Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет48/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Түсті металдар топтары

Түсті металдар топтары

Негіздері Басқалары

Ауыр

Жеңіл

Кіші метал-дар

Қымбат бағалы

Бағалы
металдар

Баяу балқитын түсті
металдар

Сирек және
шашыранды
кездесетін

Мыс

Алюминий

Сурьма

Алтын

Алтын
күміс

Вольфрам

Уран

Қалайы

Магний

Сынап

Күміс

Платина

Молибден

Германий

Қорғасын

Титан

Кадмий

Платина

Осмий,
иридий

Ваннадий,
Кобальт
кұрайды.

Және
басқалары

Мырыш










родий,
палладий




цирконий
ниобий
тантал
литий
бериллий
германий

Никель
















селен
теллур
индий

Түсті металдар жеке қасиеттерінің және қолдану аясының өте әртүрлілігімен ерекшеленеді. Осы алуан түрлі металдарды кейбір ортақ қасиеттері негізінде жіктейді. Негізі түсті металдарға ең алдымен, ауыр металдар – мыс, мырыш, қорғасын, никель, қалайы, жеңіл металдар –алюминий, магний, титан, кіші металдар – сурьма, сынап, кадмий жатады. Келесі топты құрыштаушы түсті металдар – вольфрам, молибден, ваннадий, кобальт құрайды. Алтын, күміс, платина және осы топ элементтері осмий, иридий, палладий т.б. бағалы металдарға кіреді (Н қосымшаға қараңыз). .


Сирек және шашыранды түрде кездесетін металдарға – цирконий, ниобий, тантал, литий, бериллий, германий, селен, теллур, индий, т.б.жатады.
Өнеркәсіптік мақсатта салыстырмалы түрде жақында ғана толық игеріле бастаған осы соңғы топ элементтері ғылымды көп тілейтін өнеркәсіптің түбегейлі жаңа салаларында кеңінен қолданыс табуда.
Жалпы түсті металлургия 80-нен астам әртүрлі металдар мен элементтерді өндірумен бірге көп мөлшерде күкірт қышқылын және т.б. қосалқы өнімдер шығарады. Түсті металлургия өнімдерін шығарудың шаруашылықтық маңызы бүгінде орасан зор болып отыр. Әсіресе ҒТП дамуының жаңа кезеңінде өзінің тамаша қасиеттерінің арқасында түсті металлургия өнімдері шаруашылықтың жеке салаларында өте шешуші рөл атқарады.
Түсті металлургия өндірісі – көлемі жөнінен қара металлургиядан 20-есе кем. Мұнда ауыр түсті, легирленген және асыл металдар металлургиясы әдетте оларды өндіретін елдер мен аудандарда дамытылады. Бұл металдар кенінде, әдетте пайдалы құрамды бөліктерінің мөлшері аз болады.
Түсті металлургия өнеркәсіптің ескі және жетекші саласы бола отырып, оның дамуы өте мол пайдалы қазбалар ресурстарына бағдарланып отыр.
Әлемнің әртүрлі елдерінде түсті металдарды өндірудің өзіндік ерекшеліктері бар. Дамыған елдерде өндірістік шикізатты өндірумен қамтамасыз ету шикізатты қайтадан пайдаланудың үлесі жоғары.Өндірістік циклдың құрылымында, сирек және стратегиялық маңызды металдарды – титанды, кобальтты, танталды, германийді өндіруді қоса отырып, өндірістің орта және жоғары сатыларының басым болуымен, саланың толығырақ құрылымымен сипатталады. Осында кәсіпорындарды орналастыру үшін шикізатың факторы азырақ маңызға ие, көлік-энергетика және тұтыну факторлары басым болып келеді. Жалпы алғанда, көптеген дамыған елдердің түсті металлургиясы импорттық шикізатта жұмыс істейді.
Өнеркәсібі дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдерде шикізаттыңмол қоры, өндірістік құрылымда өнімдері шығару, өңделмеген металды байыту және өндіру басым болады.
Түсті металдарды пайдалану көп салалы болып келеді.. Мыс машина жасауда, электр энергетикасында және өнеркәсіптің басқа да салаларында таза түрінде де, қалайымен (қола), алюминиймен (дюралюминий), мырышпен (латунь), никельмен (мельхиор) қорытпаларда да кеңінен қолданылады. Қорғасын аккумулятор, кабель өндірісінде, атом өнеркәсібінде кең қолданылады. Қалайыдан ақ қаңылтыр, подшипниктер және т.б. жасалады. Никель - қиын балқитын металдар санатына жатады. Никельдің басқа металдармен қосылуынан көптеген құнды қорытпалар алынады. Оның қоспалы болаттар өндіру кезінде, сонымен қатар металл өнімдердің қорғаныш жамылғыларын салған кезде маңызы зор. Алюминий машина жасаудың әртүрлі салаларында, оның ішінде авиақұрылыста, электротехникада, сонымен қатар құрылыста және халық тұтынатын тауарлар өндіру үшін, магний радиотехникада, авиация, химия, полиграфия және өнеркәсіптің басқа да салаларында, титан (қышқылдардың әсер етуіне өте берік, төзімді, антимагниттік қасиеттерге ие) кеме жасауда, сонымен қатар реактивті қозғалтқыштар, ядролық реакторлар және т.с. жасаған кезде қолданылады. Асыл металл қорлары бойынша Ресей әлемде үшінші орын алады. Алтын кен орындары Сібір мен Қиыр Шығыста шоғырланған. Күміс зергерлік бұйымдар жасағанда да, өнеркәсіпте де пайдаланылады. Мысалға, күміссіз кино және фотопленка шығаруға болмайды.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау