3-ші тарау – Сəулелендіру құралының сипаттамасы
3.6 бөлімі – Сəулелендіру құралының орнатымдары
3-20
Конфигурациялары
Конфигурациялар орнатымы əртүрлі басып шығару параметрлерін
орнатуға жəне деректерді басқару жүйесін іске қосуға мүмкіндік береді.
Бұл басып шығару параметрлері есепті басып шығару, автоматты түрде
басып шығару жəне жапсырманы басып шығару түрлерін қамтиды.
Деректерді басқару жүйесінің параметрі сəулелендіру құралына мəліметті
INTERCEPT деректерді басқару жүйесі сияқты басқа деректерді басқару
жүйесіне жіберуге мүмкіндік береді. Осындай əртүрлі параметрлерді
орнату үшін келесі əрекеттерді орындаңыз:
Есеп
• Select a setting («Орнатымды таңдау») бейнебетінен, Configurations
принтері
(«Конфигурациялар») параметрін таңдау үшін көрсеткілерді
пайдаланыңыз.
• Configurations («Конфигурациялар») параметрін таңдау үшін
Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз. Select a configuration setting
(«Конфигурациялау орнатымын таңдау») бейнебеті пайда болады.
• Report Printer («Есеп принтері») параметрін таңдау үшін көрсеткілерді
пайдаланыңыз.
• Report Printer («Есеп принтері») параметрін таңдау үшін Enter
(«Енгізу») түймешігін басыңыз. Select a report printer option
(«Есеп принтері параметрін таңдау») бейнебеті пайда болады.
• On («қосулы») немесе Off («өшірулі») күйлерінің біреуін таңдау үшін
көрсеткілерді пайдаланыңыз. On («қосулы») параметрін таңдау өңдеу
туралы ең соңғы есепті, арнайы өңдеу туралы есепті немесе белгілі бір
күннің ауысым есебін басып шығаруға мүмкіндік береді. Қосымша
принтерді пайдаланбасаңыз, Off («өшірулі») параметрін таңдаңыз.
(Басып шығару бағыттары туралы білу үшін 4-ші тарауды қараңыз.)
• On («қосулы») немесе Off («өшірулі») күйін таңдау үшін Enter
(«Енгізу») түймешігін басыңыз. Растау бейнебеті пайда болады.
• Егер параметр дұрыс болмаса, Select a report printer option («Есеп
принтері параметрін таңдау») бейнебетіне оралу үшін Edit («Өңдеу»)
түймешігін басыңыз. Дұрыс параметрді таңдау үшін көрсеткілерді
пайдаланыңыз.
• Егер таңдау дұрыс болса, таңдауды растау үшін OK түймешігін басыңыз.
Select a configuration setting («Конфигурациялау орнатымын таңдау»)
бейнебеті пайда болады.
MAN-KZ 00001, v3.0
3-ші тарау – Сəулелендіру құралының сипаттамасы
3.6 бөлімі – Сəулелендіру құралының орнатымдары
3-21
Автоматты түрде
• Select a configuration setting («конфигурациялау орнатымын таңдау»)
басып шығару
бейнебетінен Auto-Printing («автоматты түрде басып шығару»)
параметрін таңдау үшін көрсеткілерді пайдаланыңыз.
• Auto-Printing («автоматты түрде басып шығару») параметрін таңдау
үшін Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз. Select an auto-printing option
(«Автоматты түрде басып шығару параметрін таңдау») бейнебеті пайда
болады.
• On («қосулы») немесе Off («өшірулі») күйлерінің біреуін таңдау
үшін көрсеткілерді пайдаланыңыз. On («қосулы») параметрін таңдау
контейнердің ішін босату кезінде соңғы өңдеу есебін(терін) автоматты
түрде басып шығарады. Автоматты түрде басып шығару мүмкіндігі
пайдаланбасаңыз, Off («өшірулі») параметрін таңдаңыз. (Басып
шығару бағыттары туралы білу үшін 4-ші тарауды қараңыз.)
• On («қосулы») немесе Off («өшірулі») күйін таңдау үшін Enter
(«Енгізу») түймешігін басыңыз. Растау бейнебеті пайда болады.
• Егер параметр дұрыс болмаса, Select an auto-printing option
(«Автоматты түрде басып шығару параметрін таңдау») бейнебетіне оралу
үшін Edit («Өңдеу») түймешігін басыңыз. Дұрыс параметрді таңдау үшін
көрсеткілерді пайдаланыңыз.
• Егер таңдау дұрыс болса, таңдауды растау үшін OK түймешігін басыңыз.
Select a configuration setting («Конфигурациялау орнатымын таңдау»)
бейнебеті пайда болады.
ЕСКЕРТПЕ: Есеп принтерінде есептерді басып шығару үшін автоматты
түрде басып шығару мүмкіндігі таңдалуы тиіс. Есеп
принтерін қосуға қатысты нұсқауларды алу үшін алдыңғы
бөлімді қараңыз.
MAN-KZ 00001, v3.0
3-ші тарау – Сəулелендіру құралының сипаттамасы
3.6 бөлімі – Сəулелендіру құралының орнатымдары
3-22
Жапсырма
Сəулелендіру жапсырмасы əр өңдеуден кейін басып шығарылады жəне
принтері
сəулелендіруге арналған контейнерлерге сəулелендіру құралынан
алынғанға дейін жапсырылуы тиіс.
ЕСКЕРТПЕ: Егер INTERCEPT деректерді басқару жүйесін пайдаланып
жүрсеңіз, тромбоциттерді өңдеу үшін сəулелендіру
жапсырмасы қажет емес.
Бұл жапсырмада келесідей мəлімет болады:
• Донорлық нөмірі.
• Қан препаратының коды
• Сəулелену күйі.
• Сəулелендіру камерасының нөмірі.
Тромбоциттер жапсырмасының мысалы
Плазма жапсырмасының мысалы
MAN-KZ 00001, v3.0
3-ші тарау – Сəулелендіру құралының сипаттамасы
3.6 бөлімі – Сəулелендіру құралының орнатымдары
3-23
Жапсырмалардағы мəлімет, қолмен енгізілмеген жағдайда, сканерленген
пішімде басылып шығады. Егер қолмен енгізілген болса, штрихкод
басылып шықпайды.
Сəулелендіру циклы аяқталған сайын, жапсырмалардың белгілі бір санын
басып шығару үшін конфигурациялауға болады. Ең көбі, 6 жапсырманы
басып шығаруға болады. «0» мəнін орнату жапсырманы басып шығару
мүмкіндігін ажыратады. Жапсырманы басып шығару мүмкіндігін жапсырма
принтері бұзылып қалса / істемей тұрса ғана ажыратыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ Сəулелендіру сеансының жапсырмалары қатыруға жəне
ерітуге жарамсыз.
Басып шығарылуы тиіс жапсырмалар санын конфигурациялау үшін келесі
əрекеттерді орындаңыз:
• Select a configuration setting («конфигурациялау орнатымын таңдау»)
бейнебетінен Label Printer («жапсырма принтері») параметрін таңдау
үшін көрсеткілерді пайдаланыңыз.
• Label Printer («Жапсырма принтері») параметрін таңдау үшін
Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз. Select a blood component
(«қан компонентін таңдау») бейнебеті пайда болады.
• Platelets («Тромбоциттер») дегенді таңдау үшін көрсеткілерді
пайдаланыңыз. Компонентті таңдау үшін Enter («Енгізу») түймешігін
басыңыз. Enter the number of platelet labels («Тромбоциттер
жапсырмаларының санын енгізу») бейнебеті пайда болады.
• Басылып шығуы тиіс қажетті жапсырмалар санын (0 - 6) енгізу үшін
пернетақтаны пайдаланыңыз.
• Жапсырмалар санын таңдау үшін Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз.
Растау бейнебеті пайда болады.
• Егер жапсырмалар саны дұрыс болмаса, Enter the number of platelet
labels («Тромбоциттер жапсырмаларының санын енгізу») бейнебетіне
оралу үшін Edit («Өңдеу») түймешігін басыңыз. Санды өшіріп, дұрыс
санды қайта енгізу үшін пернетақтадағы кері өту ( ) түймешігін
пайдаланыңыз. Жапсырмалар санын таңдау үшін Enter («Енгізу»)
түймешігін басыңыз. Растау бейнебеті пайда болады.
• Егер жапсырмалар саны дұрыс болса, OK түймешігін басыңыз. Select a
blood component («қан компонентін таңдау») бейнебеті пайда болады.
• Басылып шығуы тиіс плазма жапсырмаларының қажетті санын алу үшін
осы үдерісті қайталаңыз.
• Select a configuration setting («конфигурациялау орнатымын таңдау»)
бейнебетіне оралу үшін Back («кері өту») түймешігін басыңыз.
MAN-KZ 00001, v3.0
Достарыңызбен бөлісу: |