Өнеркәсіп географиясы


-2001 жылдардағы дағдарыс кезеңіндегі дүниежүзілік болат өндірісі



жүктеу 2,97 Mb.
бет42/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

2000-2001 жылдардағы дағдарыс кезеңіндегі дүниежүзілік болат өндірісі

Аймақтар

2000

2001

Өзгерісі %

Азия

319 634

332 474

4,0

Қытай

126 316

141 392

11,9

Жапония

106 444

102 863

-3,4

Оңтүстік Корея

26 924

27 291

1,4

Үндістан

43 107

43 851

1,7

Тайвань

16842

17 078

1,4

Африка

12 861

13 861

7,8

ОАР

8 481

8 821

4,0

Египет

2 838

3 799

33,9

Ливия

1 055

846

=19,8

Аустралия және Жаңа Зеландия

8 706

846

-11,2

Таяу Шығыс

10 310

11 185

8,5

Иран

6 600

6 916

4,8

Сауд Арабиясы

2 981

3 381

13,4

Еуропа

208 381

203 430

-2,4

Германия

46 376

44 801

-3,4

Италия

26 544

26 461

-0,3

Франция

20 954

19 350

-7,7

Испания

15 920

16 719

5,0

Ұлыбритания

15 022

13 571

-9,7

Бельгия

11636

10 781

-7,3

Нидерланды

5 666

6 037

6,6

Шығыс Еуропа

45 323

44 799

-1,2

Түркия

14 325

15 079

5,3

Польша

10 503

8 788

-16,3

Чехия

6 215

6 315

1,6

Румыния

4 769

4 891

2,5

Словакия

3 733

3 997

7,1

Солтүстік Америка

134 118

119 489

-10,9

АҚШ

100 711

89 711

-10,9

Канада

16 594

15 106

-9,0

Мексика

15 659

13 495

-13,8

Оңтүстік Америка

39 115

37 583

-3,7

Бразилия

27 865

26 718

-4,1

Аргентина

4 474

4 107

-8,2

Венесуэла

3 835

3 958

3,2

Чили

1 352

1 226

-9,2

ТМД

96 483

98 182

1,8

Ресей

57 587

57 529

-0,1

Украина

31 293

33 110

5,8

Қазақстан

4 770

4 655

-2,4

Белорусь

1 504

1 488

-1,1

Молдова

909

966

6,2

Өзбекстан

420

434

3,4

Металл өнімдері бағасының өсуінің тағы да бір себебі, теңіз тасымалдары тарифінің қарқынды өсуі фонында жетекші дүниежүзілік жеткізушілердің темір рудалық шикізатына босату бағасының көтерілуінен болды.


Бағаның өсуі, сонымен қатар шикізаттың маңызды бір түрі – қара металл сынықтарына да қатысты. Қара металл сынықтарының нарығы 2004 жыл ішінде бірнеше рет бағасының өсуін басынан өткізді және қазір оның бағасы бірқатар өңірлерде тоннасы 300 долларға көтерілді. Бүгінгі таңда темір рудасына жоғары бағасынан басқа қара металлургияда, келешекте қара металл сынықтарының жетіспеушілігіне байланысты, бірқатар проблемалар туындайды. Экологиялық талаптардың және аса тиімділігінің әсерінен дүниежүзілік металлургия үшін шикізаттың осы түрлеріне құндылық әрқашан өсуде. Батыста соңғы кездері сынықтардан барлық болаттың 70 пайызға жуығы күйдіріледі (ал Ресейде әзірше тек үштен жуығы).
Американ валютасына айырықша әлсіреуі, сонымен бірге металл құнының көтерілуіне әкелді. Ірі тұтынушылардың бірі болып табылатын американдықтар үшін еуропалық импорттың құны көтерілуде, бұл АҚШ-та ішкі өндірушілері бағасының көтерілуін ынталандырады, яғни өзінің жағдайын құнының есебінен қалпына келтіруге тырысады. Шойын мен болат халықаралық институттың статистикасы бойынша (IISI) 2004 жылы болаттың ғаламдық өндірісі 8,8 пайызға көтерілді және 1,05 млрд. тонна рекордтық деңгейге дейін жетті, оның тұрақты өсу жылдамдығы - 2-3 пайыз. IISI мәліметтеріне сәйкес, болатты шығару Жапонияда 2004 ж. 2 пайыздан 112,7 млн.т., АҚШ – 5,2 пайыздан 98,5 млн. т., Ресей – 2,5 пайыздан 65,3 млн.т., Оңтүстік Корея – 2,6 пайыздан 47,5 млн.т., Германия – 3,6 пайыздан 46,4 млн. т., Украина – 4,9 пайыздан 38,7 млн.т. дейін, Бразилия – 5,7 пайыздан 32,9 млн. т. дейін, Индия – 2,7 пайыздан 32,6 млн.т., Италия - 5,6 пайыздан 28,3 млн. т. көтерілді.
Азия елдерінде болатты өндіру 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 13,2 пайыздан 499,3 млн.т. өсті. Егер Қытайды санамағанда, өсу көрсеткіші 3 пайызды құрады. Ең ірі болатты өндіруші Қытай болып қалуда, ол 2004 ж. 272,5 млн.т. болат өнімдерін (2003 ж. салыстырғанда - 23,2 пайызға көтерілген) балқытты. Жалпы дүниежүзілік болатты өндіруде Қытайдың үлесі 2004 жылы 25,8 пайызды құрады. Бұл ұлттық экономиканы салқындату бойынша ел басшылығымен қабылданған шаралар болатқа ішкі сұранымының көлеміне ғана әсер етті. Сонымен қатар, өркендеп келе жатқан қытай өндірісі дүниежүзі нарығындағы бағалық дүрлікпені төмендетуге қабілетті.
Қазіргі кездегі жағдай. Түсті металлургия мен химия тарапынан бәсекелестікке қарамастан, қара металдар негізгі конструкциялық материал ретіндегі өз позицияларын сақтап қалуда және оларды өндіру көлемдері өсіп отыр. Қара металдарды жалпы әлемдік қорытуда дамып келе жатқан елдердің үлесі бұрынғыдан да артып келеді.
Әлемнің қара металлургия кәсіпорындарының орналасуына және өндірістік байланыстар жүйесіне күн өткен сайын әлемдік шаруашылықтың жаһандануы мен трансұлттануы, сонымен қатар интеграция процестері көбірек әсерін тигізуде. Аса ірі болат корпорацияларының («Миттал Аркелор» - трансұлттық корпорация, «Ниппон Стил» - Жапония, «Поско» - Корея және т.б.) кәсіпорындарында көптеген ірі, мысалға, Франция, Италия, Ұлыбритания, Испания, Бельгия және т.б. секілді елдердің ұлттық шаруашылықтарында қара металдар қорыту көлемдеріне сәйкес келетін және тіптен одан асып түсетін металл мөлшері өндіріледі. Трансұлттық корпорациялар өз саясатында өз өндірістерін аумақтық орналастыруды оңтайлы ету мүмкіндіктеріне сүйенеді және бүкіл әлем бойынша орналасады. Оның үстіне осындай ірі корпорациялардың даму стратегиясы оларға дәстүрлі нарықтардың сыйымдылығының шеңберінен шығуға мүмкіндік берді.
Қара металлургияның ірі кәсіпорындары ішкі технологиялық байланысының түрі бойынша металлургия-энергохимиялық комбинаттарын ұсынады. Болатты тоқтаусыз құюуы қазіргі кездегі металлургияның бірден-бір ірі жетістіктері болып табылады. Оны пайдалану өндірістік процесті айырықша жеңілдетеді және құю процессінде толық механизациялау және автоматтандыру үшін жағдай жасайды.
Қазақстандағы қара металлургияның даму жағдайы
Қазақстанда қара металлургия екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн қолға алынды. Әсiресе, шойын, болат, құрыш пен өзге де металлургиялық өнiмдер көптеп өндiрiле бастады. Сондай-ақ, ферроқорытпа саласы да жүйелi түрде жолға қойылған. Үкiмет бiрнеше рет тау-кен металлургия кешенiн дамытудың тұрақты жұмыс iстеуiн және стратегиялық басымдылығын ғылыми-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету бағдарламаларын қабылдады. Жүйелi түрде жұмыс жасауға тырысуда. Бiрақ нарық талаптары мен бәсекелестiкке төтеп беруде ақсап жатқан тұстар баршылық. Мысалы, Қазақстандағы металлургиялық өнiмдердi қажет ететiн негiзгi тұтынушы — құрылысшылар, яғни, құрылыс саласы. Халықаралық қаржылық құрылымдардың несиелiк түрдегi көмегiнен қағылған отандық екiншi деңгейлi банктер құрылыс саласына бөлiнетiн қарыз көлемiн едәуiр қысқартқаны белгiлi. Осының салдарынан қызмет көрсету алаңы тарылған металлургтер шет мемлекеттерден серiктестер табуға мүдделi. Әсiресе, экономикасы ерекше қарқынмен дамушы елдер - Қытай мен Ресей. Бiрақ мұның да өз қиындықтары бар. Мысалы, темiр-терсектi сыртқа тасымалдауда қытайлар алдарына жан салмайды. Демек, Қытай нарық қазақстандықтар үшiн жабық. Нарыққа қатысты бәсекелестiктен туындайтын кейбiр тартыстар да ресейлік және украиналық нарыққа енуде кедергi жасайды. Негiзi Ресей металлургияның 96%-ын сырттан тасиды. Бiрақ Қазақстанның өнiмiн iшкi нарыққа енгiзуге аса құлшынып отырған жоқ.
Қазақстанның жер қойнауында болат өнімдерін кең ассортиментте және жоғары сапада өндіру үшін барлық қажетті шикізат материалдары бар. Республикадағы қайта жаңғырған тау-металлургиялық және энергетикалық кешені және сақталған ғылыми-техникалық әлеуеті қазіргі уақытта болатты балқытып өзгертудің қазіргі кездегі технологиясын меңгеруге қабілетті. Келешекте болат балқыту кешенінің шикізат базасы еріндік темірді – доғалық пештерде болатты балқыту кезінде шойын мен металдың орнын басатын жоғары сапалы шикізатты алуымен, Қазақстанда руда мен концентраттардан темірді тікелей қалпына келтіру технологиясын меңгеруімен айырықша кеңейуі мүмкін.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау