Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2015 жылға тұрғындарды әлеуметтік қорғау бойынша істелінген жұмыстары жөніндегі мәліметі
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарлама
туралы мәлімет 2015жылға.
Бағдарламаның бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету»:
1. Қызылсай, Тенге, Рахат елді мекендерінде балалар ойын алаңы 3 жобаларға республикалық бюджеттен - 22 902,0 тг, игерілген қаражаты-15 662,7 млн.тг., үнемделген қаражат - 6329,3 млн.тг. Тенге ауылындағы балалар ойын орнын «КаспийСтройМонтажПроект» ЖШС-сі; Қызылсай ауылындағы «Жұлдыз» ЖШС; Рахат ауылында «Арғымақ» ЖШС мердігер мекемесі тағайындалды. Осы жобаларға жоспарланған 15 жұмыс орнына: балалар ойын аланың салуға Тенге ауылына-4; Рахат ауылына- 4; Қызылсай ауылына - 7 адам жұмыспен қамтылды, барлығы -15 адам.
Бағдарламаның екінші бағыты «Жеке кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту»:
2015 жылғы шағын несие беруге 15млн. тг қаражат 5 адамға қаралды. Қазіргі таңда 11 адам несие алуға өтініш білдірген, соның ішінде «Ауыл шаруашылық қаржылай қорына» АҚ-на 5 адамның құжаттары тапсырылды. Бағдарламасы бойынша өз-ісін ашуға және кеңейтуге 3 бағдарлама қатысушы 9,0 млн.тг несие алып, өз істерін жоба бойынша бастады. (1-мал шаруашылық,1-шаштараз, 1-автокөлік жөндеу орталығы).
Ақтау қаласында кәсіпкерлік негіздері курсын 10 адам оқуларын аяқтап, шағын несие алуға бизнес жоспарларын дайындауда.
Бағдарламаның үшінші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» :
-әлеуметтік жұмыс 30 орындарына 7,029 млн. тг қаражат қарастырылды, әлеуметтік жұмыс орнына 14 мекеме 63 адам жұмысқа жіберілді; игерілген қаражаты – 7028,0 млн.тг.
- жастар практикасы 25 орынға 5,367 млн. тг қаражат қарастырылды және 13 мекеме 29 жас маманға жұмысқа орналасуға жолдама берілді. игерілген қаражаты – 5366,0 млн.тг.
Сонымен қатар, бағдарлама аясында қала мекемелерден түскен сұранысы бойынша 549 адам жұмыспен қамтылды.
Жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастыру мақсатында:ағымдағы 2015 жылға да жергілікті бюджеттен әлеуметтік жұмысқа 26854,0 мың теңге, қоғамдық жұмысқа- 291734,0 мың теңге, жастар практикасына -26220,0 мың теңге қаралып, толықтай игерілді.
12 айда жұмыссыздыққа жыл басынан тіркелген адам саны – 3933 адам.
Жұмысқа орналасқандар саны 1195 адам, соның ішінде тұрақты жұмысқа 763 адам (637 дкз), әлеуметтік жұмысқа 238 адам (63 дкз), Жастар практикасына 194 адам (29-і дкз). Қоғамдық жұмысқа 1201 адам жолданды.
Жұмыссыздықта айдың соңында қалған адам саны- 922 , жұмыссыздық деңгейі 1,6 пайызды құрады.
2015 жылда құрылған жаңа жұмыс орындары 3867 орын, (оның ішіне әлеуметтік жұмыс орындары -223, жастар практикасы –194 )
Қайта даярлау курстарына 20 адам тәрбиешінің көмекшісі мамандығына оқытылып, жаңадан ашылған балабақшаларға орналастырылды.
Жұмыссыздық бөліміне тіркелгендердің ішінде мүгедектер - 122, оның жұмыспен қамтылғаны 65:
- 4 әлеуметтік жұмысқа
- 1 жастар практикасына
- 5 тұрақты жұмысқа
- 55 қоғамдық жұмысқа
Жыл басынан 5 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, соңғысы 23 қазан күні. Білім саласынан, денсаулық саласынан, жеке кәсіпкерлерден, әскери комисиарат, ішкі істер қызметінен, мемлекеттік қызметтен 183 бос жұмыс орындары ұсынылды.
Ағымдағы жылы Облыс орталығында «Жаңа серпін орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған болатын, оның бір өкілін біз бөлімге шақырып, осында орналастырдық. Жаңаөзен қаласынан Ақтау қаласына жұмысқа орналасуға ниет білдірушілерге жұмыс іздеумен айналысады, қажет болған жағдайда жатақханамен қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік сала бойынша
«Атаулы әлеуметтік көмек » – 208 мүжәлсіз отбасының, 1060 адамына 22957,0 мың теңге жәрдемақы тағайындалып, төленді.
(2014 жылдың есепті кезеңінде 261 отбасы, 1303 адам 29480,4 мың теңге болған)
Балалар жәрдемақысы - 388 отбасының, 1253 балаға, 12176,0 мың теңге тағайындалып, төленді.
(2014 жылы есепті кезеңде 412 отбасының, 1252 балаға, 12867,0 мың теңге болған. )
Тұрғын үй жәрдемақысын- 58 отбасы құжат тапсырып, жергілікті бюджеттен 1853,0 мың теңге төленді.
(2014 жылдың есепті кезіңінде 104 отбасы 2659,0 мың теңге)
Біржолғы әлеуметтік көмек – 571 отбасына 19885,4 мың теңге төленді.
- 22 Наурыз мерекесінде -2103 «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлеріне 8336,3 мың теңгенің көмегі төленді
-1 мамыр мерекесінде 3452 мүгедекке 34209,3 мың теңгенің көмегі көрсетілді.
-9 мамыр «Жеңіс күні» мерекесінде 321 ардагерге жергілікті бюджеттен 30304,8 мың теңге, РБ-дан 2700,0 мың төленді.
-Семей ядролық полигонында зардап шеккен 15 азаматқа 300,0 мың теңгенің көмегі көрсетілді.
- 1 маусым балаларды қорғау күнінде 761 мүгедек балаға 7541,5 мың теңгенің көмегі төленді.
-«Конституция күні» мерекесіне 2130 жетім балаларға 33773,3 мың теңгенің көмегі төленді.
-16 желтоқсан күніне байланысты 1,2,3 топтағы мүгедектерге , 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға және 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға -9910 теңгеден әлеуметтік көмек көрсетіледі.Барлығы 3571 мүгедекке жергілікті бюджеттен 35388,6 мың теңге қаржы игерілді.
-Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мамандарға біржолғы әлеуметтік көмек әр маманға 12100 теңгеден 1000 маманға 12100,0 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.
- Облыстың грантына оқып жатқан студенттер саны -164, төленген қаражат- 123442,0 мың теңге.
-Үйден оқитын мүгедек балалар саны – 78 ,төленген қаражат -7630,7 мың теңге.
Мүгедектерді гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету 349 арыз қабылданды, толықтай қамтамасыз етілді.
Протездік ортопедиялық бұйымдарды – 76 мүгедек алды
Тифло құралдарымен - 35 мүгедек қамтылды
Сурдо құралдарына – 26 мүгедек қамтылды
Күйме және жетек арбаларға – қанағаттандырылды 96/6
Емдеу сауықтыру орындарына:
- 58 бала оңалту орталығына жолданды.
- 113 ересек емдеу сауықтыру орындарына жолданды.
- Ымдау тілі бойынша 21 мүгедекке 1 маман қызмет көрсетеді.
- Жалғызбасты қарттарға қызмет көрсету бойынша 65 қарт тіркелген, 8 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.
- Үйден қызмет көрсетілетін 103 мүгедек бала тіркелген, оларға 1-бөлімше меңгеруші,1-кеңесші және 18 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетeді.
Жалпы қала бойынша 730 мүгедек бала бар.
2016 жылы да жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау шаралары жалғасады. Қоғамдық жұмысқа 343 185,0 мың теңге қаражат қаралып, 777 жұмыс орны жоспарланды, әлеуметтік жұмыс орындарына 100 орынға 25 250,0 мың теңге қаралды, жастар практикасына 94 орынға 21 532,0 мың теңге жоспарланды.
Бөлім басшысы Б.Маркашова
Достарыңызбен бөлісу: |