Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1682 Қаулысы «Өрт қayiпciздiгi туралы»


-тарау. Жылжымалы автожанармай құю станцияларын пайдалану тәртібі



жүктеу 4,92 Mb.
бет16/22
Дата20.05.2018
өлшемі4,92 Mb.
#14475
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

6-тарау. Жылжымалы автожанармай құю станцияларын пайдалану тәртібі
      1589. Жылжымалы автожанармай құю станциялары арнайы бөлінген алаңдарға орнатылады.
      1590. Арнайы бөлінген алаңдағы жылжымалы автожанармай құю станцияларын пайдалануды бастамас бұрын:
      1) бақылау-өлшеу аспаптары арқылы және көзбен станциялардың герметикалығы тексеріледі;
      2) автожанармай құю станцияларының жерге қосатын өткізгіші алаңның жерге қосу құрылғысына қосылады;
      3) көлік құралының отын багының астына қою үшін тұғырлар дайындалады;
      4) көлік құралдарының автожанармай құю станцияларына өтуін шектейтін кемінде 1 метр тосқауылдар орнатылады;
      5) ескерту белгілері мен ақпарат қалқаны орнатылады.
7-тарау. Электр жабдығын пайдалану тәртібі
      1591. Автожанармай құю станцияларына қызмет көрсетуді осындай жұмыс түрін жүргізуге лицензиясы бар мамандандырылған ұйым жүргізеді.
      1592. Электр желілері мен электр жабдығындағы барлық ақаулықтар дереу қалпына келтіріледі. Электр желілері мен электр жабдығының ақаулы учаскелері олар өртке қауіпсіз күйге келтірілгенге дейін ажыратылады.
      1593. Электр жабдығының беті, электр шамшырақтары, электр сымдары, кабель желілері мен бөлу құрылғылары кірден, тозаңнан және мұнай өнімдерінен жүйелі түрде тазартылады.
      1594. Электр жабдығы электр қондырғыларын орнату ережесі бойынша жарылыс қауіпті аймақтың сыныбына сәйкес таңдап алынады. Дайындаушы зауыттың жарылыстан қорғау таңбалауы жоқ электр жабдығы жарылыс қауіпті аймақта пайдалануға жіберілмейді.
      1595. Жарылыс және өрт қауіпті аймақтарда:
      1) қорғағыш жерге қосқыш (нөлдік сымға қосу) болмаған немесе ақаулы болған, бұғаттау құрылғылары жарамсыз, корпустың (қабықтың) бүтіндігі бұзылған жағдайда қондырғыларға электр кернеуін беруге;
      2) ток өткізетін бөліктерде кернеу болғанда электр қондырғысының корпусын ашуға;
      3) электр жабдығы автоматты түрде ажыратылғаннан кейін ажырау себебін анықтамастан, оны қосуға;
      4) қысқа тұйықталу және асқын жүктеме тогынан қорғалмаған электр қондырғыларын қосуға болмайды.
      1596. Жөндеу және регламенттік жұмыстар үшін қолданылатын жылжымалы және тасымал электр қабылдағыштар үшін иілгіш кабельдер мен механикалық әсерге және мұнай өнімдеріне төзімді, қабығында мыстан желісі бар сымдар қолданылады.
      1597. Жарылыс қауiптi аймақтары бар үй-жайларды, ашық технологиялық алаңдарды, аппаратура мен өзге де технологиялық жабдықты уақытша жарықтандыру үшін жарылыстан қорғалған аккумулятор фонарлары қолданылады.
      Бұл ретте, жарамды және электр қондырғыларын орнату ережесінің талаптарына сәйкес келетін тасымал шамшырақтар қолданылады.
      1598. Жылжымалы аккумулятор фонарлары жарылыс қауіпті аймақтан тыс іске қосылады және ажыратылады.
      1599. Жұмыстан тыс уақытта қауіпсіздік жүйесінің электр жабдығынан басқа, барлық электр жабдығы токтан ажыратылады.
      Ажырататын электр аппаратурасына бөгде адамдардың өтуіне болмайды.
      1600. Шамдар мен қоректендіру көздерін шамшырақтар мен фонарлардың жарылыстан қорғағышының қалпына келтірілгенін ескере отырып жүргізіледі.
      1601. Кабельдер мен сымдардың қысқа тұйықталуына, ұшқындауына, оқшаулағыштарының шамадан тыс қызуына, автоматты басқару және қорғау жүйелерінің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін электр желілері мен электр аппаратураларындағы барлық ақаулықтар дереу қалпына келтіріледі.
      1602. Найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру және жөндеу әзірленген регламентке сәйкес жүргізіледі.
      Найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру, сынау, сондай-ақ регламенттік және жөндеу жұмыстарын жүргізу нәтижелері арнайы журналға жазылады.
8-тарау. Байланыс және өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау тәртібі
      1603. Автожанармай құю станциялары өрт туындаған жағдайда өртке қарсы қызметті дереу шақыру үшін телефонмен немесе радио байланысымен, сондай-ақ дауыс зорайтқыш байланыс жүйесімен жарақталады.
      1604. Автожанармай құю станциясының өндірістік және қоғамдық үй-жайлары өрт сөндіргіш қабілетіне, алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажетті санын анықтау талаптарына және IV топтағы объектілер мен көлік құралдары үшін «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 17-қосымшаына сәйкес өрттің ауданы мен сыныбына байланысты өрт сөндіргіштермен қамтамасыз етіледі.
      1605. Резервуарлардың электр пульттері мен жануын сөндіру үшін көмірқышқыл немесе ұнтақты қол өрт сөндіргіштері қарастырылады.
      1606. Жылжымалы автожанармай құю станцияларын сыйымдылығы 10 литр бір ауа-көбікті өрт сөндіргішпен және сыйымдылығы 5 литр бір ұнтақты өрт сөндіргішпен жарақталады.
      1607. Өрт сөндіргіштерді орналастыру орындары тиісті сілтеме белгілермен белгіленеді.
12-бөлім. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу тәртібі
1-тарау. Құрылыстың, ғимараттар мен үй-жайлардың аумақтарын ұстау тәртібі
      1608. Құрылыс алаңында құрылыс жұмыстары басталғанға дейін өртке қарсы алаңдардағы барлық құрылымдар мен құрылыстар бұзылып алынады.
      1609. Жанатын жылытқышы бар металл немесе асбест-цемент табақтардан жасалған қорғалмаған көтергіш және қоршау құрылымдарымен ғимараттарды салу кезінде жұмыс істеу жобасында құрылыстың барлық кезеңіне өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар қарастырылады.
      1610. Құрылыс аумағында өндірістік, қойма және қосалқы ғимараттар мен құрылыстар белгіленген тәртіппен бекітілген құрылысты ұйымдастыру жобасының құрамында әзірленген бас жоспарға сәйкес орналастырылады.
      1611. Ауданы 5 гектар және одан астам құрылыс аумағында алаңның қарама-қарсы жағынан кіретін кемінде екі кіру жолы қарастырылады. Жолдар жылдың кез келген мезгілінде өрт сөндіру автомашиналарының өтуі үшін жарамды жабынмен қамтамасыз етіледі. Кіру жолына арналған қақпаның ені кемінде 4 метр етіп қарастырылады.
      Құрылыс алаңына кіру жолының қасына салынып жатқан және қосалқы ғимараттар мен құрылыстар, өту жолдары, кіреберістер, су көздері, өрт сөндіру және байланыс құралдары көрсетілген жоспарлар қойылады (ілінеді).
      1612. Барлық салынып жатқан және пайдаланудағы (оның ішінде уақытша) ғимараттарға, құрылыс материалдарын, құрылымдар мен жабдықты ашық сақтау орындарына еркін қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
      Салынып жатқан ғимараттарға кіреберістер мен жолдар салу негізгі құрылыс жұмыстары басталғанға дейін аяқталады. Ғимараттардың бойымен ені 18 метрден астам өту жолдары екі жағынан бойлай, ал ені 100 метрден астам – ғимараттың барлық жағынан болады. Өту жолының шетінен бастап ғимараттардың, құрылыстар мен алаңдардың қабырғаларына дейінгі қашықтық 25 метрден аспайды.
      1613. Ғимараттар мен өрт сөндіретін су көздеріне өту жолдары мен кіреберістер, сондай-ақ өрт құрал-сайманы мен жабдығына қол жеткізу әрқашан бос ұсталады. Ғимараттар арасындағы өртке қарсы бөліктерді материалдар, жабдық, буып-түю ыдыстарын жинауға және автомобиль тұрағы үшін пайдалануға болмайды.
      Теміржол арқылы өтетін барлық жолдар, өткелдер мен кіреберістер жарамды күйде ұсталады және өрт сөндіру автомобилдерінің кедергісіз өтуі қамтамасыз етіледі.
      Жолдар арқылы құбырлар немесе кабелдерді төсеу кезінде өткелдер, көпірлер немесе уақытша айналма жолдар орнатылады. Жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе жолдардың, өткелдердің уақытша жабылуы туралы бас мердігер жақын маңдағы өрт сөндіру бөліміне дереу хабарлайды.
      1614. Жанғыш материалдардың ашық алаңдары, сондай-ақ жанғыш материалдардан жасалған өндірістік, қойма және қосалқы құрылымдар орналасқан алаң құрғақ шөптен, қурайдан, қабықтар мен жоңқалардан тазаланады.
      1615. Ашық алаңдарда жанғыш құрылыс материалдары (ағаш кесу материалдары, толь, рубероид) жанғыш материалдардан жасалған бұйымдар мен құрылымдарды, сондай-ақ жанғыш орамда жабдық пен жүктерді сақтау кезінде 100 м2 аспайын алаңда қатарлап немесе тобымен орналастырылады. Қатарлар (топтар) арасындағы және олардан бастап салынып жатқан немесе қосалқы ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі бөліктер кемінде 24 метр етіп қабылданады.
      1616. Жеке блок контейнерлер мен тұрмыстық вагоншаларды топтағы саны 10-нан аспайтындай етіп тобымен орналастыруға болады. Осы құрылыстардың топтары арасындағы және олардан бастап басқа құрылымдарға дейінгі қашықтық кемінде 18 метр етіп қабылданады.
      Уақытша құрылыстарды салынып жатқан және өзге де ғимараттардан бастап кемінде 18 метр қашықтықта немесе тұйық өртке қарсы қабырғалардың қасында орналастырылады.
      1617. Салынып жатқан ғимараттарда осы бөлімнің талаптарын орындаған жағдайда уақытша шеберханалар мен қоймаларды (жанғыш заттар мен материалдардың қоймаларынан, қымбат тұратын және құнды жабдық, сондай-ақ жанғыш орамдағы жабдық қоймаларынан, өндірістік үй-жайлар мен жанғыш материалдарды өңдеумен байланысты жабдықтан басқа) орналастыруға рұқсат беріледі.
      Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайларды І типті тұйық өртке қарсы қалқалармен және 3 типті далдалармен бөлінген ғимараттардың бөліктерінде орналастыруға болады.
      Қорғалмаған көтергіш металл құрылымдар мен жанғыш полимер жылытқыштары бар панелдерден жаңадан салынып жатқан ғимараттарда уақытша қоймаларды (зат қоятын бөлмелерді), шеберханалар мен әкімшілік-тұрмыстық үй-жайларды орналастыруға болмайды.
      1618. Құрылыс алаңында, жаңадан салынып жатқан және уақытша тұрмыстық ғимараттарда адамдардың тұруына болмайды.
      1619. Ауданы 300 шаршы метр және одан астам асханалар дыбыстық және жарық сигналын құрылыстың қасбетіне немесе тікелей қорғалатын үй-жайға (автономды өрт хабарлағыштары) шығару арқылы автоматты өрт дабылымен жабдықталады.
      1620. Сөндірілмеген әк жабулы жеке тұрған қойма үй-жайларында сақталады. Бұл үй-жайлардың едені жердің деңгейінен кемінде 0,2 метр биік етіп көтеріледі. Сөндірілмеген әкті сақтау кезінде оған ылғалдың өтуіне жол берілмейді.
      Әк сөндіруге арналған шұңқырлар оны сақтау қоймасынан кемінде 5 метр және басқа да ғимараттардан, құрылыстардан және қоймалардан кемінде 15 метр қашықтықта орналастырылады.
      1621. Объектілерді қайта жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, күрделі жөндеу және кезекпен пайдалануға беру кезінде  алынып жатқан бөлігін қолданыстағы бөлігінен 1 типті уақытша өртке қарсы қалқалармен және 3 типті далдалармен бөледі. Бұл ретте адамдарды ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерінен қауіпсіз эвакуациялау шарттарының бұзылуына жол берілмейді.
      1622. Салынып жатқан ғимараттар, уақытша құрылыстар, сондай-ақ қосалқы үй-жайлар салынып жатқан және қайта жаңартылып жатқан ғимараттар, құрылыстар мен қосалқы үй-жайлар үшін алғашқы өрт сөндіру құралдары нормасына сәйкес алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі (8-қосымша).
      1623. Ішкі өртке қарсы су құбыры мен жобада көзделген автоматты өрт сөндіру жүйелері объектіні тұрғызумен қатар монтаждалады.
      Өртке қарсы су құбыры өңдеу жұмыстарын бастағанда, ал автоматты өрт сөндіру жүйелері мен дабылы жүйелері іске қосу, реттеу жұмыстарын (кабель құрылыстарында – кабель төсегенге дейін) жүргізгенде қолданысқа енгізіледі.
      1624. Жобада көзделген өрт сөндіру депосы құрылыстың бірінші кезегінде тұрғызылады. Депо ғимаратын басқа қажеттілікке пайдалануға болмайды.
      1625. Негізгі құрылыстар мен құрылыс базасын салуды бастағанға дейін өртке қарсы қызметті немесе ерікті өртке қарсы құралымдар мен өрт техникасын орналастыру үшін арнайы жылытылған үй-жайлар қарастырылады.
2-тарау. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу тәртібі
      1626. Биіктігі 3 қабат және одан астам ғимараттарды салу кезінде сатылар саты торларын орнатумен қатар монтаждалады.
      1627. Саты торларда ағаш басқыштар екі қабаттан аспайтын ғимараттарда ғана қолданылады.
      1628. Құрылыс кезінде жанғыш материалдармен зақымданудан қорғау үшін жанбайтын сатылар жабылады.
      1629. Жобада қарастырылған сыртқы өрт сатылары, тіреушелер, жең жалғау құбырлары мен салынып жатқан ғимараттардың жабындарындағы қоршаулар көтергіш құрылымдарды монтаждағаннан кейін бірден орнатылады. Ғимараттар мен құрылыстарды салу кезінде ағаштар мен көпіршелерді салу эвакуациялау жолдарына қойылатын осы Қағиданың ережелеріне, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      1630. Ғимараттарды үш қабат және одан астам етіп салу кезінде құрал-саймандық металл ағаштар қолданылады.
      Құрылыстың құрылыс ағаштары олардың периметрінің әрбір 40 метр бір сатымен немесе басқышпен, бірақ барлық ғимаратқа кемінде екі сатымен (басқышпен) жабдықталады.
      Ағаш құрылымдарын жанғыш материалдармен жабуға (жылытуға) болмайды.
      1631. Адамдарды биік ғимараттар мен құрылыстардан (түтін құбырларынан, мұнара градирнялардан, бөгеттерден, сүрлем үй-жайлардан) эвакуациялау үшін құрылыстың барлық кезеңіне жанбайтын материалдардан жасалған кемінде екі саты салынады.
      1632. Жанғыш материалдардан жасалған қалыпты бір мезгілде үш қабаттан аспайтындай етіп жасалады. Бетонның қажетті төзімділігіне қол жеткізгеннен кейін ағаш қалыптар мен тақтайлар ғимараттан шығарылады.
      1633. Ғимараттар мен құрылыстардың ішінде жанғыш заттар мен материалдарды ашық отты пайдаланумен байланысты басқа да құрылыс-монтаждау жұмыстарымен қатар орындауға болмайды.
      1634. Металл құрылымдардың отқа төзімділік шегін арттыру мақсатында оларды қорғау жұмыстары ғимаратты тұрғызумен қатар жүргізіледі.
      1635. Ғимараттарда жанғыш материалдар болған жағдайда ойықтар арқылы қабырғалар мен далдаларға (ішкі және сыртқы қабырғалардың және қабат аралық далдалардың жапсарларын герметизациялау, қажетті отқа төзімділік шектерін қамтамасыз ете отырып, инженерлік коммуникациялар өтетін орындарда тығыздау) өрттің таралуын болдырмау шаралары қабылданады.
      1636. Жанғыш жылытқыштары бар құрылымдарды монтаждаумен немесе жанғыш жылытқыштарды қолданумен байланысты жұмыстар жұмысты орындаушыларға берілетін және құрылыстың өрт қауіпсіздігі үшін жауапты тұлға қол қойған рұқсат бойынша жүргізіледі.
      Жұмыс жүргізу орындарында «Отқа қауіпті – тез тұтанатын жылытқыш» аншлагтар ілінеді.
      1637. Жабынға жанатын жылытқышты төсеу және гидро оқшаулағыш кілемді орнату, тартқышты цемент-құм ерітіндісінен жасау, қорғайтын қиыршық тас қабатын төсеу, қоршау құрылымдарын монтаждау жанғыш жылытқыштарды қолдана отырып, ауданы 500 м 2 аспайтын учаскелермен және жануы қиын жылытқыштармен 1000 м 2 аспайтындай етіп жүргізіледі.
      1638. Жанатын жылытқыштарды темір бетон плиталары бойымен пайдалану кезінде кемінде 30 миллиметр өндірістік ғимараттардың жабындарында тартқышты цемент-құм ерітіндісінен жасалады, темір бетон плиталары арасындағы жапсарлар мұқият қаланады.
      1639. Жұмыс жүргізу орындарында жанғыш жылытқыштар мен жабынды рулон материалдары санының ауысым қажеттілігінен артуына жол берілмейді.
      1640. Ауданы үлкен ғимараттардың жабындарында жанатын жылытқыш ұзындығы бойымен 50 метр сайын (корпус 80 метр және одан артық созылып жатқанда) ені кемінде 6 метр, керамзит қиыршық тасынан немесе басқа да жанбайтын материалдардан жасалған өртке қарсы белбеулермен бөлінеді.
      1641. Жанатын жылытқыш салынып жатқан ғимараттан тыс, бөлек тұрған құрылыста немесе арнайы алаңда салынып жатқан және уақытша ғимараттардан, құрылыстар мен қоймалардан кемінде 18 метр қашықтықта сақталады.
      Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін пайдаланылмаған жанатын жылытқышты, осындай жылытқыштары бар жөнделмеген панелдер мен жабынды рулон материалдарын ғимараттардың ішінде немесе жабындарында, сондай-ақ өртке қарсы бөліктерде қалдыруға болмайды.
      1642. Тоңазытқыш ғимараттар мен осыған ұқсас құрылыстарда құрылыс-монтаждау жұмыстарын өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, бөліктер бойынша жүйелі түрде жүргізіледі.
      1643. Бөлікте жылу оқшаулағышты орнатқаннан кейін оның қалдықтары жиналады және дереу оттан қорғайтын қабатпен жабылады. Жұмыс істеу үдерісінде қорғалмаған жанатын жылу оқшаулағыштың ауданы 500 м2 аспайтын және жануы қиын жылу оқшаулағыш ауданы 1000 м2 етіп қабылданады.
      1644. Өртке қарсы белбеулерді, тоңазытқыш камераларда аймақтарды орнату кезінде жылытқыштың жанбайтын материалдардан жасалған қоршау құрылымдарына тығыз қабысуы қамтамасыз етіледі.
      Өртке қарсы белбеулерде, аймақтарда бекітілмеген тесіктер қалдыруға болмайды. Кезекті бөліктің жылу оқшаулағышын тек алдыңғы аймақтардың өртке қарсы белбеулерін тексергеннен және қабылдағаннан кейін ғана орнатуға кірісуге болады.
      1645. Жанатын жылытқыштары бар панелдердің металл қаптамаларын зақымдаған жағдайда механикалық (бұрандалы) қосқыштардың көмегімен оларды жөндеу және қалпына келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылданады.
      1646. Полимерлі жылытқыштары бар панелдерді монтаждауды, жабынға полимерлік жылытқыштарды төсеуді, жабындарды орнату  ұмыстарын жүргізуді бастағанға дейін жобада көзделген барлық қоршаулар мен ғимараттардың жабынына шығу жолдары (саты торларынан, сыртқы сатылар арқылы) салынады. Өрт туралы хабарлау үшін жабынға шығу жолдарына телефондар немесе өзге де байланыс құралдары орнатылады.
      1647. Өрт сөндіру мақсатында жабында жанатын жылытқышты қолдана отырып, ауданы 1000 шаршы метр және одан астам жабын төсеу бойынша жабын жұмыстарын жүргізу кезінде уақытша өртке қарсы су құбыры қарастырылады. Өрт крандары арасындағы қашықтықты әрқайсысы секундына 5 литр шығынымен кемінде екі ағыста су жабынның кез келген нүктесіне беру шартымен қабылданады.
      1648. Жабында гидро және бу оқшаулауды орнатумен, жанғыш жылытқыштары бар панелдерді монтаждаумен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде электрлік дәнекерлеу және басқа да от жұмыстарын жүргізуге болмайды.
      Ашық отты қолданумен байланысты барлық жұмыстар жанғыш және жануы қиын материалдарды бастағанға дейін жүргізіледі.
      1649. Бу оқшаулау қабатын жабыстыру кезінде кескінделген төсем қабырғаларын битум шайырымен толтыруға және жобадан ауытқып, шайыр қабатын қалыңдатуға болмайды.
      1650. Қабаты қалың рулон материалдарын балқыту үшін жабындарды темір бетон плиталарына және жанбайтын жылытқыштарды қолдана отырып, бүркемелерге орнатқанда ғана агрегаттар қолданылады.
      1651. Жабындағы агрегаттарға отын құю екі өрт сөндіргішпен және құмы бар жәшікпен қамтамасыз етілген арнайы орында жүргізіледі. Жабында агрегаттарға құюға арналған отынды және отыннан босатылған бос ыдысты сақтауға жол берілмейді.
3-тарау. Мастикалармен, битуммен, полимер және басқа да жанғыш заттармен және материалдармен жұмыс істеу тәртібі
      1652. Жарылыс, өрт қауіпті бу бөлетін жанғыш заттар мен (құрамды дайындау және оны бұйымға салу) жұмыс істейтін үй-жайлар мен жұмыс аймақтары ағынды-сорғыш желдеткішімен қамтамасыз етіледі.
      Жұмысты қауіпсіз жүргізу үшін ауа алмасу еселігі есепке сәйкес жұмыс істеу жобасымен анықталады.
      1653. Жанғыш заттарды пайдалану кезінде оның мөлшерінің ауысым қажеттілігінен асуына жол берілмейді. Жанғыш заттары бар сыйымдылықтар тек пайдалану алдында ғана ашылады, ал жұмыс аяқталғаннан кейін жабылып, қоймаға тапсырылады.
      Жанғыш заттардан босаған ыдыс жаңа құрылыстың үй-жайларынан тыс арнайы бөлінген орында сақталады.
      1654. Жанғыш заттардың қалдықтары арнайы жабық сыйымдылыққа жиналып, үй-жайлардан арнайы бөлінген орынға шығарылады.
      1655. Жанғыш бояулар еденге тек табиғи жарық көзі бар кезде осы жұмыстарды жүргізуге жауапты тұлғаның бақылауымен 100 шаршы метрден аспайтын жерді қамти отыра жағылады. Жұмыстар үй-жайлардан шығу жолдарынан едәуір қашық орындардан, ал дәліздерде үй-жайлардағы жұмыс аяқталғаннан кейін басталады.
      1656. Эпоксид шайырларды, желімдерді, мастикаларды, оның ішінде синтетикалық шайырлар негізіндегі лак, бояуларды жағуды және плита және рулонды полимер материалдарын жапсыру үй-жайларды түпкілікті сырламас бұрын барлық құрылыс-монтаждау және санитарлық-техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
      1657. Жанғыш заттарды пайдалана отырып жұмыс істеу үшін ұшқын шығармайтын материалдардан (алюминий, мыс, пластмасса, қола) жасалған аспап қолданылады. Жанғыш заттар мен жұмыс істеу кезінде қолданылған аспап пен жабдық ашық алаңда немесе желдеткіші бар үй-жайда жуылады.
      1658. Жанғыш заттармен және материалдармен (құрамында отқа қауіпті заттар бар рулонды, плиталы, эпоксид шайырлармен, мастикалармен) жұмысты өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша оқудан және жұмыс басталар алдында өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтан өткен тұлғалар жүргізеді.
      Жанғыш заттармен және материалдармен жұмыс істейтін үй-жайлар 100 шаршы метр үй-жайға екі өрт сөндіргіш және киіз есебінен алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
      1659. Жанғыш сұйықтар желдеткішпен жабдықталған, жанбайтын материалдардан жасалған, бөлек тұрған құрылымдарда, сондай-ақ терезе ойықтары мен дербес эвакуациялық шығу жолы бар сыртқы қабырғаның қасында оқшауланған үй-жайларда сақталады.
      1660. Өрт қауіпті заттармен және полимерлі материалдармен жұмыс тек құрылыстың өртке қарсы жай-күйіне жауапты тұлғаның жазбаша рұқсатымен ғана жүргізіледі.
      1661. Оқшаулағыш және битум мастикаларын қайнату және қыздыру жанбайтын материалдардан жасалған қақпақтары тығыз жабылатын арнайы жарамды қазандықтарда жүзеге асырылады. Қазандықтар олардың сыйымдылығының төрттен үш бөлігінен аспайтындай етіп толтырылады.
      Битум қайнату қондырғысын тікелей жабында орналастыруға болмайды.
      1662. Битум қазандығын ашық ауада орналастыру кезінде олардың үстіне жанбайтын материалдардан жасалған шатыр орнату қажет. Қайнату қазандығының айналасында өртке қарсы құралдардың жинағы (өрт сөндіргіштер, күректер мен құрғақ құм) болуы тиіс. Мастикалар мен битумдарды қайнатуға және қыздыруға арналған орын биіктігі 0,3 метрден аспайтын білікпен қоршалады. Қазандықтың от жағатын тесігі жанбайтын материалдан жасалған қайырмалы күнқағарлармен жабдықталады. Битум құрамдары қыздырылатын қазандықтарды қараусыз қалдыруға болмайды.
      1663. Қазандықтардың топтағы саны үшеуден аспаса және қазандықтардың топтары арасындағы қашықтық кемінде 9 метр болғанда олар тобымен орналастырылады. Мастикалар мен битумдарды қайнату мен қыздыруға арналған орынды арнайы бөлінген алаңдардан бөледі және мынадай:
      1) отқа төзімділігі V, IV, IVа дәрежелі ғимараттар мен құрылыстардан – кемінде 30 метр;
      2) отқа төзімділігі III, IIIа, ІІІб дәрежелі ғимараттар мен құрылыстардан – кемінде 20 метр;
      3) отқа төзімділігі I және II дәрежелі ғимараттар мен құрылыстардан – кемінде 10 метр қашықтықта орналастырады.
      1664. Оттыққа мастиканың төгілуін және оның жануын болдырмау үшін қазандықты оның оттықтың үстінде орналасқан шеті қарсы жағынан 5-6 сантиметр жоғары болатындай етіп көлбеу орналастырылады.
      1665. Жұмыс аяқталғаннан кейін қазандықтардың оттықтары сөндіріліп, су себіледі.
      1666. Сұйылтылған газда жылжымалы қазандықтар жұмыс істеген кезде екеуден аспайтын мөлшердегі газ баллондары жұмыс істеп тұрған қазандықтардан кемінде 20 метр қашықтықта орнатылған, жанбайтын материалдардан жасалған желдетілетін шкафтарда орнатылады.
      1667. Көрсетілген шкафтар үнемі құлыппен жабылып ұсталады.
      1668. Үй-жайлардың ішінде битум құрамдары электр қыздырғыштары бар бөшкелерде қыздырылады. Қыздыру үшін ашық отты пайдалануға болмайды.
      1669. Битум мастикасымен жұмыс істеу кезінде:
      1) жұмыс орындарына (қабаттарына) ыстық битум мастикасын қақпақтары тығыз жабылатын арнайы металл бөшкелерде механикаландырылған тәсілмен жеткізу жүзеге асырылады. Қақпақтар бак құлаған кезде ашылып кетуін болдырмайтын ысырма құрылғыларымен қамтамасыз етіледі. Мастиканы ашық ыдыспен тасымалдауға болмайды;
      2) құрылыс құрылымдарына тігінен орнатылған учаскелерге бекітілген сорғышпен ағып кетуіне жол бермей болат құбыр арқылы қолданылады. Көлденең учаскелерде мастиканы қызуға шыдамды шланг арқылы беруге болады.
      1670. Шлангіні болат құбырмен қосу орнында ұзындығы 40-50 сантиметр сақтандыру қапшығы (брезенттен және басқа да материалдардан жасалған) кигізіледі.
      1671. Мастика жағуға арналған қондырғының сыйымдылығын толтырғаннан кейін мастика құбырдан ағызылады.
      1672. Араластыру кезінде қыздырылған битум еріткішке (бензин, скипидар) құйылады. Тек ағаш араластырғышпен ғана араластыруға болады.
      1673. Битумды еріткіштермен араластыру орнынан 50 метр радиуста ашық отты пайдалануға болмайды.
жүктеу 4,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау