Rқ – қосымша катушканың кедергісі;
Rм=Rт+ Rқ – милливольтметрдің ішкі кедергісі;
Rсыр=(RAB+ RFD+ RC+ Rтең) – аспаптың а, б қысқыштарына қатысты тізбектің сыртқы кедергісі.
𝐼 = 𝐸 𝐴𝐵(𝑡, 𝑡 0) ; 𝑈
= 𝐼 ∙ 𝑅
= 𝐸
𝑡, 𝑡
− 𝐼 ∙ 𝑅 .
𝑅i + 𝑅𝑎i
𝑎𝑏
i 𝐴𝐵 0
𝑎i
Сонда милливольтметрмен өлшенетiн кернеу əрдайым тізбектегі электр қозғаушы күшінен тоқтың сыртқы тізбегінде ағуымен шартталған I·Rсыр мəніне кіші болады.
I·Rсыр мəнді нөлге келтіру мүмкін емес, өйткенi электр қозғаушы күшін тікелей милливольтметрмен өлшеу принципиалды мүмкін емес.
Дегенмен белгілі шарттардың орындалуында, милливольтметрдiң көрсетуi тізбекете пайда болатын термоЭҚК-нен тəуелдi болатынын кейбiр қателiкпен қабылдауға болады:
S
I S E AB (t, to ) . (1.21)
Егер Rм + Rсыр = const болса, 𝜑 жəне 𝐸𝐴𝐵(𝑡, 𝑡!) көрсетулердiң арасында бiрмағналы тəуелдiлiк болады, жəне милливольтметрдiң шкаласын берілген АВ термотүрлендіргіш үшiн тиiстi термоЭҚК градустарымен градуировкалауға болады.
Бiрақ Rм жəне Rсырқоршаған ортаның температураларынан өзгередi, демек, өлшеу қателiгi пайда болады.
Бұл қателiктi қалай кiшiрейтуге болатынын қарастырайық:
𝑈𝑎𝑏
= 𝐼 ∙ 𝑅М
= 𝐸A𝐵 𝑡,𝑡0 . (1.22)
!!𝑅сыр
𝑅М
Сонда бiрмен салыстырғанда Rсыр/Rм аз болған сайын, соғұрлым осы қатынастың өзгеруі, мысалы, қоршаған ортаның температурасының өзгеруінен, Uab жəне EAB(t,to) арасындағы сызықтық тəуелділікке аз əсер етеді.
Rсыр/Rм қатынасы Rм = Rр+ Rқ өскен сайын төмендейді. Rр мыс сым болғандықтан, Rм-ді тек қана Rқ– манганиндік катушканы жоғарлату арқылы көтеруге болады. Бірақ Rм мəнінің өте жоғары көтерілуі SU сезімталдығын төмендетеді.
Əдете Rм =100-500 Ом, ал Rр/Rм≤ 1/3, бұл жағдай аспаптың температуралық коэффициентін əлде қайда төмендетеді. Rсыр = 0.6-25Ом-ға стандартталған, милливольтметр шкаласында көрсетіледі.
Осыған байланысты, егер ТЭТ градуировкасы шкала корсеткішінің градуировкасына сəйкес келсе, миливольтметрдің градустық шкаласын қолдану мүмкін болады. Сыртқы желі кедергісін қиыстыру Rтең кедергісі көмегімен шкалада көрсетілген Rсыр-ға келтіру керек.
Егер миливольтметр шкаласы mV берілген болса, ол Rсыр –ны есепке алмай көрсетіледі жəне миливольтметр көрсетуі Uab-ға тең болады; онда белгілі Rсырмен Rм көмегімен ТЭТ-ің кез-келген градуировкасы үшін EAB(t,to) термоЭҚК-і анықталады, жəне өлшенетін температураныда кестелерден анықтауға болады.
Өнеркəсіп стационарлы миливольтметрлерді градустық шкаласының дəлдік кластары 0,5; 1,0 ; 1,5; 2,0 болатындай шығарады. Тасымалданатын миливольтметрлер градустық жəне миливольтметрлік шкалалары келесі дəлдіктермен: 0,2; 0,5; 1,0 орындалады.
Потенциометрлер.
Компенсациялық өлшеу əдiсi.
Потенциометрлердiң əрекет принципі белгiсiз кернеудi қосымша көзінің тоғымен жасалатын кернеу құлауымен теңестiру (компенсациялау) яғни компенсациялық өлшеу əдiсiнде негiзделген. (1.8 сурет)
Достарыңызбен бөлісу: |