Оқыту ғдістемесі


Насаб наме негізінен Али Муртазадан басталып, Ал Мухаммед қожамен аяқталады. Сонымен бұл шежірені жалғастырып іздеген Мухаммедхан Сайфназаров пен Мұзаффар Шалаповтар



жүктеу 4,72 Mb.
бет7/22
Дата11.12.2017
өлшемі4,72 Mb.
#3835
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

Насаб наме негізінен Али Муртазадан басталып, Ал Мухаммед қожамен аяқталады. Сонымен бұл шежірені жалғастырып іздеген Мухаммедхан Сайфназаров пен Мұзаффар Шалаповтар.

Насаб наме – ХІІ ғасырлардағы ескерткіштердің ең көрнектілерінің бірі. Автор туралы толық мәлімет жоқ. (Дастанның екі көшірмесі бар. Бірі өзбек (ұйғыр) әрпімен, екіншісі араб әрпімен жазылған. Өзбек (ұйғыр) әрпімен жазығаны – ең ертедегі көшірмесі. Ал араб көшірмесі кейінірек жазылған. (Екеуі де тарих ғылымында танылған). Транскрипцияланып, белгілі дәрежеде зерттелген. Түркі тілдерінің ішінде өзбек тіліне толық аударылған. Өзбек (ұйғыр) нұсқасына қарағанда араб нұсқасы әлдеқайда толық, құрылысы түсінікті, дұрыс сақталған. Сондықтан біз қазіргі қазақ тіліне де осы М. Сайфназаров пен М. Шалаповтар жариялаған арабша түпнұсқадан аудардық. Зерттеген ғалымдар “Насаб наме” сияқты көне ескерткіштерді тек бір тайпа, бір ұлыс қана емес, түркі халықтарының біразының құрамына енген халықтардың ортақ мұрасы деп таниды.

Насаб наменің жан-жақты танылып, халық мұрасына айналуы жолында қазақ зерттеушілері де азды-көпті үлес қосты. Бұл дастанның әдеби – тілдік мәні аса құнды шығарма екендігін, болашақта зерттеу мәселесін кең қолға алу керектігін айта кеткен жөн. Осы кезге шейін тілдік тұрғыдан зерттеу нысаны болмаған. Шығарманың идеялық бағытына, тарихи мәніне белгілі ғалымдар Б. Кенжебаев (Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А., 1973) пен Х. Сүйіншәлиев (Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. А., 1967) кезінде дұрыс баға берді. Дастан зерттеушілер назарына тез түскенімен, оның көптеген мәселелері, атап айтқанда өз тұсындағы көршілес елдер әдебиетімен ішкі байланысы, ондағы қоғамдық ой-пікірдің көрінісі, өзбек әдебиетінде поэзия жанрының қалыптасып, дамуына тигізген өзіндік әсері, т.б. әлі де типологиялық зерттеулер үстінде жаңалықтарымен көрінетіндігі сөзсіз.

Біз “Насаб намені” түпкі бастаулары Ү-ҮІ ғасырларда жатқан ежелгі әдебиетіміздің Х-ХІІ ғасырлардағы елеулі көркем туындысы деп, өз тұсындағы жер жүзі мәдениетіндегі озық бағыттармен байланысты, сонымен қатар берідегі қазақ поэзиясының тіл, стиль дәстүріне қатысты деп қараймыз.

Бұл дастанның түп негізін қалаушы – Сафи ад-дин Урук Қойлақи деген кісі. Қаламгердің туған, өлген жылдары белгісіз. Ол Сыр бойындағы қала-кенттердің бірінен шыққан. “Мен көзім жұмыларда (өлер алдында) аздап уайымдадым. Бұл Насаб намені оқысаңдар, ұлы аталарымның халал мүлкілерін, суларын дағуат қылсаңдар, Ұлы атам саяхатын ашық ұстамасаңдар (жарияламасаңдар) іріп-ашып кеткен даруиштерге және момын-мұсылмандарға бағынбаса, Патша әлсіздік (осалдық) қылса және жеңіл ұстаса – мен Сафи ад-дин Урук Қойлақи мырзамын. Қиямет болса иманнан және жүректен, ол кісіге ұлы дұшпан боламын, – дейді өзі.

Ақын дастанды өзбек, тәжік, араб, түрік тілінде бірдей жазған. Үш-төрт тілді бірдей білу – ХІІ-ХІІІ ғасыр ақындарының көпшілігіне ортақ қасиет. Өйткені ерте дәуірлерге назар салсақ, бір замандарда билеген, үстем болған ру-тайпалардың тілі мемлекеттік қатынаста, ішкі жағдайда, көркем әдебиетте, ғылымда негізгі рөлге ие болған. Бір кезде араб тілі үстем болса, келе-келе Қараханидтер, Сельжүктар тұсында парсы, одан қыпшақтар үстем болған кезде түркі тілі тарих сахнасына шықты. Белгілі ғалым Е.Э. Бертельстің осы туралы мына пікірін келтіре кетейік: “ІХ ғасырда негізгі әдеби тіл болған араб тілінің орнын Х ғасырда парсы тілі басты. Араб тілі тек ғылым мен дін саласында қалып еді. ХІ ғасырда парсы тілі ғылымға да енді. Ал көркем әдебиетте үшінші ағайыны – түркі тілдік жүйесіндегі әртүрлі тілдер қосылды. Бірақ бұлар – үш түрлі әдебиет емес, үш түрлі тілді пайдаланған бір ғана әдебиет”.

Шығарманы бастамас бұрын Тәңірге сыйынып, медет сұрау – ертедегі әдебиетке тән дәстүр. Онда Қаламгер Тәңірдің ұлылығына бас иіп, оның құдірет-күшінің шексіздігіне таңданады. Дүниеге Пайғамбардың жіберілгенін, оның мирасқорын (үрім-бұтағын) жаратқаны үшін Тәңірді мадақтайды; Ол адамның баласы (мырза), Әлемнің мақтанышы Мұхаммед Аллаһтың елшісі. Ол ғалымдардың ғалымы, ақиқаттың басшысы, құрмет орынның басшысы, басшылардың басшысы (шейхтардың шейхы) және т.б.

Насаб наме” дастанының қазіргі қазақ тіліндегі бұл алғашқы аудармасы – көркем аударма емес, мағыналық аударма. Көбіне ұйқасы, буын саны сақтала бермейді. Халқымыздың ежелгі мұрасына ілтипатпен қарайтын көпшіліктік шығарманың жалпы мазмұнын түсінуіне мүмкіндік жасау ниеті көзделеді. Әсіресе сонау ХІІ ғасырда жазылған ескерткіш тілінің, қазіргі тілімізге етене жақын екендігін аңғарса деген ниетте болдық.

Насаб намеде” қамтылған мәселелер негізінен жер-су атауларына бағытталған. Сол жер-суларды қорғаған және жаулап алған хандардың көрінісі. Сонау Ферғанадан (Өзбекістаннан) Отырарға дейінгі шапқыншылық. Шашты, Қашқарды, Сайрамды, Отырарды, Жентті, Испижабты, Қарғалықты, Йасыны басып алған Нахибтерден (жаулардан) азат етіп, өз немерелеріне мирас қалдырып отырған. Атадан балаға келе жатқан мирас (мұрагерлік) ақыры Сафи ад-дин Урук Қойлақи мырзаға қалдырылған. Сол заманда Али Муртазаның тұқымдарының (үрім-бұтағының) бірі Абдур-Рахим өзінің бауырларын Ферғана жеріндегі шабуылға шақырады. Олар Ферғана жерін қорғап қалу үшін Шам арқылы бірнеше қалалардан өтеді. Көптеген қалаларды басып келе, олар ол жерге Исламды таратып отырады. Ақыры Ферғана жеріне жетіп, онда үш күн, үш түн соғысады. Үшінші күні олар Ферғана патшасын жеңіп, Исламды сол жерге енгізеді. Сонымен қатар соғыстың нәтижесінде көптеген мұсылмандар шахид болады. Одан кейін Испиджаб еліне Исламды таратып, халыққа ғылыми-хикметтер насихаттайды. Сосын Иетикент, Қашқар елдеріне де діңді уағыздайды. Абдур-Рахим соңғы шабуылын Қашқарда жорып, сол жерде билеуші болады. Оның бауыры Исхақ баб Сайрамға сапар шегіп, сол жердегі нахибтерді иманға, дінге шақырады. Бірақ нахибтер оған қарсылық білдіріп, онымен қылыштасады.


Ескерткіштегі әрбір сөздің қазақ сөзіне жақын-алшақтығын тексеру, қай дәуір тіліне жататынын анықтау – болашақтың ісі.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Б.Кенжебаев. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – А., 1973.

2. Сүйіншәлиев Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. – А., 1967.



жүктеу 4,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау