Өлшеудің техникалық ҚҰралдары



жүктеу 1,71 Mb.
бет2/42
Дата23.09.2022
өлшемі1,71 Mb.
#39377
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
лшеуді техникалы ралдары

Кіріспе


ХХ1 ғасыр ғылым мен өнеркəсіп өндірісінің жедел дамуымен сипатталады. Осы даму түрлi өлшемдер жəне өлшеу құралдарының кең қолданылуымен орындалады. Қазіргі əлемде өлшеу техникасының орнын келесі мəліметтер сипаттай алады. Өлшеу техникасына арналған шығындар қазіргі уақытта қоғамдық өндіріске арналған барлық материалдық шығындардың 10-15% - ын құрайды, ал мұнай өңдеу, мұнай-химия, радиоэлектрондық, ұшақ жасау жəне басқа өнеркəсіп салаларында бұл шығындар 25% - ға жетеді.Қазіргі уақытта өлшеусіз адам қызметінің бірде-бір саласы бола алмайды.


Өлшеу техникасының негізгі тұтынушысы – өнеркəсіп. Мұнда өлшеу техникасы технологиялық процестерінің ажырамас бөлігі, себебі олар өнеркəсіптерде өнім мен шикізат сапасын жəне басқада процестерді бақылауға қолданылатын əртүрлі режимдік параметрлер жайлы ақпарат алу үшін қолданады. Технологиялық процестің сипатына қарай өнеркəсіптің əртүрлі саласындағы өндірістерді келесі екі топқа бөлуге болады: үздіксіз жəне дискретті сипаттары бар технологиялық процестер. Бірінші топтың мысалы ретінде келесідей өнеркəсіптердің өндірістерін атауға болады: мұнай жəне газ өңдеу, мұнай-химия, метталургия, жылу энергетика, т.б.; екінші топтың өндірістері: машина құру,
аспап жасау, радиоэлектроника, тамақ өнеркəсібі, т.б.
Үздіксіз сипаты бар технологиялық процестерде (ТП) температура, қысым, шығын, деңгей жəне зат мөлшері сияқты параметрлерді өлшеу жалпы өлшеулердің санының 86% құрайды, ал дискретті сипаты бар технологиялық процестерде көбінесе бұйымдар саны, ұзындық, уақыт, электр шамалар өлшенеді, бұл өлшеулер 75% құрайды.
Өндіріске келгеннен кейін жас маман, өлшеу жұмыстарымен тура немесе жанама байланысты болады, сондықтан көптеген өлшеу есептерімен кездеседі. Өлшеу əдістері мен құралдарын оқуын жеңілдету үшін «Өлшеудің техникалық құралдары» пəні көмектеседі.
Сауатты инженерлік маман болу үшін өлшеулер əдістері мен физикалық шамаларының өлшеу құралдарын құрастырудың негізгі принциптерін оқу жəне игеру керек. Сонымен қатар, ең алдымен өлшеу əдістерін білу керек. Себебі, өлшеу əдістері мен аспаптардың жұмыс жасауының физикалық принциптері тұрақты компоненттер болып келеді, ал өлшеу құралдардың белгілі сұлбалық шешімдері мен элементтік базасы үздіксіз өзгереді жəне жетілдіріледі.
Өлшеулер күрделігі жəне əрекет принциптері əртүрлі болатын арнайы
техникалық өлшеу құралдарымен орындалады.
Өлшеу құралдары (ӨҚ) деп нормаланған метрологиялық сипаттамасы бар өлшеуде қолданылатын техникалық құралдарды айтады. ӨҚ-ның негізгі түрлері өлшегіштер, өлшегіш құрылғылар (аспаптар жəне түрлендіргіштер). Халық шаруашылығының барлық салаларында практикалық күнделікті өлшеулерге арналған барлық өлшегіштер, аспаптар мен түрлендіргіштер жұмыс ӨҚ деп аталады. Олар жоғары дəлдікті (зертханалық) жəне техникалық деп бөлінеді. Өлшеулерді орындау үшін қызмет ететін техникалық ӨҚ жиынтығы, өлшеулерді
жүргізу жəне олардың нəтижелерін интерпретациялау əдістері мен тəсілдері
өлшеу техникасы түсінігімен анықталады.
Бұл оқу құралы «Техникалық өлшеу құралдары» пəні бойынша орыс тіліндегі оқу құралының [7] қазақ тіліне аудармасы болып табылады.
Ұсынылып отырған оқу құралының əр тарауы белгілі физикалық шаманы өлшеу сұрақтарына арналған. Оқу құралының бірінші тарауында кең тараған технологиялық параметрді – температураны өлшеу принциптері мен температураны өлшеудің негізгі құралдарының жұмыс принциптері қарастырылған. Екінші тарау қысымды өлшеу сұрақтарына жəне қысымды өлшеу құралдарына арналған. Үшінші тарауда сұйықтық, газ жəне бу мөлшері мен шығынын өлшеудің негіздері мен өлшеу құралдары қарастырылған; электрмагнит, ультрадыбыс жəне кориолис шығын өлшегіштердің сұлбалары мен əрекет принциптері келтірілген. Төртінші тарау деңгейді өлшеу сұрақтары мен өлшеу құралдарына, ал бесінші тарау - сұйықтық пен газдың физика – химиялық қасиеттерін, 6 тарау - концентрацияны өлшеу жəне өлшеу құралдарына арналған. Жетінші тарауда сұйықтық құрамын талдау сұрақтары қарастырылады: кондуктометрлік жəне потенциометрлік ерітіндіні талдау əдістері мен сəйкес анализаторлардың əрекет принциптері. Əр тараудың соңында бақылау сұрақтары келтірілген.
Қазіргі уақытта көптеген техникалық терминдердің қазақ тіліне аудармасы əлі бекітілген жоқ. Осыған байланысты оқулықтың соңында авторлар өз аудармаларының шағын сөздігін орналастырды.
Оқу құралы авторлардың біраз жылдары бойы Гумарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика жəне байланыс университетінің «Автоматтандыру жəне басқару» мамандығының студенттеріне арналған дəрістер курсында негізделген.

      1. жүктеу 1,71 Mb.

        Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау