Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет11/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Дүниежүзінің мұнай өңдеу өнеркәсібі. Мұнай өңдейтін өнеркәсіпті орналастыруда бұрынғысынша екі қарама-қарсы тенденция қолданылуда: бірі – «нарықтық» (мұнай өңдеуді оны шығаратын жерлерден үзу, яғни мұнай өңдейтін зауыттар негізінен алғанда мұнай өнімдерін тұтынушы елдерде орналастырылады); екіншісі – «шикізаттық» (мұнай өңдеуді мұнай шығаратын жерлерге жақындастыру). Соңғы уақытқа дейін бірінші тенденция басым болып келді, бұл дамыған елдерге шикі мұнайды төмен бағалар бойынша енгізуге, ал одан алынған мұнай өнімдерін әлемдік нарықта жоғарырақ бағалар бойынша сатуға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда жағдай біртіндеп өзгере бастады.
Мұнай шығару аудандарынан өзгешелігі, мұнай өңдеу жөніндегі қуаттылықтардың негізгі бөлігі бұрынғысынша жетекші өнеркәсіптік дамыған елдерде (әлемнің мұнай өңдейтін зауыттарының қуаттылықтарының 70-80%-ына жуығы) шоғырланған. Әсіресе Мексика шығанағының жағалауы, Америка Құрама Штаттарындағы солтүстік-шығыс жағалау аудандары, Батыс Еуропадағы, (Нидерландыдағы Роттердам, Бельгиядағы Антверпен және т.б.),Жапониядағы айлақ-қалалар және т.б. Мұнай өңдеуді тереңдетуді қамтамасыз ету үшін жаңа технологиялық процестер жасалуда және игерілуде.
Соңғы жылдары ресурстарға бай, дамушы елдерде, сондай-ақ оларды орналастыру үшін қолайлы экономикалық-географиялық орынға ие болып отырған жерлерде мұнай өңдейтін заводтар құру басталды. Мысалға, Кариб теңізінде (мұнайды Парсы шығанағынан Америка Құрама Штаттарына тасымалдау жолдарында) - Аруба, Кюрасао, Тринидад және Тобаго мен т.б. аралдарында, Сингапурда (мұнайды Жапонияға, Кореяға және Қытайға тасымалдаған кезде), тікелей Таяу және Орта Шығыс елдерінде (Сауд Арабиясында, Иранда, Кувейтте, Біріккен Араб Әмірліктерінде) және т.б. да сала бастады.
Дамушы елдерде мұнай өңдейтін зауыттар тұрғызуда айтарлықтай дәрежеде экономикалық тұрғыдан дамыған елдерде табиғат қорғау бойынша қатаңырақ шаралардың қабылдануы себепкер болып отыр («экологиялық жағынан лас» өндірістерді дамыған елдерден азырақ дамыған елдерге көшіру секілді жүріп отыр). Бірақ мұнай шығаратын және мұнай экспорттайтын елдердің өздерінің мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсіптерін құруға деген ұмтылысы да маңызды рөл ойнауда және осы тенденцияны күшейте түсуде. Парсы шығанағы елдерінен мұнай өнімдерін импорттау қазірдің өзінде, мұнда мұнай өңдейтін зауыттардың қуаттылықтарының қысқаруын тудыра отырып, Батыс Еуропаның мұнай өңдеу өнеркәсібіне үлкен әсерін тигізіп отыр. Болашақта араб елдерінен әкелінген арзанырақ өнім Еуропа мемлекеттерінің мұнай өнімдері нарығына елеулі бәсекелестік тудыратын болады.
Мысалға, 2005 жылы жарияланған, мұнай өңдейтін зауыттардың қуаттылықтарын кеңейту жобаларының жалпы санынан Америка Құрама Штаттарына бір де бір жоба келмейді.
Солай бола тұрса да, бұрынғысынша дәл осы Америка Құрама Штаттары ғаламшардың барлық мұнай өңдеу қуаттылықтарының 1/5 бөлігіне ие болып отыр. Бұл ел, Ресейді (үлесі 7%-ға жуықты құрайтын), Жапонияны (үлесі – 6%-ға жуық), Қытайды (5,5%), сондай-ақ Корей Республикасын, Италияны, Германия Федеративтік Республикасын, Үндістанды басып оза отырып, әлемдік нарыққа мұнай өнімдерін аса ірі жеткізуші болып табылады.
Мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік нарығы. Мұнайдың бағасы өсуін жалғастыруда. 1971 жылдан 1975 жылға дейін болған бірінші энергетикалық дағдарыс кезеңінде баға 4 есе, одан кейін 1978-1979 жылдары кезеңінде – тағы екі есе өсті. 2006 жылы мұнайдың 1 баррелінің бағасы 65-75 доллар құрады, 2007 жылы - 80-90 доллар белгіден асып түсті, 2003-2010 жылғы дағдарыс жылдары біршама төмендеп қазір дағдарысқа дейінгі жылдарғы бағаға көтерілді.
Мұнайды шығару мен тұтынудың негізгі аудандары арасында сақталынып қалып отырған аумақтық алшақтық (әлемнің мұнай өнеркәсібінің негізгі ерекшелігі) оны алысқа тасымалдаулардың орасан зор масштабтарына әкеліп отыр. Экспортталатын мұнайдың негізгі массасы және мұнай өнімдерінің айтарлықтай бөлігі кеме-танкерлермен тасымалданады, олардың теңіздегі сауда флотының тоннажындағы үлесі 40%-дан артады. Бұл ретте мұнай өнеркәсібінің дамуы әлемдік көліктің дамуына да, кеме жасаудың дамуына да елеулі әсерін тигізді.
2000 жылдардың ортасында 3,9 млрд тоннадан асып түсетін мұнай шығару кезінде қуат ресурстарының әлемдік нарығына жыл сайын 1,9 млрд тонна шикі мұнай және тағы да 600 млн тоннаға жуық мұнай өнімдері келіп түседі. Дамып келе жатқан елдерде мұнай өңдеудің өсуіне байланысты, жалпы алғанда экспортқа кететін шикі мұнайдың үлесі төмендеп барады. Бұл ретте мұнай өнімдерінің сыртқы саудасында ірі аймақтар ішіндегі елдер арасындағы (Америка Құрама Штаттары, Канада және Мексика арасындағы; Батыс және Шығыс Еуропа елдері арасындағы және т.б.) айырбас айтарлықтай маңыздырақ рөл ойнауда.
Азия аймағында әлемдік нарыққа аса ірі мұнай жеткізушілер (ірі экспорттаушылар) да – Сауд Арабиясы, Иран, Ирак, БАӘ, Кувейт орналасқан. Сондай-ақ Ресей, Ұлыбритания, Норвегия, Мексика ірі экспорттаушыларсаналады. Мұнайдың аса маңызды сатып алушылары экономикалық жағынан дамыған елдер. Мәселен, Америка Құрама Штаттарындағы мұнайды импорттау көлемдері (500 млн тонна немесе тәулігіне орташа алғанда 10 млн баррель мұнай) 1994 жылдан бастап, мұнай шығару көлемдерінен асып түсіп отыр (ел мұнай шығару бойынша әлемдік көшбасшылардың үштігінде тұрса да). Жапония 200 млн тоннадан астам, Еуропа Одағы елдері – 500 млн тоннаға жуық импорттайды. Қытай мұнай мен мұнай өнімдерін шығару көлемдерін де (180 млн тоннаға жуық), мұнай мен мұнай өнімдерін импорттау көлемдерін де (150 млн тоннаға жуық немесе орташа алғанда тәулігіне 3 млн баррель) жылдам қарқынмен арттырып отыр.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау