Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау
85
8-элемент. ШСС-суды дайындау қондырғысы. Барлық
сулы фаза (ағын су сияқты) суды дайындау түйінінен бөлек
құбырлары арқылы осы элементте бұтақтық сорап станциясына
дейін тасымалданады.
9-элемент.
ШСС-айдаушы
ұңғыма.
Осы
аймақта
механикалық қоспа мен мұнай өнімінен тазартылған ағын су
ШСС күштік сораптармен айдаушы ұңғымаларға, кейін қабатқа
айдалады.
3.4. Ұңғыма өнімдерін алдын ала бөлу
МЕСТ-ке сәйкес, егер құрамында судың мөлшері 0.1%-дан,
ал хлорлы тұздардың мөлшері 40 мг/л-дан аспаса, мұнай
кондиционды (тауарлы) болып саналады. Бұл екеуінен тағы басқа
көрсеткіштері бар. Сондықтан мұнайды магистральды құбырға
жіберместен бұрын оны келесі процестерді қосатын арнайы
өңдеуге төндіру керек:
бос және еріген күйде болатын жеңіл газдарды мұнайдан
бөлу-сепарация процесі;
мұнайдан суды бөлу – мұнайдың сусыздандырылу
процесі;
мұнайда еріген тұздарды мұнайдан ығыстыру – тұзсыздалу
процесі;
механикалық қоспалардың бөлінуін жүргізу (3.9-сурет).
3.9-сурет.Ұңғыма өнімін дайындау процесінің сұлбасы
А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков, Г.Ж. Смаилова
86
Ұңғыма өнімін алдын ала бөлу келесі процестерді
қарастырады:
1. Мұнайдың газдан бөлінуі.
2. Қабат суының кенорынға тасталуы.
3.4.1. Сепарация
Газдың мұнайдан бөлінуі – қысымның қанығу қысымынан
төмен
болуы
кезінде
басталады.
Бұл
процесс
қабат
жағдайларында басталады және ұңғы оқпанында, жинау және
кәсіпшілік құбырларында, ұңғы өнімін дайындау аппарат-
тарында жалғасады. Бөлінген газ төмендеген қысым жағына
бағытталады: қабатта – ұңғы түбіне, ұңғыда – оның сағасына.
Мұнайдың
газсыздалуы
анықталған термобариялық
шарттарда (р,Т) сепарация деп аталады.
Табиғи күштердің: гравитациялық және инерция әсер ету
нәтижесінде, анықталған қысым мен температурада қабаттық
қоспаның (газсұйықты) сұйықтық және газдық фазаға бөліну
процесі сепарация деп аталады.
Сепарация процесінің негізгі режим параметрі р және Т,
оларды реттей отырып, мұнайдың газдан толық бөлінуіне жақсы
жағдай жасауға болады.
Сепарация сатысы – дегеніміз белгілі температура және
қысым кезінде мұнайдан газдың бөлінуі.
Әдетте
мұнайдың
сепарациясын
бірнеше
сатыда
жүргізеді. Ұңғыдан шыққан мұнай газды (мұнай, су, газды)
қоспаны алдымен жоғары қысым кезінде сепарацияның бірінші
сатысында сепарациялайды, онда газдың негізгі массасы
бөлінеді. Одан соң мұнай орта және төмен қысымда
сепарациялауға барады, мұнда ол толығымен газсызданады.
Егер де тауарлы мұнайдың қажетті сапасын алу үшін
сепарацияның бір сатысында мұнайды газсыздандыру вакуумда
жасалса,
сепарацияны
вакуумды
–
дейді.
Егер
де
газсыздандыру кезінде мұнай қызыса, онда сепарация ыстық –
деп аталады.
Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау
87
Сепарацияның сатылар саны қабат мұнайының физика-
химиялық сипаттамасы, тауарлы мұнайға қойылатын талаптарға
байланысты, және әрбір нақты жағдайда ең жақсы техника-
экономикалық көрсеткішке жету шартынан шығатын есеппен
анықталады.
Мұнайдан газ және судың бөлінуі келесі мақсаттар үшін
жүргізіледі:
Мұнай газын алу үшін, себебі газ – КС шикізат, ол
химиялық шикізат болып та, жанармай болып та қолданылады;
Мұнай
газ
ағынының
араласуын
азайту,
ол
гидравликалық кедергіні төмендету арқылы жасалады;
Көбіктенуді азайту, бөлінетін газ көпіршіктері көпіршік
жасалу процесін арттырады;
Бір сатылы бөлгіштен мұнайды дайындау қондырғысына
дейін (МДҚ) мұнайды тасымалдау кезіндегі, құбырдағы қысым
бұлқылдауын азайту.
Газ сұйықты ағынның біртексіз құрылымы есебінен
құбырдағы жүктеудің пайда болуы қысым бұлқылдаумен бірге
жүреді және бұл жарықшақтың пайда болуына және оның
бұзылуына әкеп соғады (3.10-сурет).
3.10-сурет. Горизонталь құбырдағы газ сұйық ағынының құрылымы
Бұл әсіресе, мұнай тығыны және газ тығынының ауыспалы
өту есебінен, газ мұнай ағынының тығынды құрылымында
көрінеді.
А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков, Г.Ж. Смаилова
88
Сепараторлар шартты түрде келесі категорияларға
бөлінеді:
1. Арналуына байланысты: өлшейтін және сепарациялайтын;
2. Геометриялық пішіні бойынша: цилиндрлі, сфералық;
3. Кеңістіктегі орналасуына байланысты: тік, көлденең
және горизонтальды;
4. Негізгі әсер ету күшіне байланысты: ауырлық күш,
инерциялы, ортадан тепкіш, ультрадыбысты және т.б.
5. Технологиялық арналуына байланысты:
Екіфазалы – ұңғыма өнімін сұйық және газфазасына
бөлуде қолданылады;
Үшфазалы – ағынды газ, мұнай және суға бөлуге
арналған;
Бір сатылы сепарация сепараторлары – ағында
максимальды газ болуына және жоғары қысымды сепарацияға
есептелген;
Соңғылық сепараторлар – тауарлы мұнайды резервуарға
беру алдында, минимальды қысым кезінде мұнайды газдан
толығымен бөлу үшін қолданылады.
Ағынды бөлу – сепараторлары – одан шыққан өнімді
бірдей массалы ағынға бөлу қажеттілігі туғанда қолданылады;
Газды алдын ала таңдаған сепараторлар: аппаратқа
сұйық және газды жеке-жеке енгізу осы аппараттардың газ және
сұйық бойынша өткізгіштік қабілетін жоғарылатады.
6. Жұмыс қысымы бойынша:
Жоғары қысымды – 4 МПа-дан артық;
Орташа қысымды – 2,5 – МПа;
Төмен қысымды – 0,6 МПа-ға дейін;
Вакуумды – қысым атмосфералықтан төмен.
Тік сепараторлар (3.11-сурет) көрінісі жартылай сфералық
түбі бар тік орналасқан цилиндрлі корпус.
Достарыңызбен бөлісу: |