.
IV. Ұйымдардағы функционалдауды аяқтау немесе бірлестіктерді түзетіп жаңалау этабы.
Үш жылдан артық жұмыс істеген қосымша білім беру мекемелерінің көптеген балалар бірлестіктері бұл кезеңге дейін тарап кетеді. IV этаптағы педагогтар тапсырмасын әртүрлі үлгіде құруға болады.
Көңілсіздікті жою үшін, педагогтарға қосымша білім беруде кепілдеме ретінде үш топ мөлшерін ұсынуға болады.
1. Психологиялық жасарту.
2. Әлеуметтік және әлеуметтік – психолоиялық жасарту.
3. шығармашылық жасарту.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Ұйымның қызметін жобалау кезеңі
2.Ұйымның қалыптасу процесін қамтамасыз ету кезеңі
3.Ұйымның тұрақты қызметін қолдау кезеңі
4.Ұйымның қызметін ұйымдастыру кезеңі
№18 дәріс тақырыбы: Балаларға қосымша білім беру мекемелерінде білім беру процесі
Дәріс мазмұны:
1. Білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері
2. Білім беру профилдері
3. Кәсібилік
Мақсаты: Студенттерді білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, кәсібилік жөніндегі білімдермен қаруландыру.
Балаларға білім беретін тәрбиелеуші ұйымдарда жүйелік оқытуда тұлғаның өз бетімен білім алуын стимулдауда да ағартуда жүзеге асырылады. Балаларға қосымша білім беретін мекемелердегі әлеуметтік тәрбие беру моделдері білім берудің ұйымдастыру әдісі бойынша ерекшеленеді.
"Мектеп және квазикәсіби клуб" моделінде семантикалық оқыту басым.
"Табиғи клуб" моделінде білім беру ағарту ісі ретінде өтеді. Оқудың олай ұйымдастырылуы топ мүшелерінің өз бетінше білім алуына стимул береді.
"Станция және студия" моделіне сәйкес келетін ұйым немесе мекемелерінде білім алу процесінің бастапқы кезеңінде симантикалық оқу басымдылық танытса, тәрбиеленушәлердің өсіп жетілуіне байланысты өз бетінше білім алуға стимул беріледі. Аталған мекемелерде жалпы білімді толықтыру оның мазмұнын кеңейту және тереңдету арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, профилизация немесе прфессионализация түрінде болады.
Білімнің профелизациясы мазмұн ретінде белгілі бір білімдік аймақ көрініске уақытта орын алады. Мысалы, жаратылыстану,технология, бейнелеу, математика, денсаулық сақтау, қоғамтану, филология т.б Саланың біреуіне сәйкес келетін пәндер ғана емес, сонымен қатар, пәнаралық байланысты ашатын интегративті курстар тереңдетіліп оқытылады.
Профильдік орентация музыка және көркемөнер мектептерінде жүзеге асырлады. Мұнда да мамандандыру пәндерімен қатар, тарих өнер түрінің теориясы, әлемдік мәдениет саласындағы білімдер кеңейтіледі. Балаларда орындаушы практикалық тәжірибесі ғана қалыптаспайды, сонымен қатар, өнер туралы тұтас түсінік қалыптасады.
Мұның барлығы негізгі түрде жауапкершілікпен білім маршрутын индивидуалды құруға мүмкіндік береді.
Қосымша білім беретін мекемелерде білім қолданбалы сипатта болады. Оның мазмұны практикалық іс - әрекет дағды, тәсілдерді меңгеруден тұрады. Бұл профессионализация үшін мүмкіндік туғызады. Профессионализацияның деңгейі мен жылдамдығына қарай қосымша білім беретін мекемелерде оның 3 нұсқасын бөледі.
1 - нұсқама - жоғары және терең профссионализация, спорт пен өнердегі жоғарға нәтижелермен байланысты. Ондағы шарт бала ол іспен мектепке дейінгі жастан бастап айналысу керек. Мұндай профессионализация айқын нышан және қабілеті ашық көрінген дарынды балаларға қатысты жүзеге асырылады.
2 - нұсқама - ұзақ мерзімді процесс.
3 - нұсқама - профессионализацияның қосымша білімнің бағытаушылық мүмкіндіктері айқын көрінген. Ол студия (станция моделдерінде) көрініс табады.
Профилизация және професионализацияның өзіндік оқу әдістері бар. Дидактикада оқу әдістері ұғымына көптеген анықтамалар берілген, бірақ, олардың барлығы елеулі көрсеткіштерді белгілейді.
оқушы мен оқытушының өзара байланысты іс- әрекет әдістері.
Оқушының практикалық және танымдық әдістерінде іс - әрекет ұйымдастыру - реттеу - баланың білім мазмұнын мақсат және нәтиже ретінде меңгеруі
Қосымша білім беретін мекемелерде оқыту әдістерінің 3 тобын бөлуге болады.
1.Танымдық іс - әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру
2.Оқу - танымдық іс - әрекетін стимулдау, мотивация
3.Оқытудың эффективтілігін бақылау және өзіндік бақылау
Берілген жіктемені қолдана отырып, олардың қосымша білім беру мемелерінде қолдану ерекшелігінің 3 тобын бөлуге болады.
Педагогтың жаңа материалды ұғыну ерекшелігі
Баланың танымдық іс - әрекетін реттеу ерекшелігі
Оқудың нәтижесіне бақылау жүргізу.
Қосымша мектептердегі баланың іс - әрекетін мотивациялау және стимул беру ерешеліктері ең алдымен баланың шығармашылық қабілеттерін дамытуға тәжірибелік бағыт сипатындағы оқу міндеттерін шешуге бағытталған.
Қосымша білім беретін мектептердің тәжірибесінде мотивацияны қолдау және стимул берудің келесі әдістері кең тараған.
кеңес беру,
жеке жетістіктерді есепке алу
команда болып жарыс ұйымдастыру
жарыс.
Алғашқы екеуіне тоқталайық.Оқу сипатындағы кеңес беру - оқушының қойған сұрағына педагогтың жауап беруі арқылы, оның іс- әрекетін бақылаумен байланысты.
Оқыту сипатындағы кеңес егер оқушы өз мүмкіндіктері мен оқу міндеттері арасындағы келіспеушілікті байқаса пайда болады.Оқу сипатындағы кеңес үшін тән: педагогпен қатынас жасауға деген инициативтілік, тәрбиеленушіде педагогқа деген сұраныстың қалыптасуы. Оқу сипатындағы кеңес беру шығармалық белсенділікке стимул беруші қызметін атқару үшін балада кеңес алуға мүмкіндігі болу керек. Бұл жерде бастысы мәселені ересектің шешіп беретіні емес, баланың ересек адаммен кеңесе отырып, мәселені өзі шешетінін сналы ұғыну.
Қосымша білім беретін мектептерде аутентті бағалау формалары, оқу іс - әрекетін және ағымдағы бақылауды стимулдау әдісі ретінде алынады. Бұл жағдайда "аутенттік " термині "ақиқат" қазіргі уақыттағы "шын" дегенді білдіреді.
Жеке жетістіктерді есепке алу балаға оқу - материалдарын меңгерудегі қозғалысын көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді.
Бұл әдіс шығармашылық кітапша портофолио, күнделік жүргізу арқылы жүзеге асады.
Мұндағы ең бастысы, баланың барлық нәтижелері тіркеледі.
Жетістігі, қиналысы, балының іс - әрекетке педагог, ата - ана, достарына сипаттама береді. Бұл материалдың нәтижесінде баланың жетістіктері ғана емес, оның жетістікке жету жолы туралы айтуға болады.
Шығармашылық кітапшаны педагог толтырады. Оның құпиялық деңгейі педагог пен оқушы арасындағы нормалар мен құндылықтармен анықталады.
Д.Мейердің анықтауы бойынша "портфолио" ұғымы оқушының қандай да бір саладағы жетістігі, білім алуға күш салуын көрсететін жұмысының коллекциясы.
Портфолиода тек түпкілікті нәтижеге ғана емес, аралық нәтижелер де болады. Портфолионың ішіндегі жұмыстар коллекцияның қай бөлігін педагог, ата - ана, достары жасайтыны алдын - ала келісіледі. Осының ішіндегі қай жетістікті көпшілік алдына ұсынатынын бала өзі шешеді. Күнделікті бала өз бетінше толтырады. Жазылатын ақпараттың анықтылығы мен құпиялығын өзі анықтайды, ол алдын - ала педагогпен келісіледі. Күнделік ең алдымен баланың өз - өзімен диалогы, яғни, өз - өзімен әңгімелесуі.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері қандай?
2. Білім беру профилдері неден тұрады?
3. Кәсібилік дегеніміз не?
№19 дәріс тақырыбы: Оқу процесін ұйымдастыру
Дәріс мазмұны:
1.Календарлық график
2. Оқу жоспары
3.Оқу процесінің сабақ кестесі
Мақсаты: Оқу процесін ұйымдастыру, оқу жоспары, сабақ кестесі жөніндегі білімдерді игерту.
Балалардың оқу процесін ұйымдастыру календарлық жоспар, оқу жоспары, сабақ кестесі сияқты құжаттарда сипатталады. Оқу процесінің календарлық жоспар жыл бойы оқылатын сабақтардың бөлінуің, басталуы мен аяқталуын, демалыс уақыттарын, практиканың болуы мен аяқталуын, демалыс уақыттарын, қорытынды немесе бастапқы сынақтарды, топқа біріктірілу кезеңдерін көрсетеді. Қосымша білім беретін мекемелерде оқу процесінің уақыттық-кеңестіктік ұйымдастырылуы күндізгі және күндізгі-сырттай болуы мүмкін. Күндізгі оқу – педагог пен оқушының тікелей қатынасы, сабақтардың жыл бойы бір қарқынмен күнделікті өткізілуі. Күндізгі-сырттай оқу формасы «мектеп» және «станция» моделдерінде орын алуы мүмкін. Оқу жылы анық түрде сессия және сессия аралық күндерге бөлінген. Сессия кезінде жаңа материалды қарқынды меңгеру жүреді, балалар оқу немесе зерттеу міндеттерін шешудің әдістерімен танысады, оқудың нәтижесі анықталып, бағаланады. Егер оқудың күндізгі – оқу формасы станцияларда өткізілсе, сессия кезінде педагогтармен кеңестер және конференциялар өткізіледі. Кеңестер сессия аралық кезеңдерде оқушылардың өзіндік жұмыстарын реттеу үшін ғана емес, сонымен қатар оқушыға зерттеу мәселесін анықтауға өз бетінше білім алу мазмұны мен әдістерін, бағдарламаларын жасауға көмектеседі.
Оқушылардың конференцияларының орындайтын қызметі өз бетінше білім алуға стимулын беру, оқу нәтижелерін ұсыну. Қосымша білім алудың күндізгі–сырттай фромасын алыс аймақта тұратын балалар алатын.
Балаларға қосымша білім беретін мекемелерде оқыту практикасында тарихи тұрғыдан қалыптасқан. Бұл мекемелердегі оқу орындаушылық және спорттық шеберліктің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді. Оқытудың мамандырылуы топаралық дифференциямен қамтамасыз етіледі. Мұндай мекеменің оқу жоспары формасы бойынша жалпы білім беретін мектептердің оқу жоспарын қайталайды. Онда жалпы дайындық пәндерді және кәсіби пәндер аталады. Олардың оқу жылына бөлінуі және оларды меңгеруге қажет уақыт көрсетіледі.
Оқу процесінің кестесі топтық және жекелей сабақтарды кірістіреді.
Спорттық мектептің оқу жоспарында – теориялық және практикалық пәндер, олардың меңгерілу уақыты көрсетіледі. Теориялық блогқа спорт түрінің тарихы, спорттың емдік әсері, спорт физиологиясы бойынша бастапқы мәліметтер қауіпсіздік техникасы мен травмалардың алдын-алу, сарапшылар ережелер.
Тәжірибелік (практикалық) блокқа жаттығулардың түрлері кіреді. Жалпыфункцияналдық, арнайы функционладық, тактико-технологиялық, жылдамдық-күш, сонымен қатар жарыстар. Оқу жоспарымен қатар күш пен түрлі жаттығулар ендірудің үйлесімділігі мен жүйелігін қалыпта ұстайтын әрбір оқу жылы үшін спорт түрлері бойынша оқыту-жаттығулардың жоспары-графиктері жасалады. Мұндай жоспарлау оқыту-жаттықтыру жас спортшының эмоционалды еріктік және функционалдық ерекшеліктеріне сәйкес оқыту жаттықтыру процесін индивидуализациялау. «Квазикәсіби клуб» және «станция» моделі үшін оқыту процесін ұйымдастырудың дәстүрлі формалары тән.
Квазикәсіби клубтарда оқу процесс берілген мамандық бойынша оқу пәндерінің бөлінуі мен ұйымдастырылуы мүмкін.
Мысалы: Арнайы мақсаттағы Мәскеулік қалалық жасөспірімнің әскери спорттық клубының оқу жоспарына сапта тұру, тактикалық дайындық, радиодел, автодело, радиодело, тактикалдық ұстанымдылық, медициналық көмек т.б. кіреді. Басқа нұсқамада бар, онда оқу пәндері мамандық шеңбері анық бөлінбеген және әр мамандық комплекстін бағдарламада меңгеріледі. Сонымен бірге екі жағдайда да оқу процесі аудиторлық және практикалық сабақтарға бөлінген. Оқу практикаларының түрлері мен ұзақтығы оқудың түрлі кезеңдерінде әдетте сәйкес келмейді. Сондықтан оқу процесінің ұйымдастырылуы тек оқу жоспарымен ғана емес, әр мамандық бойынша бірінші екінші және келесі оқу жылдары үшін календарлық яғни күн тізбелік графикпен сипатталады.
Соңғы жылдарды балаларға қосымша білім беретін мекемелерде оқытудың студиялық формасына ұқсайтын инновациялық ддактикалық жүйелер қалыптасқан. Бұл жүйе бойыннша оқу материалдары көлемі жағынан үлкен емес модульдерге біріктіріледі. Оқу материалын қабылдау мастеркласс түрінде ұйымдастырылады. Ол комментариялық демонстрация немесе оқу құралын шығару мақсатында дағдыларды паралельді қайта өңдеу болуы мүмкін. Материалды оқушы өз бетінше есте сақтап, бекітеді, бірақ мастердің бақылауымен, одан кеңес ала отырып.
Мини-курсты меңгеруге бөлінетін уақыттың көп бөлігі өз бетінше шығармашылық жұмысты орындауға арналады. Оқушылар минималды элементарлы дайындыққа ие деп есептеледі.
Оқу жоспары әр оқушыға жеке құрастырылады. Ол таңдалған мини-курстардың қатары мен меңгерілу графигінен тұрады.
Қосымша білім беретін мекемелерде түрлі әлеуметтік тәрбие модуліне сәйкес келетін бөлімдер мен бірлестіктер жұмыс жасайды, оқу жоспарын жасау мекеме үшін қиындау. Бұл жағдайда оқу процесінің ұйымдастырылуы бірлестіктер, оқу топтарының саны, олардың оқу жылына бөлінуі, оқу уақытының саны көрсетілген құжат негізінде жүргізіледі. Бірлестіктер мен бөлімшелердің жоспарлары, жоспар-графиктері, календарлық жоспарлары қосымша ретінде болады.
Сонымен қатар білім беру процесінің ұйымдастырылуын көрсететін жыл сайын жылдық оқу жоспары жасалады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Оқу процесі қалай ұйымдастырылады?
2. Календарлық график деген не?
3. Оқу жоспары мен оқу процесінің сабақ кестесі қалай жасалады?
№20 дәріс тақырыбы: Оқу процесіндегі дифференциация және жекелік
Дәріс мазмұны:
1. Дифференциацияланған оқыту
2. Оқытудың ұжымдық тәсілі
3. Оқытудағы жекелік әдістемесі
Мақсаты: Оқытудың жаңа технологияларын үйрету, студенттерді оқушылармен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
Дифференциация (латынша - бөлемін деген сөз) тұтастың әр түрлі бөліктерге, түрлерге, деңгейлерге бөлу. Осыдан дифферециация оқыту үрдісін ұйымдастыру формасы, мұғалімннің топ оқушылармен жұмыс жасауы. (гомогенді топ) Оқушылардың әртүрлі топтары мен оқу үрдісідегі дидактикалық жүйенің жалпы бөлігі. Қазіргі дидактикада дифференциация жекелеп оқытудың және тұлғалық бағдарлы бағыттың жүзеге асуының негізгі шарты болып табылады. Қосымша білім берудегі әр түрлі тәрбие мекелелерінің болуы, балалардың қызығушылығына негізделген дифференциалық оқытудың сыртқы формасы болып табылады. Қосымша білім берудегі баланың әлеуметтену сатысында жеке бір пәнді меңгеруі, мектептің жұмысына әсер етпейді. Әр баланың қосымша білім беру мекемесін, оның бағдарламасын таңдауы, ата- ана, педагог көмегімен жүзеге асады. Қосымша білім беру мекемелеріндегі балалар тесттер нәтижесі бойынша, денсаулық жағдайы т.б. көрсеткіштерге қарап қабылдануы көбіне түзету, реабилитациялық және дарынды балаларға арналған бағдарламалары бар мекемелерде жүзеге асады. Оқу топтарының құрамы әр түрлі болып келеді, баланың нақты сала бойынша дайындығына орай, топ ішілік дифференциация қажет. Баланың отбасында, жалпы орта мектепте, қоршаған ортасында білім мен дағдыларды меңгеруі апатты жағдайда өтеді. Баланың өзіндік тәжірибелік шығармашылық қызметке қатысуының шарты, оның лайық тәсілдер мен білімдерді меңгеруі болып табылады. Баланың алғашқы дағды мен негізгі білімді меңгеруі қосымша білім беруде педагог үшін бір талай қиыншылық тудырады. (бала тәжірибесі, ой санасының әртүрлі болуы) Өзіндік практикалық жұмысты талап ететін мекемелерде меңгерілген білім көлемінің ескерілуі дискуссия немесе өзара білім беру әдістемелерінде қолданылады.
Жұмысшылар клубтарында жасөспірімдер мен үлкендерді оқытуға арналған ұжымдық білім беру тәсілінің әдістемесін 20 ғасыр басында А. Г. Равин ұсынды. Бұл әдістеме бойынша білім беру ауыспалы құрамды топтардың қарым- қатынасқа түсу нәтижесінде жүзеге асады. Бұл әдістемені қолдануда оқушыларға ақпарат көзі болатын материалдарды іріктеу, құрылымын жөнге келтіру, безендіру сияқты жұмыстары педагогтан үлкен дайындықты талап етеді.
Оқу курсының мазмұны логикалық аяқталған көлемді, өзіндік тарауларға бөлінген. Әр тараудың тақырыбы бар, тақырыпта тарауда оқылатын басты түсініктер мен заңдылықтар енеді. Тақырыптар қиындық деңгейіне, материал көрнекілігіне қарай әр түрлі болуы керек. Тақырып саны 2-4 оқушыға тақырыпқа сай келуі керек. Әр тақырып бойынша оқу мәтіні таңдалады немесе құрылады, оқу мәтіні басылған бір бет
көлемі мен аяқталған логикалық абзацтарға бөлінген. Жұппен жұмыс алдында педагог
тараудың басты мазмұнымен балаларды таныстыруда (10 минут) тірек схемасын қолданады. Әр оқушының материал мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруі талап етіледі. Яғни оқушы өзіне берілген материалды жетік меңгеруі тиіс. Мақала мәтінің әр бала абзац пен орындайды. Жаңа абзац, жаңа жұпта. Серіктесімен оқылған абзац талқыланып, кейін ат беріліп дәптерге жазылады Келесі жұппен жұмыста алдыңғы абзацтар оқылмайды, бала жаңа әріптесіне әңгімелеп береді, мәтін бөліктерінің аттары, әңгіме жоспары ретінде қаралады. Әр бала өз мақаласының барлық абзацтарымен танысып, басқа мақалалардың бір-бір абзацтарымен танысып шығады. Абзац бойынша жұмыстан кейін, мақала мәтінің барлық оқу тобына тұтас жеткізу мақсатында қайта оқылады. Ұжымдық оқытудың басқада түрлері бар. Мысалы, мәтінмен қайта жұмыс, бұнда балалар педагог тапсырмасы бойынша әр түрлі әдебиеттермен танысады. Одан кейін балалар кіші топта жұмыс істей отырып оқу мақаласын құрастырады.
«Станция» үлгісіндегі мекемелерде үшінші, келесі жылғы топтарда оқыту оқушыларды өз тақырыптары бойынша жүреді. Бұл кезеңде жаңа материалды меңгеру педагог кеңестерімен жеке жұмыспен қатар, әртүрлі тараулар бойынша мақалаларды қайта жетілдіру жұмыстары жүреді. Балалардың әр қайсысының ғылыми қызығушылығына сай ортақ қарым- қатынасқа түсу пәні пайда болады. Баланың басқа балалардың тақырыптарымен танысуы, жалпылауы педагог резюмесі немесе мини- конференция формасында өз жалғасын табады Осы әдістеменің басқа қасиеттреін атап өтейік.
бала өз білімін пайдаланып қана қоймай, меңгеруді де өз бетімен жұмыстанады
жұмыс негізі, әріптестік және әріптестер жұмысына деген өзара қызығушылық
балалар мұғаліммен оқушымен тең құқылы серіктес рөлі сияқты әртүрлі тұрғыдан әрекет жасап , бір-бірімен қарым- қатынасқа түседі
сөйлеу дағдысын жетілдіріп балалар көпшілік алдына шығуға, пайымдауға үйрнеді
білімді меңгерумен қолдану өзара тығыз байланыста болады.
Балаларға қосымша білім беру мекемесінде оқытудың ұжымдық әдісі асығыс ұйымдастырылуы да мүмкін. Мысалы, балалар өздері қалаған сыныптағы орындарға отыруы, көршілерін еркін ауыстыруы немесе 4 адамнан тұратын кіші топтарға бірігіп отыруы. Жұмыс уақытын педагог бақылайды. Балалардың ақпаратты қабылдауы мен есте сақтауға арналған «План Трампа» атты әдістемесі АҚШ мектептерінде кең тараған . Бұнда жаңа материал балаларға дәріс түрінде беріледі, компьютерлік тұсаукесер , кино- видеофильмдер сияқты заманға сай оқытудың жаңа технологиялық құралдар
пайдаланылады. Балаларға дәрістің басты тезистерінің конспектілері сызба, кесте
түрінде таратылады жаңа білміді бекіту мақсатында пікірталасты басқару әр түрлі формада қолданылады. Баланың практикалық дағдыларын меңгертуді көздеген мекемені А. С. Границская жекеленген оқыту әдістемесін пән мазмұнына сай қолданды.
1. Курсты блокты тақырыптарға сай жоспарлау. Бұнда тақырып ақталған тарау, тарауға баланың нақты өнім алуға бағытталған практикалық дағдыларымен байланысты білімдердің жиынтығы беріледі.
2. Әр тақырыпқа жаңа материалды меңгеру міндетті оқыту нәтижелерін өңдеу сынақ, сабақтары кіреді. Одан кейін топпен жұмыс немесе өзіндік жеке жұмысты орындауға арналған сабақтар орын алады.
3. Сабақ құрылымы екі бөліктен тұрады.
1.Барлығын оқыту педагогтың балалар тобымен жұмысы болып табылады.
2.Екі параллельді білім беру үрдісі
а) балалардың икемімен білім алудаға өзіндік жұмысы
б) педагогтың жеке оқушылар мен жұмысы
4. Білім беру былай ұйымдастырылады.
-балаларды сол қызмет саласындағы белгілермен аттарымен , оқылатын әдіс , тәсіл элементтерімен таныстыру
-педагогтың әдістерді кезекпе-кезек көрсетуі
-педагогтың балалармен бірге сол элементті бірлесе орындауы
- жалпы ауызша түсіндіру
-жазбаша немесе графикалық инструкцияны оқып түсіндіру. Міндетті нәтижелерді өңдеу сабақтары.
5.Балалардың тапсырма – жаттығуларды орындауын қадағалайды. Алынған сынақ өзіндік жеке немесе ұжымдық шығармашылық жұмысқа жол береді. Сонымен қатар балалардың дүниетанымын кеңейту мен олардың қызмет түрін өзгертуге бағытталған қосымша тапсырмалар да беріледі.
6. Педагог міндетті тапсырмалармен қатар қосымша тапсырмалардың да орындалуын есепке алып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |