Рефераты қ ызылорда, 2012



жүктеу 1,63 Mb.
бет1/5
Дата25.11.2017
өлшемі1,63 Mb.
#1894
түріРеферат
  1   2   3   4   5

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

ӘОЖ 625.07:622.692.55:622.791:622.016

Қолжазба құқығында

АБЖАЕВ МАРАТ МӘЛІКҰЛЫ

Мұнай қалдықтарынан органикалық - минералды сұйық өткізбейтін материалды дайындау қондырғысының өнімділігін арттыру

6М072400– Техникалық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)

мамандығы бойынша техника және технология магистрі

академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының



РЕФЕРАТЫ

Қ


ызылорда, 2012

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Мұнай және газ өнеркәсібі машиналары мен жабдықтары» кафедрасында орындалған.

Ғылыми жетекшісі: техника ғылымдарының

кандидаты, профессор

П.Ә. Таңжарықов
Ресми оппоненті: техника ғылымдарының

кандидаты, профессор

Г.Д.Байманов
Қорғау «___» _____________2012 ж. сағ. ____ -де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде болады.
Мекен жайы: 120014, Қызылорда қ., Абай даңғылы 66, №5 оқу ғимарат, Политехникалық институт, № ______ дәрісхана.

Магистрлік диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасына қойылады.




Диссертацияның көлемі мен құрылымы: Диссертациялық жұмыс мазмұны мен мақсат-міндеттеріне сәйкес төрт бөлімнен, тұжырым мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс көлемі 92 бет, 18 сурет, 22 кесте, 92 библиография, 5 қосымша келтірілген.

Диссертацияның өзектілігі. Өркениеттің қазіргі даму сатысында адамзат алдына бір қатар жаhандық сипаттағы мәселелер пайда болды, бұл табиғатқа антропогендік зиянды әсердің күн санап еселене өсуімен байланысты. Адамзат өміріне және денсаулығына шынайы қауіптердің арасында, бірінші кезекте ауыз су қорының азаюын, топырақта және суда улы қосылыстардың құрамының кенет өсуін, атмосферада зиянды заттардың таралуын, радиация деңгейінің жоғарылауын көрсетуге болады.

Сенімді және тиімді өнеркәсіп жабдығын жасау қалдықтарды өңдеу технологиясын жасаудан, зертханалық сынауға және ұсыныстарға қарағанда объективті түрде өте күрделі тапсырма. Негізгі қиыншылық – қалдықтардың физика-механикалық, химиялық және жылу физикалық қасиеттерінің тұрақсыз болуы, яғни басқа өндірістегі типтік жабдықтарды қалдықтарды өңдеуге тіклей және тиімді қолдануға мүмкіндік бермейді. Қалдықтарды өңдеуге арналған техникаларға қойылатын негізгі талаптар – бәрінен бұрын жоғары өнімділік және сенімділік; экологиялық қауіпсіздік, басқару ыңғайлылығы, өңделетін қалдықтардың қасиеті өзгергенде жұмыс режимінің тұрақтылығын автоматтандырудың жоғары деңгейлігі.

Мұнай қалдықтарының түзілуін азайтудың негізгі бағыты оларды физика-химиялық қасиеті бойынша қор сақтайтын екінші шикізат ретінде тұтынушыға қажетті материалдар және өнімдер алуға пайдалану болып табылады. Органикалық байланыстырғыш болып табылатын асфальт-шайырлы-парафинді шөгінділерінің (АШПШ) химиялық қасиеті бойынша органикалық-минералды сұйық өткізбейтін материалдың негізгі компонентіне сәйкес келеді.

Осыған байланысты, өндірістік және қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонының сүзілуге қарсы экранының құрылысын салу барысында органикалық байланыстырғыш орнына пайдаланылатын АШПШ негізінде органикалық - минералды сұйық өткізбейтін материалдың құрамын жасау, дайындау технологиясын жетілдіру және жабдықтардың өнімділігін арттыру мәселесі қазіргі таңда өзекті болып табылады.



Зерттеу нысаны. Оңтүстік Торғай ойпатындағы Ақшабұлақ кен орнының мұнай қалдықтарын уақытша сақтау полигоны.

Зерттеу аясы. АШПШ негізінде органикалық-минералды сұйық өткізбейтін материалды жасауға арналған араластырғыш қондырғысының жабдықтары.

Жұмыстың идеясы. Мұнай қалдықтарының негізінде органикалық - минералды сұйық өткізбейтін материалдың құрамын дайындау технологиясын енгізу.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты. Мұнай қалдықтарын тиімді пайдалану технологиясын зерттеу және қалдықтардан органикалық-минералды сұйық өткізбейтін материалды дайындау технологиясының жабдықтарын жасау арқылы, мұнай қалдықтарын екінші ретті шикі зат ретінде пайдалану жүйесін қалыптастыру.

Диссертациялық жұмыстың идеясына байланысты төмендегідей міндеттер қойылды:

  • мұнай қалдықтарының түзілу жағдайын анықтау және оларды қайта пайдалану жолдарына талдау жасау;

  • сүзілуге қарсы экрандардың сұйық өткізбеу қасиетін арттыру мақсатында органикалық байланыстырғыштың құрамын зерттеу;

  • АШПШ негізінде органикалық - минералды сұйық өткізбейтін материалды пайдаланып сүзілуге қарсы экран құрылысын салу технологиясының жабдықтарын жасау және өнімділігін арттыру.

Қорғауға ұсынылған ғылыми қағидалар:

  • қатты мұнай қалдықтарынан жасалынған сұйық өткізбейтін материалдың сығу кезінде беріктігі, суды сіңіруі және сүзілу коэффициенті оның құрамындағы компоненттердің аралық салмағына байланысты;

  • араластырғышта қоспаларды дайындау барысында қоспаның меншікті кедергісі араласу процесінің қарқындылығына тәуелді.

Ғылыми жаңалықтар:

  • сұйық өткізбейтін материалдың сығу кезінде беріктігі, суды сіңіруі және сүзілу коэффициентін жақсартатын құрамында минералды компоненттер-саз, құм және әктас, АШПШ және резина ұнтағы бар материалдың сапалы және сандық құрамының мәндері анықталды. Құрамында АШПШ (19,5÷24,5%), резина (0,5÷1%), саз (45÷50%), құм (15÷20%), әктас (10÷15%) болғанда сұйық өткізбейтін материалдың сығу кезіндегі беріктігі - 85÷110 кг/см2, суды сіңіруі - 0,76÷1,00 %, сүзілу коэффициенті - 0,96·10-10 ÷ 1,55·10-10 м/с болады;

  • мұнай қалдықтарынан органикалық - минералды сұйық өткізбейтін материалды дайындауға арналған жаңа үлгідегі араластыру қондырғысы жасалды;

  • араластырғыш қалақшаларының қозғалысына әсер ететін меншікті кедергісі төмен қоспаларды дайындауда араласу процесінің қарқындылығы едәуір өседі.

Жұмыстың өндірістік маңыздылығы. Мұнай қалдықтарын қайта пайдаланып, өндірістік және қатты-тұрмыстық қалдықтарды уақытша сақтайтын полигондарына қажетті сұйық өткізбейтін материал жасау технологиясы жабдықтарының өнімділгін арттыру арқылы жер қыртысына зиянды компоненттердің түсуін болдырмау мүмкіндігі көрсетілді.

Зерттеу әдістері. Жұмыста жалпы әдебиеттерге және патенттерге талдаулар, физика-механикалық сынақтардан тұратын зерттеулердің жиынтығы мен өндірістік-тәжірибеде сынақтар өткізу қолданылған.

Ғылыми қағидалардың қорытындылары мен ұсыныстардың негізделгендігі және сенімділігі мұнай саласындағы қатты мұнай қалдықтарынан сұйық өткізбейтін материал алудың технологиясының жабдықтарын жасаумен және қоспаның сандық құрамының мәндері анықталуымен дәлелденген.

Өндіріске енгізу дәрежесі. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері «Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық технобағы» ЖШС қолданылуда.

Автордың ғылымға қосқан жеке үлесі:

  • зерттеулердің мақсаты мен міндеттерінің қойылуы;

  • тәжірибелік зерттеу жұмыстарының нәтижесінде алынған органикалық - минералды сұйық өткізбейтін материалдың тиімді құрамын сараптауы;

  • жоғары парафинді мұнай қалдықтарынан органикалық - минералды сұйық өткізбейтін материалды дайындаудың тиімді технологиясын жасауы;

  • сұйық өткізбейтін материалды дайындауға арналған араластырғыш қондырғысының жабдықтарын жасауы.



Жұмыстың негізгі мазмұны
Бірінші бөлімінде мұнайгаз өндіруші кәсіпорындарда мұнай қалдықтарының мұнай өндіруде, дайындауда және кәсіпшілік және магистралды тасымалдауда, сонымен қатар газды өндіру және кәсіпшілік тасымалдауда түзілетіні көрсетілген. Қалдықтардың түзілуі негізінен келесі жұмыстар нәтижесінде жүреді:

- ұңғымаларды жер асты және күрделі жөндеуде;

- технологиялық жабдықтарды тазалауда;

- мұнай қалдықтары сақталатын орындарға атмосфералық жауын-шашын түсуі нәтижесінде мұнай қалдықтарының жалпы көлемін ұлғайтады.

Түзілетін барлық мұнай қалдықтары агрессивті жағдайына байланысты шартты түрде сұйық және қатты деп бөлінеді. Мұнай қалдықтарының құрамында механикалық қоспалардың құрамы 5%-дан төмен болса сұйық қалдықтарға, ал керісінше 5%-дан жоғары болса қатты қалдықтарға жатады.

Сұйық мұнай қалдықтары келесі процестер нәтижесінде түзіледі: мұнайды дайындауда мұнаймен ластанған жабдықтар бетін сумен жууда; қыс мезгілінде құбырлардың жарылуы және қарға мұнайдың төгілуінде; мұнай қалдықтарын сақтайтын орындарда ағын сумен араласқан мұнайды жинауда.

Мұнай қалдықтарының жинақталу көлемінің жыл санап ұлғаюы, қалдықтардың пайдалы қасиеттерін тиімді пайдалану және шығындарды төмендету арқылы қалдықтарды пайдаға жарату мәселелерін комплексті түрде шешуге негізделген тиімді технологияларды қолдануды талап етеді. Мұнай қалдықтарын өңдеудің басты бағыттарының бірі мұнай қалдықтарын екінші реттік шикі зат ретінде қолдану болып табылады.

Мұнай кен орындарын өндірістік игеру барысында барлық уақыт аралығында қатты және сұйық қалдықтар пайда болады. Ақшабұлақ кен орнында өндірістік және тұтыну қалдықтарын бақылаудың жақсы жүйесі жолға қойылған. Онда қалдықтарды жылжымалы, уақытша сақтау, қайта өндеу және кен орнынан басқа арнайы орындардан алып кету жұмыстары қарастырылған.

Өндіріс үрдісінде кен орнының аймағында әртүрлі өндірістік және тұтыну қалдықтары, ағынды сулар және басқада қалдықтар түзіледі.

«ҚазГерМұнай» БК ластағыш заттарды шығару лимиті 2011 жылға 1372,23 тонн/жыл құрады. 2010 жылдың көлемімен салыстырғанда өндірісік қалдықтардың көлемінің көбеюі зерттеу және пайдалану мұнай ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарының көлемінің өсуімен негізделеді (сурет 1, 2).


Сурет 1 – Ақшабұлақ кен орнындағы тұтыну және сұйық қалдықтарын уақытша сақтауға арналған полигондар



Сурет 2 – Ақшабұлақ кен орнындағы қалдықтардың жиналу динамикасы
Әдебиеттердегі деректерді талдау қазіргі таңда мұнай қалдықтарын өңдеу мен қайта пайдалануда келесі әдістер қолданылатындығын көрсетті:

  • жылулық әдіс;

  • физикалық әдіс;

  • химиялық әдіс;

  • биологиялық әдіс;

  • мұнай қалдықтарын жинақтап өңдеу әдісі.

Қайта пайдалану әдісін таңдау жалпы мұнай қалдықтарының құрамы мен пайда болуына байланысты.

Асфальт-шайырлы-парафинді шөгінділерінің өте күрделі жүйе екені анықталып, оның органикалық бөлігінің (масс%) негізгі құрамы: асфальтендер-3÷8%; шайырлар-13÷20%; майлар-34÷65%; механикалық қоспалар -20÷49%; су-1÷5%.



Осы қасиеттері асфальт-шайырлы-парафинді шөгінділерін пайдалану бағыттарын айқындады. Атап айтқанда, сұйық өткізбейтін материалдар алу кезінде байланыстырғыш ретінде қолдану.

Сурет 3 – Қалдықтарды өңдеу әдістері


жүктеу 1,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау