|
Өнеркәсіп географиясыбөлім
ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ ӨНЕРКӘСІП ГЕОГРАФИЯСЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
|
бет | 3/117 | Дата | 22.12.2023 | өлшемі | 2,97 Mb. | | #44894 | түрі | Оқулық |
| Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы1 бөлім
ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ ӨНЕРКӘСІП ГЕОГРАФИЯСЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1. Өнеркәсіп географиясының салалық құрылымы мен өзгерістері, үлгілері және ірі географиялық аймақтары
Постиндустриалды қоғамға өтудің басталуымен бүкіләлемдік жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) өнеркәсіп кешендерінің үлесінің және ондағы экономикалық белсенді халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуінің азая бастағандығына қарамастан, өнеркәсіп материалдық өндірістің ең басты саласы болып орнығуда. Өнеркәсіп өндірісіне бұрынғысынша үлкен инвестициялар бағытталуда, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конcтрукторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) кететін ірі шығындар да онымен тікелей байланысты болып қалуда. Өнеркәсіптік тауарлар халықаралық саудадағы өзінің сөзсіз біріншілігін сақтап отыр. Өнеркәсіп тек экономикаға ғана емес, қоғамдық өмірдің басқа жақтарына да үлкен әсерін тигізуін жалғастыру үстінде. Өнеркәсіптің аумақтық құрылымы, бүкіләлемдік шаруашылықтың қаңқасын қалыптастырушы ретінде, оның аумақтық құрылымында анықтауда. Сондықтан көбінесе, «өнеркәсіпті» (әрине негізсіз де емес) адамдар «экономикалық дамудың моторы» деп оны балама атауменен де атауда.
Дүниежүзілік өнеркәсіптің бүкіләлемдік ауқымын сипаттайтын сандық көрсеткіштері де (оның өсу қарқыны ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы 6%-дан қазіргі 2%-ға дейін төмендеп кетсе де) өте жоғары болып қалуда. Жаңа ғасырымыздың басындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының және ТМД елдерінің сарапшыларының мәліметтеріне және халықаралық экономикалық ұйымдарының есептеулеріне жүгінсек, жаңа ғасырымыздың басында дүниежүзілік өнеркәсіп жасаған қосымша құн шамамен алғанда 15 трлн долларға бағаланып және оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі ауыл шаруашылығының үлесінен 7-8 есе асып түсе отырып, бүкіләлемдік жалпы ішкі өнімнің 1/3 бөлігін құраған. Бүкіләлемдік өнеркәсіп өндірісінде 500 млн. аса адам (1960 жылдардағы 180 млн адаммен салыстырғанда) жұмыс істейді. Бұған өнеркәсіптік тауарлар өзінің көлемі әрі құны бойынша да халықаралық саудадағы барлық тауарлардың 80-90%-ын құрайтындығын қоссақ, оның ауқымының аса кеңдігін байқаймыз.
Бүкіләлемдік өнеркәсіптің салалық құрылымында да үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Мезоқұрылым деңгейінде олар ең алдымен өндіруші және өңдеуші салалар арасындағы пропорциялық тұрғыдағы өзгеруінен көрініс табуда. ХХ ғасырдың екінші жартысының бүкіл өне бойында жалпы өнеркәсіптік өндірістегі өндіруші салалардың үлесінің азаюына қарайғы тұрақты тенденция сақталып келеді. Бүгінгі күні бұл үлес 1/10 шамасын құрауда. Мұндай өзгерістер өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптегі өзінің ішкі пропорцияларына қатысты болуда.
Өндіруші өнеркәсіп тек тау-кен өнеркәсібін ғана емес, ағаш дайындау өнеркәсібін де қамтитын, ірі және шағын салалардың тұтастай кешені болып келеді, бұған сонымен қатар теңіз кәсіпшілігі, сумен жабдықтау, аң аулау, т.б. кәсіпшіліктер шаруашылығын да жатқызылады. Бірақ осы саланың жиынтық өнім шығаруының шамамен ¾ бөлігі оның негізгі басты саласы - тау-кен өндірісі өнеркәсібіне тиесілі. Ал тау-кен өндірісі өнеркәсібінің құрылымында, оның өнімінің 3/5 бөлігін (құны бойынша) қамтитын мұнай-газ өнеркәсібі, ал қалған бөлігін шамамен бірдей үлесте – көмір және кен өндіру өнеркәсібі қамтамасыз етіп отыр.
Өңдеуші өнеркәсіп – құрылымдық жағынан өндіруші өнеркәсіптен де бетер анағұрлым күрделі кешен. Ол өз кезегінде осылардың басын қосатын төрт ірі блокқа, яғни: 1) конструкциялық материалдар мен химиялық өнімдер өндіруге; 2) машина жасау мен металл өңдеуге; 3) жеңіл өнеркәсіпке; 4) тамақ өнеркәсібіне бөлу қабылданған 300-ден аса әртүрлі ірі және шағын салаларды қамтиды. Өңдеу өндірістерінің құрылымында сондай-ақ ауыр және жеңіл өнеркәсіп салаларын бөліп көрсетіледі: 60-жылдардың өзінде-ақ олардың арасындағы арақатынас 60:40-ты құраған болатын, бірақ 80-жылдардың өзінде-ақ бұл арақатынас 70:30% болып шықты. Әлемдік өңдеу өнеркәсібінің құрылымында бірінші орынды машина жасау алып отыр (бүкіл өнімнің 40%-ы ), екінші орында химия өнеркәсібі тұр (15%-дан көбірек). Одан әрі тамақ өнеркәсібі (14%), жеңіл өнеркәсіп (9%), металлургия (7%) және өзге салалар келе жатыр. Олардың арасындағы арақатынас уақытқа қарай өзгеріп отырады, бірақ жалпы алғанда біршама тұрақты болып қалуда. Оның есесіне, жоғарыда аталып көрсетілген салалардың әрқайсысының өз ішіндегі болып жатқан өзгерістер әдетте қарқындырақ болып келеді. Ең алдыменен, осы айтылғандар негізінен өнеркәсіптік өндірістің ең әртараптырындалған саласы ретінде машина жасауға қатысты.
Дүниежүзілік өнеркәсіптің салалық құрамындағы өзгерістермен қатар, оның аумақтық құрылымындағы пропорцияларында да өзгерістер болып жатыр. Бұл үдеріс, жалпы алғанда дүниежүзілік шаруашылықтың құрамындағы өнеркәсіп салаларының атқаратын қызметін және олардың орналастырылуын зерттеумен айналысатын экономгеографтардың жіті назарын аударуда. Әдетте мұндай өзгерістерді олар, Солтүстік (дамыған елдер тобы) пен Оңтүстікті (дамушы елдер тобы) салыстырудан бастап және мұны жекелеген елдермен аяқтай отырып, әртүрлі иерархиялық деңгейлерде қарастырады.
Экономикалық жағынан дамыған елдер мен дамушы елдер арасындағы арақатынас соңғы онжылдықтар ішінде елеулі өзгерді. Оңтүстік елдеріндегі индустриялдандырудың жоғарырақ қарқындары олардың бүкіләлемдік өнеркәсіп өндірісіндегі үлесінің (Қытайды қоспағанда) 50-жылдардың басындағы 4%-дан 1975 жылғы 11%-ға дейін және қазіргі кездегі 25%-ға артуына алып келді, әрі бұл үлес одан бетер арта түсуде. Экономикалық әдебиеттерден осы елдердің үлесі (Қытайменен бірге) қазіргі күнде енді 35-40% құрайтындығын негізге алатын бағалауларды кездестіруге болады. Осыған орай дамушы елдердің жалпы ішкі өніміндегі өнеркәсіптік өндірістің үлесі де 60-жылдарғы 25%-дан 90-жылдардың соңында 35%-ға дейін өсті. Мұнымен қоса, Оңтүстік елдері Солтүстік елдерін өнеркәсіптік өндірістің құрылымының күрделілігі бойынша да қуып жетіп қалды, өйткені ендігі уақытта олардың «келбетін» тау-кен өнеркәсібіне қарағанда, 1950-2000 жылдар аралығында өзінің өндірісін 16-17 есе арттырған (дамыған елдерде – 5 еседен сәл аса) өңдеуші өнеркәсіп анықтауда. Өткен ғасырдың соңында-ақ дамушы елдер дамыған елдерді жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру жөнінен басып озғанды. Ендігі жерде Оңтүстік елдері Солтүстік елдеріне ауыр өнеркәсіп салалары бойынша да күн өткен сайын жақындай түсуде, осы елдердің ауыр өнеркәсіптің жиынтық өнеркәсіптік өндірісіндегі үлесі қазірдің өзінде 3/4-ке (оның ішінде машина жасау – ¼) жетті.
Дамушы елдерде индустриялдандырудың қос стратегиясы, немесе екі – ішке бағытталған және сыртқа бағытталған үлгісі белгілі. Осылардың біріншісін, экономикалық әдебиеттерде импорт алмастыру стратегиясы деп атау қабылданған. Ол негізінен алғанда Азияның, Африканың және Латын Америкасының дамушы елдерінде индустриялдандырудың бірінші кезеңінде жүргізілді және өнеркәсіп өнімдерін импорттаудан біртіндеп бас тартудан және ішкі нарықты өз өнімдерімен қамтамасыз етуден тұрды. Алдыменен, осындай импорт алмастыру тұтынушылық тауарларын – маталарды, киімді, аяқ киімді, жиһазды және т.с. өндіруде жүзеге асырылды. Одан әрі импорт алмастыру ауыр өнеркәсіп өнімдерін де қамтыды. Алайда осындай импорт алмастыратын даму жалпы алғанда жеткіліксіз тиімді болып шықты, сондықтан көптеген елдер өзгеше, осының негізінде жергілікті тауарларды бүкіләлемдік нарыққа қарай жылжыту бағдарға алынған экспортқа бағытталған даму үлгісіне көше бастады. Ең көп жағдайда бұл үлгі Азияның жаңа индустриялды елдеріне (ЖИЕ) тән.
Алайда, Оңтүстік елдері үшін көңілге үміт оятатын болып отырған барлық осы салыстырулар өз кезегінде түсінік бере кетуді қажет етеді. Біріншіден, индустриялдандырудың жетістіктері мен табыстарына қарамастан, дамушы елдер жалпы алғанда дамыған елдерден тұтастай бір тарихи дәуірге артта қалып келе жатыр. Бұл бірінші кезекте Солтүстік елдерінің бұлардан бүкіл өнеркәсіптік өндірісте, әрі тек бұған ғана емес кеңейту және жаңарту осыларға байланысты болып отырған, ғылымды көп қажет ететін салаларда алда келе жатқандығымен түсіндіріледі. 2000- жылдардың басында ғылымды көп қажет ететін өнімнің бүкіләлемдік нарығы 2,5 трлн доллардан асып үлгерді, бұл ретте тек қана «үлкен жетілік» елдерінің өзі осы нарықтың 80%-ын, ал экономикалық жағынан дамыған елдердің барлығын қосқанда оның 90%-ын бақылап отыр. Солтүстіктің жетекші елдерінің (Америка Құрама Штаттары, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания) өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ғылымды көп қажет ететін өнімге 20-25% келсе, ал олардың экспортындағы бұл өнімнің үлесі 30-35%-ға дейін жетеді. Тағы да осыдан бір өзгешелігі, дамушы елдердің өңдеу өнеркәсібі негізінен алғанда қарапайымырақ, әрі техносыйымдылығы азырақ өнім шығаруға маманданады.
Екіншіден, дамушы елдердің өнеркәсіп өндірісінің жоғарғы көрсеткіштеріне бірінші кезекте осы топтағы мемлекеттердің салыстырмалы түрде шағын тобының – ең алдымен негізі немесе түйіні деп аталатын (Қытай, Үндістан, Бразилия, Мексика) және жаңа индустриалды елдердің арқасында қол жеткізілгендігін айта кету керек.
Үшіншіден, осынау жетістіктерге тек жоғарыда айтылғандай индустриалдандырудың нәтижесінде ғана емес, айтарлықтай шамада Солтүстіктен Оңтүстікке қарай көптеп шығарылатын, еңбекті көп қажет ететін, арзан және оның үстіне экологиялық жағынан қауіпті «лас» өндірістерді саналы түрде, тіптенқасақана ауыстыруға («миграцияға») орай қол жеткізілгендігі де маңызды.
Осының барлығына басқадан өзге, Оңтүстік елдерінің өнеркәсіптік потенциалының айтарлықтай бөлігіне ие болып отырған ірі өнеркәсіптік трансұлттық компаниялардың басым көпшілігі, дәл осы Солтүстік елдерінде орналасқандығын қоса айтуымызға болады. Осы себепті дамушы елдердің өнеркәсіп өнімдерінің көбіне көп дамыған елдердің тауар нарықтарына арналатындығы таңғалдырмайтындығы анық. Өнеркәсіптегі еңбек өнімділігіне келетін болсақ (осы арақатынасты есептеген кезде олардың тек ең «ілгері дамығандарының» ғана көрсеткіштері ескерілгенімен де) еңбек өнімділігінің деңгейі бойынша Оңтүстік елдері Солтүстік елдеріне орташа алғанда төрт есе жол береді.
Сонымен қатар кейбір әдебиеттерде өнеркәсіптік өндірісті елдердің үш тобының – Батыстың дамыған елдерінің, дамушы елдердің және өтпелі экономикасы бар елдердің арасындағы бөліну туралы мәліметтер де келтіріледі. Бірақ та, Шығыс Еуропа мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің бүкіләлемдік өнеркәсіптік өндірістегі үлесі 90-жылдардың басындағы 11%-дан, оның соңында 6%-ға дейін азайып кеткендіктен, өкінішке орай, олар қазіргі күні жалпы алғанда бүкіләлемдік пропорцияларға онша қатты әсер ете қоймауда.
Жоғарыда айтылғандар қандай да бір шамада өнеркәсіптік өндірістің дүние жүзінің ірі географиялық аймақтары арасындағы бөлінуін де сипаттайды. Олардың арасынан үш аймақ – Еуропа, Азия және Солтүстік Америка ерекше көзге түседі. Алайда, 50-жылдардың басымен салыстырғанда, олардың арасындағы арақатынастың елеулі өзгергендігін ескеру керек: шамалы болса да Еуропаның үлесі азайды, Солтүстік Американың үлесі бәз бұрынғы күйінде қалды, ал Азияның үлесі болса керісінше бірнеше есе артты. Үлес салмағына келсек, Батыс Еуропаға бүкіләлемдік өнеркәсіптік өндірістің 23,5%-ы, ал Солтүстік Америка мен Шетелдік Азияға – 23%-дағы сәйкестікте келеді.
Дүниежүзінің өнеркәсібін географиялық талдау үшін, сонымен бірге іс жүзінде ондағы «ауа райын белгілейтін» жетекші елдерді анықтау да үлкен қызығушылықтар тудырады. Олардың құрамына 11 дамыған және 9 дамушы елдер кіреді.
Дүние жүзінің негізгі өнеркәсіп аудандарының таралып орналасуы да дәл осы жетекші елдермен тікелей байланысты болып отыр.
ТМД елдеріне келсек, олардың бүкіләлемдік өнеркәсіптегі орны 90-жылдар бойында елеулі өзгерістерге ұшырады. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша Кеңестер Одағы бүкіләлемде Америка Құрама Штаттарынан кейінгі екінші орынды алғанды, ал енді қазіргі заманғы ТМД елдері (Ресейді қоса алғанда) өз көрсеткіштері бойынша тек 5-орынға ғана ие болып отыр. Осы жерде біз Ресейді мысалға алсақ (Қазақстанға да тән нәрсе), оның өнеркәсібінің құрылымында бірінші орын қалай болса да машина жасау және металл өңдеуде сақталып қалды (22%). Алайда, КСРО-дағы оған жұмыс істеген әскери-өнеркәсіп кешенінің 60 мың кәсіпорыны іс жүзінде күйреп талқан болуы ғылымды көп қажет ететін өнім шығарудың күрт қысқаруына алып келді, мұндай өнімнің бүкіләлемдік өндірісіндегі қазіргі Ресейдің үлесі, кейбір есептеулер бойынша 0,3%-ға дейін құлдырады. Солай бола тұрса да, Ресей өз елінің келешектегі дамуы үшін негіз болатын, әрі болашақта айтарлықтай қызмет ете алатын өнеркәсіптік әлеуетке (160 мың кәсіпорын, 13 миллионнан аса адам жұмыс істейтін) ие.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|