«Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру»



жүктеу 112,88 Kb.
Дата20.01.2018
өлшемі112,88 Kb.
#7744



Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң
2013 жылғы « »
№ қаулысымен   
бекiтiлген

«Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелер беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе www.e.gov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ Порталға жүгінген жағдайда:

радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру – күнтізбелік 10 (он) күн ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 минут.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз (ішінара автоматтандырылған) және/немесе электрондық түрде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз және/немесе электрондық түрінде.

Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсатты көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке келуімен берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып береді.

Порталда көрсетілетін қызметті алушы радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсатты электрондық құжат нысанында «жеке кабинеттен» алады.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, дүйсенбіден қос алғанда жұмаға дейін.

Қабылдау және нәтижелерді беру алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

2) Порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсатты алу үшін (немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге Халықаралық азаматтық авиация ұйымы туралы конвенцияға 6-қосымша талаптарына сәйкес келетін радиостанциялардың атаулары мен диапазондары көрсетілген, еркін нысандағы өтінішті ұсынады.

Порталда:

Көрсетілетін қызметті алушы радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсатты алу үшін Халықаралық азаматтық авиация ұйымы туралы конвенцияға 6-қосымша талаптарына сәйкес келетін радиостанциялардың атаулары мен диапазондары көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетілген, тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі болып табылады;

Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті алу күні және уақыты көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігін)

шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігін) шағымдану үшін шағым мемлекеттік қызметтің осы стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшының атына немесе мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына ұсынылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық почтаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

Шағымдар жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы почта немесе қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, жасалған шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келген көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға шағыммен жүгінуіне болады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Шағымда:

жеке тұлғаның – оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы;

заңды тұлғаның – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

11. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, соның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген

өзге де талаптар

12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.mtc.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналасқан.

13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болуы жағдайында Портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі болады.

14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша Порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтан қатынау режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414).

_____________________

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру немесе қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру;

2) порталда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілеттік берілген адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында дәлелді бас тарту болып табылады.

8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.

9. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін еркін нысандағы өтінішті ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті ұсынады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады.

11. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы талон береді.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні және уақыты көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

12. Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру көрсетілетін қызметті беруші қызметкер берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналында көрсетілетін қызметті алушының өзі қол қойғанда береді.

13. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін азаматтық әуе кемесін пайдалану сәйкессіздігі туралы бағалау актісінің болуы негіз болып табылады.



3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

көрсетілетін қызметті алушылардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдерін, әрекетін (әрекетсіздігін)

шағымдану тәртібі

14. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін мына мекенжай бойынша түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық почтаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

15. Шағым дұрыс қызмет көрсетілмеген немесе көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мыналарға жүгіну арқылы жолданады:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кеңсесіне: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжай бойынша, электрондық почтаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, телефон: 8 (7172) 24-14-19;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогына (www.mtc.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогы» беті);

3) (8-7172) 24-29-09 телефоны бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «сенім телефонына».

Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымды қабылдаған лауазымды адамның жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-дан 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

16. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 12.30-дан 14.30-ға дейінгі түскі үзілістен жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, № 33 «А» үй мекенжайы және 8 (7172) 75-35-96 телефоны бойынша жүгінуге құқылы.

Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының - 1414, сондай-ақ 8 (7172) 24-27-10 телефоны бойынша алуға болады.

17. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

18. Шағым еркін нысанда жасалады.

19. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат, осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шағымды қабылдаған адамның тегі және аты, әкесінің аты, күні мен уақыты және жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес жазбаша түрде почта немесе электрондық почта арқылы хабарланады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген

өзге де талаптар
20. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыда ЭЦҚ болуы шартымен портал арқылы көрсетіледі.

21. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат, соның ішінде мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында мына мекенжай бойынша www.mtс.gov.kz орналастырылған («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде).

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат сондай-ақ Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша ұсынылады.

22. Көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілген мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы қысқа ақпарат осы стандарттың 3-қосымшасында, сондай-ақ 4-қосымшасына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу схемасы келтірілген.



23. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған ғимаратта көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы ғимаратында анықтама бюросы, күтуге арналған орындықтар және өтініш бланктерін толтыру үлгілері көрсетілген ақпараттық стендтер орналасқан.
_____________________
жүктеу 112,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау