Тақырыбы: Біз, бақытты да, жарасымды отбасымыз! Мақсаты



жүктеу 61,36 Kb.
Дата03.03.2018
өлшемі61,36 Kb.
#11121

Атырау қаласы

Ф.Досымова атындағы

№12 орта мектебі

Тақырыбы: Біз, бақытты да, жарасымды отбасымыз!

Мақсаты:1. Отбасы тәрбиесі арқылы рухани – адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

2. Отбасындағы сыйластықты құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Нақыл сөздер, тапсырмалар жазылған парақшалар, мақал-мәтелдер, күн суреті, слад, жүрекшелерү үнтаспа, А4 ұағаз, маркер.

Әдіс-тәсіл: Ата-аналармен, балалармен бірлескен жұмыс, топтық жұмыс, пікір алмасу, сұрақ-жауап, психологиялық жаттығулар.

Түрі: Ата-аналармен тренинг

Кіріспе сөз:Атамыз қазақ бала тәрбиесіне ерекше зор ықыласпен қараған. «Бала адамның бауыр еті», «балам - болашағым, өмірімнің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі» - деп түсінген.

Баланың жақсы азамат болып өсуі отбасындағы тәлім-тәрбие, береке-бірлік, сыпайылық пен сыйластық, бір-біріне деген құрмет, қарым-қатынасынан екені белгілі. Отбасы деген не? Ол кімдерден құралады?

Отбасы деген ата-ана және бала. Психологтар айтқандай: «Бала тәрбиесі ана құрсағында жатқан кезден басталады?,-деп. Бала құрсақта болған кезде анасы жақсы демалыста болса, айналасындағылардығ қарым-қатынасы, қоршаған ортаы тек қана жақсылық сыйласа, құрметтесе бала әдемі де, жақсы, тәрбиелі болады екен. Ата-бабаларымыз айтқандай, «Тәрбие басы тал бесіктен» дегеннің айғағы осы болар. «Бала әкеден – ақыл, анадан – мейірім алады». Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі - ол өзінің отбасы. Олай болса, Құрметті ата-аналар, ұстаздар!

Бүгінгі біздің «Біз бақытты да, жарасымды отбасымыз» - атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер!



1. Шаттық шеңбері:

Мұғалім:

Шеңбер болып тұрайық, жылы жүзбен

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден – деп, құрметті ата-аналарымызды «Шаттық шеңберіне» шақырайық.


  • Міне, менің сүйікті шәкірттерімнің ата-аналары!

Мен сіздерді көріп, өте қуаныш үстіндемін. Себебі: сіздердің, Жүздеріңізден қуанышты сезімдер, сонымен бірге мейрімділік, қайырымдылық, ақылдылық сияқты асыл қасиеттер шуақ шашып тұрғандай. Сіздерге: ыстық ықылас, шынайы сүйіспеншілік, әледегі бар жақсылықты тілеймін!
1-бөлім: «Отбасым – менің мақтанышым»
Әр отбасы жиналатын күн бүгін

Сәті түсіп келген екен кімде-кім?

Ең алғашқы бөлім шарты бойынша,

Отбасылар таныстырсы бір-бірін – деп,

«Отбасым – менің мақтанышым» атты бөлімі бойынша ата-аналар өз отбасы туралы таныстырады. Өздеріңізді таныстыру үшін мен сіздерге түрлі-түсті жіптер беремін. Әркім өзіне керегін, қайшымен қиып алады. Қазір бірінші мен өзімді таныстырамын. Содан кейін сіздер өздеріңізді таныстырасыздар.
Сазды ән. Ана туралы ән – орындайтын: -
2-бөлім: «Түс таңдау»
Түрлі – түсті жүрекшелерді көсету. Кім қандай түсті тағдайды? Өздеріңе керек түсті таңдату. Сол түстерге байланысты түсінік беру.
Сары түс: күн түстес, бұл-өмірге құштарлықты, қайырымдылықты білдіреді.

Көк түс: ту түстес, бүл-тыныштықты, шыншылдықты білдіерді.

Жасыл түс: бұл-сенімділікті, мадақтауды, белсенділікті білдіреді.

Қызыл түс: бұл-үнемі қайырымды, көмектесе алатын, жүрегі жылы, көтеріңкі көңіл күйді білдіреді.

Рахмет, ата-аналар!

Сары түс пен көк түс бір топқа, жасыл түс пен қызыл түс бір топқа орналасыздар.


3-бөлім: «Ой қозғау»

Бәйге десе, жарысудан қашпайык,

Ойланайық, асықпайық, саспайық.

Ал, үшінші бөлім шарты бойынша,

Сұрақтарға жауап беріп, бастайық. – деп, келесі «Ой өозғау» бөліміне кезек берейік.

Сұрақтар: 1. Отбасы деген не? Ол кімдерден құралады?

2. Бала деген кім? Оны соғуға бола ма?

3. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, әлде қатаң тәрбиелеген дұрыс па?

4. Отбасы сыйластығы дегенді қалай түсінесіздер?

5. «Отбасына қарап – бала өседі, қарағайға тал өседі» немесе «бала – ата-ана суретшісі» деген сөздің мағынасына қалай түсінік берер едіңіздер?

6. Балаңыз сабақтан келгенде қалай қарсы аласыз?

7. Балаңыздың айтқанын әрдайым орындайсыз ба?

8. «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» дегенше айтар пікірлеріңіз?

Сазды әнге кезек берейік. «Бала тілегі» - орындайтын Әсел Болатқызы.
4-бөлім: ойын – жаттығу. «Ата-ананың өзін-өзі бағалауы»

1-тапсырма: 8 шеңбер салу. Біреуінің ортасына «мен» деп

жаздыру.



2-тапсырма: Бір үлкен шеңбер салу, оның ішіне 2 кіші

шеңбер салу. Біреуіне «мен» деп жазу керек.


Мұғалімнің қорытынды түйіндемесін жариялау.
5-бөлім: «Құпия хат»
Құпияның шешіп көрсек қатпарын,

Бірінші боп мінеді екен атқа кім?

Балдай тәтті балаларға арналған,

Хабарлаймыз құпиялы хат барын.


1-құпия хат: Менің досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй-ішін, нәрселерін, қылығын айтып мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңыздаршы?
2-құпия хат: Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап– ойнап, үй тапсырмасын, орындамай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен көшіртпесем «Сен сарағсың» дейді. Мен енді не істеуім керек?

2-құпиялы хатқа байланысты ата-аналардың өзіндік пікірлерін тыңдау. Ата-аналардың балаларына бере ақылы, мұғалімнің қорытындысы.


Халқымыздың әні қандай, жры қандай?

Шешеннің нәрі тамған, тілі балдай.

Шымырлап өн бойыңа тарайтұғын,

Ал, күйі нәзік жанды балқытқандай. – деп ақын ағаларымыз жырлағандай кезекті қазақтың қара домбырасына берсек. 7 «А» сынып оқушысы Тұрымғалиев Асылханның орындауында Құрманғазының күйі «Адай». Қол соғып, қршемет көрсетейік ағайындар.


6-бөлім: «Отбасылық ойын»
Сергіту сәті ретінде ата-аналармен орындалады.

  • Балаңыздың туған күні?

  • Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

  • Балаңыздың парталас көршісі кім?

  • Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

  • Балаңыздың сүйікті асы қандай?

  • Балаңыз кеше қандай баға алды?

  • Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

  • Балаңыз 1-ші сыныпқа қай жылы барды?

  • Балаңызға еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

  • Балаңыз ашуланғандай, ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

  • Балаңыздың ең жақын досы кім?

Рахмет, жауаптарыңызға ата-аналар!


7-бөлім: «Ашығын айтсам»
Ата-аналардың пікірлерін анықтау мақсатында «Ашығын айтсам» анкетасын жаздыру. Ата-аналар анкетаны толтырғанша музыкалық үзіліс жариялау.

Ән: Бисенбаева Әселдің орындауында «Асыл айым» әнін қабыл алыңыздар.



8-бөлім: «Көрсем, білсем дейді екен?»


Бала тәрбиелеудің 10 ережесі.
Ата-аналарға баланы қалай тәрбиелеп жатқандығымызды, балаға байланысты 10 ереже туралы түсінік беру.
9-бөлім: «Жүректен жүрекке»

  1. Қорытындылау. (Мұғалімнің қорытынды сөзі)

  2. Балаларды ортаға шақыру.

  3. Ата-аналарына тіректері. Күн шапағына балаларына арнаған жақсы сөздерін жазып, жариялайды.

  4. Балаларына тілектері.

жүктеу 61,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау