Өнеркәсіп географиясы


Агроөнеркәсіптік кешеннің шикізат базасы



жүктеу 2,97 Mb.
бет83/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

11.1.3. Агроөнеркәсіптік кешеннің шикізат базасы
Агроөнеркәсіптік кешенінің шикізат түрлері, өндірісі және олардың орналасуы
Шикізат, материалдар, отын, энергия – еңбек затына жатады, яғни олар еңбек құралы мен адам еңбегінің әсеріне тап болып, нәтижесінде адамның өндірістік және жеке қажеттілігін өтеу үшін өздерінің түрлері мен қасиеттерін өзгертеді. Бұл ресурстар өнеркәсіптің материалдық-техникалық базасының заттық элементі болып табылады. Шикізатқа кен өндіруші өндіріс (руда, мұнай, көмір және т.б.) пен ауыл шаруашылығының (астық, картоп, қызылша) өнімдері, ал материалдарға өңдеуші өндірістің өнімдері кіреді.
Экономикалық тұрғыдан қарағанда халық шаруашылығында пайдаланылатын шикізаттың барлық түрі екі үлкен топқа бөлінеді:
Өндірістік шикізат – бұл өндірістен алынады және көбінесе саланың ауыр өнеркәсібінде пайдаланылады.
Ауыл шаруашылығының шикізаты -бұл ауыл шаруашылығы саласында өндіріліп, негізінен жеңіл және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады.
И.Тюненнің 1826 жылы жарық көрген «Изолированное государство» атты еңбегіндегі ауыл шаруашылығын орналастырудағы басты факторлардың рөлі және олардың арасындағы өзара байланыстылықты анықтау болатын.
И.Тюнен өз теориясында үш факторға:

  • шаруашылық пен қала арасындағы арақашықтыққа (тұтыну рыногына);

  • ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы;

  • жер рентасына басты назар аударады.

Барлық дүние жүзі елдерінде халықты азық-түлікпен қамтамассыз ету ауылшаруашылығы құзіретінен шығып, қазіргі таңда бір-бірімен байланысқан салалар жүйесін құрап отыр. Оларды ауылшаруашылығы, өңдеуші өнеркәсіп, қойма және тоңазытқыш шаруашылығы, бөлшек және көтерме сауда, ауылшаруашылығы машиналарын жасау, ауылшаруашылық химиясы, ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу орталығы, агробанктер құрайды. Экономикасы дамыған, өтпелі экономика мұндай құрылымдар агроөнеркәсіптік кешен деңгейіне дейін дамып отыр. Ал дамушы елдерде мұндай үрдіс даму үстінде, бірақ агроөнеркәсіптік интеграция алғашқы даму сатысында қалған. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне кіретін ауыл шаруашылығы мен олардың салаларын агробизнес немесе агроөнеркәсіптік сфера деп атайды.
Ауыл шаруашылығында өнімнің 99%-ы өсімдік және мал шарушылығында өндіріледі. Ал басқа салалар акваөнімдер (балық, моллюскалар өсіру), насекомдарды пайдалану (жібекқұрты және омарта) ісімен айналысады.
Өсімдік және мал шарушылығының арасалмағы көптеген факторларға:

  • елдің индустриялану деңгейіне (Солтүстік Америка мен Еуропада – жоғары механикаландырылған мал шаруашылығы);

  • табиғат жағдайына (шөлейттенген дала және жартылай шөлейттенген аудандарда жайылымды мал шаруашылығы);

  • белгілі бір елдің этникалық және дінмен байланысты ерекшеліктеріне (мысалы. ислам діні шошқа етін пайдалануды, буддизм – сиырларды өлтіруді рұқсат етпейді) байланысты.

Жалпы алғанда, экономикалық жағынан дамыған Еуропа және ағылшын-америкалық елдерде ғылым жетістіктерін кеңінен пайдаланатын мал шаруашылығы, ал дамыған елдерде, оның ішінде экваторлы, субэкваторлы зоналар мен муссонды климаттық зоналарда өсімдік шаруашылығы дамыған.
Ауыл шаруашылығы - адамның өмірлік қарекетінің ең ежелгі бір саласы, оның түп тамыры ғасырлар мен мыңдаған жылдар тереңінен басталады. Ауыл шаруашылығының маңызы зор екенін бүгінде онымен жер шарының еңбекқор халқының жартысына жуығы шұғылданатынынан-ақ білуге болады. Дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауылшаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд. адамға жетеді. Әрине, бұл цифрдың сыртында елдер бойынша үлкен айырмашылықтар бар екені анық. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46% -ы осы салада еңбек етеді (кесте-22).



жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау