Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1682 Қаулысы «Өрт қayiпciздiгi туралы»


-тарау. Үй-жайларға жылу беру және кептіру қондырғыларын орнату және пайдалану тәртібі



жүктеу 4,92 Mb.
бет18/22
Дата20.05.2018
өлшемі4,92 Mb.
#14475
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

6-тарау. Үй-жайларға жылу беру және кептіру қондырғыларын орнату және пайдалану тәртібі
1-параграф. Жалпы ережелер
      1758. Бірыңғай жедел құрастырмалы (жедел жылжымалы) ғимараттарға жылу беру үшін бу және су калориферлері, сондай-ақ зауыттан шығарылған электр жылытқыштары пайдаланылады.
      1759. Киім-кешек пен аяқ киімді кептіру осы мақсатқа арнайы лайықталған, орталықтан сумен жылытылатын немесе су калориферлерін қолдана отырып, үй-жайларда, ғимараттарда немесе құрылыстарда жүргізіледі.
      1760. Кептіргіштерді тамбурларда және ғимараттардан шығу жолдарында орналасқан басқа да үй-жайларда орнатуға болмайды.
      1761. Полимер жылытқыштары бар металл құрылымдардан жасалған ғимараттарда құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде ғимараттардан тыс кемінде 18 метр қашықтықта немесе өртке қарсы қабырғалардан кейін оттық құрылғыларын орналастыра отырып, тек ауамен немесе сумен жылу беру жүйесі ғана қолданылады.
      Жылу тасығыштары бар құбырлардан бастап қоршау құрылымдарына дейінгі қашықтықтың 100 метр болуына жол берілмейді.
      1762. Жылы будкаларда ашық отты пайдалануға, сондай-ақ отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге және электр калориферлерін және инфрақызыл сәулелі газ жанарғыларын қолдануға болмайды.
2-параграф. Үй-жайларды инфрақызыл сәулелі газ жанарғыларымен кептіру тәртібі
      1763. Инфрақызыл сәулелі жанарғылары бар жылжымалы және тұрақты қондырғылар жанарғы сөнген кезде газ беруді тоқтататын автоматты бұғаттағышпен жабдықталады.
      1764. Инфрақызыл сәулелі газ жанарғыларын монтаждау мен пайдалануды арнайы бағдарлама бойынша газ ісі жөніндегі техникалық минимумнен өткен және газ жұмыстарына жіберу құқығымен біліктілік куәлігі бар персонал жүргізеді.
      1765. Еденге орнатылатын инфрақызыл сәулелі газ жанарғылары бар жылжымалы қондырғылар арнайы тұрақты тұғырмен қамтамасыз етіледі. Газы бар баллон қондырғы мен өзге де жылу беру аспаптарынан кемінде 1,5 метр, ал электр есептегіштен, ажыратқыштардан, розеткалар мен өзге де электр аспаптарынан кемінде 1 метр қашықтықта орналасады.
      Жанарғылардан бастап жанғыш материалдардан жасалған құрылымдарға дейінгі қашықтық кемінде 1 метр, қиын жанатын заттарға дейін кемінде 0,7 метр, жанбайтын заттарға дейін 0,4 метр етіп қарастырылады.
      Сұйытылған газдағы қондырғыны монтаждау кезінде шлангілердің ұзындығы жұмыстың ыңғайлылығын қамтамасыз ететіндей мүмкіндігінше қысқа етіп қарастырылады. Едәуір қашықтағы кептіру орнынан бастап қосу торабына дейінгі қашықтық 30 метрден аспайтындай етіп қабылданады. Қондырғы газ торабынан алысырақ болғанда болат құбырдан жасалған уақытша газ құбыры төселеді, ал оған жанарғылар иілгіш шлангілермен қосылады.
      Иілгіш шлангілер қосқыштың герметикалығын қамтамасыз ететін бұрандалары мен сомындары бар қамыттардың көмегімен редуктормен және құбырлармен қосылады. Иілгіш шлангілерді олардың майысуы мен қысылып қалуына жол бермей, кемінде 2 метр биіктікте төселеді.
      1766. Инфрақызыл сәулелі газ жанарғылары бар қондырғылар жұмыс істеп тұрған орындарда жанғыш заттар мен материалдарды сақтауға, сондай-ақ оларды пайдалана отырып жұмыс істеуге болмайды.
      1767. Инфрақызыл сәулелі газ жанарғыларын пайдалану кезінде:
      1) жұмыс істеп тұрған қондырғыны қараусыз қалдыруға;
      2) керамикасы зақымдалған, сондай-ақ ашық жалын шығаратын жанарғыларды пайдалануға;
      3) егер үй-жайда газдың иісі шықса, қондырғыны пайдалануға;
      4) жанарғылардың жылу сәулесін тікелей жанғыш материалдар, газы бар баллондар, газ құбырлары, электр өткізгіштері жағына бағыттауға;
      5) газ қондырғыларын қатты отынмен жылыту қондырғыларымен қатар пайдалануға болмайды.
      1768. Ашық алаңдарда жұмыс істегенде (жұмыс орындарын жылыту үшін және дымқыл жерлерді кептіру үшін) тек желге тұрақты жанарғылар пайдаланылады.
3-параграф. Сұйық және газ тәріздес отынмен жұмыс істейтін жылу генераторларын монтаждау және пайдалану тәртібі
      1769. Ауа жылыту қондырғылары салынып жатқан ғимараттан кемінде 5 метр қашықтықта орналастырылады.
      Көлемі 200 литрден аспайтын отын құятын ыдыс қолданылады және ауа жылытқыштан кемінде 10 метр және салынып жатқан ғимараттан кемінде 15 метр қашықтықта орналастырылады. Отын ауа жылытқышқа металл құбыр арқылы беріледі.
      Отын өткізгіштерде зауытта шығарылған, отынның ағуын болдырмайтын қосқыштар мен арматура қолданылады. Жұмсалатын бактың отын өткізгішінде өрт немесе авария болған жағдайда қондырғыға отын беруді тоқтату үшін ысырма вентиль орнатылады.
      1670. Газ отынымен жұмыс істейтін қондырғыларды монтаждау мен пайдалану кезінде:
      1) жылу шығаратын қондырғыларға зауыттың паспорты бар, стандартты жанарғылар орнатылады;
      2) жанарғылар жалынды үзбей және агрегаттың жылу жүктемесін қажеті реттеу шегінде оны жанарғыға өткізбей тұрақты жұмыс істеуі қажет;
      3) жылу шығаратын қондырғылары бар үй-жайлардағы желдеткіш 1 сағатта үш еселік ауа алмасуды қамтамасыз етуі қажет.
      1671. Жылу шығаратын қондырғыларды пайдалану кезінде:
      1) отын құбырларының герметикалығы бұзылған, форсунка корпусы жылу шығаратын қондырғымен нығыз орнатылмаса, үй-жайға жану өнімдерінің өтуіне ықпал ететін түтін мұржалары ақаулы, электр қозғалтқыштары мен іске қосу аппаратурасы ақаулы болса, сондай-ақ электр қозғалтқыштың жылу қорғағышы болмаса және басқа да ақаулары болса, қондырғымен жұмыс істеуге;
      2) форсунка ретке келтірілмегенде (отын қалыпты жанбаса) жұмыс істеуге;
      3) отын құбырларын қосу үшін резина немесе полихлорвениль шлангілері мен муфталарын пайдалануға;
      4) қондырғы мен отын бактары жанына жанғыш қоршаулар орнатуға;
      5) отын құбырларын ашық отпен қыздыруға;
      6) қысқа мерзімге тоқтағаннан кейін ауамен үрлемей жылу шығаратын қондырғыны іске қосуға;
      7) жанғыш қоспаны бақылап қарау тесігі арқылы жағуға;
      8) жылу шығаратын қондырғы жұмыс істеп тұрған кезде шамдар электродтарының арасындағы саңылауды реттеуге;
      9) ауа жинау коллекторларында қорғағыш тор болмаған жағдайда жылу шығаратын қондырғыны іске қосуға болмайды.
4-параграф. Электр калориферлерді монтаждау және пайдалану тәртібі
      1772. Тек зауытта дайындалған, дабылы және желдеткіш жұмыс істемеген кезде қыздыру элементтеріне электр энергиясын беруді болдырмайтын бұғаттағышы мен электр және жылу қорғағышпен көзделген, шығатын ауаның температурасын бақылау және оны реттеу автоматикасы жарамды электр калориферлерін ғана пайдалануға және монтаждауға болады.
      1773. Электр калориферді монтаждау, жұмысқа дайындау, іске қосу дайындаушы зауыттың паспортында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады.
      1774. Электр калорифері корпусы мен желдеткіш арасына жұмсақ қыстырма үшін жанғыш материалдарды қолдануға болмайды.
      1775. Электр калориферлерін пайдалану кезінде:
      1) дабыл қаққышты немесе бұғаттағышты сөндіруге;
      2) электр калориферден шығу жолындағы дайындаушы зауыт белгілеген ауа температурасын жоғарылатуға;
      3) желдеткіш жұмыс істемей тұрғанда электр калориферді қосуға (бұғаттағышты қондырғыны әр іске қосар алдында тексереді);
      4) электр калориферде немесе оның жанында киім немесе басқа да жанғыш материалдарды кептіруге;
      5) жұмыс істеп тұрған электр калорифері орнатылған үй-жайда жанғыш заттар мен материалдарды сақтауға болмайды.
7-тарау. Өртке қарсы сумен жабдықтауды, өрт сөндіру және байланыс құралдарын ұстау тәртібі
      1776. Тұрақты сыртқы су өткізу желісін төсеу және өрт гидранттарын орнату, сондай-ақ өрт сөндіретін су айдындары мен басқа да су көздерін салу негізгі құрылыс жұмыстары басталғанда оларды өрт сөндіру үшін пайдалана алатындай есеппен жүргізіледі.
      1777. Тұрақты сумен жабдықтау көздерін салу негізгі құрылыс жұмыстарын жүргізуді бастағанға дейін аяқтау мүмкін болмаған жағдайда уақытша өртке қарсы су құбырлары төселеді немесе өрт резервуарлары орнатылады.
      1778. Уақытша өрт резервуарларының (су айдындарының) сыйымдылығы, олардың саны, салынатын объектіде орналастыру орны жобалық құжаттамада анықталады.
      1779. Сейсмикалығы 8 және 9 балл аудандарда сумен жабдықтау жүйелерінде бір көзді (оның ішінде бір ысырмада су алу кезінде сыртқысын) пайдалану кезінде сыйымдылықтарда өрт сөндіруге су көлемін «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде және құрылыс нормаларында көрсетілгеннен екі есе артық қарастырылады.
      1780. Құрылыс аумағында орналасқан жасанды су айдындары жылытылуы және өрт сөндіру автомобилдерін маневрлеу үшін ауданы 12х12 метр болатын кіреберістермен қамтамасыз етіледі. Су айдындарындағы судың деңгейі өрт сорғыштарымен су алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Егер құрылыс маңында табиғи су көздері (өзендер, көлдер, тоғандар) орналасқан болса, оларға өрт сөндіру автомобилдеріне арналған пирстер орнатылады. Қысқы уақытта оларға «қатып қалмайтын» ойықтар жасалады.
      1781. Ішкі өртке қарсы су құбыры мен автоматты өрт сөндіру жүйесі объектіні тұрғызумен қатар монтаждалады. Өртке қарсы су құбыры өңдеу жұмыстарын бастағанға дейін, ал автоматты өрт сөндіру және дабыл жүйелері іске қосу-реттеу жұмыстарына дейін (кабель құрылыстарында кабелдерді төсегенге дейін) қолданысқа енгізіледі.
      1782. Салынып жатқан ғимараттар, уақытша құрылыстар, сондай-ақ қосалқы үй-жайлар осы Қағидаларға 8-қосымшада келтірілген нормаларға сәйкес алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі. Өрт сөндіру құралдарын тікелей мақсатынсыз қолдануға жол берілмейді.
      1783. Негізгі құрылыстар мен құрылыс базасын салуды бастағанға дейін өрт техникасы мен жеке құрамды орналастыруға арналған арнайы жылытылған үй-жайлар бөлінеді.
      Өрт сөндіру депосы құрылыстың бірінші кезегінде тұрғызылады.
      1784. Ауданы 300 м2 және одан астам асханалар дабылды ғимараттың (құрылыстың) қасбетіне немесе тәулік бойы персонал болатын үй-жайға шығарылған автоматты өрт дабылымен жабдықталады.
      Салынып жатқан әрбір объектіде өрт сөндіру бөлімдерін шақыруға арналған байланыс құралдары қарастырылады. Тәуліктің кез келген уақытында құрылыс аумағында байланыс құралдарына қол жетімділік қамтамасыз етіледі. Әрбір телефонның (радиостанцияның) жанына өртке қарсы қызметті шақыру тәртібі туралы тақтаны, жұмысшылардың өрт болған жағдайдағы іс-қимылдары туралы жадынаманы, мемлекеттік емес өртке қарсы құралымдардың жауынгерлік есептерінің тізімін, өрт сөндіру үшін күштер мен құралдардың тәртібі ілінеді. Құрылыс аумағының көрінетін жерлерінде дабыл беру үшін дыбыстық дабылдар  (қоңырау, сирена) қарастырылады, олардың жанында «Өрт дабылы» деген жазу ілінуі қажет.
Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
1-қосымша        
Эвакуациялау жоспарын құру жөнінде ұсыныстар
      1. Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) қабатта бір мезгілде 10-нан астам адам болған кезде өрт шыққан жағдайда адамдарды эвакуциялау жоспарлары әзірленеді.
      Эвакуациялау жоспарлары графикалық және мәтін бөлімдерінен тұрады. Графикалық бөлім ғимаратты немесе құрылысты эвакуациялық шығу жолдарын (саты торларын, сыртқы ашық сатыларды, тікелей сыртқа шығу жолдарын), көрермендер мен қызмет көрсетуші персоналдың қозғалыс маршруттарын, сондай-ақ қол өрт хабарлағыштары түймелерінің, телефон аппараттарының, өрт сөндіру құралдарының (өрт сөндіру крандарының, өрт сөндіргіштердің) орналасқан орындарын көрсете отырып, әр қабатты (әр секторды) жоспарлауды қамтиды.
      Мәтін бөлімінде адамдарды эвакуациялаудың тәртібі мен реті, қызмет көрсетуші персоналдың міндеттері, сондай-ақ жарыстарға немесе мәдени ойын-сауық іс-шараларына өрт туралы хабарлау және адамдарың эвакуациялық шығу жолдарына қозғалысын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету жөніндегі күштерін жұмылдыру жазылады.
      2. Эвакуациялау жоспарын әзірлегенде өрттің пайда болуы аса ықтимал жерлерге, оның дамуы ықтимал сипатына, құрылыстың көрермендермен толықтығына және жарыстар мен мәдени-сауықтыру іс-шараларын жүргізу үшін жұмылдырылған қосымша күштердің болуына қарай адамдарды эвакуациялаудың бірнеше (3-5) түрі қарастырылады.
      Эвакуациялау жоспарларының мәтін бөлімінде әрбір нұсқа бойынша мыналар:
      - өрт туралы адамдарға хабарлау жүйесін ұйымдастыру (эвакуациялау қажеттілігі, хабарландыру зонасы мен хабарландыру әдістері, хабарландыру құрамы туралы кім шешім қабылдайды);
      - қызмет көрсету персоналының тұлғалар санын, сондай-ақ эвакуациялауға жұмылдырылған қосымша күштерді (оларды жинау тәртібі, жинау орындары, зоналар мен секторлар бойынша жауаптылар, жинау дабылдары);
      - эвакуациялау жолдары (олардың ұзақтылығы мен бағыты, эвакуациялау жолына жауаптылар, эвакуация кезінде қозғалыс тәртібі,  қызмет көрсету персоналының және эвакуациялау үрдісіне қатысудағы қосымша күштердің міндеттері);
      - эвакуациялау жолының соңғы пункттері (эвакуацияланғандардың бөліп жайғастыру тәртібі, қажет болса, оларға медициналық қызмет көрсету);
      - көрермендерді эвакуациялау үшін қосалқы шығу орындарын қолдану, арнайы жабдықты қолдану мүмкіншілігі, сондай-ақ эвакуациялауды ұйымдастыруға және оны ойдағыдай өткізуге арналған әр түрлі техника мен инженерлік жүйелерді (түтін жою жүйесін, автоматты өрт сөндіру қондырғыларын, ішкі телефон және радио байланысын) қолдану қарастырылады.
      3. Жоспардың графикалық бөлімінде эвакуациялауда адамдардың қозғалу жолдары (эвакуациялық шығу бағытына қарай көрсеткіштері бар жасыл түсті тұтас сызықпен) көрсетіледі. Құрылыс ішінде адамдардың жаппай жиналғаны болса, жоспарларда бұл зоналарды эвакуациялау бағыттары көрсетілген, түрлі түсті реңктермен белгіленген эвакуациялық жолдарды қарастыру керек. Эвакуациялау жоспарында қосалқы эвакуациялау жолдары (жасыл түсті ирек жолымен) көрсетіледі.
      4. Эвакуациялау жоспары (графикалық және мәтін бөлімдері) көрнекті рәсімделіп, өрт сөндіру посттары мен қызмет көрсету персоналының тәулік бойлы кезекшілігі бар басқа да үй-жайда, сондай-ақ объекттің басшылығында көзге көрінетін жерде тұрады.
      Графикалық бөлімдегі белгілердің шешімін эвакуациялау жоспарының астында мемлекеттік және орыс тілдерде беріледі.
      5. Жалпы құрылыс үшін жалпы эвакуациялау жоспарынан басқа әр зона (сектор, үй-жайлар тобы) зоналар мен секторлар бойынша жауапты кезекшілерді болулары тиіс, өрт қауіпсіздігі шаралары мен өрт жағдайларындағы тәртіп ережелері туралы жаднамасы бар жалпы эвакуациялау жоспарынан үзінділермен (әр түрлі нұсқалар) қамтамасыз етіледі.
      Эвакуациялау жоспарының үзіндісінде басқыш алаңдары, лифттер мен лифт холлдары, есік, балкон, дәліз, сыртқы басқыштарға арналған ойықтардың белгілері бар бөлмелер көрсетіледі.
      Эвакуациялау жоспарынан үзінді арналған үй-жай сектордың, зонаның әр қабаттық жоспарында «Сіз тұрған үй-жай...» деген жазумен белгіленеді. Эвакуациялау жолын бұл үзіндіде жасыл түсті тұтас сызықпен көрсетеді.
      Эвакуациялау бағытын көрсететін сызықтар қаралып жатқан үй-жайдан қауіпсіз жерге немесе тура сыртқа шығу орнына дейін жүргізіледі.
      Эвакуациялау жоспарынан алынған үзіндіні үй-жайда көзге көрінетін жерде шынының (пленканың) астына іледі, жоспардан алынған үзіндінің көлемі 20 х 30 сантиметрден кем емес.
      Эвакуациялау жоспарынан алынған үзіндінің астында қолданған белгілердің түсінігі беріледі.
      Үзіндінің мәтін бөлігінде қызмет көрсету персоналының және адамдарды эвакуациялауға жұмылдырылған күштердің міндеттері мен әрекеттерінің бірізділігі көрсетіледі.
      Эвакуациялаудың жалпы жоспарынан алынған үзіндінің мәтін бөлігі зонадан, сектордан, үй-жайдан эвакуациялауға жауапкершілік атқаратын тұлғада болады.
      Эвакуациялау жоспарын кәсіпорынның, ұйымның басшысы бекітеді.
      Үзіндінің мазмұнымен (қолдарын қойып) барлық қызмет көрсету персоналы, сондай-ақ көрермендерді эвакуациялауға жұмылдырылған барлық көмекші күштер танысады.
Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
2-қосымша        



Дүңгіршектер мен павильондардың отқа төзімділік дәрежесі төмендегідей болғандағы қашықтық, метр

I, II, III

IIIa, IIIб, IV, IVa, V

I, II, III

6

8

IIIa, IIIб, IV, IVa, V

8

10

Өрт қауіпсіздігі қағидаларына


3-қосымша        
Операция жасайтын бөлмеде өрттер мен жарылыстардың алдын алу жөніндегі қорғау шаралары
      1. Есірткінің өздігінен тұтануын болдырмау үшін жұмыстан кейін оларды буландырғыштан герметикалық түрде жабылатын ыдысқа төгіледі. Эфирді ақырын, шашыратпай төгіледі. Наркоздан кейін қалған эфирді раковинаға төгуге жол берілмейді.
      Эфирді буландырғыштан қабылдау ыдысына бос құламалы ағыспен құюға жол берілмейді. Ол үшін электр өткізгіш материалдан жасалған май құйғыш қолданылады, май құйғыштар жерге қосылады, май құйғыштың шеті ыдыстың түбіне жетуі тиіс. Олай болмайтын жағдайда эфир ыдысқа осы өткізгіш арқылы ағуы үшін жерге қосылған өткізгіштің шетін май құйғыш арқылы ыдыстың түбіне жеткізу қажет.
      2. Есірткіні төккеннен кейін буландырғышты, шлангтарды және наркоз аппаратының барлық алмалы бөлшектерін жылы сумен шайылады.
      3. Ингаляция наркозының аппараттарын зарасыздандыру және тазартуды (жууды) ведомстволық нормалар талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      4. Операция жасау бөлмелерінде газдарды бір баллоннан екінші баллонға құюға және қысымдағы газдары бар баллонға қосымша газдар мен есірткілерді кіргізуге жол берілмейді. Бұл арнайы жабдықталған үй-жайда үйретілген персоналмен жүргізіледі.
      5. Операциялық және наркоз үй-жайларында ашық отты (спиртовка, газ оттықтары, тұтатылған сіріңкелерді) қолдануға, темекі шегуге және электр жылытқыш құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Баллонның вентилін жылыту үшін жылытқы қолданылады.
      6. Наркоз және операция жасайтын үй-жайларда қолданылатын жабдықтардың ашық беттерінің температурасы 1200C аспайды.
      7. Эндоскопиялық құралдарының шағын шамдарының қатты қызуына жол берілмейді.
      8. Наркоз кезінде бұзылған және ұшқын шашатын электр жабдығын пайдалануға жол берілмейді.
      9. Қауіпті зоналарда қолданылатын барлық электр медициналық жабдық жарылыстан қорғалған түрде орындалған болуы тиіс.
      10. Наркоз кезінде термокаутердің тұтанғыш анестетикасын, диатермия аппаратын, ЭН-57 типті электр хирургиялық аппараттарды және басқа жарылыстан қорғалмаған түрде орындалған рентген аппараттарын, дефибрилляторларды қолдануға жол берілмейді.
      Ескертпе. Фторотан, азоттың шала тотығы, хлороформ және басқа тұтанбайтын қоспаларға көшу жағдайында жоғарыда аталған аппаратураны қолдануға жол беріледі, бұл ретте тұтанғыш дезинфекциялау құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
      11. Операция жасайтын бөлмелердің статикаға қарсы материалдан жасалған едендерін (лас шөгінділерінің негізінде) электр өткізгіш қасиетін жоғалта алатын өткізбейтін пленканың пайда болуын болдырмау үшін үнемі жуып тұру қажет. Еденнің бетін балауызбен немесе лакпен өңдеуге жол берілмейді.
      12. Наркоз аппаратының бөлшектерін (бейөткізгіш) лейкопластырмен жабыстыруға, статикаға қарсы емес резинадан есірткі қоспаларын атмосфераға жою үшін шлангтарды пайдалануға, электр  ткізгіш материалдың бұзылған бөлшектерін бейөткізгіштен жасалған бөлшектерге ауыстыруға жол беріледі.
      Ескертпе: Наркоз аппараттарының барлық бөлшектері электр өткізгіш материалдарынан жасалады: қаптар, шлангтар, маскалар, демалу трубкалары және аппараттың демалу контурының басқа бөлшектері, сондай-ақ доңғалақтардың тысы мен төсемдері электр өткізгіш резинадан, ал өткізгіштер – түсті металлдан немесе электр өткізгіш пластмассадан жасалады.
      13. Наркоз аппаратының барлық бөлшектері арнайы майлаумен майлануы тиіс. Эндотрахиалды трубкалар мен дәке тампондарын тек таза глицеринмен ғана майланады.
      14. Жабдықтың белдік берілістерін еденнен 0,25 метр қауіпті зоналар шегінде (наркоз затының тым жоғары концентрациясында) орналастырылмайды. Белдік берілістер қауіпті зонадан жоғары орнатылған жерлерде белдіктерді үлес қарсылығы 105 Ом/м статикаға қарсы материалдан жасау керек.
      Белдіктерді шайырмен, балауызбен және сыртқы қарсылықты арттыратын басқа да заттармен майлауға жол берілмейді.
      15. Қауіпті зоналарда қолданылатын тоқымалы маталарға тиісті статикаға қарсы заттар сіңдіріледі. Бұндай маталарға жуылғаннан кейін қайтадан статикаға қарсы заттарды сіңдіру керек.
      16. Жабдықтың барлық металл және электр өткізгіш металлды емес бөліктері статикалық электр зарядтарын шығару үшін жерге қосылады.
      Жабдықтың металлды емес бөліктері егер олардың сыртқы және ішкі қабатының жерге қосу шинасына қатысты кез келген жерінің қарсылығы 107 Ом. асқанда электр статикалық түрде жерге қосылған болып саналады. Операцияның алдында наркоз аппаратының резинадан жасалған бөліктерін сумен сулау керек.
      17. Қызмет көрсету персоналының электрленуін болдырмау үшін келесі ережелерді сақтау керек:
      1) Операция жасау бөлмедегі қызмет көрсету персоналының киімі мақта-матадан жасалады, жабық және толық қонымды, тым кептірілген және қатты крахмалданбаған болады. Пайдаланар алдында киім мен аяқ киімді ылғалдығы 80% асқан үй-жайларда ұстау ұсынылады.
      Науқас мақта-матадан тігілген киімде болуы тиіс. Операция жасайтын бөлмеде және басқа жарылыс қауіпті үй-жайларда қозғалғанда қатты электрленетін, адамның денесінде зарядтардың тез жиналуына соғатын жүн, жібек, сондай-ақ нейлон, капрон және басқа да синтетикалық маталардан тігілген киімді киюге жол берілмейді.
      2) Қызмет көрсету персоналының аяқ киімінің табаны былғарыдан немесе электр өткізгіш резинадан жасалған болады, ол аяқ киімнің үстінен мақта-матадан жасалған арнайы операциялық бахилдар киіледі. Операция жасайтын бөлмеде табаны резинадан, пластиктан немесе басқа бейөткізгіштерден жасалған аяқ киімді киюге жол берілмейді.
      3) Операция жасайтын бөлмеде қызмет көрсету персоналының шаштары қалпақпен немесе мақта-мата бас жаулықпен жабылады.
      18. Операция жасайтын бөлменің персоналына білезік, жүзік және басқа да металлды заттарды тағуға жол берілмейді.
      19. Наркоз аппараттарына қызмет көрсету персоналының қолдарында, сондай-ақ науқастың бетінде майдың, помаданың іздері болмау керек.
      20. Операция жасайтын бөлмедегі салыстырмалы ылғалдықты гигрометр немесе психрометр арқылы операция жасар алдында және операция барысында бақыланады. Ауа температурасын бақылау ұсынылады. Операция жасайтын бөлмеде ауаның салыстырмалы ылғалдығы 55% болса, наркоз үшін тез тұтанғыш есірткі қоспаларын немесе анестетиканы қолдануға жол берілмейді.
      21. Тұтану мен жарылыстан кепілді сақтандыру – тез тұтанғыш есірткі заттарын (фторотан, хлороформ, азоттың шала тотығы, центран) қолдану. Тұтанғыш анестетикалармен жұмыс істегенде жарылыстардың алдын алу тұтанудың себептері мен көздерін жоюдан тұрады.
      22. Желдеткіш жүйесінің жұмысқа қабілеттігін бақылау үшін операция кезінде, құрамында есірткі булары болуына ауаның сынамасын алу керек. Сынамаларды операциялық бригаданың мүшелері дем алатын аймақта орналасқан ауданнан алады. Анестетика буларының болуы белгіленген шекті рұқсат етілген деңгейден аспайды.
      23. Ауаны тазартқыш сүзбелерінің жұмысқа қабілеттілігін бақылау үшін аптасына бір реттен кем емес операция жасайтын бөлмеге жеткізілетін ауаның тазалығын, салынды бөлшектердің және бактериялы флораның болуы анықталады. Ауада бактериялы флора пайда болған жағдайда оның себептері жойылғанша операция тоқтатылады.
Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
4-қосымша      
Мұнай өнімімен қамтамасыз ететін негізгі және қосалқы кәсіпорындарға арналған алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажеттілік нормалары



Ғимараттардың, үй-жайлардың және өндірістік учаскелердің атаулары

Қорғалатын аудан

Көмір қышқылды өрт сөндіргіштер

Көбікті өрт сөндіргіштер

ОПХ-10


Ұнтақты өрт сөндіргіштер

Құмы бар жәшік

Көлемі 2 х 1,5м киіз немесе текемет

ОУ-2

ОУ-5 немесе ОУ-8

ОП-5 немесе ОП-10

ОП-100

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Мұнай өнімдерін автоцистерналарға құю алаңы

-

-

-

4

-

-

1

1

Бір жақты, екі жақты темір жол ағызып құю эстакадасы

әрбір 50 метр ұзындығына

-
-

-
-

2
4

1
2

-
-

1
2

1
2

Мұнай өнімдерін айдайтын сорғыш бөлмелер

50 м 2

-

2

2

-

-

1

1

БӨА және А үй-жайлары

50 м 2

-

2

-

-

-

-

-

Мұнай өнімдерін ыдыста сақтау қоймасы

200 м 2

-

-

1

2

-

-

-

Мұнай өнімдерін шағын ыдыста өткізу орындары

-

-

-

1

-

-

1

1

Өзен және теңіз айлақтары

әрбір 50 метрге

-

2

2

2

-

1

1

Құйылмалы мұнай өнімдері

50 м 2

-

-

2

-

-

1

1

Манифольд ғимараттары

50 м 2

2

-

2

-

-

1

1

Айдау станциясының электр қозғалтқыш үй-жайлары

әрбір электр қозғалтқышқа

1

1

-

-

-

-

-

Қалқымалы сорғыш станциялары



-

2

4

-

1

1

1

Ыдыстың ішіндегі мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймалар

100 м 2

-

-

3

2

-

1

1

Зертханалар

50 м 2

1

-

2

-

-

-

-

Газ электр дәнекерлеу үй-жайлары

50 м 2

-

-

1

1

-

1

1

АГТС:
Станция ғимараты
Сорғы-компрессорлық бөлім
Автомашина баллондарын толтыруға арналған колонкалар

Үй-жайға

-
-
-


1
1
-


-
1
1


2
-
1


1
1
-


-
-
-


-
-
-



Регенерациялық қондырғылар

100 м 2

1

-

1

1

-

1

-

Қызметтік-тұрмыстық үй-жайлар

200 м 2

-

-

1

-

-

-

-

Есептеу орталықтары, машина-есептеу станциялары (бюролары), мұрағаттар, кітапханалар, Жобалық-конструкторлық бюро

100 м 2

-

1









1


Көшіргіш-көбейткіш машиналар үй-жайы

100 м 2

-

1

1

-

-

-

-

Материалдық қоймалар

50 м 2

-

-

2

1

-

-

-

Қазандықтар

100 м 2

1

-

2

1

-

-

-

Су сорғыш

әрбір электр қозғалтқышқа

-

1

1

-

-

-

-

Авто гараждар

100 м 2

-

1

2

1

-

1

-

Электр станциялары мен шағын станциялар

100 м 2

2

2

-

1

-

1

-

Құрамында мұнай бар қалдықтардың канализациялық сорғы бөлмесі

50 м 2

1

1

1

-

-

1

-

Биологиялық тазарту станциясы

50 м 2

-

-

1

1

-

1

-

Озонаторлық бөлме

25 м 2

-

-

1

1

-

-

-

Басқа өндірістік үй-жайлар
А және Б санатты В1-В4, Г санатты
Д санатты

200
300
400

-
-
-

-
-
-

2
2
1

2
1
-

-
1
-

1
-
-

1
-
-

      Ескертпе:


      1. Кәсіпорын аумағында әрбір 5000 м2 жинағы бар қалқандар орнатылады: ұнтақты өрт сөндіргіштер – 2, құмы бар жәшіктер – 1, қалың төсем (асбест, киіз) – 1, сүймендер – 2, балталар – 2.
      2. Автоматты стационарлы өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталған үй-жайлар осы қосымшада көрсетілген санның 50% есебінен алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
      3. Бағасы қымбат аппаратура мен жабдықтардың жинақталу орындарында өрт сөндіру құралдарының саны көбейтілуі мүмкін.
      4. Осы қағидада аталмаған қондырғыларды орнату үшін алғашқы өрт сөндіру құралдарын басқа үй-жайлармен (қондырғылармен) ұқсастығы бойынша, олардың өрт қауіптілігі ескеріліп қабылданады.
      5. А, Б, В1-В4 санаттағы кез келген үй-жайдағы өрт сөндіргіштердің саны осы қосымшаға сәйкес қабылданады, бірақ 2-ден кем емес, әкімшілік, қызметтік-тұрмыстық ғимараттарда – бір қабатқа 2-ден кем емес болуы тиіс.
Өрт қауіпсіздігі қағидаларына
5-қосымша        
жүктеу 4,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау