Тығыздықты өлшеу құралдары
Заттың m массасының оның алатын V көлеміне қатынасымен анықталатын ρ шамасы зат тығыздығы болып табылады:
𝑝 = 𝑚. (5.1)
𝑣
Температура төмендеген сайын сұйықтықтар мен газдардың тығыздығы төмендейді. Газдардың тығыздығы қысымның өсуімен артады. Сұйықтықтардың тығыздығы қысымға тəуелді болмайды.
Тығыздықты өлшеу құралдары тығыздық өлшгіштер немесе
денсиметрлер (денситометрлер) деп аталады (латынның densus – тығыз),
Тығыздық өлшегіштер түрлері: салмақтық, қалтқылық, гидроаэростатикалық, гидрогаздинамикалық, радиоизотопты, акустикалық, вибрациялық жəне т.б. Сұйықтықтар мен газдардың автоматты тығыздық өлшеуіштері кеңінен қолданылады.
Салмақтық немесе пикнометрлік тығыздық өлшеуіштер.
Іс-əрекеті – құбырдағы немесе белігілі бір сыйымдылықтағы талданатын заттардың тұрақты көлемін үздіксіз өлшеу.
Тығыздық (грек тілінен pyknos – тығыз) меншікті салмақ арқылы келесідей анықталады:
γ = ρg ,
мұндағы ρ – заттың тығыздығы;
g – еркін түсу үдеуі.
5.1 сурет – Салмақтық тығыздық өлшегіштің сұлбасы
суреттегі белгілеулер:
1 – сильфондар; 2 – қозғалмайтын келте құбырлар; 3 – V-тəрізді құбырша; 4 – күш; 5 – рычаг; 6 – түрлендіргіш; 7 – қарсы салмақ.
Тот баспайтын болаттан жасалған V-үлгілі түтік күш арқылы рычагпен байланысады (5.1 сурет). Сильфондардың болуы құбырдың О-О осі бойынша айналуына мүмкіндік береді. Сұйықтардың тығыздығы өскен сайын сұйықтығы бар құбырша массасы өседі, ол рычаг арқылы механика-электрлік немесе механика-пневматикалық түрлендіргішке беріледі. Шығыс сигнал Сшығталданатын сұйықтық тығыздығының өзгеруіне пропорционал болады. Тығыздықтың таңдалған төменгі шегінде 6 құбырда пайда болатын күштер моменттерін теңестіру үшін 7 қарсы салмақ қолданылады.
Өлшеу диапазоны 0,5÷2,5 г/см3. Дəлдік кластары: 1÷1,5. Максималды жұмыс температурасы t0жұм = 1000С.
Гидро- жəне аэростатикалық тығыздық өлшегіштер.
Іс-əрекеті талданатын сұйықтық немесе газ бағанының P қысымның осы ортадағы тығыздыққа тəуелділігіне негізделген:
Р = ρgh.
Егер h = const деп алсақ, онда Р = k . ρ жəне 𝑃 = 𝑝 .
𝑘
Гидростатикалық тығыздық өлшегіштің сұлбасы 5.2 суретте
көрсетілген.
сурет – Гидростатикалық тығыздық өлшегіштің сұлбасы
Сұлбадағы белгіленулер: 1 – тіректік плата; 2, 3, 4 – сильфондар; 5 –
камера; 6 – түрлендіргіш; 7 – өлшегіш рычаг; 8 – рычаг.
Талданатын сұйықтық 2 жəне 4 өлшегіш сильфондар орналасқан тіректік платадағы 5 камера арқылы үздіксіз айналады. Олардың арасындағы қашықтық h꞊const, сондықтан 2 сильфонға əсер ететін гидростатикалық қысым 4 сильфонға əсер ететін қысымнан үлкен болады. Барлық сильфондар қосымша сұйықтықтармен толтырылған. 3 сильфон температуралық компенсациялау үшін қызмет етеді жəне сұйықтық манометрлік термометр болып келеді. 2 жəне 4 сильфондардың гидростатикалық қысымдарының айырмасынан пайда болған күшейтулер айырымы 7 өлшегіш рычагта айналу моментін тудырады, ол 8 рычаг арқылы 6 түрлендіргіштің унифицирленген электрлік жəне пневматикалық сигналына беріледі.
Өлшеу аралығы - 0÷0,5 г/см3 . Дəлдік класы - 1. Сұйықтықтың максималды температурасы - 2000С.
Достарыңызбен бөлісу: |