Қосымша білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру


ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



жүктеу 1,77 Mb.
бет10/13
Дата17.11.2017
өлшемі1,77 Mb.
#649
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


7. ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.

Теориялық материалды меңгеру бойынша әдістемелік нұсқау

1 дәріс тақырыбы: Қосымша білім беру мекемелері туралы түсінік



Дәріс мазмұны:

1. Балаларға қосымша білім беру мекемелері тәрбиелік ұйым ретінде

2. Қосымша білім беру мекемелерінің түрлері

Мақсаты: Студенттерде қосымша білім беру мекемелері жөніндегі түсініктерді қалыптастырып, мекемелердің түрлерін талдау.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

2 дәріс тақырыбы Қосымша білім беру мекемелерінің пайда болуы мен дамуы.



Дәріс мазмұны:

1. Ресейде қосымша білім беру мекемелерінің пайда болуы

2. Қазақстанда мектептен тыс жұмыстардың дамуы.

3. Қосымша білім беру мекемелері іс-әрекетінің бағыттары.

Мақсаты: Студенттерге қосымша білім беру мекемелерінің пайда болуы жөнінде, Қазақстандағы мектептен тыс жұмыстардың дамуы және бағыттары жөнінде түсініктерін қалыптастыру.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

3 дәріс тақырыбы: Балаларға қосымша білім беру мекемелерінің номенклатурасы. Бір профильді және көп профильді мекемелер.



Дәріс мазмұны:

1. Қосымша білім беру мекемелерінің номенклатурасы

2. Бір профильді мекемелер

3. Көп профильді мекемелер

Мақсаты: Қосымша білім беру номенклатурасы, бір профильді және көп профильді мекемелер туралы білімдермен қаруландыру.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау

4 дәріс тақырыбы: Қосымша білім беру бағдарламасы



Дәріс мазмұны:

1. Қосымша білім беру бағдарламасы туралы түсінік

2. Қосымша білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері

Мақсаты: Студенттерде қосымша білім беру бағдарламалары жөнінде білімді қалыптастыру.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

№5 дәріс тақырыбы:

Дәріс мазмұны: Балаларға қосымша білім беру мекемелері туралы типтік жағдайлар

1.Жалпы ережелер

2.Мекемедегі ұйымдастыру жағдайлары

3.Іс-әрекет негіздері



Мақсаты: Жалпы ережелер, ұйымдастыру жағдайлары жөніндегі білімдермен қаруландыру.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

6 дәріс тақырыбы: Балаларға қосымша білім беру мекемелерінің ұйымдастырушылық- әдістемелік құрылымы



Дәріс мазмұны:

1.Ұйымдастырушылық - әдістемелік құрылымның деңгейлері

2. Ұйымдастырушылық -әдістемелік жұмыстарды жүргізудің әдістемесі

Мақсаты: Балаларға қосымша білім беру мекемелерінің ұйымдастырушылық- әдістемелік құрылымымен таныстыру.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау
7 дәріс тақырыбы: Қосымша білім беру мекемелерінің тәрбиелік ұйым ретіндегі ерекшеліктері

Дәріс мазмұны:

1. Тәрбиелік ұйымдардың ерекше белгілері

2. Креативтілік, дифференциация, жекелік

3. Білім беру деңгейлері

Мақсаты: Креативтілік, дифференциация, жекелік ұғымдарымен таныстыру, ерекшеліктерін көрсету.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

№8 дәріс тақырыбы: Балаларға қосымша білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік тәрбиені жүзеге асырудың модельдері



Дәріс мазмұны:

1. Әлеуметтік тәрбие берудегі модель ұғымы

2. Гимнастикалық тәрбие

3. Жетістікке жете білуге тәрбиелеу

Мақсаты: Балаларға қосымша білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік тәрбиені жүзеге асырудың модельдерімен студенттерді таныстыру.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау

№9 дәріс тақырыбы: Қосымша білім беруде әлеуметтік тәрбиені жүзеге асыру



Дәріс мазмұны:

1. Алғашқы «квазикәсіби клубтардың» пайда болуы

2. Әлеуметтік тәрбие берудің «студия» моделі

3. «Станция» моделі



Мақсаты: Студенттерді қосымша білім беру модельдерімен таныстыру, пайда болу тарихын түсіндіру.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

10 дәріс тақырыбы: Балаларға қосымша білім беру мекемелерінде әлеуметтік тәжірибені ұйымдастыру



Дәріс мазмұны:

1.Қосымша білім беру мекемелерінде әлеуметтік тәжірибені ұйымдастырудың ерекшеліктері

2.Адамның рухани-практикалық әрекеттері

Мақсаты: Қосымша білім беру мекемелерінде әлеуметтік тәжірибені ұйымдастырудың ерекшеліктері жөніндегі білімдермен қаруландыру.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

№11 дәріс тақырыбы: Балалар ұйымдарының типтері



Дәріс мазмұны:

1.Оқу ұйымдары


2.Қызметтік ұйымдар

3.Шығармашылық ұйымдар

4.Коммуникативтік ұйымдар

5.Миссионерлік ұйымдар



Мақсаты: Балалар ұйымдарының типтерінің бір-бірінен айырмашылығын анықтау, жұмыс жасау тәсілдерін игерту.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

№12 дәріс тақырыбы: Әлеуметтік тәжірибені ұйымдастыру



Дәріс мазмұны:

1.Тәрбиелік жағдайлар фазалары

2.Балалар мен жасөспірімдер ұйымдарындағы өзара әрекеттесуді реттеу

Мақсаты: Қосымша білім беру мекемелеріндегі өзара әрекеттесудің жолдарымен таныстыру, оқиғалылық және күнделіктілік ұғымдарына анықтама беру.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.
13 дәріс тақырыбы: Жас туристтер мен натуралисттер станцияларында әлеуметтік тәжірибені ұйымдастыру

Дәріс мазмұны:

1.Жас туристтер мен натуралисттер станцияларында жұмыс жасау тәсілдері

2.«Ми шабуылы»

3.Өнімді (инновациялық) ойын



Мақсаты: Студенттерді жас туристтер станциясының жұмыс жасау ерешелігімен таныстыру, негізгі мақсатын айқындау.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау

14 дәріс тақырыбы: Музыкалық, театральды, хореографиялық студияларда оқушылардың әлеуметтік тәжірибесін ұйымдастыру



Дәріс мазмұны:

1.Музыкалық, театральды, хореографиялық студиялар

2.Шығармашылық семинар

3.Репетиция, спектакль, концерт



Мақсаты: Музыкалық, театральды, хореографиялық студияларда оқушылардың әлеуметтік тәжірибесін ұйымдастыру жөніндегі білімдермен қаруландыру.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

№15 дәріс тақырыбы: Квазикәсіби клубтарда әлеуметтік тәжірибені ұйымдастыру



Дәріс мазмұны:

1. Патриотттық тәрбие беру жолдары

2. Мадақтау және жазалау арқылы тәрбиелеу

3. Ант қабылдау



Мақсаты: Квазикәсіби клубтарда әлеуметтік тәжірибені ұйымдастырудың жолдарын, тәсілдерін меңгерту.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

№16 дәріс тақырыбы: Табиғи клубтарда әлеуметтік тәжірибені ұйымдастыру



Дәріс мазмұны:

1. Табиғи клубтарда тәрбие беру жағдайлары

2. Клубта жүргізілетін жұмыстардың бағыттары

3. Волонтерлық топтар, оперативті отрядтар, агитациялық бригадалар



Мақсаты: Табиғи клубтарда тәрбие беру жағдайлары және клубта жүргізілетін жұмыстардың бағыттары жөнінде студенттердің білімдерін кеңейту.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

17 дәріс мазмұны: Қосымша білім беру мекемелеріндегі балалар ұйымдарымен жұмыс жасау әдістемесі



Дәріс мазмұны:

1.Ұйымның қызметін жобалау кезеңі

2.Ұйымның қалыптасу процесін қамтамасыз ету кезеңі

3.Ұйымның тұрақты қызметін қолдау кезеңі

4.Ұйымның қызметін ұйымдастыру кезеңі



Мақсаты: Қосымша білім беру мекемелеріндегі балалар ұйымдарымен жұмыс жасау әдістемесін меңгерту.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

18 дәріс тақырыбы: Балаларға қосымша білім беру мекемелерінде білім беру процесі



Дәріс мазмұны:

1. Білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері

2. Білім беру профилдері

3. Кәсібилік

Мақсаты: Студенттерді білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, кәсібилік жөніндегі білімдермен қаруландыру.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

19 дәріс тақырыбы: Оқу процесін ұйымдастыру



Дәріс мазмұны:

1.Календарлық график

2. Оқу жоспары

3.Оқу процесінің сабақ кестесі



Мақсаты: Оқу процесін ұйымдастыру, оқу жоспары, сабақ кестесі жөніндегі білімдерді игерту.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

20 дәріс тақырыбы: Оқу процесіндегі дифференциация және жекелік



Дәріс мазмұны:

1. Дифференциацияланған оқыту

2. Оқытудың ұжымдық тәсілі

3. Оқытудағы жекелік әдістемесі



Мақсаты: Оқытудың жаңа технологияларын үйрету, студенттерді оқушылармен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

21 дәріс тақырыбы: Оқу процесіндегі жобалау әдісі



Дәріс мазмұны:

  1. Жобалау әдісі

  2. Ізденушілік және зерттеушілік жобалар

  3. Шығармашылық және қолданбалы жобалар

  4. Жеке жобалар

Мақсаты: Жобалау әдісі, оның түрлері жөніндегі білімдермен студенттерді қаруландыру.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

22 дәріс тақырыбы: Балаларға қосымша білім беру мекемелерінде оқу практикасын ұйымдастыру



Дәріс мазмұны:

1. Қосымша білім беру мекемелеріндегі практиканың маңызы

2. Технологиялық практика

3. Далалық практика



Мақсаты: Студенттерді қосымша білім беру мекемелеріндегі практиканың жүру барысымен таныстыру, практика түрлерін талдау.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

№23 дәріс тақырыбы: Балаларға қосымша білім беру мекемелеріндегі ағарту жұмыстары



Дәріс мазмұны:

1.Ағарту жұмыстары туралы түсінік

2.Сыртқы және ішкі ағарту жұмыстары

3.Бағдарламалық ағарту жұмыстары

4.Стихиялық ағарту жұмыстары

Мақсаты: Қосымша білім беру мекемелеріндегі ағарту жұмыстары жөнінде түсінік қалыптастыру, ағарту жұмыстарының түрлерімен таныстыру.



Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

№24 дәріс тақырыбы: : Балаларға қосымша білім беру мекемелерінде өзіндік білім алуды ынталандыру



Дәріс мазмұны:

1.Баланың өзіндік білім алуын ынталандыратын ситуациялар

2.Өзіндік білім алудың танымдық міндеттері

3.Конкурстық бағдарламалар

Мақсаты: Балаларға қосымша білім беру мекемелерінде өзіндік білім алуды ынталандыру әдістерімен студенттерді қаруландыру.



Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

№25 дәріс тақырыбы: Балаларға қосымша білім беру мекемелерінде жеке педагогикалық көмек беру



Дәріс мазмұны:

1.Балаларға қосымша білім беру мекемелерінде жеке педагогикалық көмек беруді жүзеге асырудың ерекшеліктері

2.Ресурстар: денелік ресурс, сыртқы ресурстар, мемлекеттік және қоғамдық ресурстар

3.Әлеуметтік статус

Мақсаты: Қосымша білім беру мекемелерінде жеке педагогикалық көмек беруді жүзеге асырудың ерекшеліктерімен таныстыру.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

№26 дәріс тақырыбы: Тәрбиеленушілерге жеке көмек беру процесі



Дәріс мазмұны:

Жеке педагогикалық көмек берудің негізгі кезеңдері

А) Диагностикалық кезең

Б) Жеке педагогикалық көмек беру кезеңі

В) Нәтижелерді қорытындылау кезеңі

Мақсаты: Жеке көмек беру процесімен таныстыру, негізгі кезеңдерін бөліп көрсету.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау

№27 дәріс тақырыбы: Жеке көмек берудің әдістері мен тәсілдері



Дәріс мазмұны:

1.Психологиялық-педагогикалық кеңес беру

2.Эмоциональды-еріктік жеке педагогикалық көмек

3.Ақпараттық жеке педагогикалық көмек

4.Интеллектуалдық жеке педагогикалық көмек

Мақсаты: Жеке көмек берудің әдістері мен тәсілдерін меңгерту, көмек түрлерін талдау.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

28 дәріс тақырыбы: Дамытушылық ситуацияларды ұйымдастыру



Дәріс мазмұны:

1.Рольдік ойындар

2.Аутотренингтер

3.Жеке көмек беруде ситуацияларды ұйымдастыру әдісіне қойылатын талаптар



Мақсаты: Дамытушылық ситуацияларды талдап, оларды практика жүзінде ұйымдастыру

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

29 дәріс тақырыбы: Педагогикалық көмек беру субъектілеріне – педагогтарға қойылатын талаптар



Дәріс мазмұны:

  1. Педагогтың дүниетанымдық позициясы

  2. Педагог пен тәрбиеленушінің өзара қатынасы

  3. Педагогикалық өзара әрекеттесу типтері

  4. Педагогқа қажетті іскерліктер

Мақсаты: Педагогикалық көмек беру субъектілеріне – педагогтарға қойылатын талаптарды меңгерту.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.

30 дәріс тақырыбы: Оқушыларды әлеуметтік тәрбиелеу процесінде балалар мен жасөспірімдердің біріккен іс-әрекетінің классификациясы



Дәріс мазмұны:

  1. Өзара әрекет формаларының типологиясы

  2. Өзара әрекетті ұйымдастыру формалары

Мақсаты: Өзара әрекет формаларының типологиясы, өзара әрекетті ұйымдастыру формалары жөніндегі білімдермен қаруландыру.

Әдістемелік нұсқау: Дәрістің мазмұнын баяндау.
Практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқау.

Дөңгелек үстел. Дәріс семинар сабағының материалына негізделген ашық әңгіме ұйымдастыру. Әңгімен барысында мәселені шешудің тиімді әдісін қарастыру. “Дөңгелек үстел - өз ойын еркін айта білу. Жүргізуші нақты мәселе жөнінде жоспар жасайды. Мақсаты: таңдап алынған тақырыпты талдауға қатысушылардың көңілін аудара білу”.Сонымен “дөңгелек үстел” әдісін студенттерге де қолдануға болады. Ол әдіс оқушылардың өз ойын әдемі, реттеліп жинақталған түрде нақты дәлелдермен қалыпты темпте жеткізіп, сөйлеу барысында белгіленген мәдениет пен шарттардан аспай, ресми тұлға ретінде өздерін сезіне білу, ұқсап бағуға үйретеді.

Үлкен шеңбер әдісі: Жұмыс үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға отырады. Мұғалім мәселені ұсынады.

Екінші кезең. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) әрбір оқушы жеке осы мәселені шешудің жолдарын қағаздарын жазады.

Үшінші кезең. Шеңбер бойынша әрбір оқушы өз ұсыныстарын ұсынады, топ бұл ұсынстарды сынамай тыңдайды, және әңгіме бойынша тақтаға жазылып тұратын ортақ шешімге қосу, қоспауға дауысқа салады.

“Үлкен шеңбер” әдісін сұрақтың шешімін тез табу керек болған жағдайда қолдануға болады. Осы форманың көмегімен мысалы, заң жобаларын немесе нұсқауларды, нормативті-құқықтық актілерді жасауға болады.

Аквариум әдісі- балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.

Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері. Мәселені жан-жақты талдап тиімді қотынды шығарулары керек.

Пікірталас әдісі жеке тұлғаның интеллектуалды дамуын, оның әлеуметтік белсенділігінің артуына ықпалын тигізеді. Оның себебі пікірталаста алынған тақырыпқа дайындық барысында студенттер талқыланатын мәселелерге қатысты зерттеу жүргізіп, көптеген ақпаратпен таныса алады. Бұл өз ретінде олардың өзіндік пікірлерін қалыптастыруға, өз ойларын қарсыластарының көзқарастарымен салыстыра отырып, ойын барысында қорғауға үйренеді. Пікірталас жастардың жан-жақты білімдерін жетілдіріп, мәдениет деңгейлерін көтереді. Басқа адамдарға түсіністікпен қарап, олармен санасуға үйретеді, әрі шешендік өнерге баулиды.

Миға шабуыл”, “ойға шабуыл” (мозговая атака) немесе “миға батыл әрекет” (мозговой штурм) әдісі ұжымдық тапсырмаларды шешуде идеяларды өңдеу әдісі болып табылады. Бұл әдістің мақсаты – шығармашылық тапсырмаларды шешу барысында қалыпты ойлау инерциясынан айырып, мүмкіндігінше айрықша жаңа идеяларды тудыру.

Бұл әдістің негізгі принципі мен ережесі – қатысушылармен ұсынылған идеяларды сынау, қақпалау және мысқылдауға мүлдем тыйым салынады. Әдіс нәтежиесінің сәттілігі пікірталастың жүргізушісіне тікелей байланысты болып келеді.

Әдіс ұзақтығы әдетте 15 минуттан 1 сағатқа дейін болуы мүмкін. Идеяларды таңдау арнайы адамдармен, 2 кезеңде жүреді. Бірінші кезеңде жалпы ұсынылған идеялар арасынан ең рационалды идеялар таңдап алынса, екіншісінде солардың ішінен шығармашылық тапсырмалар мақсатын қанағаттандыратын ең оптималды нұсқасы таңдалынады.



Кеңес беру. Кеңес беру техникаларын қолдана отырып кеңес беріледі. Студенттер жұпқа бөлінеді. Жұптың бір мүшесі «клиент» және екінші мүшесі «психолог-консультант ролінде болады». «Клиент» роліндегі студент «психолог-консультант роліндегі» студентке өмір тәжірибесінен алынған проблемасын шешуде көмек алу үшін консультантқа келеді. 30 минут кеңес беру процессіне арналады. 20 минут кеңес беру нәтиежесін топта талдауға арналады.

Іскерік ойын” әдісі. Бұл әдіс өзінің жоғары дәрежелі біргіп жұмыстануда оқушылардың индивидуалдық үйлесімділігімен ерекшеленеді. Бұл әдіс негізінен еліктеу, сипаттау, көрсету, образға кірудің көмегі арқылы студенттердің бойына басқарушылықтың шеберлігін қалыптастыруда үлкен үлесін қосады.

Интеративті оқыту жүйесіндегі салыстырмалы жаңадан енген әдіс бұл – тренинг. Осы аталған әдістің жаңадан қолдануға енуі, біріншіден, Батыс Еуропа елдерінде кіші топ, яғни тренинг топтарында психологиялық түзету жұмысын жүргізуге арнайы қарым-қатынас ұйымдастырылуына қарамастан, бізде ол туралы ұзақ уақыт бойы көп нәрсе белгісіз болды. Екіншіден, ол психологияны оқытудағы студенттерді массалық оқыту да пайдаланылады. Бірақ кейін шынайы жағдаяттардағыдай сияқты әрекет жасауда сол әрекетің нәтежиелілігі үшін жауапкершіліпен қаралатын, ойындық немесе шартты түрдегі тренингтер кеңінен қолданылды. Әрекеттің жүру барысындағы әр қатысушының индивидуалдық жауапкершілігі – топтық әрекеттің жемісі, үлкен нәтежиелілігі, яғни үйлесімділігі.


  • мақсатты айқындау;

  • тренингтің сценарийлік жоспарын құру;

  • оқушылардың белсенді тренинке араласуын алдын-ала қамтамасыз ету;

  • өзін дайындау (сұрақ қоюы, айтылған жауаптарға әсерленуі, өз ойын айтуы немесе оқушылардың пікірін талап етуі, тренингтің қорытындылау кезеңінде неге және не үшін оқушыларды бағалау);

  • қатысушыларға рөлдерді дұрыс бөлу (олардың өздерінің ұсыныстарын ескеру).

1 семинар тақырыбы: Әлеуметтену ұғымы

Семинар мазмұны:

1.Әлеуметтену құралдары, механизмі, нәтижесі туралы түсінік

2.Әлеуметтенудің тиімділігі туралы

Мақсаты: Студенттерді әлеуметтену құралдары, механизмі, нәтижелері жөніндегі білімдермен қаруландыру, тиімділігін көрсету.

Әдістемелік нұсқау: «Үлкен шеңбер» әдісі

№2 семинар тақырыбы: Балалар ұйымдарында ойындық өзара әрекеттесудің әлеуметтік – тарихи шарттары



Семинар мазмұны:

1. Балалар ұйымдарындағы ойындық әрекеттің заңдылықтары

2. Баланың ойын арқылы әлеуметтенуі

Мақсаты: Студенттерді балалар ұйымдарындағы ойындық әрекеттің заңдылықтары, баланың ойын арқылы әлеуметтенуі жөніндегі білімдермен қаруландыру.

Әдістемелік нұсқау: “Іскерік ойын” әдісі.

3 семинар тақырыбы: Балалар ұйымдарында ойындық өзара әрекеттесудің принциптері



Семинар мазмұны:

1. Баланың жастық ерекшеліктерін есепке алу негізіндегі жеке таңдау тәсілдері принциптері

2. Өзара әрекеттесу тәсілдерінің тиімділік принципі

3. Субъектілердің ойындық әрекетінің рефлексивтік сипат принципі

4. Гуманистік бағдарлану

Мақсаты: Ойындық өзара әрекеттесудің принциптерімен таныстыру, талдау.

Әдістемелік нұсқау: “Миға шабуыл” әдісі.
№4 семинар тақырыбы: Балалар ұйымдары іс-әрекетін ұйымдастырудың мазмұны мен әдістері

Семинар мазмұны:

1. Балалар ұйымдарында ойындық өзара әрекеттесу бағдарламасының құрылымдық-функционалдық схемасы

2. Баланың әлеуметтік қалыптасуында топтық өзара әрекеттесудің әсері

Мақсаты: Балалар ұйымдары іс-әрекетін ұйымдастырудың мазмұны мен әдістерін талдау, схема құрастыру.

Әдістемелік нұсқау: Аквариум әдісі

№5 семинар тақырыбы: Ерте балалық шақта (15-17 жаста) жүргізілетін жұмыстардың тиімді формалары



Семинар мазмұны:

  1. Ойынды ұйымдастырушылардың міндеттері

  2. Бағдарламаны жүзеге асыру жолдары

  3. Баңдарламаны жүзеге асыру кезеңдері

Мақсаты: Студенттерді ерте балалық шақта жүргізілетін жұмыс формаларымен таныстыру, жолдары мен кезеңдерін көрсету.

Әдістемелік нұсқау: Пікірталас әдісі

№6 семинар тақырыбы: Ойындық өзара әрекеттесуді бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету

Семинар мазмұны:


  1. Ғылыми-практикалық орталық

  2. Экспедицияларды ұйымдастыру

Мақсаты: Ғылыми-практикалық орталық жөніндегі білімдерін бағалау, экспедицияларды ұйымдастыру тәсілдерін меңгерту.

Әдістемелік нұсқау: Дөңгелек үстел.

7 семинар тақырыбы: Тұратын жеріне байланысты әрекет ететін клубтарды бағдарламалық қамтамасыз ету

Семинар мазмұны:

1. Әлеуметтік ұйымдастыру жүйесі

2. Әлеуметтік – педагогикалық ұйымдастыру жүйесі

Мақсаты: Бағдарламалық қамтамасыз етудің жолдарымен қаруландыру, әлеуметтік ұйымдастыру жүйесін құру.

Әдістемелік нұсқау: тренинг

8 семинар тақырыбы: Табиғи клубтар



Семинар мазмұны:

1.Қызығушылықтар бойынша бірлесу

2. Коммуникативті бірлестіктер

3. Табиғи клубтарда әлеуметтік тәжірибені ұйымдастыру ережелері

Мақсаты: Табиғи клубтарда жүргізілетін жұмыстарды талдау, коммуникативтік бірлестіктердің орнын көрсету, ережелерді меңгерту.

Әдістемелік нұсқау: Психологиялық консилиум

9 семинар тақырыбы: Оқудағы ынталандыру тәсілдері

Семинар мазмұны:

1.Оқу процесінде кеңес беру

2.Жеке жетістіктерді есепке алу

3.Оқу процесінің негізгі ерекшеліктері

Мақсаты: Оқудағы ынталандыру әдістерін талдау, оқу процесіндегі кеңес беру тәсілдерін меңгеру.

Әдістемелік нұсқау: кеңес беру әдісі.


№10 семинар тақырыбы: Әлеуметтік – педагогикалық бағдарламалардың негізгі сипаттарын талдау

жүктеу 1,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау