Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау



жүктеу 4,73 Mb.
Pdf просмотр
бет21/73
Дата21.11.2018
өлшемі4,73 Mb.
#22959
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   73

А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова  
 
78 
 
Бұдан 
басқа, 
осы 
жүйемен 
сепарацияның 
бірінші 
дәрежесіндегі  газды  үлкен  қашықтықтарға  компрессорсыз 
тасымалдау  үшін,  терең  сораптармен  туындайтын  қабат 
энергиясы  мен  ағынды  пайдалану  қадағаланады.  Ұңғыма 
сағасындағы  қысым  1,0-ден  1,6  МПа-ға  дейін  қолданылып 
отырады.  Мұнай  ұңғыларының  өнімдері,  ұңғы  дебиттері 
периодты  өлшеніп  отыратын  топтық  өлшеу  қондырғыларынан 
өтеді.  Кейін  бұл  өнім  бір  құбырөткізгіш  арқылы  участкелі 
сепарациялы  пункттерге  топталған  сепаратордың  бірінші 
дәрежесіне барады. 
Сепарацияның  бірінші  дәрежесінен  кейін  0,5-0,6  МПа 
қысым 
кезінде 
газ, 
сепаратордағы 
қысым 
есебімен 
тұтынушыларға,  ал  мұнай,  еріген  газдың  қалдық  мөлшерімен 
орталық жинау пунктіне бағытталады. 
Бұл  пунктте  мұнай  мен  газдың  нақты  сепарациясы, 
мұнайды  тұтынушыға  беруге  дайындау,  сепарацияның  барлық 
дәрежесінің газын өңдеу және ағынды суларды қабатқа айдауға 
дайындау (3.4-сурет) жүзеге асырылған. 
Жинаудың ағынды жүйесін қолдану: 
  ОЖП-да  мұнай,  газ  және  суды  100  км  радиуста 
орналасқан  топтық  кәсіпшілік  үшін  дайындау  бойынша 
қондырғыларды концентрациялауға; 
  Бұл  мақсаттар  үшін  металл  шығындарды,  барлау 
шығындарын  төмендетіп,  жоғары  өнімділікті  қондырғыларды 
қолдануға; 
  Төмен қысымды мұнай газын тасымалдау үшін компрес-
сорлық станция мен газ құбырлары кәсіпшілігі территориясында 
құрылыстан  бас  тарту  арқасында  жинау  жүйесінің  металл 
сыйымдылығын және қаражат енгізуді төмендетуге; 
  Мұнай  құбырларының  өткізгіштік  қасиетін  арттыру 
және  құрамында  еріген  газ  бар  мұнайдың  тұтқырлығын 
төмендету  нәтижесінде  айдауға  кеткен  қуаттың  шығынын 
азайтуға мүмкіндік береді. 
Жинаудың  ағынды  жүйесінің  кемшілігі  –  кенорыннан  
ОЖП-на  дейін  мұнай  мен  суды  бірегейлі  тасымалдауға  кеткен 
үлкен  барлау  шығындары  және  сәйкес,  тазартылған  қабат  суын 


Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 
 
79 
 
кенорынға дейін кері тасымалдау жүйесін құруға кеткен энергия 
мен құбырдың үлкен шығыны болып табылады.  
 
 
3.4-сурет. Жинаудың ағынды жүйесінің принципиалдық сұлбасы: 
1-ұңғылар; 2-бірінші дәрежелі сепаратор; 3-“өзіне дейін”типті 
қысым реттегіш; 4-газ құбыры; 5-сорап; 6-мұнай құбыры; 7- екінші 
дәрежелі сепаратор; 8-резервуар; ССС-сығуға дейінгі сорапты 
станция 
 
Қазіргі  кезде  көрсетілген  кемшіліктері  жоқ  (3.5  және  3.6-
сурет)  жинау  жүйелерін  қолданады.  Оның      ағынды  жүйеден 
айырмашылығы, бірінші  дәрежелі сепаратор алдында ағынға су 
мұнай  эмульсиясын  бұзатын  реагент-деэмульгаторды  ендіреді. 
Бұл ұңғы өнімінен судың негізгі бөлігін, сығуға дейінгі сорапты 
станцияларда  (3.1-сурет)  бөлуге  мүмкіндік  береді.  МКДҚ 
орналасқан  сығуға  дейінгі  сорапты  станция  (ССС),  кешенді 
жинау пункті (КЖП)  деп аталады.  
Орталық  жинау  пунктінде  мұнайды  кешенді  дайындау 
қондырғысы  екінші  дәрежелі  сепаратор  алдында  орналасқан. 
Бұл,  құрамында  еріген  газ  бар  мұнайдың  аз  тұтқырлығымен 
байланысты. Сұлбаның (3.5-сурет) ерекшелігі, мұнайды кешенді 
дайындау 
қондырғысының 
(МКДҚ) 
ұңғыларға 
жақын 
орналастырылуы болып табылады. 
 


А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова  
 
80 
 
 
3.5-сурет. Газ қаныққан күйде ОЖП-да мұнайды дайындау мен 
жинаудың заманауи жүйесінің принципиалдық сұлбасы 
 
 
 
3.6-сурет. Газ қаныққан күйде КЖП-да мұнайды дайындау мен 
жинаудың заманауи жүйесінің принципиалдық сұлбасы 
 
Мұнай жинаудың кәсіпшілік жүйесінің жұмыстық қысым 
көлемі бойынша былай классификациялауға болады: 
  өз ағысты екіқұбырлы; 
  жоғары ағынды бірқұбырлы; 
  ағынды. 
Қазіргі  заман  кен  орындарының  ерекшеліктері:  мұнайдың 
сулануының  өсуі,  сағадағы  төмен  қысым.  Бұл  ерекшеліктер 
мұнай-газ 
жинаудың 
сызықтық 
ағынды 
герметизацияланған  жүйесін  қолдануға  шартталды.  Ұңғыма 
өнімі  “Спутник”  типті  топтық  өлшеу  қондырғысына    (ТӨҚ) 
барады.  Ол  жерде  ол  ұңғы  бұтағында  монтаждалады  және  ол 
арқылы  әр  ұңғының  дебиті  периодты  өлшеніп  отырады.  Ереже 
ретінде,  “Спутник-Б”  жүйесін  қолданады.  Ол    суланған  және 


Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 
 
81 
 
суланбаған  мұнайды  бөлек  өлшеуге  және  мұнайды  диаметрлері 
әртүрлі  мұнай  жинау  сызығына  бағыттауға  мүмкіндік  береді. 
ТӨҚ-дан  соң  ұңғыма  өнімі  жалпы  коллектор  бойынша  жинау 
пунктіне жіберіледі.  
Жинау  пункттері  функционалды  түрде  орталық  жинау 
пунктіне  (ОЖП),  сығушы  сорап  станциясына  (ССС)    және 
кешенді жинау пунктіне (КЖП) бөлінеді. 
Сығушы сорап станциясы мұнайды газдан бөлу үшін, газды 
тамшылы  сұйықтықтан  тазалау  және  мұнайды  ортадан  тепкіш 
сораптармен  бөлек  тасымалдау  үшін  арналған.  ССС  сығушы 
сорап  станциясы  буферлі  сыйымдылықтан,  мұнай  ағындарын 
тазалау  және  жинаудан,  сорапты  блоктан,  төменгі  вольтты 
аппаратурадан  және  БӨА,  А-дан,  газды  авариялық  жинау 
шамынан тұрады (3.7-сурет). ССС технологиялық сұлбасы НГС-
100 буферлі сыйымдылық: 
  Мұнайдың  айдау  сораптарының  қабылдауына  біртекті 
баруына мұнайды дайындауға; 
  Мұнайды газдан бөлуге; 
  Сораптың  қабылдауында  0,15-0,6  МПа  ретін  үнемі 
сақтауға арналған. 
Сұйықтықтың  байсалды  айнасын  пайда  болдыру  үшін 
буферлі  сұйықтықтың  ішкі  беті  тіке  торлы  қалқамен 
жабдықталған.  Газ  буферлі  сыйымдылықтан  газ  жинаушы 
коллекторға  аударылады.  Мұнайды  сыйымдылықтан  айдау 
негізгі технологиялық сорап қабылдауына жүзеге асырылады. 
 
 
3.7-сурет. Сығушы сорап станциясының жалпы көрінісі: 
1-буферлі сыйымдылықтың блогы; 2-сораптар блогы; 
 


жүктеу 4,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау