Өнеркәсіп географиясы


-кесте. Дүниежүзі елдерінің азық-түлікпен қамтамасыз етілуі бойынша типтерге бөлінуі



жүктеу 2,97 Mb.
бет77/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

16-кесте. Дүниежүзі елдерінің азық-түлікпен қамтамасыз етілуі бойынша типтерге бөлінуі



1-ші тип

2-ші тип



3-ші тип

4-ші тип

5-ші тип

6-шы тип

7-ші тип

Азық-түлік тауарлары-
ның басты экспорттаушы елдер:
АҚШ, Канада, Оңтүстік Африка РеспубликасыТайланд, Еуропалық Одақтың кейбір елдері

Тамақ өнімдерін ұдайы экспорттайтын елдер: Венгрия, Финляндия

Азық-түлік тапшылығына душар елдер: Жапония

Өз күшімен өз қажеттілікте-
рін қамтамасыз етіп отырған елдер: Үндістан, Қытай, Оңтүстік Американың кейбір елдері

Су және жер ресурстары болғанына қарамастан, азық-түлік тапшылы-
ғын өткізіп жатқан елдер: Индонезия, Пәкістан, Филиппин

Жан басына шаққанда үнемі азық-түлік тапшылығына душар елдер: Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдері

Ұдайы азық-түлік дағдарысы-
нан құтылмайтын елдер: Гаити, Непал, Сальвадор

17-кесте. Жан басына шаққандағы негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну (жыл ішінде, кг), 2009 ж.





Елдер

Ет және ет өнімдері

Сүт және сүт өнімдері

Балық және балық өнімдері

Қант

Өсімдік майы

Көкөніс және бақша өнімдері

Нан және нан өнімдері

1

Қазақстан

50

196

3,5

18

6,5

55

200

2

Ресей

46

229

9,3

33

8,4

79

118

3

Болгария

25

134

2,1

11

12,4

90

146

4

Жапония

45

93

57,5

18

15

123

112

5

Германия

85

442

15,1

34

18,5

90

78

6

Франция

91

424

20

35

15,2

132

82

7

АҚШ

114

305

10

30

24

119

112

Нарықтық қатынастар – халықтың әл-ауқатын көтеруге қажетті құралдың бір түрі. АӨК-ді мемлекеттік басқаруға беру үлгісін жасау қажеттілігі өтпелі кезеңдегі түпкілікті ерекшелігімен байланысты.
Жерге түсіп отырған «қысым» күн сайын артуда, 1900 жылы дүниежүзі халқы 1,5 млрд-ты құраса, ал бүгінгі күні ол 6,8 млрд-қа жетті. Тамақ өнімдеріне деген сұраныс үнемі артуда. Әлемдік аумақтың 11,5%-ы иеленген және кейбір болжамдар бойынша әлемдік ІЖӨ-нен 10 есе артық ұлттық байлығы бар, үдерісті дамытып отырған Еуропа мен Азияның арасында қолайлы географиялық жағдайда орналасқан Ресей мен Қазақстанның әлеуеті дүниежүзінің көптеген елдерін қызықтырып отыр. Бұл арада әлемдік шаруашылықтың ең белді экономикалық субъекті атағына сай Ресейдің көлеңкеде қалып отырғаны тіпті түсініксіз саналады. Мұның салдары тек Ресейге ғана емес, сонымен бірге әлемдік қауымдастыққа тиюі мүмкін. Экономиканың аграрлық секторының қоғамдағы орны мен рөлін түсінудегі сапалы өзгерістердің бет алуы мемлекеттік стратегиялық жаңа концепцияларын әзірлеумен, нарық жағдайындағы оның әлеуметтік-экономикалық даму үлгілерін жааңартумен байланысты.
Нарық қатынастары күрделі және қиын басқарылатын, ұзақ және жекеше жұмыстарды қажет ететін процесс, оның жолында көптеген объективті және субъективті кедергілер бар. Бұл кедергілерді атап өту үшін қосымша рыноктық механизмдерді іске қосу қажет. Ол үшін мемлекет тарапынан салиқалы саясат жүргізілуі керек. Өркениетті нарықтық қатынастар жүйелі мемлекеттік басқарусыз жүзеге аспайды. Мемлекеттік басқару жүйесі::
тауар мен қызметтің нақтылы бәсекелестігін;
нарықтың жоспарлы экономикадан басты артықшылығы болып табылатын тауардың пайдалы қасиеттері жиынтығы бойынша анықталатын нарықтық құнын қалыптастырды;
нарықтық қатынастың белсенді, қалыпты өмір салтына қажетті заттардың тұтынушысы болып табылатын - орта тап өкілдерінің (85%-дан кем емес) пайда болуын. (Мұның өзі елдің әлеуметтік-саяси тұрақтылығының кепілі бола алады);
Айналымдағы капитал қозғалысының ең қауырт жылдамдығына және өзінің дамуының алғышарттары болып табылатын барлық активтердің толық іске қосылуына аса мүдделі сатушылар тобының пайда болуын;
Қоғамдық өмірдегі қылмысқа қарсы базистік жағдайлар жасауға қажетті әлеуметтік сипатты және нақтылы саясат жүргізді;
Аумақтың даму бағдарламаларында көрсетілген, жоғары өтімді және мақсатқа жетуге қажетті экономикалық қолдау көрсететін бағалы қағаздардың тұрақты рыногының болуын;
Қиын шешімді экономикалық және саяси жағдайлардан шығуды қамтамасыз ететін экономиканың барлық сатыларына қатысты басқарудың біртұтас жүйесіне қажетті тауарлар, жұмыс және қызмет өндірісін реттеудің механизмін құрастырды;
Даму мақсатына жетуге қажетті экономиканы тиімді түрде бағыттауға мүмкіндік беретін, «нарық алаңындағы» біртұтас заңды түрде тағайындалған ойын ережесін; (бастапқы сатыда ол үшін холдинг типті мемлекеттік құрылым сұлбасы жасалуы тиіс) қамтамассыз ете алады.
Мемлекеттік маркетинг қызметін ұйымдастыру, олар бастапқы сатыда әрбір іс-қызмет түрлері бойынша әдістемелік нұсқаулар жасаумен айналысады.
Осындай экономиканы басқарудың біртұтас жүйесін құру, олардың қызметінің тиімділігін арттыра түседі.
Өзіндік ерекшелігіне сай нарық жағдайында аграрлық сектор салааралық бәсекелестікте қалып қоятыны түсінікті. Салыстырмалы түрде төмен табысты бұл сала, табиғи факторларға өте тәуелді. Маусымдық сипаты бар бұл сала - салынған капиталға деген өтеуі де төмен шаруашылық жүйесі.
Алайда АӨК тек қана өндіріс емес, ол сонымен бірге халықтың басым бөлігінің өмір сүру ортасы. Бұл сала деңгейі елдің азық-түлікпен қамтылу дәрежесіне әсер етеді. Өндіргіш күштер дамуының төменгі сатысында тұрған ауыл шаруашылығы экономикалық және технологиялық жағдайларға баяу ілесіп отыр.
Агроөнеркәсіптік интеграция негізінде мамандану мен шоғырландыруды жүзеге асыру өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және оның сапасын көтеруге, еңбек өнімділігін күрт арттыруға мүмкіндік береді.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау