А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков, Г.Ж. Смаилова
82
Мұнай топтық өлшеу қондырғылардан НГС-100-ге барып,
айырылып, жұмысшы сораптың қабылдауына, кейін мұнай
құбырына жіберіледі. Бөлінген газ 0,3 МПа-ке дейін қысымда
факелді жүйеге барады. Айдалатын мұнай мөлшері НОРД типті
шығын өлшегіштер көмегімен өлшенеді.
ОЖП-да шикі мұнай, екі және үш дәрежелі сепарациясын,
тұзсыздалуды өзіне қосатын өңдеудің толық циклін өтеді.
Сепарация кезінде мұнайдан бөлінетін мұнай газы (ГӨЗ) газ
өңдеуші зауытқа жіберіледі, ал ОЖП құрамына кіретін мұнай
дайындау қондырғысында бөлінетін қабат суы, сондай-ақ ОЖП
құрамына кіретін тазалау құрылысында тазалаудан өтеді және
қабат қысымын қолдау жүйесіне (ҚҚУ) барады.
Сығушы сорап станциялары ұңғы өнімінің қосымша
энергиясын хабарлау үшін, оны ОЖП-ға, егер ұңғы бұтағы мен
ТӨҚ
арақашықтығы
үлкен
және
газ
сұйық
қоспаны
тасымалдауға сағалық қысым жеткіліксіз болған жағдайда
жіберуге арналған. ССС-те транспорт кезінде гидравликалық
жоғалтулармен шартталған 0,3-0,8 қысым кезінде және газ
құбыр соңында, ГӨЗ алдында оның тұрақты жұмысы үшін
қысымында
сепарацияның
бірінші
сатысын
өткізеді.
Сепарациядан кейін сұйықтық сорап қабылдауына барады, ал
бөлінген мұнай газы өз қысымымен ГӨЗ-ға бағытталады.
Кешенді жинау пунктінің ССС-тен айырмашылығы, онда
тек сепарацияның бірінші сатысын ғана емес, сонымен қатар
мұнайдың сусыздандырылуы жүргізіледі. Қазіргі кезде өнімнің
жоғары сулануымен байланысты ССС-пен бір алаңда немесе
бөлек судың алдын ала лақтырылу қондырғысы (САЛҚ)
монтаждалып жатыр. Яғни КЖП-да мұнайды газ – қаныққан
күйде толық дайындайды.
Мұнай кенорындарын қайта құрудың жаңа нұсқаларында
суды жинау және дайындау жүйесін орталықтандырмау
принципі жүзеге асырылуда.
Сонымен қоса кенорын территориясында ұңғыма өнімін
жинаудың жергілікті пункттері, микро-ССС және қабатты айдау
(3.8-сурет) пайда болады.
Кіші ССС-те: мұнайды алдын ала сусыздандыру; кездейсоқ
мұнай газын кептіру; айдаушы ұңғыларға суды дайындау және
Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау
83
айдау; барлық кәсіпшілік және жаңбырлы ағындарды жою
процестері жүзеге асырылады.
3.8-сурет. Өнімді кәсіпшілікте дайындау мен жинау сұлбасы:
1-өнімді қабат; 2-сорап; 3-СКҚ; 4-шегендеу бағанасы; 5-өндеу
ұңғымасының сағасы; 6-ТӨҚ; 7-КНС; 8-САЛҚ; 9-ССС;10-газ
жинаушы тор; 11-мұнай жинаушы коллектор;12-МКДҚ; 13-суды
дайындау түйіні; 14-айдаушы құбыр; 15-айдау ұңғымасының
шегендеу бағанасы; 16-СКҚ; 17-пакер; 18-өнімді қабат
Орталық ССС-ке дейін өнімді тасымалдау аз суланған
(судың максималь құрамы 5%-ға дейін) мұнай түрінде жүзеге
асырылады. Бұл ішкі коррозия нәтижесінде мұнайды айдау
құбырларының бұзылу қауіптілігін күрт төмендетеді. Газ өз
қысымымен орталық ССС-ға, кейін ГӨЗ-на барады.
Суды микро ССС-қа айдауды ұйымдастыру ішкі кәсіпшілік
су
айдындарын
жоюға,
сәйкесінше,
ішкі
коррозиядан
А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков, Г.Ж. Смаилова
84
бұзылулардан қауіптілік жағдайларды тоқтатуға мүмкіндік
береді.
Кәсіпшілік өнімді жинаудың, мұнай мен суды дайындау
және тасымалдаудың заманауи жүйесінің үлгісі тоғыз
элементтен тұрады (3.9-сурет).
1-элемент. Өңдеу ұңғыма сағасынан топтық өлшеу
қондырғысына (ТӨҚ) дейінгі аймақ. Мұнда ұңғыма өнімі
үшфазалы қоспа түрінде (мұнай, газ, су) жеке құбырлар арқылы
бастапқы өлшеу түйіні мен өнімді есептеуге дейін айдалады.
2-элемент. ТӨҚ-дан сығушы сорапты станцияға (ССС)
дейінгі аймақты алады. Мұнда ұңғыма өнімі сұйық және газдық
фазаға (сепарацияның бірінші сатысы) бөлінеді. Берілген
аймақта беріктігі нақты мұнай мен судың физика-химиялық
сипаттамасына байланысты жоғары дисперсті су, газ, мұнай
эмульсиясының пайда болуы мүмкін.
3-элемент. ССС-газ жинау торы (ГЖТ). Бұл элементте
мұнай газы сепарацияның бірінші сатысы болып саналатын
сыйымдылықтан, сепарация түйінінің қысымында газ жинаушы
торға таңдалады.
4-элемент. ССС-МДКҚ. Берілген элемент ССС-тен
мұнайды кешенді дайындау қондырғысына (МДКҚ) дейінгі
аймақты алады. Кейбір мұнайлы аудандарда мұндай түйінді
«өнімді дайындаудың орталық пункті (ОЖП)» деп атайды.
5-элемент. ССС-суды алдын ала лақтыру қондырғысы
(САЛҚ). Берілген элемент жиі бірінші дәрежелі сепарация
газының бір уақыттағы бөлінуімен біріккен; кейін су қажетті
сапаға дейін тазалауды өтеді.
6-элемент. САЛ-ШСС. Қажетті сапада және мөлшерде
бөлінген мұнай сыйымдылықтан САЛҚ күштік сораптармен
бұтақтық
сораптық
станцияларға
қабатқа айдалу
үшін
жіберіледі.
7-элемент. МДКҚ-суды дайындау қондырғысы. Бұл
элементте біріккен болып табылады. Өйткені, бір сатысы сулы
фазаны бөлу және тазалау үшін, ал екіншісі–тауарлы парктің
резервуарларында жиналатын аралық қабаттың эмульсиясын
бөлу және бұзу үшін пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |