Оператор нұсқаулығы intercept сəулелендіру қҰралы int100



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет12/32
Дата14.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#19374
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32

3-ші тарау – Сəулелендіру құралының сипаттамасы 
3.9 бөлімі – Сұрақтар жəне жауаптар 
3-28 
 
3.9 бөлімі 
Сұрақтар жəне жауаптар 
V
  Сұрақ жəне жауап:  Сəулелендіру құралы зақымданған жағдайда кімге 
хабарласу қажет? 
•  Сəулелендіру құралының зақымданғанын байқасаңыз, техникалық қолдау 
көрсету қызметінің өкіліне хабарласыңыз. Байланыс мəліметтерін алу 
үшін осы нұсқаулықтың алдыңғы жағын қараңыз. 
V
  Сұрақ жəне жауап:  Контейнерлердің сəуленің дұрыс мөлшерін алып 
жатқанын қалай білуге болады? 
•  Əр сəулелендіру құралының 4 фотодиодты датчигі бар, 2 датчик жоғарыда 
жəне 2 датчик төменде. Бұл датчиктер əр өңдеу циклындағы қан препараты 
арқылы өтетін сəуле мөлшерін өлшейді жəне сəулелендіру құралы сəуленің 
дұрыс дозасын шығару үшін цикл ұзақтығын өзгертіп отырады. 
•  Екінші тексеру амалы ретінде, сəулелендіру құралының бағдарламалық 
жасақтамасы өңдеу уақытының техникалық қолдау көрсету қызметінің 
өкілі бекіткен тиісті ауқым ішінде болуын қамтамасыз ету үшін сол өңдеу 
уақытын тексеріп отырады.  
•  Егер тиісті сəулелендіру уақытының шегіне жақындасаңыз, шамдарды 
ауыстыру қажет болады. Жарық шығару жүйесі қосылу кезінде немесе əр 
24 сағат сайын немесе электр қуатын жеткізу жүйесіндегі ақаулықтан 
кейін қалпына келу барысында автоматты түрде тексеріледі.  
•  Датчиктер сəулелендіру құралы орнатылған кезде жəне профилактикалық 
жөндеу жұмыстары барысында техникалық қолдау көрсету қызметінің 
өкілі тарапынан калибрленеді.  
V
  Сұрақ жəне жауап:  Штрихкод сканері жұмыс жасамаса не істеу 
қажет? 
•  Аракідік, штрихкод сканері контейнерлердегі штрихкодтарды 
сканерлемей қалуы мүмкін. Егер осындай жағдай орын алса, 
мекемеңіздегі ережелер рұқсат ететін болса, штрихкод сандарын 
сəулелендіру құралына пернетақта көмегімен қолмен енгізіңіз. 
Нұсқауларды алу үшін 3.4 жəне 4.4 бөлімдерін қараңыз. 
•  Егер бар гəп, штрихкод жапсырмасына емес, сканерге қатысты болса, 
көмек алу үшін техникалық қолдау көрсету қызметінің өкіліне 
хабарласыңыз. 
V
  Сұрақ жəне жауап:  Сəулелендіру құралындағы өңдеу уақыты үнемі 
3.5 бөлімінде берілген ауқымның жоғарғы 
бөлігінде болса не істер едіңіз? 
•  Қан препаратына əсер ететін сəуленің дұрыс доза бақылауда болады, 
сондықтан патогенді инактивацияға тиісінше қол жеткізуге болады. 
Өңдеу уақыты шамдар біртіндеп күңгірттене бастағанда автоматты түрде 
ұзарады, сондықтан дұрыс дозаны беру мəселесі үнемі бақылауда болады. 
•  Егер өңдеу уақыты техникалық қолдау көрсету қызметінің өкілі бекіткен 
тиісті ауқымнан асып кетсе, шамдарды ауыстыруды ұсынатын хабар 
пайда болады. 
MAN-KZ 00001, v3.0


4-ші тарау – Сəулелендіру құралын пайдалану реті 
 
 
4-1 
4-ші тарау.  Сəулелендіру құралын пайдалану реті 
БӨЛІМДЕР 
 
 
БЕТІ
 
4.1 
Кіріспе  
 
4-3 
4.2 
Сəулелендіру құралын іске қосу жəне жүйеге кіру   4-4 
4.3 
Қанды өңдеуге арналған жинақт(ард)ы салу  
4-5 
4.4 
Штрихкодтарды сканерлеу  
 
4-9 
4.5 
Жинақты салу əрекетін 2-ші контейнер үшін қайталау  
4-11 
4.6 
Сəулелендіру үдерісін бастау  
 
4-12 
4.7 
Сəулелендіру циклын тоқтату  
 
4-13 
4.8 
Қанды өңдеуге арналған жинақт(ард)ы алу  
4-14 
4.9 
Өңдеу есептерін жəне қосымша жапсырмаларды  
 
4-17 
 
басып шығару функциясы 
4.10 
Келесі сəулелендіру циклынан бұрын  
 
4-22 
 
қолданушыларды ауыстыру 
4.11 
Сəулелендіру құралын өшіру  
 
4-23 
4.12 
Сұрақтар жəне жауаптар  
 
4-24 
 
MAN-KZ 00001, v3.0


4-ші тарау – Сəулелендіру құралын пайдалану реті 
 
4-2 
 
Бұл бет əдейі бос қалдырылған. 
MAN-KZ 00001, v3.0


4-ші тарау – Сəулелендіру құралын пайдалану реті 
4.1 бөлімі – Кіріспе 
 
4-3 
4.1 бөлімі 
Кіріспе 
Бұл тарауда сəулелендіру құралының көмегімен толық өңдеу циклына 
қатысты ұсыныстар берілген. Оператор əрекеттерінің қысқаша шолуы 
қосымшада берілген.
 
Сəулелендіру INTERCEPT қанды өңдеу жүйесіндегі үдерістің кезеңдерінің 
бірі болып табылады. Қан препараттарын өңдеуге арналған INTERCEPT 
жинақтарына салынған «пайдалануға қатысты ұсыныстарды» қараңыз 
жəне сəуелелендіру циклына дейін жəне кейін орындалуы қажет қан 
препараттарын дайындауға қатысты нұсқауларды орындаңыз.
 
ЕСКЕРТПЕ:  Еліңіздегі тиісті нормативті-құқықтық органдар тарапынан 
құпталған қан препараттарын өңдеуге арналған INTERCEPT 
жинақтарын ғана пайдаланыңыз. 
 
MAN-KZ 00001, v3.0


4-ші тарау – Сəулелендіру құралын пайдалану реті 
4.2 бөлімі – Сəулелендіру құралын іске қосу жəне жүйеге кіру 
4-4 
 
4.2 бөлімі 
Сəулелендіру құралын іске қосу жəне жүйеге кіру 
 1. Сəулелендіру құралын қосу үшін бейнебеттің астында орналасқан қуат 
қосқышын басыңыз. 
    Сəулелендіру құралы бірнеше өзін-өзі тексеру бағдарламасын жүргізеді.  
Өзін-өзі тексеру кезеңі аяқталғаннан кейін, Log In («Жүйеге кіру») атты 
функционалды түймешік пайда болдады. 
 2. Log In («Жүйеге кіру») түймешігін басыңыз. Осыдан кейін 
Enter operator identification («Оператордың идентификациясын 
енгізу») бейнебеті пайда болады. 
 
 3. Идентификациялауға қажеті штрихкод бар болған жағдайда, оны 
сканерлеңіз. Сканерлегеннен кейін, Select a function («Функцияны 
таңдау») бейнебеті пайда болады. Егер штрихкод жоқ болса, 
идентификацияны қолмен енгізіңіз. 
ЕСКЕРТПЕ:  Енгізуге болатын таңбалардың ең көп саны 17. 
 4. Идентификацияны қолмен енгізу үшін, келесіні орындаңыз: 
•  Идентификациялық атыңызды немесе нөміріңізді енгізу үшін 
пернетақтаны пайдаланыңыз. 
•  Егер идентификация дұрыс енгізілмесе, қате идентификацияны 
өшіру үшін пернетақтадағы «кері өту» (       ) түймешігін басыңыз. 
Содан кейін, пернетақтаның көмегімен дұрыс идентификацияны 
қайта енгізіңіз. 
•  Егер идентификация дұрыс енгізілген болса, Enter («Енгізу») 
түймешігін басыңыз. Select a function («Функцияны таңдау») 
бейнебеті пайда болады. 
MAN-KZ 00001, v3.0


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау