Мазмұны
[жасыру]
1 Түрлері
1.1 Көктеу
1.2 Тепшу
1.3 Жөрмеу
1.4 Қайып тігу
1.5 Бүгіс тігіс
1.6 Бүрме тігіс
1.7 Жапсырма тігіс
1.8 Жара тігіс
1.9 Шалып торлау
1.10 Түйіп торлау
1.11 Ілмелеп тігу
1.12 Шыраштап тігу
1.13 Кереге бас тор
1.14 Кереге көз тігіс
1.15 Қабу
1.16 Сыру
1.17 Жіп салып тігу
1.18 Айқас тігіс
1.19 Қабырға тігіс
1.20 Таңдай тігіс
1.21 Тышқан із тігісінің түрленуі
2 Тағы қараңыз
3 Дереккөздер
Түрлері[өңдеу]
Қарапайым тігістер - жөрмеу, көктеу, тепшу, айқас бүгіс тігіс, бүрме тігіс, қаю тігіс, қабу тігіс, қусыра ызу, сыру, өбістіру, торлап тігу, тұмаршалап тігу, қосбасарлап тігу, шарбақтап тігу, жара тігу, топшылау тігіс, шалып тігу, маржан тігіс, бастырып тігу, бұзау тіс, шанша тігу, бедерлеп тігу, тышқан із тігіс, жапсыра тігу, тебе тігу, т.б. көркем тігістің негізі деуге болады. Және олардың кейбіреулері өз ішінде бірнеше түрге бөлінеді.
Көркем тігістер - қаю, айқас тігіс, қусыру, бастырып тігу, маржан тігіс, бедерлеп тігу, шаршылау, өткермелеп тігу, сыру, бүгіс тігіс, тышқан із, таңдайлау, қабырға тігіс, керегекөз тігіс, ілмелеп тігу, шалу, торлау деп аталатын көркем тігіс түрінің алақұрт, сағат бау, шытыра, су тару, ирек түсіру, кереге көз сияқты күрделі өрнек түрін салатындығына байланыста атауы да көп болып келеді.
Көктеу[өңдеу]
Ежелден келе жатқан орындалуы тым қарапайым, тұрмыста жиі қолданылатын "қазақы тігіс" осы көктеу тігісі. Көктеу іс аяқталғанда сөгіліп тасталады.
Тепшу[өңдеу]
Тепшу
Ең көп қолданылатын тігіс түрі. Бұл тігісті екі матаны біріктіруге, мата шеті сетінеп кетпес үшін және киімнің шеттері мен қоспаларын, жұқа маталардың тігістерін тіккенде қолданылады. Сапасы бос көркемдік жағынан нашар тігіс түріне жатады. Тепшіп тігу тігісі оң жағынан да, теріс жағынан да бірдей болып түседі.
Жөрмеу[өңдеу]
Ең көне тігіс. Тігілген жіптің сирек және жиі шаншылуына байланысты әр түрлі атаулары бар: жай жөрмеу, жиі жөрмеу, ендіріп жөрмеу, әдіп жөрмеу, түйіп жөрмеу.
Қайып тігу[өңдеу]
Ең мықты және көркем тігіс болып есептеледі. Бұл тігістің бет жағы тігін машинасының тігістері тәрізді түседі, яғни ине шаншымы суырылған жеріне қайтадан шаншылады. Өте мықты тігілген қаю тігісі әсем тігіс ретінде қолданылады. Қаю киімдердің етек-жеңін, жағасын, тақияның, кимешек, жаулықтардың маңдайын, шыттың шетін тіккенде қолданылады.
Қайып тігу қажет болмағанда, әрі тезірек бітуді көздегенде, шаша қайып тігіледі. Шаша қаюдың қаюдан парқы үстіңгі бетіндегі жіп болмысы нүктедей ғана көрініп, жіптің ауданы (көлемі) матаның астына түседі. Шаша қаю да мықты болып есептеледі.
Бұл тігу әдісінің орындалуы барысында мата жіптерін ине үстіне шығарып бір шаншиды да, инені артқа жіберіп, екі жіпті алып, екінші шаншиды. Бұл тігіс матаның жеке бөліктерін біріктіргенде қолданылады.
Екі түрі бар: тепшіп қаю, арқаулап қаю. Тепшіп қаюда екі жіп айқасып түсіп отырады. Ал арқаулап қаюда үстіңгі жіппен астыңғы жіп өзара ауыспайды, машинаның тігісіне ұқсайды. Қос жіпті қаюға қос ине қолданылады.
Әсемдеп істелетін тігіндерге қолданылады. Теріс қаюда жіптің ауданы матаның үстіңгі бетіне түседі. Жіп бедері айқын көрінеді.
Бүгіс тігіс[өңдеу]
Киімдердің етегін, жең ұштарын, қалтаның аузын, осы сияқты киім шеттерінің екі шетін қосып бүгетін жағдайда қолданылады.
Бүрме тігіс[өңдеу]
Матаның шетін жинай тіккенде қолданылады (желбіршектерді, қос етектерді, бүрмелі жағаны).
Жапсырма тігіс[өңдеу]
Бір заттың бетіне жамау салғанда, әдіптердің шетін тіккенде, әдіп орнына астар салғанда қолданылатын тігіс.
Жара тігіс[өңдеу]
Киіздерді құрастырғанда, етіктің ұлтарағы, киіз байпақтың қонышын, табанын қаусырғанда, тері тігістерінде жиі қолданылады. Мұнда тігіп отырған екі заттың шеттерін не астыңғы, не үстіңгі бір жақ қыртысынан ғана шаншып, инені сол шеттің ортасынан жара шығарып отырады.
Шалып торлау[өңдеу]
Әр түрлі маталардың тері, киіз сияқтылардың жалаң кемерін жиып мықтауға және көркемдеуге қолданады. Ою-өрнектерге бастырма оюлардың шетін жиюға, әсемдеу тігіндеріне қолданылады.
Түйіп торлау[өңдеу]
Шалып торлаумен ұқсастау формада шалынған жіптен иненің тұзақтап, бір орап тігіннің қыр кедерінен айқындай тігу түйіп торлау деп аталады.
Ілме сырт формасы ілме бізбен орындаған [[Кестелеу кестеге ұқсайды. Инемен тігілген оңай сөгілмейді. Орысша"тамбурный шов" деп аталады.
Шыраштап тігу[өңдеу]
Кестені әсемдеуге қолданылады. Ойыстырылған киізді біріктіруге, бастырылған оюдың шетін жиюға және мата үстіне сызықшалап әсем бедер өрнектер салуға пайдаланылады.
Кереге бас тор[өңдеу]
Әсемдеп тігілетін әдіптердің және мата шетін әсемдеп емерудің үстіңгі бетіне қолданылады.
Кереге көз тігіс[өңдеу]
Керег көз тігіс - кесте тігісіне қолданылады.
Қабу[өңдеу]
Мақта және жүннен істелген бұйымдарды асты үстіндегі матадан іліп алысырақ шаша қаю формасында тігуді қабу дейді.
Сыру[өңдеу]
Қаю, шаша қаю формасымен жиі қатарлап тігуді жәнек формадағы кескіндерді салып тігу.
Жіп салып тігу[өңдеу]
Жіпті екі-үш қабаттап жуантық етіп ширатып алады да оны матаның бетіне салып тігеді.
Айқас тігіс[өңдеу]
Инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі.
Қабырға тігіс[өңдеу]
Инемен көркемдеп тігудің бір әдісі. Қабырға тігісі екі сызықтың арасымен біркелкі көлденең шаншып отыру арқылы тігіледі. Екі шеттің біріккен жігін басуда, киімнің бойын, балағын, жеңін әшекейлеуде қолданылады.
Таңдай тігіс[өңдеу]
Үш сызықтың үстімен қиғаш шаншып тігілетін "қос қабырға" мәнерімен орындалады. Мұндай ерекше тігістермен кимешек жақтарын, жаға, жеңдердің аузы, сырмақтың шеті тігіледі.
Тышқан із тігісінің түрленуі[өңдеу] Тағы қараңыз[өңдеу]
Кестелеу (өрнек салу)
Кесте өнері
Сабақтың тақырыбы: Сарамандық жұмыс.Қол тігістерін орындау
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға тігіс түрлерін орындай білуге үйрету.
2. Тігістерді өз бетінше орындауға оқушыға мүмкіндік беру.
3. Тігіс түрлерін тігуге жаттықтырып, өмірде қолдана білуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас, сарамандық сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету
Сабақтың көрнекілігі:тігіс түрлері, сөзжұмбақ
Сабақтың құрал- жабдығы: мата қиындылары, ине, жіп, қайшы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру сәті
- оқушылармен амандасу,түгендеу
- Психологиялық тренинг «Көңіл күй»
Психологиялық дайындық
Амансың ба Алтын күн!
Амансың ба Көк аспан"
Амансың ба Достарым!
Сендерді көрсем қуанам
Айналаға алақанмен
Жылулықты шашайық
Сәттілік тілеп күлімсіреп
Біз сабақты бастайық!
ІІ. Үй тапсырмасы
Мата қиындыларын, ине, жіп,қайшы әкелу
ІІІ. Қайталау кезеңі
Талшық дегеніміз не?
Табиғи талшықтарды ата?
Матаның негізгі және арқау жіптерін қалай анықтайды?
ІV. Сарамандық жұмыс. Қол тігістерінің орындалуы
Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп.Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып,
ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған.Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерінқолөнер бұйымдарында жиі қолданған.
Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар.Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына,тұрмысына, табиғи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігіменөшпес із қалдырып келеді.
Қол жұмыстарында қолданылатын терминологиялар
Термин
Жұмыстың мазмұны
Қолдану орны
Көктеу
Көлемдері бірдей бір немесе бірнеше бөлшекті уақытша біріктіріп тұрады.Тігісті алдын- ала белгіленген орны бойынша түзу етіп тігіп шығады
Белдікті, желбіршектерді, бұйым бөлшектерін уақытша біріктіру үшін қолданады
Көктеп тігу
Бірінің үстіне бірі тұрған екі бөлшекті уақытша көктеп тігу
Қалтаны негізгі бөлшекке жапсырып тігуде қолданады
Бүгіп көктеу
Бөлшектердің қайтарылған шеті мен қатпарларды уақытша ұстатып тігу
Бұйымның етегі мен бүйір тігістерін бүгіп тіккенде және қатпарларды ұстатқанда қолданады
Қадау
Сәнді, әшекейлі фурнитураларды бұйымға қадау
Түймені, ілгекті, сыртетпені бұйымға қадағанда қолданады
Сызба түрлері
тігіс
түрі
- - - -
көктеу
түзу
\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\
көмкеру
қиғаш
майда қайшы тігіс
айқас
/////////////////////////
тор тігіс
әлмек
__ __ __ __ __ __
қайып тігу
ілмек
//////////////////////
қиғай көмкеру
қиғаш
-----
жөрмеу
түзу
Қол жұмысына қажетті құрал-жабдықтар
Қол тігіс кезінде сақталатын қауіпсіздік ережесін « Ойлан тап» ойыны арқылы оқушыларға шешкізу (тақтаға жұмбақтар жазылады,жұмбақтың шешуіне қарай қауіпсіздік ережесі қайталанады)
Тап-тап, тап жорға, табаны жоқ боз жорға.
Желіп кетсе жеткізбес, жерге түссе таптырмас. (Ине)
Екі пышақ бірлесіп,кесіп пішіп береді
Екеуі бірге жүрмесе, жоқ қой бізге керегі. (Қайшы)
Ине серігі (жіп)
V. Қорытындылау: Сөзжұмбақ шешу
1.Матаның көлденең жатқан жібін қалай атаймыз?
2.Саусақ басына киетін темір қалпақ
3. «Клей» қазақшаға аударғанда
4. Тігіс түрі
5.Матаның ұзын бойына орналасқан жіп
6. Матада екі жақ болады он және.
7. Табиғи талшық
8. Ине серігі
Бағалау
VI. Үйге тапсырма: тігу
Ежелгі дәуір адамдарының жануардың және балық сүйегінен жасалған біздері (инелері). Кейін біздің ұшын бұрғылап тесіп, көз жасады. Сүйек инелерден кейін қола, сосын темір, күміс инелер пайда болды. Бұдан 600 жыл бұрын инелер болаттан жасала бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |