Семинар мазмұны:
Әлеуметтік – педагогикалық бағдарламалар субъектісі
Сұраныс, қажеттілік
Мақсаты: Әлеуметтік – педагогикалық бағдарламаларды талқылау, сұраныс, қажеттілік ұғымдарының қолданылуын талдау.
Әдістемелік нұсқау: Үлкен шеңбер әдісі.
№11 семинар тақырыбы: Клубта жұмыс жүргізудің технололгиялық кезеңі және іс-әрекет нәтижелерін болжау
Семинар мазмұны:
Іс-әрекеттің жүйелілігін анықтау
Бағдарламаны безендіруге қойылатын талаптар
Бағдарламаны бағалау және оның критериилері
Мақсаты: Клубта жұмыс жүргізудің технологиялық кезеңдерін айқындау, іс-әрекет нәтижелерін болжау, талаптарды меңгеру.
Әдістемелік нұсқау: Дөңгелек үстел.
№12 семинар тақырыбы: Дискуссияның негізгі түрлері
Семинар мазмұны:
Дөңгелек үстел
Форум
Дебат
«Аквариум» техникасы
Мақсаты: Дискуссияның негізгі түрлерін талқылау, артықшылықтары мен жетістіктерін көрсету.
Әдістемелік нұсқау: Дөңгелек үстел.
№13 семинар тақырыбы: Қосымша білім беру бағдарламасын жасаудың кезеңдері
Семинар мазмұны:
Мақсаттарды қою
Оқыту нәтижелерін талдау, стандарттау
Білім беру мазмұнын құрылымдау және сұрыптау
Оқыту тәсілдерін таңдау
Бағдарламаны меңгеруді бақылау тәсілдері
Өзіндік эксперттеу
Мақсаты: Қосымша білім беру бағдарламасын жасаудың кезеңдерін талдау.
Әдістемелік нұсқау: Іскерлік ойын.
№14 семинар тақырыбы: Қосымша білім беру бағдарламасының ақпараттық картасы
Семинар мазмұны:
Ақпараттық карта туралы түсінік
Ақпараттық картаны толтыру
Мақсаты: Ақпараттық карта туралы түсінік қалыптастыру, ақпараттық картаны толтыру әдістемесімен таныстыру.
Әдістемелік нұсқау: Үлкен шеңбер әдісі.
№15 семинар тақырыбы:
Семинар мазмұны: Қосымша білім беру бағдарламасынның паспорты
Қосымша білім беру бағдарламасының ақпараттық картасы
Білім беру саласы мен ұйымдастыру мазмұны
Мазмұнды игеру деңгейі және бағыттылық
Мақсаты: Қосымша білім беру бағдарламасының паспортын жазу, талдау, әдістемесімен танысу.
Әдістемелік нұсқау: Аквариум әдісі.
ӨЖСӨЖ өткізу бойынша әдістемелік нұсқау.
Мозайка әдісі: "Мозайка" интенсивті қарым-қатынас кезінде мәселенің оптималды шешімін “жоғарыдан-төмен” (педагогтан-оқушыға) емес, тең деңгейде (өзара оқушылар арасында) табуға мүмкіндік береді. Бұл технологияның қиындығы: әсіресе бірінше сабақтарда топтарды қайта құру үрдісінде мұқият зейінділікті талап етеді.
“Мозайка” әдістемесі бойынша сабақты ұйымдастыру кестесі
Кезеңдер
|
Позициялар
|
Мазмұны
|
1 кезең. Жеке жұмыс.
|
А Б
В Г
|
Педагог тапсырма ұсынады (көлемі бойынша кең): оқулықтың үш-төрт параграфын оқып, конспект құратыру; өзект і тақырып т.б. бойынша пікірталасқа сұрақтар әзірлеу; Дайындалуға және тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Берілген уақыт ішінде топағы әрбір оқушының өзінің орындалған тапсырманың варианты болуы керек.
|
2 кезең. Жұппен жұмыс
|
А <-> Б
В <-> Г
|
Әрбір қатысушы өзіне партнер таңдайды: мысалы, А Б-мен жұмыс жасайды, Г В-мен жұмыс жасайды (немесе басқаша). Тапсырма бұрынғыша қалады. Бұл кезеңнің мақсаты топтық жұп арасында ортақ шешім қабылдау. Табылған шешім екі қатысушының да ортақ пікірін білдіруі керек. Талқылау уақыты – 10 минут.
|
3 кезең. Жұппен жұмыс (жалғасы)
|
А Б
| |
В Г
|
Жұп ауысады. Жұмыс мазмұны бұрынғыша қалады. Жаңа жұптар өз шешімдерімен алмасады және мәселені жаңартудың мүмкіндіктері іздестіріледі. Талқылау уақыты – 10 минут. Осылайша, топтағы әрбір қатысушы басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені өзіндік түсінуін ұсынады, табылған шешімді қорғауға үйренеді.
|
4 кезең. Топтық шешім қабылдау
|
А Б
\ /
/ \
В Г
|
Топ мүшелері бір жерге жиналады. Барлығы шешімдермен таныс болғандықтан бұл кезеңнің мақсаты ортақ шешім қабылдайды. Мұнда зейін тек мазмұндық бөлігіне ғана емес, сонымен бірге оның орындалу формасына да бөлінеді (шешім конспект, сурет, кесте, тақпақ т.б. түрінде болуы мүмкін). Уақыт – 10 минут.
|
Достарыңызбен бөлісу: |