Оқытушыларына арналған әдістемелік нұсқау Алматы, 2006 жыл



жүктеу 9,69 Kb.
Pdf просмотр
бет12/71
Дата20.05.2018
өлшемі9,69 Kb.
#14265
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   71

ЕР
 ЖЕТУ.
 ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ
 АНАТОМИЯЛЫҚ,
 ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ
 ЖӘНЕ
 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
 ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ересек  адамдардың  көпшілігі  мұндай  мәселелерді  ашық  талқылауға  әзір  емес.
Нәтижесінде  ақпараттардың  көздері  достары,  құрдастары,  теледидар,  кинофильмдер,  жур-
налдар  мен  жеке  қиялдары  бола  бастайды.  Көбінесе  бұл  жеткілікті  ақпараттар  алуға  соқтыра-
ды,  сонымен  қатар  мұндай  нәрселер  АҚТҚ/ЖҚТБ  алдындағы  әлсіздікке  әкеледі.
Жыныстылық  адам  ғұмырының  барлық  кезеңінде  дамып  өзгеріп  отырады.  Жеткіншек  жас-
тыс  түсінбеушілік  және  әбіржулердің  көпшілігі  жыныстық  мәселелер  жөніндегі  әдепсіздік  неме-
не  хабардың  жетіспеушілігінің  нәтижесінде  туындайды.  Ата-аналардың  ыңғайсыздық 
сезімдерін  жеңуі  қажет,  сондай-ақ  жастарды  ашық  әңгімеге  тартуы  қажет,  өздеренің  ересектік 
тұрғысынан  түсініктемелер  берулері  тиіс. 
Міндеттер:
1. Жеткіншек  кезеңге  тән  анатомиялық-физиологиялақ  өзгерестерімен  танысу. 
2. Жеткіншек  кезеңіне  тән  психологиялық  өзгерістерімен  танысу.
3. Жыныстық  қатынас  пен  жыныстылық  және  жыныстық  тәртіпке  байланысты  дұрыс 
түсініктерді  талқылау.
4. Жыныстық  қатынас  пен  жыныс  құмарлықты  түсіндіру.
5. Қауіпсіз  және  қатерлі  тәртіптерді  түсіндіру.
Мазмұны:
1.  Жас  өспірім  кезеңі
2.  Жыныстық  жетілуі
3.  Өнімді  жүйе
4.  Жыныстық  қатынас  пен  жыныстылық  және  жыныстық  мінез-құлық
5.  Жыныстық  қатынас  пен  жыныстылық  және  жыныстық  мінез-құлық  ұғымымен 
байланысты  теріс  пікірлер.
Үйрету  жаттығулары:
1.  Жыныстың  жетілуі.  Ерлер  мен  әйелдердің  өнімді  көбею  жүйесі.
2.  Жыныстық  қатынас  және  жыныс  құмарлық.
З.  Аңыздар  мен  ақиқаттар.
4.  Бой  жаздыру  ойындары.
Қорытынды  жасау.
Өткен  материалдар  мен  алған  білімдерді  бағалауды  нығайту  үшін  оқытушы  мынадай 
сұрақтар  қоюлары  қажет:
1.      Жасөспірім  кезеңде  қандай  өзгерістер  болады?
2.      Ересектенуге  байланысты  қандай  мәселелер  болуы  мүмкін?
З.      Жас  өспірімдерге  қандай  психологиялық  ерекшеліктер  тән?
4.      Жыныстық  қатынас  дегеніміз  не?
5.      Қатерлі  тәртіп  дегеніміз  не?
6.      Неге  жасөспірімдер  қатерлі  тәртіптерге  тәжірибе  жасайды?
7.      Жыныс  қатынасы  туралы  қандай  теріс,  яғни  дұрыс  емес  ойлар  болуы  мүмкін  және  неге?
Оқытушыға  ұсыныс:
Сабақ  кезінде  1.4.    жаттығуын  қолданып,  жаттықтыру  ойынын  жүргізіңіз.
1.1    ЖАТТЫҒУ
Жыныстық  даму. Әйелдер  мен  еркектердің  репродуктивті  жүйесі.
Уақыт:
2  академиялық  сағат
Көрнекіліктер:
флипчарт  (қағаздың  үлкен  беті),  маркерлер,  түрлі  түсті 
карандаштар,  әйелдер  мен  еркектердің  жыныс  мүшелерінің  орналасуы 
туралы  сызба  нұсқалар,  кесте  “Әйелдер  мен  еркектердің    репродуктивті 
жүйесі”  (ресурсты  материалды  қарау).
Міндеті:
1.  Оқушыларды  әйелдер  мен  еркектердің  жыныс  мүшелерінің  орналасу 
жүйесімен  таныстыру. 
      2.  Оқушыларды  қыздар  мен  ұл  балалардың  жыныстық  даму  кезінде 
            жүретін  өзгерістермен  таныстыру.
          3.  Жеткіншектердің  жыныстық  дамуы  туралы  мәселелерін  талқылау.
35


Жүргізу  барысы:
1.    Оқушылардан  екі  топқа  бөлінуді,  яғни  қыздар  мен  ұлдар  тобына  бөлінуін  сұрау.  Топтар 
әр  түрлі  бөлмелерде  немесе  бөлме  бұрыштарында  жұмыс  істеуі  қажет  (1  академиялық  сағат). 
2.    Топтық  жұмыс  үшін,    әр  топ  қолдарына  маркер  мен  флипчарт  алуды  сұрау.
3.  Топтық  тапсырманың  мақсаты  әйелдер  мен  еркектердің  жыныс  мүшелерінің  сызбасын 
сызу  екендігін  түсіндіру,  сызбада  адамның  10  жасқа  толғаннан  бастап  болған  тұлғаның  өзгеріс-
терін  көрсету  қажет. 
4.  Топтағы  әйелдер  еркектердің  немесе  еркектер  әйелдердің  жыныс  мүшелерінің  сызбасын 
сызғаны  жақсы. 
5.  Адам  тұлғаның  сызбасын  жасауда  біреулеріне  флипчарт  қағазының  бетіне  жатуын  өтініп, 
оны  контурлы  сызықпен  жүргізсең  немесе  оны  тұрған  бойында  жасау  өте  оңай.  Адам  тұлға-
сының  сызбасын  жасауда  киім  ескерілмейтінін  естен  шығармау  керек. 
6.  Сызбада  белгіленген  тұлғаның  медициналық  терминдермен  жазудың  қажеті  жоқ  екен-
дігін,  көпшілік  қолданыстағы  сөздерді  қолдануға  болатындығын  түсіндіру. 
7.  Сонан  соң  әрбір  топ  өкілі  сызылған  сызбаны  көрсетуі  қажет.  Оларды  тақтайға  немесе 
еденге  қойып  және  оның  айналасына  топтастыру  керек. 
8.  Таныстырушы  сызбаны  қолдана  отырып  тұлғаның  өзгеруін  ерекшелеп  және  оған  нақты 
түсінік  береді. 
9.  Адам  тұлғасы  сызбадағы  еркектер  мен  әйелдердің  жыныс  мүшелерін  салыстыруға  боял-
ған  сызбаны  қолдану  мүмкіндігін  пайдаланған  дұрыс.  Ал  альтернативті  вариант  негізінде,  осын-
дай  сызбаны  тренинг  өткізгенге  дейін  өзіңіз  дайындап  қоюыңызға  немесе  сатып  алуға  болады. 
10.  Топта  төмендегі  сұрақтарды  талдауға  30  минут  беріңіз: 
Сіз  адам  тұлғасының  сызбасын  жасағанда  қандай  сезімде  болдыңыз?  Сіз  неге  бұл 
сезімде  болдыңыз?
Сіз  анатомия  және  репродуктивті  жүйенің  физиологиясын  немесе  жыныстық  мүше-
лердің  дамуы  туралы  басқа  қатысушылармен  талқылағанда  өзіңізді  қалай  сезіндіңіз? 
Неге?
Ең  алғаш  рет  сіз  қашан  өз  денеңіздің  өзгергенін  байқадыңыз?  Өзіңді  қалай  сезіндіңіз?
Сіз  өзіңіздің  тұлғаңыз  бен  өзіңіздің  сыртқы  пішініңіз  туралы  қандай  ойдасыз?  Неге?
Сіз  өзіңіздің  сыртқы  пішініңіз  туралы  достарыңызбен  әңгімелестіңіз  бе? 
Сіз  болып  жатқан  өзгерістер  туралы  үлкендермен  әңгімелесіп  көрдіңіз  бе?  Неге?
Сіз  пубертаттық  кезең  туралы  сұрақтар  мазалады  ма  және  сіз  оларға  жауапты  қайдан 
таптыңыз?  Ол  туралы  кіммен  сөйлестіңіз?
Сізді  қарама-қарсы  жыныста  болып  жатқан  өзгерістер  туралы  сұрақтар  қызықтырды 
ма?    Қандай  сұрақтар  сізді  мазалады  және  ол  сұрақтарды  кіммен  талқыладыңыз?
Сіз  адамның  репродуктивті  жүйесінің  мүшелері  туралы  қандайда  бір  тұжырым-
дамалар  білесіз?  Егер  білсеңіз,  қандай?
Сіз  қарама-қарсы  жыныс  туралы  қандай  ойдасыз?  Неге?
Неге  өзіңіздің  немесе  қарсы  жыныстық  репродуктивті  жүйе  қызметтері  туралы  білу 
маңызы  неде?
Бағалау: 
1.  Адамның  репродуктивті  жүйесінің  сызбасын  білудің  маңызы  неде?
2.    Организміңіздегі  өзгерістер  сіздің  өміріңізге  қандай  жақсылық  әкелді?
Оқу    нәтижелері:
1.  Оқушылар  адамның  репродуктивті  жүйесі  туралы,  анатомо-физиологиялық  өзгерістер, 
жеткіншектерге  тән  кезең,  қыздар  мен  ұл  балаларға  тән  жыныстық  дамудың  ерекшеліктері 
туралы  білімдерін  бекітті  немесе  жаңа  білімдер  қосты.
2.  Оқушылар  жыныстық  даму.  Жыныстық  туралы  сұрақтарды  талқылау  туралы  дағды 
алды.
Оқытушыға  ұсыныс
Көріністерді  аралас  топтарда  жүргізуге  де  болады.  Бірақ,  оқушылар  жиі  ұялады  немесе 
олардың  ата-аналары  репродуктивті  денсаулық  жөніндегі  сұрақтар  жөнінде  бірлесіп  оқуға 
36
ЕР
 ЖЕТУ.
 ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ
 АНАТОМИЯЛЫҚ,
 ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ
 ЖӘНЕ
 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
 ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


жүктеу 9,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау