4-ші тарау – Сəулелендіру құралын пайдалану реті
4.4 бөлімі – Штрихкодтарды сканерлеу
4-10
2. Егер штрихкодты сканерлеу мүмкін болмаса, келесі əрекеттерді
орындау арқылы мəліметті қолмен енгізуге болады:
• Адам оқи алатын штрихкодты енгізу
үшін пернетақтаны пайдаланыңыз.
Арнайы таңбаларды «l» түймешігін
басу арқылы енгізуге болады.
Арнайы таңбаларға қатысты
мəліметті 3.4 бөлімінен қараңыз.
• Enter («Енгізу») түймешігін
басыңыз. Confirm Barcode
(«Штрихкодты растау»)
бейнебеті пайда болады.
• Егер штрихкод дұрыс енгізілмесе,
Edit («Өңдеу») түймешігін
басыңыз. Enter treatment data for
container 1 («1-ші контейнерге
арналған өңдеу деректерін енгізу»)
бейнебеті пайда болады.
• Қате штрихкодты өшіру үшін
пернетақтадағы «кері өту» ( )
түймешігін басыңыз. Содан кейін,
пернетақтаның көмегімен дұрыс
штрихкодты қайта енгізіңіз.
• Enter («Енгізу») түймешігін
басыңыз. Confirm Barcode
(«Штрихкодты растау»)
бейнебеті пайда болады.
• Егер штрихкод дұрыс болса,
штрихкодты растау үшін OK
түймешігін басыңыз. Enter
treatment data for container 1
(«1-ші контейнерге арналған өңдеу
деректерін енгізу») бейнебеті
пайда болады.
• Жоғарыдағы əрекеттерді барлық
штрихкодтар енгізілгенге дейін
қайталай беріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Əр штрихкодтың таңбалану ретінің деректерді енгізуге
келгенде өзіндік пішімі болады. Белгілі бір штрихкод
пішімдерін қолмен енгізуге қатысты нұсқауларды оқу
үшін 7.4 бөлімін қараңыз.
1-ші контейнерге арналған барлық штрихкодтар сканерленгеннен кейін,
бейнебеттің төменгі жағында Done («Орындалды») түймешігі көрінеді.
ЕСКЕРТУ Сəулелендіру құралына штрихкодтар мен əр контейнерге
арналған камера күйінің дұрыс енгізілгеніне көз жеткізіңіз.
3. Done («Орындалды») түймешігін басыңыз.
MAN-KZ 00001, v3.0
4-ші тарау – Сəулелендіру құралын пайдалану реті
4.5 бөлімі – Жинақты салу əрекетін 2-ші контейнер үшін қайталау
4-11
4.5 бөлімі
Жинақты салу əрекетін 2-ші контейнер
үшін қайталау
Егер өңдеу үшін екі контейнер таңдалған болса, Enter treatment data
for container 2 («2-ші контейнерге арналған өңдеу деректерін енгізу»)
бейнебеті пайда болады.
Екінші контейнерді артқы камера орналастырып, екінші жинақты сəулелендіру
құралының науасына салуға жəне штрихкодтарды сканерлеуге қатысты осыған
дейін 4.3 жəне 4.4 бөлімдерінде берілген əрекеттерді орындаңыз.
Close drawer and door («Суырманы жəне есікті жабу») бейнебеті
пайда болады.
Тромбоциттер препараты
Плазма препараты
САҚ БОЛЫҢЫЗ Қақпақты жəне суырманы жабудан бұрын, барлық
магистралды түтіктердің науада тұрғанына көз жеткізіңіз.
1. Науа қақпағын жабыңыз жəне оның қара түсті ілмектің көмегімен
мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
2. Суырманы сəулелендіру құралының ішіне орнына тырс етіп
орныққанша итеріңіз.
3. Есікті жабыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Есік құлыпталады жəне есік жабылғаннан кейін
араластырғыш автоматты түрде іске қосылады.
MAN-KZ 00001, v3.0
4-ші тарау – Сəулелендіру құралын пайдалану реті
4.6 – Сəулелендіру үдерісін бастау
4-12
Start_treatment'>4.6 бөлімі
Сəулелендіру үдерісін бастау
Start treatment («Өңдеуді бастау») бейнебеті пайда болады.
ЕСКЕРТПЕ: Плазма препараттарын өңдеу үшін Start («Іске қосу»)
түймешігін басудың қажеті жоқ, бірақ тромбоциттер
препараттарын өңдеу үшін осы түймешікті басуыңыз қажет.
1. Start («Іске қосу») түймешігін басыңыз. Running («Үдеріс орындалуда»)
бейнебеті пайда болады.
ЕСКЕРТПЕ: Сəулелендіру үдерісі барысында көк жолақ, межелі дозаға
негізделе отырып, оңға қарай ығысады. Сағаттардың
жанындағы сандар сəулелендіру басталғаннан бері өткен
уақытты көрсетеді.
MAN-KZ 00001, v3.0
4-ші тарау – Сəулелендіру құралын пайдалану реті
4.7 бөлімі – Сəулелендіру циклын тоқтату
4-13
4.7 бөлімі
Сəулелендіру циклын тоқтату
САҚ БОЛЫҢЫЗ Аса қажет болмаған жағдайда, сəулелендіру циклін
тоқтатпау қажет. Тоқтату əрекеті қан препарат(тар)ының
тиісті түрде өңделмеуіне əкеледі – оларды жойып жіберу
қажет болады.
1. Сəулелендіру циклін кез-келген уақытта тоқтату үшін Stop («Тоқтату»)
түймешігін басыңыз. Are you sure you want to stop treatment?
(«Өңдеуді тоқтатқыңыз келетіні рас па») бейнебеті пайда болады.
2. Өңдеуді жалғастыру үшін No («Жоқ») түймешігін немесе өңдеуді
аяқтау үшін Yes («Иə») түймешігін басыңыз. Сəулелендіру циклы
Yes («Иə») түймешігі басылмайынша жалғаса береді. Егер Yes («Иə»)
түймешігін бассаңыз, сəулелендіру циклын жалғастыру немесе
қайтадан бастау мүмкін болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: Егер өңдеу тоқтатылған болса, сəулелендіру құралындағы
барлық препараттарға арналған жазба аяқталмады деп
белгіленеді.
ЕСКЕРТУ Патогенді инактивация үшін жартылай сəулелендіру
əдісін қолдануға рұқсат берілмейді. Жартылай өңделген
препараттың бір данасын қайта өңдеуге тырыспаңыз.
Қан препаратын бірнеше рет өңдеуге тиым салынады.
Жартылай сəулеленген препарат даналарының патогенді
инактивациясы бойынша шағымдар қабылданбайды жəне
олар жойылуы тиіс.
Сəулелендірудің
Сəулелендіру циклы келесі себептерге байланысты тоқтауы мүмкін:
тоқтауының
өзге себептері
• Электр қуатының берілмеуі
• Бүйірлік панелінің ашылуы
• Датчиктің жарамсыздығымен байланысты қате туралы хабарлар
Егер бір рет болған тоқтатудың немесе бірнеше тоқтатудың жалпы
ұзақтығы 10 минуттан асып кетсе, сəулелендіру құралындағы барлық
препараттарға арналған жазба аяқталмады деп белгіленеді.
MAN-KZ 00001, v3.0
Достарыңызбен бөлісу: |