Қоршаған орта – адамзат қоғамы өмір сүретін табиғи және антропогендік орта. Адамдар мен олардың шаруашылығына бірлесе және тікелей әсер ететін биоталық, абиоталық және антропогендік орталардың жиынтығы. Адамдар, жануарлар немесе объектілер тіршілік ететін немесе әрекет ететін орта немесе контекст.
53. Адамның шығу тегі мен эволюциясы. Питекантроп, неандертальды, корманьондық немесе «Саналы адам» салыстыру, олардың ерекшелігі.
Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшелік- терін, материалдық жөне рухани қазыналарын зерттейтін кешенді ғылым антропология деп аталады. Антропология сөзі гректің “апtһrороs” — “адам”, “iogos” — “ілім” деген сөздерінен алынып, “адам туралы гылым” деген ұгымды білдіреді. Антропология терминін алғаш ғылымға Аристотель енгізді. Антропология ғылымының негізгі бір саласы — антропогенез. Ол адамньщ шығу тегін, тарихи даму кезендерін және нөсілдік ерекшеліктерін зерттейді.
Ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин де өзінің эволюциялык ілімі бойынша адам адамтектес маймылдардан пайда болған деген пікірді қолдады. 1871 жылғы “Адамның шығу тегі жөне жыныстык сұрыпталу” деген еңбегінде Ч. Дарвин адамтектес маймылдар мен адамның арғы тегі бір тармактан таралган деген қорытындыға келді. Сонымен бірге ол адамның тарихи даму кезеңінде өлеуметтік фактор- лардың маңызды орын алатындығын ерекше атап көрсетті.
Питекантроп адамының сүйектері
Үстіміздегі ғасырдың 30-жылдары және кейініректе Оңтүстік Африкадан австралопитек деп аталған мақұлықтардың қалдықтары табылды. Бассүйек, тіс және қаңқасындағы басқа бөліктері бойынша австралопитектер қазіргі адамтәрізді маймылдарға қарағанда адамға едәуір жуық тұрды. Олардың ми сауыты едәуір үлкен, бассүйегі тартыңқы және қазіргі адамдардікіне ұқсас тістері болды. Ең ғажабы жамбас сүйегінің құрылысы адамдардыкінен аумайды. Бұлар - екі аяқпен жүретін өте жетілген адамтәрізді маймылдар. Олар денесіне таяныш болу және жүру қызметін атқарудан босаған алдыңғы аяқтарының жәрдемімен табиғаттағы нәрселерді кұрал ретінде пайдалануға, кейінірек ұсақ жұмыр тастардан құралдар дайындап алуға мүмкіндік алды. Ешқандай талассыз адамның арғытектері деп санауға тура келетін баска формалар да австралопитектермен қатар тіршілік етті. Сондыктан да көптеген ғалымдар бұл топтағы адам эволюциясының тұйыкталған тармағы болар деп жорамалдады.
Осы заманғы алғашқы адамдардың бұдан 30-40 мың жыл бұрын қадыптасқан кроманьондықтардың қаңқалары, бассүйектері және құрал-саймандары өте көп мөлшерде табылғаны белгілі. Олардың қалдықтары СССР-ден де Африка, Азия және Австралиядан да табылған.
Кроманьондықтар бойы 180 см шамасында, шот маңдайлы, ми сауытының көлемі шамамен 1600 см3 болған, оның қасасты сүйегі білеуленбеген. Иек сүйегінің алға қарай ұмсынуы олардың түсінікті сөз сөйлей білгендігін көрсетеді Кроманьондықтар өздері салған тұрғынжайда өмір сүрген. Үңгір кабырғаларынан аң аулау, билеу, адамдар эпизоды бейнеленген суреттер табылды. Суреттер жоса және баска минералды бояулармен немесе тырмалап сызык түсіру арқылы салынған. Кроманьондықтар сүйек және кремнийден жасалған инемен теріден киім тігіп киген. Олардың еңбек құралдары және тұтыну нәрселерін дайындау техникасы неандертальдыктарға карағанда әлдеқайда жетілдірілген. Мүйізден, сүйектен, шақпақтастан жасалған құрал- саймандар оймышталап безендірілген. Адам тегістеуді, бұрғылауды игеріп, кыштан ыдыс жасай білген. Ол хайуанаттарды үйретіп, егіншілікке алғашқы қадам жасаған. Кроманьондықтар рулық қоғамда өмір сүріп, діндарлық бастамасы пайда болған. Кроманьондықтар мен осы заманғы адамдардан Ноmо sаріеns үшінші тұқымға - жаңа адамдарға жатқызылатын саналы адам түрі пайда болды. Кроманьондықтар эволюциясында әлеуметтік факторлар жетекші роль атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |