Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау



жүктеу 4,73 Mb.
Pdf просмотр
бет20/73
Дата21.11.2018
өлшемі4,73 Mb.
#22959
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73

А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова  
 
74 
 
игеру  және  пайдаланудағы    ғылыми-техникалық  жетістіктер, 
сонымен қоса барланатын шикізат базасы сапасы.  
Қазақстан  мұнай  өнеркәсібінің  болашақ  дамуы  және 
мұнайды игеру процесінің тұрақтануы жаңа технологиялар және 
заманауи техникалық құрылғылар, әдеттегі емес игеру жүйесісіз 
мүмкін  емес,  ал  ол  тек  мұнай-газ  кешеннің  кәсіпшілік  және 
академиялық  ғылымы  ғана  емес,  мұнай-газ  машина  жасауға  да 
байланысты.  
Жаңа 
кішігірім 
кенорындарды 
пайдалануға 
енгізу  
кәсіпшілік  тұрғызуды  талап  етеді,  яғни    капиталды  кірістердің 
көп  бөлігі  ұңғыма  өнімін  жинау  және  тасымалдау  жүйесінің 
құрылысына кетеді.  
Мұнай және газды жинау жүйесі әрқашан жаңарып тұрады. 
Мұнай-газ жинаудың бірқатар жаңа герметизацияланған жүйесі 
жасалған,  олардың  негізінде  мұнай  және  газды  бірге  екі 
фазалы,  сонымен  қоса  бірфазалы  (газға  қаныққан  мұнайды 
тасымалдау) күйінде 70·10
5
 н/м
2
 қысыммен алыс арақашықтарға 
тасымалдау әдісінің жылдам дамуы жатыр. 
Жаңа 
көпфазалы 
(мультифазалы) 
заманауи 
винтті 
сораптармен  мұнай,  газ  және  суды  бірге  айдауға  арналған 
технологияны  жасау  және  енгізу  мұнай  компаниялардың 
капиталды  кірісін  төмендетуге,  рентабельдікті  жоғарылатуға 
және  маңызды  болатын,  ілеспе  газды  толық  утилизациялау 
есебінен  экологиялық  талаптарды  қатаң  ұстануға  мүмкіндік 
береді. Қазақстанда шет елдік KUDU, Borneman, Rosscor сияқты 
компаниялардың  және  Қытай  компанияларының  бұранда 
сорапты  қондырғылары  кең  пайдалануда.  Олар  дүниежүзінің 
барлық  аумағында  қолданылады  және  газ  сұйықты  қоспаларды 
кез  келген  сұйық  және  газ  қатынасында  айдауға  және  6  МПа 
дейін қысым орнатуға мүмкіндік береді.  
 
 
 
 
 
 
 


Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 
 
75 
 
3.3. Ұңғыма өнімін жинаудың жүйелері 
 
Қазіргі  кезде  ұңғыма  өнімін  кәсіпшілік  жинаудың  мына 
жүйелері  белгілі:  өзіндік  ағысты  екіқұбырлы,  жоғары  ағынды 
бірқұбырлы және ағынды. 
Жинаудың  өзіндік  ағысты  екіқұбырлы  жүйесінде  (3.2-
сурет) ұңғы өнімі 0,6МПА қысым кезінде бөлінеді және өзіндік 
құбырлар арқылы жүрісін бөлек жалғастырады. 
 
 
3.2-сурет. Өзіндік ағысты екіқұбырлы жинау жүйесінің 
принципиалдық сұлбасы: 
1-ұңғылар;2-1-ші дәрежелі сепаратор;3-қысым реттегіш; 
4-газ құбыры;5-2-ші дәрежелі сепаратор; 6-резервуарлар;7-сорап; 
8-мұнай құбыры;УЖП-участкелі жинау пункті; ОЖП-орталық 
жинау пункті 
 
Бөлінген  газ  өз  қысымымен  компрессорлы  станцияға  дейін 
немесе  жақында  орналасқан  газ  өңдеуші  зауытқа  (ГӨЗ) 
тасымалданады. 
Сұйық  фаза  сепарацияның  екінші  бағанасына  бағытталады. 
Осы  жерде  бөлінген  газ    өзіндік  қажеттіліктерге  қолданылады. 
Мұнай  өз  ағысымен  участкелі  жинау  пунктіндегі  резервуарларға  
барады  және  содан  соң  сораптар  арқылы  орталық  жинау 
пункттерінің (3.2-сурет) шикізат резервуарларына айдалады. 
Мұнай және газ жинаудың өз ағысты екіқұбырлы жүйесі 
және  ұңғыма  өнімін  бөлек  жинау  жүйесіне  кіреді  және  ескі 
кәсіпшілікке сәйкес. Олар мыналармен сипатталады: 
 


А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова  
 
76 
 
  Мұнай-газ жинау құбырларындағы төмен қысыммен; 
  Жүру  жылдамдығының  төменділігімен,  нәтижесінде 
құбыр  жүйелерінің  парафиндермен  бітелуі,  бұл  олардың 
өткізгіштік қасиетін төмендетеді; 
  Аралық  технологиялық  объектілердің  көптілігімен, 
сәйкесінше  үлкен  металл  сыйымдылықпен,  қабаттың  артық 
энергиясын  рационалды  түрде  қолданбағанымен  сондай-ақ 
резервуарлардың герметикасыздығы және 2-дәрежелі сепарация 
газдарын  қолдану  қиыншылықтары  үшін  мұнайдың  жалпы 
өңделуінен  2–3%  жететін  газдың  көлемдік  шығындары  мен 
мұнайдың жеңіл фракцияларымен; 
  Құбырларда  газдық  жиналымдардың  пайда  болуын 
тоқтату үшін мұнайды терең газсыздандыру талаптарымен. 
Мұнай  ұңғымалары  өнімдерін  бірегейлі  жинау  және 
тасымалдау  идеясы  өзінің  ары  қарай  дамуын  Грозный  мұнай 
институтында  тапты.  Бұл  жерде  жоғары  ағынды  бірқұбырлы 
жинау жүйесі игерілді (3.3-сурет). 
 
 
3.3-сурет. Жоғары ағынды бірқұбырлы жинау жүйесінің 
принципиалдық сұлбасы: 
1-ұңғыма;2-газ мұнай құбыры;3-1-ші дәрежелі сепаратор;4-2-ші 
дәрежелі сепаратор; 5-қысым реттегіш; 6-резервуарлар 
 
Жоғары 
ағынды 
бірқұбырлы 
жинау 
жүйесінің 
артықшылығы  болып  ұңғыма  өнімін  жоғары  сағалық  қысым              
(6–7МПа-ға  дейін)  есебімен  ондаған  километр  қашықтыққа 
бірегейлі тасымалдау. 
Жоғары  ағынды  бірқұбырлы  жүйені  қолдану  участкелі 
жинау пункттерін құрудан бас тартуға және мұнай сепарациясы 


Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 
 
77 
 
бойынша 
жүктемелерді 
орталық 
жинау 
пункттеріне 
тасымалдауға 
мүмкіндік 
береді. 
Осының 
арқасында 
технологиялық    қондырғының  максималь  концентрациясы, 
жинау  пункттерін  қатайту  және  орталықтандыру  жүзеге 
асырылады,  мұнай-газ  жинау  жүйесінің  металл  сыйымдылығы 
азаяды,  қабаттың  табиғи  энергиясы  толығымен  пайдаланылады 
және 
сорапты, 
компрессорлы 
стансаларды 
кәсіпшілік 
территориясында  құру  қажеттілігі  жойылады,  сепарация 
дәрежесінің  сандарын  үлкейту  және  кенорынды  бастапқы 
игеруден  серіктес  мұнай  газын  жоюды  қамтамасыз  ету 
мүмкіндігі туындайды.  
Жоғары 
ағынды 
жүйелерді 
Грознефть 
кенорнында 
қолданудың  экономикалық  тиімділігін  есептеу,  осы  жүйені 
енгізгеннен кейін мұнай бағасының 2,5% -ға, ал газдың  30%-ға 
төмендеуін  көрсетті.  Аналогиялық  сұлбалар  Ставрополь  өлкесі, 
Дагестан, 
Түркменстан, 
Қазақстан 
және 
өлкенің 
басқа 
аудандарының кенорындарына енгізілді. 
Жүйенің  кемшілігі,  қоспада  газдың  жоғары  құрамы  үшін 
(көлемі бойынша 90%-ға дейін) мұнай-газ жинау құбырларында 
қысымның  көлемдік  пульсациялары  мен  сұйықтық  пен  газдың 
массалық  шығындары  орын  алуы  болып  табылады.  Жоғары 
ағынды бірқұбырлы жинау жүйесі тек қабаттық қысымы жоғары 
кенорындарда  қолданылуы  мүмкін,  сондай-ақ    ағынның  аз 
шығындарын және қысымның аз бүлкілдеуін қамтамасыз ететін 
айдау тәртіптерін  мұқият түрде таңдауды талап етеді. 
Гипровостокнефть 
институтында 
мұнай 
және 
газ 
жинаудың  ағынды  жүйесі  игерілген.  Оның  мақсаты  –  ұңғыма 
өнімін  бөлу  объектілерін  үлкейту  және  орталықтандыру, 
сондай-ақ    қабат  қысымдары  ұңғыдағы  сағалық  қысымдардың 
жоғары  мәнін  қамтамасыз  етпеген  жағдайда  мұнай  және  газды 
магистральды  тасымалдауға  дайындау.  Мұнай-газ  жинаудың 
бұл  жүйесі  мұнай  және  газды  ұңғыдан  7  км-ге  дейін 
арақашықтықта 
орналасқан 
участкелі 
сепарациялық 
қондырғыларға 
дейін 
бірқұбырлы 
тасымалдауды 
және 
газқаныққан  мұнайларды  бірфазалы  күйде  ОЖП-не  100  км  
не одан да көп қашықтыққа дейін тасымалдауды қадағалайды. 


жүктеу 4,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау