10-бөлім. Сақтау объектілерін ұстау тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1381. Қоймаларда (үй-жайларда) заттар мен материалдар олардың өрт қауіпті физикалық-химиялық қасиеттерін 5-қосымшаға сай (ылғал түскенде, ауамен араласқанда тотығуға, өздігінен қызуға және тұтануға қабілеті), заттар мен материалдарды бірге сақтау бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес өрт сөндіргіш заттардың қосылушылық және бір тектілік белгілерін ескере отырып сақталады.
Қолданылатын өрт сөндіргіш заттардың бір тектілігіне қарамастан, қандай да бір материалдар мен тауарларды бір секцияда каучукпен немесе авто резинамен бірге сақтауға болмайды.
1382. Жанғыш газдары бар баллондар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар сыйымдылықтар (бөтелкелер, үлкен бөтелкелер, басқа да ыдыс), сондай-ақ аэрозоль орамдар күн сәулесі мен басқа жылу әсерінен қорғалуы тиіс.
1383. Көп қабатты қоймаларда аэрозоль орамдарын өртке қарсы бөліктерде тек жоғары қабатта ғана жинауға болады, бөліктегі мұндай орамдардың саны 150000 аспауы қажет.
Қойманың оқшауланған бөлігінде 15000 аспайтын орамды (қорапты) сақтауға болады, ал қойманың жалпы сыйымдылығы 900000 орамнан аспауы қажет. Қойма ғимараттары шатырсыз, тез ашылатын жабынды болуы тиіс.
Жалпы қоймаларда 5000 данадан аспайтын мөлшерде аэрозоль орамдарын сақтауға болады.
1384. Ашық алаңдарда немесе шатырлар астында аэрозоль орамдарын тек жанбайтын контейнерлерде ғана сақтауға болады.
1385. Қойма үй-жайларында материалдарды стеллажсыз тәсілмен сақтау кезінде қатарлап жинау қажет. Қойма үй-жайларының есік ойықтарына қарама-қарсы ені есіктің еніне тең, бірақ 1 метрден кем емес еркін өту жолдары қалдырылады.
Қоймаларда әрбір 6 метр сайын ені кемінде 0,8 метр бойлық өту жолдары салынады.
1386. Қойма үй-жайлары ішіндегі есік құрылымдары оттан қорғау құрамымен өңделеді.
1387. Транзиттік электр кабельдері, газ және өзге де коммуникациялар өтетін үй-жайларда қоймаларды орналастыруға болмайды.
1388. Шамшырақтардан бастап сақталатын тауарларға дейінгі қашықтық кемінде 0,5 метр және жанғыш құрылыс құрылымдарының үстіне дейін 0,2 метр етіп қабылданады.
1389. Тауар-материалдық құндылықтарын сақтауға арналған үй-жайларда тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелерін, тамақ ішу басқа да қосалқы қызмет бөлмелерін орналастыруға болмайды.
1390. Тауартанушылардың, сарапшылардың, қоймашылардың жұмыс орындарын қоршау үшін қойма үй-жайларында орнатылатын шынылы қалқалар өрт туындаған жағдайда адамдар мен тауар-материалдық құндылықтарын эвакуациялауға кедергі келтірмейді.
1391. Қойма үй-жайларында және дебаркадерлерде тиеу-түсіру және көлік құралдарының тұруына және оларды жөндеуге болмайды.
Рампаға (платформаға) түсірілген жүктер мен материалдарды жұмыс күні аяқталғанда алып тасталады.
1392. Қоймалардың ғимараттарында ыдысты ашумен, жарамдылықты тексерумен және ұсақ жөндеумен, өнімді өлшеп ораумен, өрт қауіпті сұйықтықтардың жұмыс қоспаларын (нитро бояуларды, лактарды) дайындаумен байланысты барлық операциялар сақтау орындарынан оқшауланған үй-жайларда жүргізіледі.
1393. Автомобильдер, мотовоздар, автотиегіштер мен автокрандар және жүк көтергіш техниканың өзге де түрлері ірі жем-шөп, талшықты материалдар сақталатын маяларға, қатарларға және шатырларға оларда жарамды ұшқын өшіргіш болған жағдайда кемінде 3 метр қашықтықта жіберілуі қажет.
1394. Қоймалардың электр жабдықтары жұмыс күні аяқталғанда токтан ажыратылады. Қойманы электрмен жабдықтауды ажыратуға арналған аппараттар қойма үй-жайынан тыс, жанбайтын материалдан жасалған қабырғаға немесе бөлек тұрған тірекке орнатылады, шкафқа немесе пломбалауға арналған құрал-саймандары бар текшеге орналастырылып, құлыппен жабылады.
1395. Қоймалардың үй-жайларында кезекшілік жарықтандыруға, сондай-ақ газ плиталарын, электрмен жылыту аспаптарын пайдалануға және штепсель розеткаларды орнатуға болмайды.
1396. Ашық алаңда материалдарды сақтау кезінде бір секцияның (қатардың) ауданы 300 шаршы метрден аспауы қажет, ал қатарлар арасындағы өртке қарсы бөліктер кемінде 6 метр етіп қабылданады.
1397. База мен қоймалардың аумағында орналасқан ғимараттарда персонал мен өзге де тұлғалардың тұруына болмайды.
1398. А, Б және В1- В4 санатты қойма үй-жайларына локомотивтердің өтуіне болмайды.
1399. Цех қоймаларында кәсіпорында белгіленген нормадан тыс мөлшерде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға болмайды.
1400. Түтін жою үшін ойықтары бар терезелері жоқ жертөле және цоколь қабаттардың үй-жайларында, сондай-ақ ғимараттардың жалпы саты торларын осы қабаттармен қосқанда жанғыш ыдыста жанғыш материалдарды немесе жанбайтын материалдарды сақтауға болмайды.
11-бөлім. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың қоймаларын ұстау тәртібі
1-параграф. Резервуарлық парктерді ұстау тәртібі
1401. Мұнай базаларының (қоймалардың), құю және айдау станцияларының аумақтары биіктігі кемінде 2 метр жанбайтын дуалдармен қоршалады.
1402. Резервуарлық парк пен бөлек тұрған резервуарлар аумағына тәуліктің түнгі және қараңғы уақытында шамшырақтармен немесе топырақ үйіп бекітілген жерлерден тыс прожекторлармен жарық беру қажет.
1403. Резервуарлардың топырақ үйіп бекітілген жерлері осы топырақ үйіп бекітілген жердегі ең үлкен резервуардың көлеміне тең көлемді қамтуы және жарамды күйде ұсталуы қажет. Топырақ үйіп бекітілген жердің ішіндегі алаңдарды жоспарлап, құм себу қажет. Механикаландырылған өрт сөндіру құралдары үшін топырақ үйіп бекітілген жер арқылы өту жолдарын салуға кәсіпорын басшылығы рұқсат беруі мүмкін. Бұл ретте топырақ үйіп бекітілетін жердің тұтастығы мен биіктігі, сондай-ақ резервуарлық парктің шекарасымен өту жолдары бұзылмауы қажет.
1404. Толтыруды және деңгейді өлшеуді бақылау мен автоматтандыруға арналған құрылғылардың желілерінен басқа, резервуарлардың топырақ үйіп бекітіліген жері ішінде және тікелей резервуарларда электр жабдығын орнатуға және электр желілерін төсеуге болмайды.
Көрсетілген электр аппаратурасы мен сымдарды Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес жарылыстан қорғалған күйде ғана пайдалануға жол беріледі.
1405. Резервуарлық парктегі құбырлардың коммуникациясы резервуармен авария болған жағдайда мұнайды бір ыдыстан келесісіне қотарып алу мүмкін болатындай болуы қажет.
1406. Жылдың қысқы мезгілінде резервуарлардың төбесінен қарды дер кезінде алу, сондай-ақ резервуарлық парктің аумағына жолдар мен өрт сөндіруге өту жолдарын қардан тазартылады.
1407. Қыздыруға немесе жазғы уақытта ұзақ мерзімді пайдалануға жататын резервуарға мұнай немесе мұнай өнімін толтыру кезінде сұйықтықтың деңгейі (резервуардың шамадан тыс толтырылуын болдырмау үшін) қыздыру кезінде сұйықтықтың кеңеюін ескере отырып белгіленеді. Суық мұнай өнімінің ең жоғарғы деңгейі сыйымдылықтың биіктігінен 95%, ал сұйытылған газдардікі 83% аспауы қажет.
1408. Резервуардың төбесінде төгілген мұнай деңгейін өлшегеннен немесе сынама алғаннан кейін дереу алынады, ал резервуардың қақпағы құрғақ етіп сүртіледі. Төбеде сүртілген материалдар мен қандай да бір заттарды қалдыруға болмайды.
1409. Жарылыс және өрт қауіпті үй-жайлар мен резервуарлық парк аумағында көмірсутектер қосылымын тұрақты бақылау үшін жарық және дыбыс дабылы бар газ талдағыштар орнатылады.
1410. Әрбір резервуар жиналып қалған шөгінділерден жүйелі түрде (кестеге сәйкес) тазалануы тиіс.
1411. Резервуарлардағы мұнайды қыздырғыштардың үстіндегі сұйықтық деңгейі кемінде 50 сантиметр болғанда (белгіленген шектерде) қыздыруға болады.
1412. Резервуарлардағы жабысқақ мұнайды қызмет көрсетуші персонал тұрақты қадағалағанда бу ирек түтіктерімен ғана қыздыруға рұқсат беріледі.
1413. Мұнай өнімдері толтырылған резервуарларда жұмыс тек ұшқынға қауіпсіз аспапты пайдаланып қана жүргізіледі.
1414. Резервуарлық парктегі өнеркәсіптік канализация желісінде кемінде 0,25 тұрақты су деңгейі болатын және арнайы құдықтарда орнатылатын, арқанмен басқарылатын сақпандармен жабдықталған, резервуарлардың топырақ үйіп қоршалған жерінен тыс шығарылған гидравликалық ысырмалары болуы қажет. Сақпандардың қалыпты күйі – жабық.
1415. Жіктерде немесе корпустың негізгі металында немесе түбінде сызаттар пайда болғанда қолданыстағы резервуар дереу босатылып тазартылады.
Мұнай толтырылған резервуарда сызаттарды жою бойынша отты және механикалық жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
1416. Резервуарлық парк пен бөлек тұрған резервуарлардың барлық аумағында көрінетін жерлерде белгіленген өртке қарсы режимді бұзуға жол бермеу туралы жазулар болуы қажет.
1417. Металл резервуарларда күкіртті мұнайларды сақтау кезінде пирофор шөгінділерінен болатын жарылыстар мен өрттердің алдын алу мақсатында «Мұнай өнімдері бар резервуарларды пайдалану кезінде пирофор шөгінділерімен күресу жөніндегі нұсқаулық» талаптарына сәйкес қорғау іс-шаралары жүзеге асырылады.
1418. Статикалық электр зарядтарының түзілуін болдырмау үшін:
1) соғылған кезде ұшқын шығармайтын материалдардан дайындалған және сынама алғыштарға дәнекерленген ток өткізетін кішкене арқандары бар сынама алғыштарды қолдану;
2) статикалық электр зарядтарын жинамайтын маталардан жасалған киімді пайдалану қажет.
1419. Тез тұтанатын мұнай өнімдері сынамаларын оларды ағызу немесе құю кезінде алуға жол берілмейді.
1420. Сынама алу мен деңгейін өлшеуге мұнай өнімдерінің қасиеттерін және олармен жұмыс істеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін жақсы білетін адамдар жіберіледі.
1421. Тек өлшеу құрылғыларының тұрақты жүйелерімен ғана мұнай өнімдерінің деңгейін өлшеу және сынама алу қажет. Ерекше жағдайларда газ кеңістігінің артық қысымы 2,10 Па дейін резервуарларда өлшеу люгі арқылы қолмен деңгейді өлшеуге және сынама алуға болады.
1422. Деңгей өлшеу және резервуарлардан сынама алу үшін қызмет ететін люктер герметикалық қақпақтармен, ал өлшеу тесіктерінде ішкі жағынан ұшқын түзілуін болдырмайтын металл шығырмен жабдықталады.
1423. Шөге бастаған, герметикаланбаған, сондай-ақ крандары, құбырларды қосқыштары, тығыздама толтырғыштары, ысырмалары, өрт сөндіру және салқындату жүйелері ақаулы резервуарларды пайдалануға болмайды.
1424. Күкіртті мұнай өнімдері сақталатын резервуарлар үшін пирофор күкіртті темір шөгінділерінен тазалау бойынша жоспарлы жұмыстардың кестесі әзірленеді.
1425. Пайдаланылатын резервуар парктері аумағындағы ашық отты (дәнекерлеу, кесу) қолданумен байланысты барлық құрылыс және монтаждау жұмыстары кәсіпорынның бас инженерінің жазбаша рұқсаты негізінде ғана жүргізіледі.
1426. Топырақ үйіп бекітілген жерлердің ішінде және топырақ үйіп бекітілген жерде құбырларды төсеу және жөндеу кезінде қазылған орлар осы жұмыстар аяқталғаннан кейін дереу көміледі, ал топырақ үйіп бекітілген жер қалпына келтіріледі. Жұмыста ұзақ мерзімге үзіліс болғанда уақытша топырақ үйіп бекітілетін жер қалпына келтіріледі.
1427. Шөге бастаған, герметикаланбаған, сондай-ақ крандары, құбырларды қосқыштары, тығыздама толтырғыштары, ысырмалары, өрт сөндіру және салқындату жүйелері ақаулы резервуарларды пайдалануға болмайды.
1428. Деңгей өлшеуді және сынама алуды, әдетте, тәуліктің жарық уақытында орындау қажет. Түнгі уақытта сынама алу немесе деңгей өлшеу кезінде жарық беру үшін жарылыс қауіпті аймақтан тыс жерде ғана қосуға және ажыратуға рұқсат берілетін жарылысқа қауіпсіз аккумуляторлық фонарларды ғана қолдану керек, қалта фонарларын пайдалануға жол берілмейді.
1429. Авария кезінде төгілген мұнай өнімін жою үшін, сондай-ақ топырақ үйіп бекітілген жерлерден канализация жолдарда нөсер суын ағызу үшін топырақ үйіліп бекітілген жерлердің шектерінен тыс қолданысқа келтірілетін сақтан клапандар түріндегі ысырма құрылғылар орнатылуы қажет.
1430. Мыналарға:
1) герметикаланбаған жабдық пен тиек арматурасын пайдалануға;
2) жобалық құжаттамада белгіленген топырақпен үйіп бекітілетін жердің биіктігін азайтуға;
3) қисық тұрған және сызаттары бар резервуарларды, сондай-ақ ақаулы жабдықты, бақылау-өлшеу аспаптарын, өнім өткізгіштерді және тұрақты өртке қарсы құрылғыларды пайдалануға;
4) топырақ үйіп бекітілген жерге ағаш, бұта, шөп отырғызуға;
5) жанғыш негізге сыйымдылықтарды орнатуға;
6) резервуарлар мен цистерналарды асыра толтыруға;
7) мұнай мен мұнай өнімдерін ағызу немесе құю кезінде резервуарлардан сынама алуға;
8) найзағай кезінде мұнай мен мұнай өнімдерін ағызуға және құюға болмайды.
1431. Тыныс алу клапандары мен от бөгегіштерді дайындаушы кәсіпорынның техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкес тексеру қажет.
Тыныс алу арматурасын тексеру кезінде клапандар мен торларды мұздан тазарту қажет. Оларды тек өртке қауіпсіз тәсілдермен ғана жылыту керек.
1432. Резервуарлық парктің қоймаларында өрт сөндіргіш заттардың қоры болуы, сондай-ақ ең үлкен резервуарда өрт сөндіру үшін қажетті мөлшерде оларды беру құралдары болуы қажет.
1433. Резервуарлық паркте жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде резервуарлардың топырақ үйіп бекітілген аумағына пайдаланылған газдар шығатын құбырында ұшқын өшіргіштері бар тракторлар мен автомобильдердің ғана өтуіне болады, автокөлік пайдаланылатын немесе қорғалмаған резервуарға 20 метрден артық жақындамауы керек.
Әр жағдайда көліктің өтуіне кәсіпорын немесе объект басшысы белгіленген тәртіппен рұқсат береді.
1434. Резервуарлық парктің жұмыскерлері пайдалану үдерісінде, сондай-ақ ықтимал авария немесе өрт болғанда қажетті ауыстырып қосуды жылдам әрі мүлтіксіз жүргізу үшін құбырлардың орналасу сызбасы мен барлық ысырмалардың мақсатын білуі қажет.
1435. Топырақ үйіп бекітілген жерлердің ішінде және топырақ үйіп бекітілген жерде құбырларды төсеу және жөндеу кезінде қазылған орлар осы жұмыстар аяқталғаннан кейін дереу көміледі, ал топырақ үйіп бекітілген жер қалпына келтіріледі.
1436. Егер жөндеу жұмыстары алдында мұнай құбырын мұнайдан толығымен босату мүмкін болмаса, онда мұнайдың төгілуін болдырмау шаралары қабылданады.
2-параграф. Мұнай өнімдерін ыдыста сақтау тәртібі
1437. Тұтану температурасы 120 0С жоғары сұйықтарды 60 текше метрге дейін мөлшерде едені жанбайтын материалдардан жасалған және беті қалыңдығы кемінде 0,2 метр тегістелген топырақ қабатымен төселген жағдайда жанғыш материалдардан жасалған жер асты қоймаларында сақтауға болады.
1438. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды олардың жалпы саны 200 текше метр тез тұтанатын сұйықтықтардан немесе 1000 текше метр жанғыш сұйықтықтардан аспаған жағдайда ыдыста бір үй-жайда бірге сақтауға болады.
1439. Қойма үй-жайлары басқа үй-жайлардан отқа төзімділік шегі ЕІ-45 кем емес өртке қарсы қалқалармен бөлінеді.
1440. Қоймаларда тез тұтанатын сұйықтықтары мен жанғыш сұйықтықтары бар бөшкелерді қолмен жинау кезінде еденге 2 қатардан аспайтындай етіп, жанғыш сұйықтықтары бар бөшкелерді механикалық жинау кезінде 5 қатардан, ал тез тұтанатын сұйықтықтармен 3 қатардан аспайтын етіп орналастырылады.
Қатардың ені 2 бөшкеден артық етіп орындауға жол берілмейді. Бөшкелерді тасымалдау үшін бөшкелер арасындағы негізгі өту жолдарының енін кемінде 1,8 метр, ал қатарлар арасында кемінде 1 метр қарастырылады.
1441. Сұйықтықтарды тек ақаусыз ыдыста сақтау керек. Төгілген сұйықтық дереу сүртіледі.
1442. Ыдыста мұнай өнімдерін сақтауға арналған ашық алаңдар топырақ білігімен немесе биіктігі кемінде 0,5 метр, алаңға өтуге арналған пандустары бар, жанбайтын тұтас қабырғамен қорғалуы тиіс.
1443. Алаң деңгейі жапсарлас аумақтан 0,2 метр жоғары етіп орналастырылуы және ағынды суды бұру үшін ормен қоршалуы тиіс.
1444. Топырақпен үйіп қоршалған бір алаңның шегінде 4 қатардан аспайтын қатарлар арасындағы бөліктері кемінде 10 метр, ал қатар мен білік (қабырға) арасында кемінде 5 метр, мөлшері 25х15 метр және биіктігі 5,5 метр бөшкелерді орналастыруға болады.
Екі аралас алаңдардың қатарлары арасындағы бөліктер кемінде 20 метр болуы қажет.
1445. Алаңдардың үстінен жанбайтын материалдардан жасалған бастырмаларды орнатуға болады.
1446. Қоймаларда тікелей және топырақпен үйіп қоршалған алаңдарда мұнай өнімдерін құюға, сондай-ақ буып-түю материалдары мен ыдысты сақтауға болмайды.
3-параграф. Газ баллондарын сақтау тәртібі
1447. Жанғыш газдары бар баллондарды сақтауға арналған қоймалар жеңіл ашылатын жабындары бар, бір қабатты, шатырсыз ғимараттарда орналастырылады.
Газы бар баллондар сақталатын үй-жайлардың терезелері ақ бояумен сырланады немесе күннен қорғайтын жанбайтын құрылғылармен жабдықталады.
Баллондарды ашық алаңдарда сақтағанда оларды жауын-шашын мен күн сәулесінің әсерінен қорғайтын бастырмалар жанбайтын материалдардан жасалады.
1448. Баллондарды сақтау орындарының айналасында 10 метр қашықтыққа қандай да бір жанғыш материалдарды сақтауға және отты жұмыстарды жүргізуге болмайды.
1449. Баллондар орналастырылатын шкафтар мен будкалар жанбайтын материалдардан жасалуы және олардың ішінде жарылыс қауіпті қоспалардың түзілуін болдырмайтын табиғи желдеткішпен қамтамасыз етіледі.
1450. Жанғыш газдары бар баллондар оттегі, сығылған ауа, хлор, фтор және басқа да тотықтырғыштары бар баллондардан, сондай-ақ улы газдары бар баллондардан бөлек сақталады.
1451. Сығылған, сұйытылған және ерітілген күйдегі газ қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес баллондарда сақталуы тиіс. Баллондардың сыртқы қабаттары сол газға үшін белгіленген түспен боялады.
1452. Оттегі бар баллондарды сақтау және тасымалдау кезінде майдың түсуіне және баллон арматурасының майлы материалдармен жанасуына жол беруге болмайды.
Баллондарды домалатқанда тиек арматурасын қолмен ұстауға болмайды.
1453. Баллондарды жинау кезінде бір-біріне соғылуына, қақпақтар мен баллондардың жерге құлауына жол беруге болмайды.
1454. Газдар сақталатын үй-жайларда жарылыс қауіпті қосылымдарға дейін жарамды газ талдағыштармен жабдықталады. Газ талдағыштар болмаған жағдайда объектінің басшысы сынама алу және бақылау тәртібін белгілейді.
1455. Баллондардан газдың шығуы анықталғанда оларды қоймадан қауіпсіз орынға шығарылады.
1456. Жанғыш газдары бар баллондар сақталатын қоймаға табанында металл шеге немесе таға қағылған аяқ киім киген тұлғаларға кіруге болмайды.
1457. Тежегіштері бар жанғыш газ баллондары тігінен, олардың құлап қалуын болдырмайтын арнайы ұяшықтарда, торларда немесе басқа да құрылғыларда сақталады.
Тежегіштері жоқ баллондар көлденеңінен рамаларда немесе стеллаждарда сақталады. Қатардың биіктігі бұл жағдайда 1,5 метрден аспайтындай етіп қабылдануы, ал клапандар сақтандыру қалпақтарымен жабылады және бір жағына қарай бұрылады.
1458. Қоймаларда қандай да бір басқа заттарды, материалдар мен жабдықты сақтауға болмайды.
1459. Жанғыш газдары бар қоймалардың үй-жайлары табиғи желдеткішпен қамтамасыз етіледі.
3-тарау. Ауылшаруашылық өнімін сақтау тәртібі
1-параграф. Ірі жемшөптерді сақтау тәртібі
1460. Ірі жемшөп қорын ферма ғимараттарынан тұйық, жанбайтын қабырғалармен (қалқалармен) және отқа төзімділік шегі кемінде ЕІ-45 жабындармен бөлінген қосымша (жапсарлас салынған) құрылыстарда сақтауға болады.
1461. Қосымша құрылыстар (жапсарлас салынған) тек сыртқа қарай шығу жолымен жабдықталады.
1462. Шөп жинау орны топырақ білігімен және сым қоршаумен қоршалуы керек. Таразыны шөп жинау орнынан тыс орналастыру қажет.
Ірі жемшөптердің кебендері (маялары), бастырмалары мен қатарлары электр беру желілеріне дейін кемінде 15 метр, жолдарға дейін кемінде 20 метр және ғимараттар мен құрылыстарға дейін кемінде 50 метр қашықтықта орналастырылады.
1463. Шөп қоймалары қоршауларынан бастап жақын орналасқан орман алқаптарына дейінгі қашықтық кемінде 20 метр етіп орындалады, ені кемінде 4 метр жолақ периметрі бойымен жыртылады.
1464. Өндірістік-шаруашылық кешеннің аумағындағы ірі жемшөп қоймаларын арнайы бөлінген алаңда орналастырылады. Кебендерді (маяларды), сондай-ақ кебен (мая) жұптарын немесе қатарларды орналастыруға арналған алаңдарды ені кемінде 4 метр жолақтың периметрімен жыртылады. Жолақтың шетінен бастап алаңда орналасқан кебенге (маяға) дейінгі қашықтық кемінде 15 метр, ал бөлек тұрған кебенге (маяға) дейін кемінде 5 метр болуы қажет.
1465. Бір кебен (мая) орналасқан ауданның 150 шаршы метрден, ал престелген шөп (сабан) қатарының 500 шаршы метрден асуына жол берілмейді.
1466. Жекеленген қатарлар, бастырмалар мен кебендер (маялар) арасындағы өртке қарсы бөліктер кемінде 20 метр болуы қажет. Қатарларды, бастырмаларды мен кебендерді (маяларды) жұптап орналастырғанда қатарлар мен бастырмалар арасындағы қашықтықты кемінде 6 метр, ал олардың жұптарының арасы кемінде 30 метр етіп қабылданады.
1467. Кварталдар арасындағы өртке қарсы бөліктер (бір кварталда 20 кебен немесе қатар орналастыруға болады) кемінде 100 метр болуы қажет.
1468. Ылғалдылығы жоғары шөптерді конус маяға (шөмелеге) аралары кемінде 20 метр бөліп жиналады. Өздігінен жануға бейім ылғалдылығы жоғары шөп маяларында дюймді қималы металл құбырларға салынатын және әр түрлі тереңдікте маяға орналастырылатын кәдімгі сынап термометрлерінің көмегімен температураны тұрақты бақылау жүзеге асырылады.
Температура 600С астам жоғарылағанда жанған шөп қазып алынады.
1469. Жемшөп қоймаларында жұмыс істейтін тракторлар мен автомобильдер ұшқын өшіргіштермен жабдықталады, ал автомобильдерде сөндіргіш бампердің астынан алдына қарай шығып тұруы қажет. Ұшқын өшіргіштерімен жабдықталмаған тракторлар мен автомобильдер қоймаға жұмыс істеуге жіберілмейді. Қоймаға кірер алдында жүргізушілер ұшқын өшіргіштің жарамдылығы және нығыз бекітілуі тексеріледі.
1470. Шығыңқы құбырлармен, коллекторлармен немесе ажыратқыштармен, сүйретпе тракторлармен мен түсіру жұмыстарымен айналысып жатқан автомобильдермен тікелей жанасуынан жемшөптің тұтануын болдырмау үшін маяларға 3 метр жақын барады.
1471. Жемшөпті тиеу кезінде автомобиль шанағына тікелей оның қозғалтқышы сөндіріледі. Қоймадан шығуға автомобильдің тұрған орнын тексергеннен және өткізу құбырына жақын шөпті (сабанды) жинағаннан кейін ғана рұқсат беріледі.
1472. Ірі жемшөп қоймаларында өрт шыққан жағдайда кемінде 50 текше метр су қоры болуы тиіс.
2-параграф. Астық сақтау тәртібі
1473. Егін жинау басталмас бұрын астық қоймалары мен астық кептіргіштердің пайдалануға жарамдылығы тексеріледі. Анықталған ақаулықтар астық кептіру мен қабылдау басталғанға дейін жойылады.
1474. Астық қоймаларын оқшау тұрған ғимараттарда орналастырылады. Оларға кіретін қақпалар сыртқа қарай ашылатындай етіп орындалады және үймеленбейді.
1475. Астықты үйіп сақтағанда үйменің төбесінен бастап жабынның жанғыш құрылымдарына дейінгі, сондай-ақ шамшырақтар мен электр өткізгіштерге дейінгі қашықтық кемінде 0,5 метр етіп орындалады.
Ойықтар арқылы астық тасымалдау орындарында өртке қарсы қалқаларда от бөгегіш құрылғылар орнатылады.
1476. Мыналарға:
1) басқа материалдар мен жабдықты астықпен бірге сақтауға;
2) қойма үй-жайлары ішінде қолданылатын астық тазалау және іштен жану қозғалтқыштары бар басқа да машиналарды қолдануға;
3) қойманың екі жағынан қақпалары жабық болғанда жылжымалы тетіктермен жұмыс істеуге;
4) қатты отынмен жұмыс істейтін кептіргіштерді тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың көмегімен, ал сұйық отынмен жұмыс істейтіндерді алаудың көмегімен жағуға;
5) температураны бақылау аспаптар мен оттықтағы алау сөнгенде отын беруді ажырату автоматикасы, электрмен тұтандыру жүйесі ақаулы немесе оларсыз кептіргіштерде жұмыс істеуге;
6) астықты транспортер лентасының деңгейінен биік етіп үюге және лентаның транспортер құрылымына үйкелуіне жол беруге болмайды.
1477. Кептіргіш жұмыс істеп тұрғанда астық температурасын бақылауды кемінде әрбір 2 сағат сайын сынама алу арқылы жүзеге асырған.
Кептіргіштің тиеу-түсіру тетіктерін тозаң мен астықтан тазарту оның жұмысынан бір тәуліктен кейін жүргізіледі.
1478. Жылжымалы кептіру агрегаты астық қоймасы ғимаратынан кемінде 10 метр қашықтықта орнатылады.
Кептіргіштердің оттықтарын орнату кезінде ұшқын шығуды болдырмайды. Түтін құбырлар ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады, олардың жанғыш құрылымдар арқылы өту орындарында өртке қарсы бөліктер орнатылады.
1479. Астық қоймаларында астықты желдеткенде желдеткіштер жанғыш қабырғалардан кемінде 2,5 метр қашықтықта орнатылуы тиіс. Ауа өткізгіштер жанбайтын материалдардан жасалады.
1480. Кептіргіштердегі мойынтіректер мен тетіктердің басқа да үйкелетін бөлшектерін пайдалану нұсқаулығына сәйкес жүйелі түрде майланады.
1481. Астық кептіргіш жұмыс істеп тұрған кезде оған қызмет көрсетуші тұлғалар кептіру ғимаратында тапжылмай болуы және оның жұмысын бақылау жүзеге асырылады.
1482. Механикаландырылған астық қоймаларында:
1) төменгі тасымалдау галереясы жанбайтын материалдардан жасалуы және тиімді желдеткішпен қамтамасыз етіледі;
2) төменгі тасымалдау галереясынан сыртқа шығу жолдарының саны екінші галереяның басында және соңында орналасқан терезеден кемінде екеу етіп қарастырылады. Бірнеше секциялы қоймаларда төменгі тасымалдау галереясынан сыртқа шығу жолдары бір-бірінен 60 метрден аспайтын етіп орналастырылады;
3) отқа төзімділігі ІІІ және IV дәрежелі қоймаларда жоғарғы конвейерлік галереялар (алаңдар) жанғыш материалдардан дайындалуы мүмкін, ал отқа төзімділігі І және ІІ дәрежелі ғимараттарда тек қана жанбайтын материалдардан дайындалады;
4) галереяның өту жолдарындағы ені кемінде 0,7 метр етіп жасалады.
1483. Бұғатталған механикаландырылған астық қоймаларында:
1) қоймалар, ғимараттар арасындағы жанғыш қосқыш галереяларда жанбайтын материалдарды қолдана отырып, 6 метрлік өртке қарсы аймақтарды орнатуды көздеу қажет;
2) төменгі және жоғарғы галереялардағы, өртке қарсы қабырғалар арқылы ленталар өтетін орындарда транспортерлердің тұғырлары ұзындығы кемінде 6 метрлік жанбайтын материалдардан қарастырылуы қажет;
3) тасымалдау лентасының өтуіне арналған өртке қарсы қабырғадағы ойықтың өлшемі ені мен биіктігі бойынша ең қысқа және астық лентасының еркін өтуі үшін қажетті жолдан үлкен емес болуы қажет.
Ойық оны автоматты түрде жабатын өртке қарсы құрылғымен жабдықталуы қажет;
4) төменгі және жоғарғы галереяларда қызмет көрсетуші персоналдың өтуі үшін өртке қарсы қабырғаларда отқа төзімділік шегі кемінде ЕІ-60, сәл жабылатын жерлері тығыздалған өртке қарсы өздігінен жабылатын есіктері бар ойықтарды орнатуға болады.
1484. Қолда бар астық қоймаларында тұрақты механизацияны орнату кезінде:
1) норий мұнаралары немесе кептіру-тазалау мұнараларының құрылғысы жобалық құжаттамаға сәйкес болуы қажет;
2) норий және өздігінен ағатын құбырлар, норий бастиектері мен башмактары бақылау люктерінде дәл сондай қақпақтары бар жанбайтын материалдардан жасалуы қажет.
1485. Өндірістік және қойма үй-жайларының ішінде іштен жану қозғалтқыштары бар машиналар мен жабдықты пайдалануға үзілді-кесілді жол берілмейді.
1486. Астық сақтау үшін ауданы 1200 м2 дейін жанбайтын материалдардан жасалған, бөлек тұрған шатырларды салуға болады.
1487. Астық тұқымының әр түрлі сұрыптарының кішігірім париясын қоймада сақтау кезінде осы мақсат үшін бұл жағдайда тұтас қойманың бойымен ортасына ені кемінде 1,5 метр бір өту жолын және қойманың қарама-қарсы қабырғаларында орналасқан қақпаларға қарсы, ені қақпалардағы ойықтардың еніне тең тура жүретін екі өту жолын орната отырып, бөлек ларь салуға болады.
1488. Астық жекелеген партияларын бөлу үшін стандартты ағаштан жасалған бидай қалқандарын қолдануға болады.
1489. Жапсарлас бункерлер мен қойма қабырғалары арасында өту жолдары болған жағдайда олардың ені кемінде 0,7 метр етіп қабылдануы тиіс.
1490. Барлық ғимараттар мен үй-жайларда ашық қыздыру элементтері бар электрмен қыздыру аспаптарын, ал жарылыс, өрт қауіпті үй-жайларда электрмен қыздыру аспаптарын пайдалануға мүлде жол берілмейді.
1491. Өнімді қаптарда, пакеттерде, қораптарда сақтауға арналған қоймаларда қатарлардың биіктігін қаптардың жоғарғы қатары мен жабынның шығыңқы бөліктері немесе жамылғы, сондай-ақ электр желілері, шамшырақтар арасында кемінде 1 метр саңылау қалдыра отырып, тиісті биіктікке электрлік тиегішпен кедергісіз төсеуді ескере отырып, қабылдау қажет. Ыдыстағы өнім тұғырларда немесе стеллаждарда сақталуы қажет.
1492. Нан пісіру және макорон кәсіпорындарында ұнды қаппен жинау кезінде өту жолдары мен өткелдердің ені:
1) қатарлар арасындағы өту жолдары, кемінде 12 м сайын – 0,8 метр;
2) қатарлардан бастап қабырғаларға дейінгі қашықтық – 0,7 метр;
3) электрлік тиегіштер үшін өткелдер – 3,0 метр;
4) көтергіш платформасы бар арбалар үшін өткелдер – 2,0 метр кем емес қабылдануы тиіс.
1493. Астық өнімдері саласының қалған кәсіпорындарының ыдыста өнім сақтауға арналған қойма ішінде:
1) қойманың ортасында, бойлай, ені тетіктердің жұмысын қамтамасыз ететін, бірақ 1,25 метр кем емес – бір;
2) қойма қақпасына қарсы, тура жүретін, ені қақпалардың енінен кем емес екі көлденең;
3) қатарлар мен қойма қабырғасы арасында – ені 0,7 метр кем емес өту жолы болуы қажет.
1494. Астық қабылдау және астық өңдеу кәсіпорындарында ыдыста өнім сақтауға арналған қойманың әрбір жағынан тура жүретін өту жолдары бар екі қақпа қарастырылады. Қақпалар қойма тура жүретін өту жолдарымен қақпаларға қарсы өнім жиналуы мүмкін әр түрлі үш бөлікке бөлінетіндей етіп орналастырылады.
1495. Жылу беру аспаптарының беті тегіс болады және оларды тозаңнан жүйелі түрде тазалау мүмкіндігін қамтамасыз ететін биіктікте орналастырылады.
1496. Жылу беру аспаптарына еркін қол жеткізіледі. Жылу беру аспаптарын бөгде заттармен немесе материалдармен жабуға жол берілмейді.
1497. Кеңейту ыдыстарын орнатуға арналған шатырлардағы кабиналар жанбайтын немесе жануы қиын материалдардан жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |