53
диагностикалық және емдеу туралы медициналық көмек ала - алатындарына сәйкес келетін
медициналық ұйымдардың мекен - жайларын, "сенім телефондарын " көшіріп беру.
2.3 ЖАТТЫҒУ
Дәлелдемелер: "жақтаушы" және "қарсы".
Сағат:
1академиялық сағат.
Көрнекілік:сынып тақтасы, маркерлер.
Тапсырмалар:
1.
Жыныстық қатынастарды жауапкершіліктік жасқа дейін шегере тұруды қатысушылар-
дың назарына аса көңіл бөліп айту қажет.
2.
Өзінің серіктесіне ерте жыныстық қатынасқа түсу жағдайына "жоқ" деп айта алу
дағдыларын құру және көмектесу.
2.4 ЖАТТЫҒУ
Қауіпсіз жыныстық қатынас.
Уақыты:
1 академиялық сағат
Құралдар: Флипчарт, маркерлер.
Тапсырмалар:
1.
Қатысушыларға қауіпсіз жыныстық қатынас туралы түсінік беру.
2.
Қауіпсіз жыныстық қатынас туралы білімдерін толықтыру.
Жүргізу барысы:
1.
Қатысушыларды 2 топқа бөлу.
2.
Талқылауға берілетін сұрақтар:
1-ші топқа - "қауіпті жыныстық қатынас дегеніміз не?"
2-ші топқа - "қауіпсіз жыныстық қатынас дегеніміз не?"
3.
Топтардың жұмысының қорытындысын флипчартқа (тақтаға) жазу, талқылау.
4.
Оқытушылар қорытындысын шығарады.
Күтілетін нәтиже:
Қатысушылар қауіпсіз жыныстық қатынас туралы әдістерін толықтырады және білім алады.
Оқытушыларға ұсыныс:
Қауіпті жыныстық қатынас, бұл мүшеқапсыз қатынас қана емес, сонымен бірге төсек
қатынасы кезінде ішімдік, есірткі тұтыну және түсік қатынасында жолдастардың көп болмауына
назар аудару керек. Қауіпсіз жыныстық қатынас бұл, ең алдымен төсек қатынасында өз
жолдасыңа адал болу. Мүшеқапты қолдану ЖЖБИ және АҚТҚ ауруларынан қорғайды, егер
сапалы мүшеқапты әрқашан дұрыс пайдаланғанда ғана жүзеге асады.
Жаттығуларға арналған ресурстық жаттығулар 2.1.
Соңғы жылдары жасөспірімдердің арасында төсек қатынасы жиілеп кеткені жасырын емес.
Бұл факторлар жасөспірімдер арасында төсек қатынасын бағаламайтын материалдық
мәселелер туғызады. Жыныстық қатынас екі адамның арасында болады, бұл жағдайда барлық
жауапкершілік қызға артылады. Жыныстық қатынасты бастаған қыз өзінің ауыраяқ болып
қалуын ескерту керек. Ол бұған дайын ба? Ол баланы көтеріп, туа ма? Бұл сұрақтарды төсек
қатынасы болмай тұрып шешіп алуы керек. Егер қыз бала сүюге ерте десе, жүктіліктен қорғану
үшін дәрігерден кеңес алу керек. Төсек қатынасын бастаған қыз дәрігерден кеңес алуға бармай,
танысынан, досынан естіген әңгімелерінен алған мәлімет жеткіліксіз. Тек қана дәрігер дұрыс
кеңес береді және қажет деген жүктілікке қарсы дәрілерді таңдап береді. Жасөспірім арасында
ерте басталған төсек қатынасы жасанды түсік тастауға әкеп соқтырады. Көптеген қыздар
жыныстық қатынасқа ойын және көңіл көтеру ретінде қарайды да, "сәтсіздік" өзіне емес, басқаға
болады деп ойлайды.
Егер қыз ауыраяқ болып қалған жағдайды, жүктілікті сақтау керек па, әлде жоқ па қыз
ЖЫНЫСТЫҚ
ҚАТЫНАСТАР
АРҚЫЛЫ
БЕРІЛЕТІН
ИНФЕКЦИЯ
ЖӘНЕ
ҚАЖЕТСІЗ
ЖҮКТІЛІК
ЖЫНЫСТЫҚ
ҚАТЫНАСТАР
АРҚЫЛЫ
БЕРІЛЕТІН
ИНФЕКЦИЯ
ЖӘНЕ
ҚАЖЕТСІЗ
ЖҮКТІЛІК
шешуі керек. Дұрыс шешімге келу өте қиын, сондықтан бұл жағдайда ата-ана және тәжірибесі
мол дәрігер - гинеколог бола алады. Болған жағдайда мойындауға қорықпау керек. Өкінішке
орай, жасөспірім қыздар ата - анасынан қорқып, жүктілігін жасырады. Кәмілетке толмағандарға
жасанды түсік физиологиялық және моральдық жағынан қиын. Ағзаға түскен ауыртпалықты тек
қана үлкен көтере алады.
Жас қыздан туылған нәрестенің салмағы төмен болады. Жасөспірімдер арасындағы
ауыраяқтық кезінде қан кету, жүрек айну сияқты қиыншылықтар болуы мүмкін.
Кейде қыздар түсік тастаудан гөрі химиялық заттарды қолданады. Ондай заттар адам
өміріне және жатырына қауіпті.
Жасөспірім қыздар қалаусыз ауыраяқтылықтан психологиялық жарақатты басынан өтке-
реді. Қоғам және отбасы түсік тастауды талап етеді. Одан достары қашып, күлкі жасауы мүмкін.
Ол өзінің оқуын жалғастыра алмайды. Ата-анасы баланың әкесіне немесе кімге болса да
күйеуге шығуын талап етеді, себебі ұяттан және күлкі болудан қашады. Неке бұл мәселені
шешпейді, қыз бен жігіт өздерінің болашақ ата-аналық парызына дайын емес. Мүмкін, олар
жұмыс таба алмайды, не баланы асырай алмайды.
Әрбір қыз бірінші етеккірінде төсек қатынасында ауыраяқ болып қалуы мүмкін. Бұл
жағдайда қыз етеккір циклін қадағалау керек, егер ол төсек қатынасын бастайтын болса.
Жүктіліктің болатын және болмайтын белгілері бар:
Болмайтын белгілері: Етеккірдің болмауы, жүрек айну және құсу таңертең тамаққа
тәбетінің болмауы, іштің өсуі. Бұл белгілер ауыраяқтықтан ғана емес, басқа да аурулардан
болуы мүмкін.
Болатын белгілері: дене қызуының өсуі. Дене қызуы әдетте термометрмен таңертең
төсектен тұрмай жатып өлшенеді. Әдетте овуляциядан кейін ыстық 0,3-0,4 градусқа көтерілсе
және етеккірдің деңгейі 37-37,3 сақталса, онда ол ауыраяқтықтың белгісі. Бұдан басқа ауыр-
аяқтықты тест арқылы және ультрадыбыстық құралмен тексеруге болады.
"Қайсысы дұрыс: ауыраяқтықтан арылу немесе туу" бұндай риторикалық сұраққа, қыздың
немесе баланың әкесі жауап беруге тура келеді, қанша дегенмен әр адам өз тағдырын өзі
шешеді. Озат тәжірибелі дәрігер де бұл жағдайда көмек бере алмайды және құқығы да жоқ.
Жасөспірімдердің ауыраяқ болмаудағы ең дұрыс шешімі-төсек қатынасынан аулақ болу. Егер
екі адам төсек қатынасында болуды шешсе, олар алдымен қорғану жайлы сұрақтарды шешуі
керек. Олар мүшеқаптың және әр түрлі контрацептерді қолдану керек.
Контрацептивтер – қорғанудың бір әдісі.
Жүктіліктен қорғану үшін: мүшеқаптар, спермицидтер, контрацептивтер, спираль, қорғану
уколдары қажет.
Ұстаным – жыныстық қатынастың болуы, егер де жасөспірім бұл қатынастың жауапты
екенін сезіне білмесе, егер де жыныстық қатынас эмоциональдық болмаса, және де жасөспірім
ләззат пен қанағаттанатын болса, бұл жас адам үшін жыныстық қатынасқа түсу үшін қажетті
мақсат.
Жыныстық қатынастың үзілуі – жыныстық қатынас кезінде ер адамның өз мүшесін
жатырдан толық алып шығуы, ұрықтануға дейін жеткізбеу. Бұл әдістің әсері өте төмен болады,
өйткені эякуляцияның бір тамшысы ұрықтануға әкелуі мүмкін .
Күн тізбелік әдіс – бұл әдісті қолдану барысында, бой жеткен қыз өзінің етеккірін күн
тізбеге белгілеу қажет, бұл әдістің мақсаты ұрықтануды болдырмауға көмектеседі. Бұл кезеңде
жұп жыныстық қатынаста болмау керек немесе мүшеқап қолдану керек. Бұл кезде
менструалдық циклді негізге алу қажет. Әр цикл менструацияның 1- ші күнінен басталады да
келесі циклдің басталуына 1 күн қалғанда аяқталады. Содан соң ең ұзақ циклдағы күн санын
санау қажет және 11 күнді алып тастау керек - бұл айналымның соңғы күні, екі қабат болуы
мүмкін. Ең аз циклдағы бірінші күнді анықтау үшін 18 күнді алып тастаймыз. Бұл күндердің
арасындағы айналым ұрықтануға қауіп тудырады.
Мүшеқап – бұл тығыз ұзартылған қапшық, бұл ер адамның мүшесіне жыныстық қатынас
кезінде кигізіледі. Қорғаныстың механизмі - шәуіттің жатырға түсуінен қорғайды. Бұл екі қабат
болудан сақтайтын және жыныстық жолмен жұғатын АҚТҚ ауруынан сақтайтын-күресу әдісі,
бірақ 100 пайызға кепілдік бермейді. Сапалы мүшеқап қолдану қажет және оның қолдану
ережесін ескеру керек.
54
Достарыңызбен бөлісу: |