Өлшеудің техникалық ҚҰралдары


тарау. Температураны өлшеу



жүктеу 1,71 Mb.
бет3/42
Дата23.09.2022
өлшемі1,71 Mb.
#39377
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
лшеуді техникалы ралдары

тарау. Температураны өлшеу




        1. Жалпы мəліметтер


Дененің қызу деңгейін сипаттайтын физикалық шама температура деп аталады. Технологиялық процестердің барлығы жəне заттың түрлі қасиеттері температураға тəуелді.


Дененің тікелей өлшенетін физикалық қасиеттерінің температураға тəуелдді болатынын есепке алып, температураны тек қана жанама жолмен өлшей аламыз. Бұл қасиеттер термометриялық деп аталады. Оларға ұзындық, көлем, тығыздық, термоЭҚК, электр кедергі жəне т.б. жатады. Термометриялық касиеттерімен сипатталатын заттар термометриялық заттар деп аталады.
Температураны өлшейтін құрал термометр деп аталады. Термометрді құрастыру үшін температуралық шкалаға ие болуымыз керек.
Өлшенетін термометриялық қасиеттің мəндерімен температураның нақты функционалдық сандық байланысын температура шкаласы деп атайды. Алғашқы температуралық шкалалар (1.1 кесте) температура мен термометрлік қасиет ретінде қолданылған сұйықтық көлемінің ұлғаюы арасындағы сызықтық байланысы болуында негізделген.
Температуралық шкаланы құрастыру үшін таза заттардың фазалық тепе- теңдігінің температуралары болып табылатын t1 жəне t2 тірек (реперлік) нүктелері таңдалынады. (t2 - t1) аралығы температуралық интервал деп аталады. Фаренгейт (1715 ж.), Цельсий (1742 ж.) жəне Реомюр (1776 ж.) шкалаларында t1мұздың еру нүктесі, сəйкесінше +32ºF, 0ºC, 0ºR, ал t2судың қайнау нүктесі 212ºF, 100ºC, 80ºR болып келеді. Бұл шкалаларда (t2 - t1) сəйкесінше N=180, 100, 80 тең бөліктерге бөлінеді. Əр интервалдың 1/N бөлігі Фаренгейт градусы - ºF, Цельсий - ºС градусы жəне Реомюр - ºR градусы деп аталады. Сонымен, градус бұл шкалаларда өлшем бірлігі болмайды, тек бірлік аралығын – шкала масштабын құрайды. Сондықтан мұндай шкалалар шартты деп аталады.



    1. кесте – Шартты температуралық шкалалар

Шартты температуралық шкалалар

Фаренгейт шкаласы (ºF)

Цельсий шкаласы (ºС)

Реомюр шкаласы (ºR)

Мұздың еру температурасы

32

0

0

Судың қайнау температурасы

212

100

80

1 º =

1/180

1/100

1/80

Бірдей термометрлік қасиет пен бірдей қалыпты градустық шкалаға ие түрлі термометрлік заттарды (мысалы, сынап, спирт, т.б.) қолданатын термометрлердің көрсеткіштері тек реперлік нүктелерде (мұздың еру температурасы мен судың қайнау температурасы) бірдей болады, ал басқа нүктелерінде көрсетулер əр түрлі. Бұл t0мен термометриялық қасиеттің арасындағы аралық байланысы сызықты емес болуымен анықталады.


Заттардың термометриялық қасиеттерiнен тəуелсiз температуралық шкаланы жасау мəселесінің шешімін 1848 жылы Кельвин тапқан. Ол ұсынған шкала термодинамикалық деп аталды.
Температураның термодинамикалық шкаласы жылу динамиканыңекінші заңын қолдануында негiзделген: Карно кері циклі бойынша жұмыс iстейтiн жылу машинаның пайдалы əсер коэффициенті тек қана қыздырғыш пен тоңазытқыш температураларымен анықталады жəне жұмыс затының қасиетіне тəуелсіз болып келеді. Алынған температура шкаласы жұмыс (термометриялық) затының қасиетіне тəуелсіз жəне абсолютті шкала деп аталады. Абсолютті температураның белгілі бiр мəнi болу үшiн, су қайнауының жəне мұздың еруiнiң нүктелерiнiң арасындағы термодинамикалық температуралардың айырымын 1000С тең деп қабылдауға ұсыныс жасалған. Мұндай айырым мəнiн қабылдау мақсаты -термодинамикалық температуралық шкаласының сандық өрнегі Цельсийдің жүз градус температуралық шкаласында мирасқорлығының сақталуы. Сонымен, екі шкала да бірдей репер нүктелеріне негізделуінен, 1 Кельвин градусы (1К) Цельсийдің 1 градусына (10С) сəйкес келеді. Осындай температуралық шкаланы іске асыру үшін газдық термометр құрылған. Газдық термометр идеалды газға жақын термометриялық затпен толу себебінен оның жұмысы идеал газ заңдарына негізделген. Тəжірибе жүзінде газдың қысымы нөлге ұмтылатын жағдайда, 0÷100 0С температуралар интервалында, газдың

көлемдік кеңеюдің температуралық коэффициенті β = !
273.15
. Осылайша абсолют

температураның нөлдік мəні (-273.150C) сəйкес. Осы шкала бойынша мұздың еру температурасы 273,15 К. Менделеев Д.И. (1874 ж.)жəне бір мезгілде одан тəуелсіз Кельвин термодинамикалық температура шкаласын 1 репер нүктесі – судың үштік нүктесі бойынша СҮН (судың қатты, сұйық, газ тəрізді фазаларындағы фазалық тепе-теңдік нүктесі) құруды ұсынды. Бұл нұкте 0,0001 К аспайтын қателігімен оңай жүзеге асады. Осы нүкте температурасы СҮН = 273,16 К деп қабылданған, яғни мұздың еру температурасынан 0,01К-ге артық. Екінші репер нүктесі тəжірибеде жүзеге асырылмайтын, бірақ бекітілген мəні бар абсолютті нөл болып табылады.
1967 жылы XIII өлшем жəне салмақ бойынша Генералды Бас конференция термодинамикалық температура анықтамасын келесі редакцияда түрде ұсынды:
«Кельвин - судың үштік нүктесінің термодинамикалық температурасының 1/273,16 бөлігі»: 1К = 1/273,16 СҮН. Сонымен қатар, термодинамикалық температура Цельсий градусымен де көрсетілуі мүмкін: t˚С = T 273,15 K.
Қазіргі таңда XIII өлшем жəне салмақ бойынша Бас конференция қабылдаған «Халықаралық практикалық температуралық шкала 1968» МПТШ-68 пайдаланылуда, ол 13,956-ден 3660 К-ге дейінгі (-259,194оС-ден 3387оС дейін) диапазонды қамтитын 11 негізгі жəне 27 екіншілік репер нүктелеріне негізделген.

    1. кестеде МПТШ-68-ің негізгі репер (тұрақты) нүктелері келтірілген.

    1. кесте – МПТШ-68-ің неізгі репер нүктелері



Фазалық тепе-теңдік күйі

Температура мəні

К

С

1

Қатты, сұйық жəне бу күйіндегі сутегі тепе-теңдік фазалары арасындағы тепе-теңдік (тепе-
теңдік сутегінің үштік нүктесі)

13,81


-259,34


2

Тепе-тең сутегінің 33,30 кПа (250 мм рт.ст) қысымдағы сұйық жəне бу күйіндегі фазалары арасындағы тепе-
теңдігі

17,042

-256,108

3

Тепе-тең сутегінің сұйық жəне бу күйіндегі фазалар арасындағы тепе-теңдігі (тепе- тең сутегінің қайнау нүктесі)

20,28


-252,87


4

Неонның сұйық жəне бу күйіндегі фазаларының тепе- теңдігі (неонның қайнау
нүктесі)

27,102


-246,048


5

Оттегінің қатты, сұйық жəне бу күйіндегі фазалары арасындағы тепе-теңдік (оттегінің үштік
нүктесі)

54,361


-218,789


6

Сұйық жəне бу күйіндегі оттегі фазалары арасындағы тепе-
теңдік (оттегінің қайнау нүктесі)

90,188


-182,962


7

Қатты, сұйық жəне бу күйіндегі
су фазалары арасындағы тепе- теңдік (судың йүштік нүктесі)

273,16


0,01


8

Сұйық жəне бу күйіндегі су
фазалары арасындағы тепе- теңдік (судың қайнау нүктесі)

373,15


100


9

Қатты жəне сұйық күйіндегі цинк фазалары арасындағы
тепе- теңдік (цинктің қатаю нүктесі)

692,73


419,58


10

Қатты жəне сұйық күйіндегі күміс фазалары арасындағы тепе- теңдік (күмістің қатаю нүктесі)

1235,08


961,93


11

Қатты жəне сұйық күйіндегі алтын фазалары арасындағы тепе- теңдік (алтынның қатаю
нүктесі)

1337,58


1064,43


Ғылым мен техниканың əртүрлі салаларында температураны өлшеудің көптеген түрлері мен принциптері қолданылады. Мұнай өңдеу жəне жылу энергетика саласында температураны өлшеу құралдарының келесі түрлері кең қолданыста. Қолданылатын термометрлік қасиеттеріне қарай олардың классификациясы 1.3 кестесінде көрсетілген.

    1. кесте – Температураны өлшеудің техникалық құралдары

Термометриялық қасиеттері

Өлшеу құралдарының атауы

Өлшеу диапозоны, С

Тұрақты көлемдегі жұмыс затының қысым өзгерісі



Манометрлік термометр:

  • газдық

  • сұйықтық

  • конденсациялық

-150÷600
-150÷600
-50÷350

Термоэлектрлік эффект
(термоЭҚК)

Термоэлектрлік түрлендіргіш

-200÷2200

Электрлік кедергі өзгерісі



Кедергі термотүрлендіргіші:

  • металдық

  • жартылай өткізгіштік

-260÷1100
-240÷300

Жылулық сəулелену

Сəулелену пирометрі

1400÷6000




    1. жүктеу 1,71 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау