Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет81/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

АӨК-нің функцииональдық құрылымы - оның салалық құрылымының объективті негізі болып табылатын салалық звенолар кешенінің базасы. АӨК-нің салалалық құрылымын үш негізгі сфера құрайды.
АӨК-ге сонымен қатар, ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты несиелік мекемелер мен ғылыми-техникалық ұйымдар, сақтандыру агенттіктері, экспорттық бірлестіктер және басқа да фирмалар кіреді.
Мысалы, АҚШ мемлекетінің АӨК-нің салалық құрылымын қарастыратын болсақ:
1 сфера- ауыл шаруашылығы -8,7%, АӨК-де істейтіндердің үлесі -11,7%;
2 сфера -33,2%, АӨК-де істейтіндердің үлесі -25,4%;
3 сфера – 58,1%, АӨК-де істейтіндердің үлесі -62,9%.
Аса назар аударатын нәрсе, ауылшаруашылығында жұмыс істейтіндердің үлесі еңбекке жарамды халық санының 2 % құраса, ал АӨК-де – 40% құрайды. Осыдан барып шығатын нәтиже, АӨК өндірістің басты сферасы болып отырғанын көре аламыз.
Дамыған елдердің агроөнеркәсіп кешенінде халықтың көптеген бөлігі қамтылған: АҚШ-та жұмыс істейтін барлық халықтың 2/5, Францияда -1/4 бөлігінен астамы, Ұлыбритания, Германия, Бельгия, Нидерланды Люксенбургте- 1/5 бөлігіне дейінгі халық қамтылған.
Көптеген дамыған елдердегі макроэкономикалық көрсеткіш өндірілген өнім құны салынған капитал көлемі бойынша бірінші орынды алады.
Барлық мемлекеттер үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы басты факторына: техникалық және энергетикалық жабдықтау, мелиорациялау, химияландыру, инфрақұрылымды дамыту, шаруашылықты басқарудың экономикалық механизмі жатады.
Аграрлық-өнеркәсіптік кешен (АӨК) - ауыл шаруашылығы шикізаты ақырғы өнімдерінің ұдайы өндірісін қамтамассыз ететін өзара байланысты салалардың жиынтығы.
Агроөнеркәсіп кешен халықты тамақ өнімдерімен, ал тұтыну заттарын шығаратын салаларды шикізатпен қамтамассыз етеді. Олардың даму деңгейі мен өзара байланыс формалары саяси және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерінің анықталуына байланысты әртүрлі болып келеді.
АӨК-нің құрылымы:
Бастапқы және түпкі өнім өндіретін сфера (өсімдік, мал шаруашылықтары және олардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салалары);
Ресурс құратын сфера (АӨК-нің барлық сферасына еңбек құралдарын жасайтын өнеркәсіп салалары және кадрлар даярлайтын жүйе.);
АӨК-нің өндірістік инфрақұрылымы;
Тауар және ақша айналымы, ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі құрайды
Аграрлық-өнеркәсіптік кешен үш қызметтік аяны біріктіреді:
Ауылшаруашылығы үшін өндіріс құралдарын шығаратын және соған сәйкес қызмет көрсететін қор құраушы салалар;
Ауылшаруашылығы (өсімдік және мал шаруашылығы);
Дайындауды, сақтауды, ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеуді және агроөнеркәсіптік кешеннің соңғы өнімдерін өткізуді қамтамассыз ететін салалар мен өндірістің жиынтығы сияқты үш қызметтік аяны біріктіреді. (20-кесте.)

20-кесте. Агроөнеркәсіп кешенінің құрылымы
Агроөнеркәсіптік кешеннің одан әрі дамуы барысында өндірістік, әлеуметтік, ғылыми, ақпараттық және т.б. инфрақұрылымдарды қамтитын төртінші сала қосылады. Сондай-ақ АӨК-нің құрамына екі ірі кешен:
Азық-түлік кешенін құратын тамақ өнімдерін шығару және оны іске асыру;
Ауылшаруашылық шикізаттарын тұтынатын өнеркәсіп заттарын шығару және оны іске асыратын, кешендері әртүрлі өндіріс орындары, агроөнеркәсіптік бірлестіктер, шаруа қожалықтары және т.б. кіреді
АӨК-нің алғашқы звеносын құраса, олар бірлесе келе аумақтық кешендерін құрайды.
Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы олардың салалық және аумақтық құрылымдарын жетілдіруге, өндірісті тиімді пайдалануға, елді азық-түлікпен қамтамассыз етуге жағдай жасайды.
Агроөнеркәсіптік кешенде негізгі мәселелерді шешу бірқатар әлеуметтік мәнді міндеттерді орындаумен байланысты:
- елді азық-түлікпен қамтамассыз ету;
-тұрғындарының 45%-ы ауылды жерде тұратын ел үшін, ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту ауылдық жерде жұмыссыздық мәселесін шешеді. Жұмыспен қамтамасыз етудің жоғары деңгейі, тұрақты табыс әлеуметтік тұрақтылықты қамтамассыз етеді. Сонымен бірге, мемлекеттің ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешуде ресурстары жеткіліксіз, ол ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту үшін жағдай туғызуы қажет.
Ауылшаруашылығы салаларының дамуы елдің тұтастай экономикалық дамуы үшін маңызды. Агроөнеркәсіптік кешен экономикалық өсудің, елдің сауда және төлем балансының жақсаруына қосымша негіз бола алады.
Агроөнеркәісіптік кешен ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруде және оны тұтынушыларға жеткізуде барлық шаруашылық салаларын біріктіреді. АӨК-нің үш сферасын (өндіріс сатыларын) бөліп көрсетуге болады. (21-сурет).


жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау