Қостанай педагогикалық колледжінің
Оқытуышысы: Рахпанова Б.Ғ.
Тақырыбы: “Студенттерді мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудегі балабақша мен отбасы қарым-қатынасының инновациялық түрлерін жобалауды үйрету”
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жасайтын имандылық пен сауаттылық қасиеттерді сіңірсек, тәлім –тәрбие берсек, сонда ғана рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз»- деген.
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
«Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағыар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Балабақша тәрбиешілерінің тәжірибесінде ата –аналармен бірігіп жұмыс істеудің әр –түрлі формалары қалыптасқан.Біз ата – аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыс жүргіземіз.Мен өзімнің отбасы мен балабақша арасындағы орасан зор мәселелер неден туатынын білем.Біріншіден: ата – аналардың өз мойындағы жауапкершілікті сезінбеуі, жұмыстан қолдарының босамауы т.б. Екінші: олар балаларын балабақшаға бердік, енді балаларын тәрбиеші тәрбиелеп, оқытып беру деген ұғым пайда болуы.
Осындай ата аналармен отбасы арасындағы туындаған мәселелерді студенттерде «Педагогика » пәнінен оқып, теория білімдерін жетілдіріп жатыр.Бұл бірақ жеткіліксіз.Студенттер ертең мамандықты игергеннен кейін балабақшаға барғанда осы мәселемен кездеседі.Оны ары қарай өдетіп алмау үшін, біз оларды осындай жағдайда қандай іс- шара қолданып, қандай жұмыс түрлерін жүргізу керектігін үйрету.
Сол себепті мен өзімнің «Студенттерді мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудегі балабақша мен отбасы қарым-қатынасының инновациялық түрлерін жобалауды үйрету”атты злектронды материалымды жазуды ұйғардым.Отбасы мен балабақша арасындағы қарым – қатынасты нығайту үшін дәстүрлі және дәстүрсіз түрін алып қарастырамын.
Балабақшадағы жылына екі рет өткізілетін жиналысты алайын. Қазіргі заман талабына сай жиналысты: пед.совет, іскерлік ойын және подиумға шығып сөйлеу түрінде өткізуг болады.
»Ата – аналар өздерінің педагогикалық білімдерін толықтырып, өз балаларының даму ерекшеліктерін көру үшін ашық көріністерге қатысады.
Отбасымен балабақша арасындағы қарым – қатынас жұмысымды жобалау барысын дәстүрлі түрін қалай қолданатыным жайлы айтқым келеді. Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі – айналаны тану, сезіну,қабылдау, түсіне қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне мақсат қоя білуге баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып әсерлене білуге үйрету. Білімге, білуге, құштарлыққа, әсемдікке, талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ордасы – мектепке дайындау
Бала тәрбиесіне тек балабақша, мектеп, оны қоршаған орта ғана емес, сонымен қатар отбасы, яғни әкесі, анасы, атасы, әжесі, ағасы, әпкесі де әсерін тигізеді. Мысалы, ясли-бақшада өткен «Әкем, шешем және мен – спорттық жанұя» эстафеталық ойын, отбасымен бірлесіп саябаққа барып дем алу осы ойдың дәлелі. «Қиқар бала қайдан шығады?» атты кеңесте тәрбиешілер ата-анамен бірлесіп отырып, бала мінезіндегі өрескел қылықтардың шығу себептерін анықтайды. «Отбасындағы тәрбие» атты кеңесте тәрбиешілер бала тәрбиесі мәселесінде ата-ананың жауапкершілігі зор екендігі, баланың отбасында адам баласына тән қасиеттері дағдыланып, ұяда көргенінен өнеге алатындығы сөз етті.
Оқу жылының басында тәрбиешілер жұмыс жоспарын жасау кезінде ата-аналардың көзқарасын мен ұсыныстарын ескеріп, ең бірінші жалпы жиналыста сауалнама жүргізіп, сонда айтылған ой-пікірлермен санаса отырып толықтырады.
Сонымен қатар «Тәй-тәй» технологиясы бойынша ата-аналар «Отбасы газетін», кітапшалар шығаруға белсене қатысады. Осы «Отбасы газеті» беттерінде ата-аналармен ынтымақтаса, баламен бірге орындаған жұмыстардың нәтижелері жарияланады. Ал қазіргі заман талабына сай«Отбасы газеті» - электронды түрде жасап жүрміз.Әр ата –анаға презентация түрінде жасап келуін сұрап,оларды дискіге жазып, үйлерінде көруін талап ету немесе алдағы болатын жиналыстарда көрсетіп, осындай белсенді ата –аналарды мадақтап отыру. Осындай іс-шаралардың арқасында ата-аналар кәсіби тәрбиеші болып, бірнеше нәтижелерге жетті.
Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеті ең алдымен дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділ қарым-қатынастардың күәсі болуы керек. Ол ата-анасының өзіне қандай қамқоршы, сүйеніш екенін сезінуі керек.
Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес, ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін ерте жастан-ақ бастаған.
Баланың да өзіндік ойы, қызығатын ортасы, туа бітетің мінезі бар. Баланың жан-жақты, көпшіл, мейірімді өсуін тек отбасылық тәрбие арқылы қалыптастыру да мүмкін емес. Дұрысы, баланың қиыс кетуіне жол бермейтін жақсы орта қалыптастыра білген жөн. Бұл бағытта ең алдымен балабақша таңдаудың маңызы зор. Балабақшаға барғанның артықшылығы көп болатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Сөзіміз дәлелді болуы үшін соның біразын санамалап берейік:
1. Балабақшаға барған балалардың өзімен қатарлас балалармен араласып, тіл табысуына үлкен мүмкіндік туады.
2. Балабақша баланы өзімшілдіктен арылтады. Ата-анасының ғана айтқанын орындап, еркелікпен өзім білемдікке салынып жүрген балаға тәрбиешіні тыңдау, көңілінен шығу көп нәрсеге үйретеді. Тәрбиешінің тәрбиесіне төселген бала мектепке барғанда мұғаліммен тез тіл табысатын болады.
3. Үйден шықпаған бала тым ерке, өзімшіл болып кетеді. Ата-анасы да көзінің ағы мен қарасы болған ұл-қызының тілегін орындауға бейім. Отбасының еркесі болған бала балабақшаға барып, топ баланың арасына түскенде, өзінің көптің бірі екенін түсінеді.
Алайда тәрбиенің шынайы жемісін көргіңіз келсе, бар ынтаңызбен балабақша ұжымымен йық тіресе жұмыс істегеніңіз абзал. Баланың күні бойғы сағынышын басып, жұмыстан қанша шаршап тұрсаңыз да оның айтқан барлық әңгімесін ықыласпен тыңдап, көңіл бөлгеніңіз жөн. Балабақша мен отбасы ынтымақтастығының арқасында тәрбие өзінің игі жемістерін бермек.
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ..
Қорыта келгенде :М.Жұмабаев айтқандай:“Тәрбиедегі мақсат - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару”,- деген екен.
Келешекте жас ұрпақты бар мейірімі мен күш жігерін сарп етіп, болашақ еліміздің тұтқасы болуына ата - ана еңбек етсе, болашақтың тізгінін ұстар, халықтың үмітін ақтар, дені сау, білімді де саналы ұрпақ өсіруіміз керек.
Әдебиеттер:
Ж.Б.Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев «Педагогика» -Алматы, 2000ж.
А.О.Пинт «Ата – аналар сіздер үшін» - Алматы, 1972ж.
Ю..П. Азаров «Отбасы педагогикасы» - Москва, 1985ж.
В.А. Сухомилинский «Ата – аналар педагогикасы» - Алматы, 1983ж.
Қ.Жарынбаев, С.Қалиев «Қазақтың тәлім - тәрбиесі» - Алматы, 1995ж.
Достарыңызбен бөлісу: |