4-ші тарау – Сəулелендіру құралын пайдалану реті
4.8 бөлімі – Қанды өңдеуге арналған жинақт(ард)ы алу
4-14
4.8 бөлімі
Қанды өңдеуге арналған жинақт(ард)ы алу
Қан препаратының сəулеленуі аяқталған кезде, қызғылт-сары түсті артқы
фоны бар Complete («аяқтау») бейнебеті пайда болады.
• Сəулелендіру құралы жұптасқан үш дыбыс сигналын (яғни, үш сигнал,
кідіріс, үш сигнал) шығарады.
Егер сəулемен өңдеу əрекеті дұрыс аяқталған болса, бейнебеттегі камера
белгішесінің жанында «√» таңбасы пайда болады. Егер ақаулық болған
жағдайда, камера белгішесінің жанында «X» таңбасы пайда болады.
Таңба
Күйі
«√»
Аяқталды
«X»
Аяқталмады
ЕСКЕРТУ Патогенді инактивация үшін жартылай сəулелендіру
əдісін қолдануға рұқсат берілмейді. Жартылай өңделген
препараттың бір данасын қайта өңдеуге тырыспаңыз.
Қан препаратын бірнеше рет өңдеуге тиым салынады.
Жартылай сəулеленген препарат даналарының патогенді
инактивациясы бойынша шағымдар қабылданбайды жəне
олар жойылуы тиіс.
ЕСКЕРТПЕ: Тромбоциттер препараттарын сəулелендіру құралынан өңдеу
аяқталғаннан кейінгі 30 минут ішінде алу қажет. Содан кейін,
тромбоциттер препараттарын өңдеуге қатысты есептер
аяқталмады деп белгіленеді.
ЕСКЕРТПЕ: Плазма препараттары сəулелендіру құралынан сəулелендіру
аяқталған соң плазманы қатыруға қатысты мекемеңіздегі іс ретіне
сай алынуы қажет. 8 сағаттан кейін, плазма препараттарын
өңдеуге қатысты есептер аяқталмады деп белгіленеді.
MAN-KZ 00001, v3.0
4-ші тарау – Сəулелендіру құралын пайдалану реті
4.8 бөлімі – Қанды өңдеуге арналған жинақт(ард)ы алу
4-15
• Сəулелендіру циклы аяқталған соң, бейнебетте барлық жұмсалған
уақыттың минутқа шаққандағы есебі басталады.
• Араластырғыш тромбоциттер препараттарына арналған контейнерлерді
шайқауды жалғастыра береді, бірақ плазма препараттарына келгенде
тоқтайды.
• Шамамен əр 2 минут сайын, сəулелендіру құралы, контейнерлерді
сəулелендіру құралынан алу қажеттігі туралы ескерте отырып, дыбыс
сигналын шығарады.
1. Unlock Door («Есікті құлыптан босату») түймешігін басыңыз, осыдан
кейін, бейнебетте жапсырмаларды басып шығару жүріп жатқанын
растайтын хабар шығады.
2. Жапсырмалар басылып шыққаннан кейін, есікті құлпы босайды.
Unload containers («Контейнерлерді босату») бейнебеті пайда болады.
3. Сəулелендіру құралының алдыңғы есігін ашыңыз.
4. Суырманы тартып шығарыңыз жəне қақпақты ашыңыз.
5. Бейнебетте өңдеу күйінің таңбасының бар-жоғын тексеріңіз.
Аяқталмаған деп таңбаланған препаратпен жұмыс істеуге
қатысты мекемеңізде бекітілген іс реттерін орындаңыз.
6. Жапсырма басылып шыққан соң, тиісті жапсырманы əрбір
сəулелендіру контейнерінің үстіне қойыңыз жəне науадағы
контейнер(лер)ді алып тастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сəулелендіру контейнерінің үстіне жапсырманы орнату
кезінде, жапсырманы тиісті препаратпен жапсырманың
төменгі сол жақ бұрышында орналасқан донорлық нөмірі
жəне камера нөмірі бойынша салыстыруға болады.
Сəулелендіру үдерісі осы іс реті арқылы аяқталады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер өңдеу күйі белгісіз болса, күйін тексеру үшін өңдеу
есептерін қарап шығыңыз. Өңдеу есептерін басып шығаруға
қатысты мəліметті 4.10 бөлімінен қараңыз.
Үдерістің келесі кезеңдері туралы мəліметті қан препараттарын өңдеуге
арналған INTERCEPT жинағымен бірге келетін «Пайдалану
нұсқауларынан» қараңыз.
MAN-KZ 00001, v3.0
4-ші тарау – Сəулелендіру құралын пайдалану реті
4.8 бөлімі – Қанды өңдеуге арналған жинақт(ард)ы алу
4-16
Қосымша
1. Treatment («Өңдеу») түймешігін басыңыз. Select number of containers to
қан
treat («Өңделетін контейнерлер санын таңдау») бейнебеті пайда болады.
препараттарын
өңдеу
2. «Қан өңдеуге арналған жинақт(ард)ы салу» атты 4.3 бөлімінен бастап,
осыған дейін сипатталған əрекеттерді орындаңыз.
MAN-KZ 00001, v3.0
4-ші тарау – Сəулелендіру құралын пайдалану реті
4.9 бөлімі – Өңдеу есептерін жəне қосымша жапсырмаларды басып шығару функциясы
4-17
4.9 бөлімі
Өңдеу есептерін жəне қосымша жапсырмаларды
басып шығару функциясы
Сəулелендіру құралы есептерді басып шығару үшін конфигурацияланған
кезде (мəлімет алу үшін сəулелендіру құралының орнатымдары атты 3.6
бөлімін қараңыз), төрт мүмкіндік беріледі. Олар соңғы өңдеуді қолмен
шығару, арнайы өңдеуді басып шығару, ауысымдық есепті басып шығару
немесе жапсырмаларды басып шығару. Төменде принтер жалғанып,
сəулелендіру құралы конфигурацияланғаннан кейін осы есептерді қалай
жасауға болатыны сипатталған.
Автоматты түрде басып шығару параметрі таңдалған кезде, соңғы өңдеу
есептері, контейнерді босату кезінде осы іс реті аяқталған кезде, автоматты
түрде басылып шығады. Оператор тарапынан қосымша əрекет жасаудың
қажеті жоқ.
Келесі басып шығару параметрлерінің барлығына Select a report to print
(«Басылып шығатын есепті таңдау») бейнебетінен қатынасуға болады.
Ол бейнебетке өту үшін келесі əрекеттерді орындаңыз:
1. Сəулелендіру құралының жүйесіне кіргеннен кейін, Select a function
(«Функцияны таңдау») бейнебеті шығады. Егер Unload containers
(«Контейнерлерді босату») бейнебеті бар болса, Select a function
(«Функцияны таңдау») бейнебетіне оралу үшін Function («Функция»)
түймешігін басыңыз.
2. Print Records («Жазбаларды басып шығару») параметрін таңдау
үшін көрсеткілерді пайдаланыңыз. Select a report to print
(«Басылып шығатын есепті таңдау») бейнебеті пайда болады.
Осы əрекеттерді есепті басып шығару параметрлеріне өту үшін орындаңыз
немесе есептерді басып шығару кезінде алдыңғы бейнебетке немесе Select a
report to print («Басылып шығатын есепті таңдау») бейнебетіне өту үшін
Back («Кері өту») түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер өңдеу күйі белгісіз болса, күйін тексеру үшін өңдеу
есептерін қарап шығыңыз.
MAN-KZ 00001, v3.0
Достарыңызбен бөлісу: |