Құрылыстағы технологиялық карталарды
әзірлеу, келісу, бекіту және олардың құрамы
жөніндегі мемлекеттік нормативті бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрлігі туралы Ереженің 17 тармағының 12 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 30 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде №9778 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережеге сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1.Бекіту:
Құрылыстағы технологиялық карталарды әзірлеу, келісу, бекіту және олардың құрамы бойынша мемлекеттік норматив.
2. Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің сметалық нормалар басқармасына заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберу.
3) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзіме жүктеймін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға М. Жайымбетов
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері және
жер ресурстарын басқару комитеті
Төрағасының
2015 жылғы ___________
№ _______ бұйрығына
1-қосымша
Технологиялық карталарды әзірлеу, келісу, бекіту және олардың құрамы жөніндегі мемлекеттік норматив
Кіріспе
Технологиялық карта құрылысты ұйымдастыру жобасымен және жұмыстарды жүргізу жобасымен қатар құрылыстағы негізгі ұйымдық- технологиялық құжат болып табылады.
Технологиялық карта қазіргі заманғы механикаландыру құралдарын, технологиялық жабдықтар, құралдар мен құрылғыларды барынша тиімді пайдалана отырып, еңбекті ұйымдастыру бойынша іс-шаралар кешенін қамтиды. Технологиялық картаға мерзімдерді қысқартуға және жұмыстардың сапасын жақсартуға, олардың өзіндік құнын төмендетуге ықпал ететін құрылыс өндірісінің технологиясы бойынша барынша прогрессивті және ұтымды әдістер енгізіледі. Технологиялық карта жұмыстарды нормативтік талаптар мен қауіпсіздік ережелерін қамтитындықтан тек қана үнемді және жоғары сапалы емес, сондай-ақ, қауіпсіз орындауды қамтамасыз етеді.
Ұйымдық-технологиялық құжаттардың, оның ішінде технологиялық карталардың болуы және оларды құрылыс өндірісінде пайдалану көбінесе құрылыс ұйымының қуатын және бәсекеге қабілеттілігін алдын-ала анықтайды.
Осы мемлекеттік норматив құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге арналған технологиялық карталардың құрамын, әзірлену, ресімделу, келісілу және бекітілу тәртібін белгілейді.
Технологиялық карталар құрылысты ұйымдастыру жобаларын әзірлеу кезінде қолданылады, сондай-ақ өндіріс жұмыстарының жобасының құрамына кіреді.
Технологиялық карталар сондай-ақ, ҚР СН 1.03-00 талаптарына сәйкес құрылыс ұйымының сапа жүйесін сертификаттау және орындалатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын бақылау кезінде талап етіледі.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы мемлекеттік нормативті қолдану үшін мынадай нормативтік құжаттарға сілтемелер қажет:
ҚР СН 1.01-01-2011 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелер.
ҚР ҚБҚ 1.01-02-2001 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді тіркеу, оларды басып шығару және тарату тәртібі.
ҚР СТ 1.5-2008 Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Стандарттардың қалыптастырылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар.
ҚР СН 1.03-00-2011 Құрылыс өндірісі. Құрылыс кәсіпорындарын, ғимараттарды және құрылыстарды ұйымдастыру.
Ескертпе: осы мемлекеттік нормативті пайдалану кезінде ақпараттық «Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілер тізбесі», «Қазақстан Республикасының стандарттау бойынша көрсеткіші» және ағымдағы жылға жай-күйі бойынша жыл сайын жасалатын «Мемлекетаралық нормативтік құжаттар көрсеткіші» бойынша сілтеме құжаттардың қолданысын тексеру орынды. Егер сілтеме құжат ауыстырылса (өзгертілсе), онда осы нормативті пайдалану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтеме құжат ауыстырылмай қабылданбаса, онда оған сілтеме берілген жағдай осы сілтемені қозғамайтын бөлігінде қолданылады.
3 Терминдер мен анықтамалар
Осы мемлекеттік нормативте тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:
Технологиялық карта: Онда «Еңбек шығындарының калькуляциясы» бөлімі болған кезде сметалық нормативтерді және материалдар шығынын әзірлеу үшін бастапқы құжат ретінде пайдаланылуы мүмкін операциялардың құрамын және механикаландыру құралдарын анықтайтын, сапаға қойылатын арнайы талаптарды, ресурстарды, қауіпсіздік жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, құрылыс-монтаждау жұмыстарының жеке түрінің технологиялық процесін орындау үшін әзірленетін ұйымдық-технологиялық құжат.
Технологиялық процесс (құрылыс жұмыстары технологиясының бөлігі): Берілген көлемде, белгіленген сапада және белгілі бір мерзімдерде құрылыс өнімін алу үшін орындалатын технологиялық операциялардың жиынтығы.
Технологиялық операция (технологиялық процестің бөлігі): Құрылыс өнімін алуды қамтамасыз ететін технологиялық өтпелер мен қабылдаулар жиынтығы.
Құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ): Жоба құрамында әзірленетін және құрылыс көлемдерін, мерзімдерін, ресурстарға қажеттілікті және жалпы құрылыс жұмыстары технологиясын анықтайтын ұйымдық құжат.
5) Жұмыстарды жүргізу жобасы (ЖЖР): Жобаны және жұмыс жобасын іске асыру үшін әзірленетін және құрылыс жұмыстарының (технологиялық процестер және операциялар) технологиясын, оларды орындау сапасын, мерзімдерді, ресурстарды және қауіпсіздік бойынша іс-шараларды анықтайтын ұйымдық-технологиялық құжат.
6) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган: Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган.
Технологиялық карталардың Тапсырыс берушісі (бұдан әрі Тапсырыс беруші): Оның тапсырмасы бойынша технологиялық карта әзірленетін құрылысты жүргізу процестеріне арналған технологиялық карталарды әзірлеуге мүдделі меншік нысанына қарамастан заңды немесе жеке тұлға.
Достарыңызбен бөлісу: |