Қалтқылы деңгей өлшегіштер
Деңгей өлшегіштердің ішіндегі қалтқылы деңгей өлшегіштер ең қарапайымы. Қалтқылы деңгей өлшегіштердің тар жəне кең диапазонды түрлері болады. Тар аралықты деңгей өлшегіштері тот бастпайтын болаттан жасалған диаметрі 80-200 мм болатын шар тəрізді қалтқыдан тұрады (4.1 сурет).
4.1 сурет – Қалтқылы фланцты деңгей өлшегіштің сұлбасы Қалтқы сұйықтың бетінде қалқып жүреді жəне штанга арқылы өлшеуіш
аспаптың тілшесімен немесе бұрышытық орын ауыстыруды унифицирленген электрлік немесе пневматикалық сигналдарға түрлендіргішімен байланысады. Өлшеу аралығы: минималдысы ±10 мм, максималдысы ±200 мм.
Дəлдік класы 1,5.
Буектік деңгей өлшегіштер
Буектік деңгей өлшегіштер Мемлекеттік аспаптар жүйесінің аспаптар номенклатурасы қатарына кіреді. Буектік деңгей өлшегіштердің жұмысы Архимед заңымен сипатталатын физикалық құбылыста негізделген. Тығызыдығы сұйықтың тығызыдығынан үлкен не тең болатын материалдан жасалатын цилиндрлік буек осындай деңгей өлшегіштердің сезімтал элементі болып табылады. Буек тігінен орнатылған жəне бір бөлігі сұйықтыққа батырылған. Аппараттағы сұйықтың деңгейі өзгерген сайын сұйықтықтағы буектің массасы деңгейге пропорционалды түрде өзгереді. Буектің салмағының өлшеу ақпараттың сигналына түрленуі униицирленген
«күш – қысым» жəне «күш – тоқ» түрлендіргіштерінің көмегімен жүзеге асады, сондықтан оларды пневматикалық жəне электрлік буектік деңгей өлшегіштер деп ажыратады (4.2 сурет).
1 – буек; 2 – рычаг; 3 – сопло; h0 – сұйықтықтың алғашқы деңгейі; М – айнымалы момент.
4.2 сурет – Буектік деңгей өлшегіштің сұлбасы Сұйықтықтың деңгейі h биіктікке өскен кезде буек сұйықтыққа
батырылады, Архимед заңы бойынша буектің G салмағы азаяды, демек айнымалы М моментіде азаяды жəне 2 рычаг О нүктесінің айналасында сағат тілінің бағыты бойынша айналады. Жапқышпен 3 соплоның саңылауы жабыла бастайды, осыдан пневматикалық беріліс келесіге тең:
Ршығ=k . ΔG, (4.1)
мұндағы ΔG – буектің салмағының өзгеруі;
k – деңгей өлшегіштің беріліс коэффициенті.
Деңгей өлшегішті салмақтық əдіспен градуирлеуге болады.
Ршығ өзгеру диапазоны 0,02 МПа-дан 0,1 МПа-ға дейін. Жұмыс ортаның температурасы (-40 ÷ +400)0С тең. Жұмыс қысым - 16 МПа. Дəлдік кластары: 1,0 –1,5.
Достарыңызбен бөлісу: |