Өнеркәсіп географиясы


-кесте. Дүниежүзі жер қорының құрылымы, 2010 ж



жүктеу 2,97 Mb.
бет79/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

18-кесте. Дүниежүзі жер қорының құрылымы, 2010 ж.



Жер категориялары

Ауданы, млн га

Пайызбен

Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер, барлығы

5021,7

37,4

Оның ішінде:







Жыртылған жерлер

1401,7

10,4

Көпжылдық екпе

130,4

1

Табиғи шабындық және жайылым

3498,8

26

Орман жерлері

4138

30,8

Басқа да жерлер

4271,5

31,8

Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің көп бөлігі Азия (дүниежүзі жер ауданының 1/3 бөлігі), ал аздаған бөлігі Солтүстік Америка мен Солтүстік Еуразияға ((дүниежүзі жер ауданының 1/6 бөлігі)) елдеріне тиесілі болып отыр.


Жыртылған жер көлемі бойынша Батыс және Орталық Еуропа елдері, онда ауыл шаруашылығына жыртылған жердің 1/3 бөлігі, ал жеке елдерде ½ және одан да көп жерлер, мысалы Украина, Италия, Венгрия, Нидерланды, Дания мемлекеттерінде пайдаланылады.
Сонымен қатар интенсивті жыртылған ауыл шаруашылығы жерлеріне Азияның тарихи аудандарын, оның ішінде Шығыс Қытай, Үнді-Ганг жазығы мен ірі өзендер дельталарын жатқызуға болады. Дүниежүзі елдері бойынша жер ресурстары жөнінде алдыңғы орында ТМД елдері (Ресей, Украина, Қазақстан), АҚШ, Үндістан, Бразилия, Канада, Австралия мемлекеттері болып отыр (19-кесте).


19-кесте. Елдер бойынша ауыл шаруашылығы жерлерінің бөлінісі, млн га, 2009 ж.



Елдер/мемлекеттер

Ауыл шаруашылығы алқаптары

Жыртылатын жерлер

млн га

га/адам
(4 гр:3гр)

млн га

%
(4 гр:2гр)




1

2

3

4

5




Дүниежүзі бойынша

5006,9

0,8

1402




Оның ішінде:
















Дамыған елдер

1727

134

595,8

34,5




Дамушы елдер

3279,8

0,66

806,8

24,6

1

Дамыған ірі мемлекеттер бойынша
АҚШ

411,9

1,42

175,9

42,7

2

Үндістан

181,2

0,17

161,8

89,3

3

Қытай

553,1

0,43

142,1

25,7

4

Ресей

216,7

1,5

123,5

57

5

Бразилия

263,6

1,5

59

22,4

6

Канада

67,5

2,16

45,6

67,6

7

Аустралия

447

22,87

48,2

10,8

8

Аргентина

177

4,66

33,6

19

9

Қазақстан

206,8

13,4

21,5

10,4

1

Алжир

40,1




8,3

20,8

Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі әлеуметтік-экономикалық факторы болып аграрлық қатынас табылады. Ол жер пайдалану сипатына, өндіріс тәсіліне, жерге жекешелендіру формасына тәуелді келеді.


Экономикасы дамыған елдерде ауыл шаруашылығы өндірісінің жер қорының көптеген бөлігі мен негізгі өндірістік мүмкіндіктері фермерлік шаруашылықта шоғырланған. Өндірісті орналастырудың негізі болып жанұялық форма саналады. Жер қорының бір бөлігі (1/4-1/3 көлемі) мемлекетке, сонымен қатар ірі монополиялар мен шіркеулерге тиесілі.
Жер қоғам мүшелері әл-ауқатының бастапқы материалды негізі, адамдарды және өндірістік күштерді орналастырудың кеңістік базисі, экономикалық өсудің барлық факторларының ұдайы өндірістік процестерінің дұрыс өтуінің негізі болып табылады. Жердің өндіріс құралы ретінде функциялауын жақсартудың басты міндеттері - оның құнарлығын және өнімділігін арттыру.
Біріншіден, ол табиғаттың, ауа-райының жағдайына толық байланысты.
Екіншіден, шаруашылықты жүргізу маусымды және біркелкі емес, ал тұтыну болса жыл бойы жүреді.
Үшіншіден, оның басқалардың өніміне қарағанда, бір жермен бір орында емес, шашыранды, оларды бір жерге жинау мүмкін емес, тиімді болмайды.
Төртіншіден, ауылшаруашылық өндірісі, онда жұмыс істейтін жұмыскерлердің өмір сүріп, жұмыс істеуіне өз белгісін қалдырып отырады. Жұмыскерлердің уақытпен санаспай істеуін талап етеді.
Бесіншіден, бұл сала экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда сұраным оралымдылығы мен икемділігі төмен, ол экономикаға екі жақты зардап алып келуі мүмкін: біріншіден, ауылшаруашылығы өнімдеріне бағаның өсуі, оның оның тұтынуын азайтпай, керісінше, көбейтіп, сонымен бірге шығындардағы инерцияның күшеюіне, ал, өнеркәсіп өнімдері, алдымен, ауылшаруашылығы өзі пайдаланып отырған өнімдердің қымбаттауына (трактор, машина, комбайн, жанар-жағар май, қосалқыбөлшектер, т.б.) әкеліп соқтырады; екіншіден, бағаны төмендету, өнімдерді өткізу көлеміне және фермерлердің табысының молаюына өз әсерін тигізе алмайды, себебі, табыстан артылып қалған қаржыны фермер өнеркәсіп орындарының өнімдерін сатып алуға жұмсайды.
Міне, осының барлығы агроөнеркәсіп шаруашылығының жалпы экономикалық прогресте арнайы орын алатынын, әлеуметтік шиеленістің пайда болатынын көрсетеді.
Дамыған елдердегі АӨК құрылымында фермерлік шаруашылық, ұсақ, орташа және ірі кооперативтер мен акционерлік агроөндірістік мамандануына (жылыжайлық, астық дақылдарын өсіру, мал өсіретін шаруашылықтар, т.б.) сай әртүрлі көлемді ауылшаруашылық жерлерді иемдене алады. (біреулерінде 1,5 га болса, екіншілерінде 1 мыңга т.б. болуы мүмкін). Ал аса ірі акционерлік қоғамдардың жері бірнеше ондаған мың гектарға жетеді. Бұл жерлер фермерлердің меншігі немесе жал түріндегі қолданыста болады.
Аграрлық сектор құрылымы ылғи өзгерістерге ұшырап отырады, яғни фермерлік шаруашылықтар күйзеліске түсіп, оның орнына басқа құрылымдар келуі немесе бір ұйымдастырушылық формадан екіншісіне көшірілуі ұдайы болып тұратын құбылыс.
Кооперативтер (ең алдымен ірілері) және акционерлік қоғамдар үкімет тарапынан қолдау көрсетілген жағдайда озық технологиялар, ауылшаруашылық машиналары мен құрал-жабдықтар, асыл тұқымды мал шарушылығы салларының дамуына қаржы салатын және басты тапсырушылар міндетін атқаратын құрылымдар болады.
Агроөнеркәсіптік кешен өнімінің жалпы көлеміне 80% бөлшек сауданың көлемі сәйкес келеді.
Шаруа қожалығы дегеніміз бір жағынан, ауылшаруашылық өндірісінің жаңа түрі, екінші жағынан, бұл кеңшар мен ұжымшарлардан ескі формалардың бірі болып саналады. Орыстың ұлы ғалымы, ауылшаруашылық экономисі Александр Васильевич Чаянов атағандай кеңшар мердігерлік әдістер, соның ішінде жеке және отбасылық мердігерлік, кооперативті, шаруа қожалығы т.б. түрлері өмір сүріп, халыққа қызмет көрсете алады. Ғалымның бұл пікірінің дұрыстығын, қазіргі кезде әлемдік ауылшаруашылық тәжірибесі дәлелдеп отыр.
Мысалы, ҚХР-дағы тұрғындардың 80%-ы ауылдарда тұрады. Бір ерекшілігі – ауылшаруашылық мекемелерінде емес, ауылшаруашылығына жатпайтын ұйымдарында (ұжымшарлар мен кеңшарлар емес) барлық өңделетін жердің 90%-ы отбасылық, жалгерлік, кооперативтік әдіспен жұмыс істейді. Жерді 50 жылға дейін жалға келісімшартпен алып жұмыс істеп, әр алуан өнімдер өндіреді. Осы өндірген өнімнен жалгерлер мемлекетке жылдық ақы есебіне 3%, кооператив ұйымдарына 7% беріп, қалған 40%-ын мемлекетке жоғары бағамен сатып отырады. Енді қалған өнімнің 50%-ы жалгерлік ұйым мүшелері өздері бөледі, не мемлекетке немесе басқаларға нарықта еркін бағамен сатады.
Ал, АҚШ ауыл шаруашылығында істейтін фермерлік шаруашылықтар барлық штаттар бойынша өндірілген өнімнің 60%-ын береді. Әрі жеке меншікті жанұялы фермерлер 1 мың доллардан 20 мың долларға дейін өнім өндіріп, сатады. Бұған қосымша ауылшаруашылық өнімдерін тағы да 16%-ы бірігіп жұмыс атқаратын туысқан адамдардан құралған серіктестік фермалар береді екен.
Мәселен, Түркияның ауыл шаруашылығы, негізінен, ұсақ және орта шаруашылықтардың меншігінде (65%-ға жуығы).
Мұнай қырық-елу жылда сарқылатын байлық. Ал жер бетінен алынатын өнім әлімсақтан бері халықты асырап келеді. Жейтін тамақ пен киетін киім жер астында емес, жер бетінде. Синтетикалық киімге қазір сұғына қоятын ешкім жоқ. Сондықтан табиғи өнімдерге деген сұраным өсе түседі. Демек, Қазақстанның бір жағынан аграрлық ел болғанының болашақта пайдасы тиеді.
Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы – бұл еліміздің экономикасының маңызды салалардың бірі болып табылады.
Нарыққа көшкенде Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің аса маңызды өзіндік ерекшеліктері болды. Олар мыналар:
Еліміз бойынша әсіресе, пайдаланылатын жер көлемі жөнінен орташа кәсіпорындар басым болып отырғанда негізінен ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының болуы. Бұл, өз кезегінде, жер реформасын жүзеге асыру және өндіріс құрал–жабдықтарына меншікті иелікке беру формаларына әсер етеді;
Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің шикізатқа бағытталуы негізінен алғанда өндіру, ұқсату, сақтау, өткізу кезеңдерін қамтитын, оның салалары арасындағы сақталып келе жатқан тепе-теңсіздікке байланысты. Ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі бөлегі өңделмеген күйінде басқа аймақтарға жіберіліп, республикада құралған таза табыстың дені соларда қалып қояды; ауыл шаруашылығының дәстүрлі түрлері бар, әлеуметтік экономикалық дамуы жағынан артта қалған көптеген аудандардың болуы.
Ауыл шаруашылығы экономикасындағы күрделі проблемалардың тағы бір түрі- сататын және сатып алатын тауарларға бағанын тепе-теңдігін жасау.
Бағаның тепе-теңдігі- бұл қала мен ауыл аралықтарындағы екі жақты айырбас кезіндегі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдері құндарының арақатынасы.
Тең бағаны жасау қиындықтары барлық елдерде жиі кездесіп отырады. Ол - ең алдымен өнеркәсіп пен ауылшаруашылығындағы ерекшеліктер. Біріншіден, ауыл шаруашылық өндірісінде өндіретін өнімдер маусымдық сипатта болады, сондықтан өнім бағалары өзгеру уақыты бойынша жалпы баға өзгерістерінен қалып қояды. Екіншіден, фермерлер өздеріне керекті өнімдерді ірі жеке өнеркәсіп монополистерінен сатып алады, ал олар болса, жоғары бағаларды ұсынады. Мысалы, астық жинайтын комбайндар Ресейдің Дондағы Ростов және Рязань қалаларында ғана жасалады. Комбайндардың бағалары болса өте қымбат. Ал фермер, шаруа өз өнімдерін көпшілікке сатады, сондықтан жоғары баға сұрау қиынға түседі. Үшіншіден, ауылшаруашылық өнімдерінің дүниежүзілік нарығындағы бәсекелік фермерлерге тең бағалы өнімдерді ұстауға үлкен кедергі жасайды.



жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау