4-ші тарау – Сəулелендіру құралын пайдалану реті
4.3 бөлімі – Қанды өңдеуге арналған жинақт(ард)ы салу
4-5
4.3 бөлімі
Қанды өңдеуге арналған жинақт(ард)ы салу
1. Көрсеткілер арқылы Run Treatment («Өңдеуді бастау») функциясын
таңдаңыз.
2. Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз. Select number of containers to treat
(«Өңделетін контейнерлер санын таңдаңыз») бейнебеті пайда болады.
ЕСКЕРТПЕ: Сəулелендіру құралына мəліметті енгізу барысында Cancel
Treatment («Өңдеуді тоқтату») түймешігін кез-келген
уақытта басуға болады. Бұл енгізілген кез-келген мəліметті
жояды жəне сізді Select a function («функцияны таңдау»)
бейнебетіне кері апарады.
3. Өңделетін контейнерлер санын көрсеткілер көмегімен таңдаңыз.
4. Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сəулелендіру құралы əдепкідей екі камераның көмегімен екі
контейнерді сəулелендіруге реттелген: 1 (алдыңғы камера)
жəне 2 (артқы камера). Қалыпты жағдайда, егер тек бір
контейнерді сəулелендіргіңіз келсе, 1-ші камераны
пайдалануыңыз қажет. Егер де алдыңғы камера дұрыс жұмыс
жасамаса жəне оны пайдалану мүмкін болмаса, онда бір
тромбоциттер препаратын немесе бір плазма препаратын
сəулелендіру үшін 2-ші камераны пайдалануға болады.
5. Сəулелендіру құралының алдыңғы есігін ашыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер есік ашылмаса, онда бейнебетте есікті ашу қажеттігін
ескертетін хабар пайда болады.
MAN-KZ 00001, v3.0
4-ші тарау – Сəулелендіру құралын пайдалану реті
4.3 бөлімі – Қанды өңдеуге арналған жинақт(ард)ы салу
4-6
6. Суырманы шығарыңыз.
7. Қара түсті ілмекті оңға қарай сырғыту арқылы науаның қақпағын
ашыңыз. (Қақпақ оң жаққа қарай ашылады.)
ЕСКЕРТУ Тромбоциттер немесе плазманы (магистралды түтіктерді
қосқанда) қамтитын барлық материалдар тиісті өңдеу
орын алуы үшін сəулелендіру құралы науасының үлкен
бөлігінің ішіне қойылуы қажет. INTERCEPT қан өңдеу
жүйесі сəулелердің науа жəне қан препараты бар
сəулелендіру контейнері арқылы кедергісіз өткен жағдайда
қолдану үшін жарамды деп табылған. Осы аймақта
ешқандай белгі немесе басқа материал болмауы керек.
Жапсырмалар сəулелендіруге арналған контейнер
қалқанына ғана орнатылуы керек. Науа таза болуы
керек. Сəулелендіру контейнерін бүктемеген жөн.
ЕСКЕРТПЕ: Камераның орналасу реті науада таңбаланған. 1-ші камер
а – алдыңғы бөлім. 2-ші камера – артқы бөлім. Əр камераның
сол жағы күн таңбасымен белгіленген сəулелендіру жағы
болып табылады.
MAN-KZ 00001, v3.0
4-ші тарау – Сəулелендіру құралын пайдалану реті
4.3 бөлімі – Қанды өңдеуге арналған жинақт(ард)ы салу
4-7
8. 1 санымен таңбаланған сəулелендіру контейнерін науаның сол
жағындағы алдыңғы 1-ші сəулелендіру камерасына салыңыз.
9. Контейнердің клапанын науадағы пластмасса ілмекке бекітіңіз.
10. Сəулелендіруге арналған контейнерден шығатын магистралды
түтікті бөлгіштің ұяшығына салыңыз. Қан препараты бар нығыздалған
магистралды түтіктің камераның сол жағында тұрғанына көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ
Амотосаленмен араласқан қан препаратын қамтитын
магистралды түтіктер сəулелену орын алатын камераның
сол жақ бөлігінің ішінде болуы керек. Сəуле əсеріне
ұшырап жатқан аумақ ішінде толық орналаспаған
магистралды түтіктердегі тромбоцит немесе плазма
препараттары патогенді инактивацияға ұшырамайды.
Жинақ қалдығы
Пластм. ілмек
Сəулелен. контейнері
Бөлгіш ұяшығы
MAN-KZ 00001, v3.0
4-ші тарау – Сəулелендіру құралын пайдалану реті
4.3 бөлімі – Қанды өңдеуге арналған жинақт(ард)ы салу
4-8
11. Басқа контейнерлерді алдыңғы 1-ші камераның оң жағына соңғы
сақтау контейнерінің жапсырмасы жоғары қарап тұратындай етіп
қойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Камераның оң жағындағы контейнерлердің мықтап
бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
12. Жинақты суырмаға түзету тесіктерін фиксатор тіреулердің үстіне
тарту арқылы бекітіңіз.
Тромбоциттер препараты
Плазма препараты
ЕСКЕРТПЕ: Екі қан препаратын өңдеген жағдайда, екінші өңдеу жинағын
осы кезде артқы 2-ші камераға немесе бірінші жинаққа
арналған штрихкодтарды сканерлеп болғаннан кейін салуға
болады. 2-ші контейнерді салуға қатысты мəліметті Repeat
Set Loading for Container 2 («2-ші контейнер үшін жинақты
қайта салу») атты 4.5 бөлімінен алыңыз.
Түзету
тесіктері
Түзету
тесіктері
MAN-KZ 00001, v3.0
4-ші тарау – Сəулелендіру құралын пайдалану реті
4.4 бөлімі – Штрихкодтарды сканерлеу
4-9
4.4 бөлімі
Штрихкодтарды сканерлеу
Enter treatment data for container 1 («1-ші контейнерге арналған өңдеу
деректерін енгізу») бейнебеті пайда болады.
1. Соңғы сақтау контейнеріндегі штрихкодтарды келесі рет бойынша
сканерлеңіз:
Таңба
Сипаттама
1-ші штрихкод
Донация нөмірі
(мекемеңіз тарапынан беріледі)
2-ші штрихкод
Қан препаратының коды
(мекемеңіз тарапынан беріледі)
3-ші штрихкод
INTERCEPT жинағының коды
(препарат)
4-ші штрихкод
INTERCEPT өндірістік
партиясының нөмірі
Штрихкод енгізілгенге дейін, бейнебеттегі штрихкод таңбасы қара түсті
болып көрінеді. Штрихкод енгізілгеннен кейін, таңба ортасында құсбелгісі
бар сұр таңбаға ауысады.
ЕСКЕРТПЕ: Өңдеу деректеріне арналған деректерді енгізу əдістері
(сканерленген немесе қолмен енгізілген штрихкод)
сəулелендіру құралы мен деректерді басқару жүйесі
екеуінде де бірдей болуы қажет.
ЕСКЕРТПЕ: Енгізуге болатын штрихкод таңбаларының ең көп саны 17.
ЕСКЕРТПЕ: Сəулелендіру құралына мəліметті енгізу барысында
Cancel Treatment («Өңдеуді тоқтату») түймешігін кез-келген
уақытта басуға болады. Бұл енгізілген кез-келген мəліметті
жояды жəне сізді Select a function («Функцияны таңдау»)
бейнебетіне кері апарады.
MAN-KZ 00001, v3.0
Достарыңызбен бөлісу: |