Температураны термоэлектрлі термометрмен яғни термоэлектрлі түрлендіргіштерімен (ТЭТ) өлшеу 1821 жылы Зеебекпен ашылған термоэлектрлік эффектіні қолдануда негізделген.
to
A B
1 t
Термоэлектрлі түрлендіргіш - екі немесе бірнеше өзара қосылған əр текті өткізгіштердің тізбегі (1.2 сурет)
Зеебек эффектісі: егер де екі өзара қосылған əр текті өткізгіштерді алып, дəнекершілеулерін t ≠ to болатындай қыздыр- сақ, бекітілген тізбекте электр ток өтеді.
1.2 сурет – ТЭТ
Егер де t > t0 болса, онда тоқтың бағытталуы 1.2 суреттегідей (1 дəнекерленушіде В-дан А-ға дейін) болады. А, В - термоэлектродтар; 1,2- дəнекерленушілер. Осындай тізбек ажыратылған кезде, оның ұштарында термоЭҚК пайда болады.
Зеебектің эффектісінің кері қасиеті бар ( Пельтье эффектісі): егер осындай тізбекке сырттан электр тоқ берілсе, онда тоқтың бағытталуына тəуелді дəнекерленушінің біреуі қыза бастайды, ал басқасы суыйды.
Температурасы төмен дəнекерленушідентоқ басқа термоэлектродқа баратын термоэлектродты оң таңбалы «+», ал басқа электрод - теріс «-» деп есептеледі. Мысалы, t0 болса, онда 2 дəнекерленушідегітоқ А-дан В-ға ағады, онда А - термооң, В - термотеріс термоэлектродтар. t температурасы өлшенетін объектіге салынатын дəнекерленуші жұмыс дəнекерленуші (1 дəнекерленуші), ал
объектіден тыс дəнекерленуші - бос дəнекерленуші (ұшы) деп аталады (2
дəнекерленуші).
Келесідей белгілерді қолданамыз:
еАВ(t) – t=t болғанда 1 дəнекерленушідегі А мен В термоэлектродтар арасындағы термоЭҚК;
еАВ(tо) -
t t0
болғанда 2 дəнекерленушідегі А мен В термоэлектродтар
арасындағы термоЭҚК;
ЕАВ(t, tо) – жұмыс дəнекерленушінің температурасы t жəне бос дəнекерленушінің температурасы t0 болғанда А жəне В термоэлектродтардан тұратын контурдың термоЭҚК-ші.
еАВ(t) = - еВА(t); еАВ(tо) = - еВА(tо) деп қабылдайық. Онда тұйық тізбек үшін
(1.2 сурет):
немесе
EAB(t,t0)= eAB(t)+ eBA(t0)
EAB(t,t0)= eAB(t)- eBA(t0). (1.5)
(1.5) теңдеуі –ТЭТ-ің негізгі теңдеуі деп аталады.
Егер 1 жəне 2 дəнекерленушілер бірдей температураға ие болса ( t=t0), онда əрбір дəнекерленушідегі контактілі термоЭҚК бір-біріне тең жəне қарама – қарсы бағытталған, сонымен осындай контурдың EAB(t,t0) термоЭҚК-і нөлге тең болады:
Достарыңызбен бөлісу: |