ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТАМЕН ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Саметова Ж. – оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2006 жылдың 18 қаңтарында Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде, атап айтқанда «Қазақстанды таяудағы 10 жыл ішінде әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу стратегиясында» /1/ білім беру мәселесіне де баса назар аударылды.
Сонымен бірге, Елбасының «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталатынын» ерекше атап көрсетуінде де үлкен маңыз бар. Өйткені кез келген мемлекеттің рухани, әлеуметтік- экономикалық дәрежесі сонда өмір сүретін халықтың білім деңгейіне қатысты бағаланады /2/.
Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.
Болашаққа үміт артқан мемлекет, ең алдымен білім сапасының іргетасын қалайды. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдыретті күш тек білімге ғана тән қасиет. Ұлы философ Конфуций: «Оқымай ойлану бос әрекет» деген, яғни білім ғана биікке жеткізеді.
Оқушы білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек.
Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы – білім беру жүйесінде түрлі технологияларды қолдану /4/.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық тенологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Оқушыға қазақ тілі сабағын жүргізу барысында интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі неде?
Интерактивті тақтаны пайдалану дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны оқушыға беру процесі.
Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың тиімді жолдары:
Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану;
Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру;
Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;
Ғылыми-ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу;
Жеке тұлғаның инттелектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Технологиялық құрал арқылы алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;
Білім мен тәрбиенің бірізділігі;
Жалпы компьютерлік сауаттылық;
Оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы;
Интерактивті тақта арқылы электронды оқулықтарды пайдалану өте ыңғайлы. Ал білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Әлі де білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Оқушы өзін қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері арқылы танып, біледі, алайда олардың қабылдауы әртүрлі. Ақпаттарды қабылдаудың негізгі арналары: есту, көру және сезу болып табылады. Өзін қоршаған ортадан қабылдайтын мәліметтердің 90 пайызын көру жүйесі арқылы, 9 пайызын есту жүйесі арқылы, тек 1 пайызын сезім мүшелерінің көмегімен қабылдайды. Көру жүйесі – есте сақтаудың түрлері ішінде жетік, үздік дамығаны. Педагог – психологтардың зерттеулері бойынша берілетін білім оқушының ішкі мұқтаждығымен сәйкес келмесе, онда оқу процесінде қиындық туындайды. Тәжірибе тұрғысынан қазақ тілі пәнін алатын болсақ, мысалы орыс тілді аудиторияда үй жануарларларының қазақша атауларымен танысу керек болса, оқулықтан олардың тек атауларын ғана оқи алса, ал интерактивті тақтадан, олардың түрлі-түсті көркем суреттерін, видео-бейнесін, дауыстарын естуге мүмкіндік бар, сондықтан оларға сөздерді тез жаттап алуға себеп мол болады.
Қазіргі кезде мектепте жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен мұғалімге байланысты. Қазіргі заман мұғалімінен өз пәнінің терең білгірі болуымен қатар, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси экономикалық, білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу-тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Оқушы білімінің сапалы болуы бір жағынан мұғалімнің сабақ беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне байланысты болса, екінші жағынан мектептің техникалық материалдық базасының жабдықталуы да әсер етеді. Оқушының мектепте алған білімді тек игеріп қана қоюы жеткіліксіз, оны жетік меңгеру арқылы болашақ өмірінде өз қажеттілігіне жарата білуі керек. Соңғы кездері мектептеріміз сабаққа қажетті электрондық оқулықтармен, интерактивті тақтамен және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталуда.
Ақпараттық технологиялардың мүмкіндері пайдаланып жасалынған электрондық баспа оқулығын пайдалану арқылы мұғалімдер мен оқушылардың өздігінен жұмыс жасай алады. Әсіресе аталған электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың сабаққа деген ынтасын жоғарылатып, өздігінен мұғалімнің нұсқауынсыз тақырыптарды игеруіне және зертханалық жұмыстарға алдын ала дайындалуларына мүмкіндік туғызады.
Интерактивті тақтаны қолдану саласы өте кең: электрондық оқыту жүйесі қашықтан оқыту үшін, өздігімен ізденіс барысында, жалпы білімге деген талпыныс бар оқушыларға өте тиімді. Қазіргі заман талабына сай мүмкіндігін көп дербес компьютерлерді өңдей отырып, тарау бойынша оқушылардың дағдыларды қалыптастыру, білім бақылау жұмыстарын бағалауға мүмкіндік береді. Осы арқылы компьютерлік технологияның дамуының тереңдетілуі білім сапасын жоғарылата отырып, мұғалімнің жұмысын жеңілдете түседі.
Мен өзімнің қазақ тілі сабағымда интерактивті тақтаны пайдаланып өтемін. Бұның тиімді жағы көп: сабаққа қажетті материалдар, кестелер мен сызбалар, анимациялық көріністер, оқушыларды машықтандыру (практикалық және тәжірибелік) фильмдері, анықтама сөздік, оқушы білімін бекітетін дидактикалық материалдар бар. Әр тараудағы тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік жұмыстары(сөздік диктант, диктант) оқушы білімін бақылауда және оқушының өз бетінше ізденісін туғызуда көмегі зор.
сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;
мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық технологияны меңгеруі;
оқушының пәнге қызығушылығы;
білімнің тереңдігі;
тексеру түрлері, бағалау;
практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады.
Қорыта келгенде интерактивті тақтаны қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде интерактивті тақтаны сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар электрондық материалдарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен практикалық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша қажетті материалдармен танысып, кестелер және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, дыбыс пен музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға бормен жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі түсінікті. Меңгерілуі қиын тақырыптарды компьютердің көмегімен түсіндірсе жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенінің 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио- және бейнеақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады.
Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және обьектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Мұғалім алдын ала дайындаған сабақты оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндірілу жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Егер оқушы тапсырманы орындаған кезде қиналса, мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталап, түсінуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс-әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.
Қазіргі таңда мемлекетіміздегі мектептерде интерактивті тақталар жалпылай орнатылып жатқанымен, мектеп басына шаққанда өте аз, тіпті бір мектепте бір ғана тақтадан кездесіп ажтады. Сондықтан Қазақстандағы білім беру жүйесі әлемдік деңгейге көтерілсін десек, интерактивті тақталар саны әр сыныпта болуға тиіс деңгейге дейін жетуіміз керек. Ол дегеніміз шет елдегі iPad-ты оқу үрдісінде пайдаланып жүрген замандастарымызға бір табан жақындағанымызды білдіреді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы». – Егемен Қазақстан газеті. 19/І-2006. №16.
2 Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан экономикалық,әлеуметтік және саяси жаңару жолында». – Егемен Қазақстан газеті 3/ІІІ-2005. №13
3 «Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы». – Егемен Қазақстан газеті. 16/І-2004. №5.
4 «Тәрбие тағылымдары» /озық іс-тәжірбиелер жинағы/. – Алматы, 2007.
5 Н.Түндебаева. Орыс тілді аудиторияларда қазақ тілін коммуникативтік оқыту технологиясы. Қазақ тілі және әдебиеті орыс мектебінде, 2007. № 10. – 3-7 б.
6 И.К. Кубаева Научно-методические основы обучения казахскому учащихся 5-7 классов в концепции неосферного образования. – Москва, 2007.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада қазіргі таңдағы оқу үрдісінде кеңінен пайдаланылып жүрген, интерактивті тақтаның қазақ тілі сабағында қолдану тиімділігі көрсетілген.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается эффективность применения интерактивной доски на уроках казахского языка.
ИННОВАЦИОННЫЙ УРОК – КАК СОВРЕМЕННАЯ ФОРМА
ОРГАНИЗАЦИИ УРОКА
Сатимбекова С.А. – преподаватель (г. Алматы, КазгосженПУ)
В педагогике классно-урочная система предусматривает различные формы организации учебно-воспитательного процесса: домашняя учебная работа (самоподготовка), экскурсии, практические занятия и производственная практика, семинарские занятия, факультативные занятия, консультации, зачеты, экзамены. Но основной формой организации обучения в ВУЗе является урок.
В педагогической литературе преобладает точка зрения, согласно которой урок – это вариативная форма организации целенаправленного взаимодействия (деятельности и общения) определенного состава педагогов и учащихся, систематически применяемая (в определенные отрезки времени) для коллективного и индивидуального решения задач обучения, развития и воспитания. Сущность и назначение урока как целостной динамической системы сводится, таким образом, к взаимодействию педагога и учащихся, целью которого является усвоение учащимися знаний, навыков и умений, развитие их способностей, опыта деятельности и общения.
Эффективность и результативность урока во многом определяются его структурой, под которой понимается дидактически обусловленная внутренняя взаимосвязь основных компонентов урока, их целенаправленная упорядоченность и взаимодействие. Структура традиционного урока включает четыре основных элемента: опрос, объяснение, закрепление и домашнее задание. Такой урок формирует знания, но не обусловливает общее развитие учащихся, поскольку элементы традиционной структуры не отражают процесса их самостоятельной учебной деятельности.
С другой стороны, такой урок отражает лишь внешние признаки учебного процесса (организовать, спросить, объяснить, закрепить и т.д.) и не отражает внутреннюю его сторону (закономерности учебного познания, структуру учебной деятельности и др.). Поэтому традиционный урок не может служить для педагога руководством к действию.
Большее внимание сегодня уделяется человеку как личности – его сознанию, духовности, культуре, нравственности, а также высоко развитому интеллекту и интеллектуальному потенциалу. Соответственно, не вызывает сомнения чрезвычайная важность, острая необходимость такой подготовки подрастающего поколения, при которой оканчивали бы учебные заведения образованные интеллектуальные личности, обладающие знанием основ наук, общей культурой, умениями самостоятельно и гибко мыслить, инициативно, творчески решать жизненные и профессиональные вопросы. Поэтому должен происходить постоянный поиск, цель которого – найти новые формы и приемы, позволяющие слить в единый процесс работу по образованию, развитию и воспитанию учащихся на всех этапах обучения. Коллективу преподавателей необходимо реализовать концепцию, которая предполагает необходимость обеспечения учащихся прочными знаниями материала программы с одновременным осуществлением разноаспектного развития и формирования личности каждого обучаемого – с учетом его индивидуальных способностей и возможностей.
Пути и способы реализации этих принципов должны быть в значимой степени творческими, нетрадиционными и в то же время эффективными.
Инновационные уроки, реализуются, как правило, после изучения какой-либо темы или нескольких тем, выполняя функции обучающего контроля и оценки знаний учащихся. Такие уроки проходят в необычной, нетрадиционной обстановке. Подобная смена привычной обстановки целесообразна, поскольку она создает атмосферу праздника при подведении итогов проделанной работы, снимает психологический барьер, возникающий в традиционных условиях из-за боязни совершить ошибку. Такие уроки осуществляются при обязательном участии всех учащихся, а также реализуются с непременным использованием средств слуховой и зрительной наглядности (компьютерной и видео техники, выставки, буклеты, стенды). На таких уроках удается достичь самых разных целей методического, педагогического и психологического характера, которые можно суммировать следующим образом:
осуществляется контроль знаний, умений и навыков учащихся по определенной теме;
обеспечивается деловая, рабочая атмосфера, серьезное отношение учащихся к уроку;
предусматривается минимальное участие на уроке учителя.
Естественно, что инновационные уроки больше нравятся учащимся в силу их необычности по замыслу, методике организации и проведения, отсутствия жесткой структуры, наличия условий для самореализации и т.д. Поэтому такие уроки должны быть в арсенале каждого преподавателя. Вместе с тем следует учитывать, что на подобных уроках, как правило, отсутствует серьезный познавательный труд учащихся, невысока их результативность. В силу этого они не должны преобладать в общей структуре обучения, преподавателю необходимо определить место нетрадиционных уроков в своей работе.
В.А. Сластёнин пишет «понятие "инновация" означает новшество, новизну, изменение; инновация как средство и процесс предполагает введение чего-либо нового. Применительно к педагогическому процессу инновация означает введение нового в цели, содержание, методы и формы обучения и воспитания, организацию совместной деятельности учителя и учащегося». Характерной особенностью развития урока в конце 80-х-начале 90-х годов являлось то, что в практике общеобразовательной и профессиональной школы имел место активный процесс возникновения нестандартных форм проведения урока. Нестандартный, или инновационный, урок – это занятие, имеющее нетрадиционную, гибкую, вариативную структуру и ориентированное, главным образом, на повышение интереса учащихся к обучению посредством новой формы организации их учебной деятельности.
В современной педагогике существует большое количество различных инновационных уроков. Можно выделить следующие группы таких уроков:
1. Уроки в форме соревнований и игр: конкурс, турнир, эстафета, дуэль, КВН, деловая игра, ролевая игра, кроссворд, викторина.
2. Уроки, основанные на формах, жанрах и методах работы, известных в общественной практике: исследование, изобретательство, анализ первоисточников, комментарий, мозговая атака, интервью, репортаж, рецензия.
3. Уроки, основанные на нетрадиционной организации учебного материала: урок мудрости, откровения, урок – “дублер начинает действовать”.
4. Уроки, напоминающие публичные формы общения: пресс-конференция, аукцион, бенефис, митинг, регламентированная дискуссия, панорама, телепередача, телемост, рапорт, диалог, “живая газета”, устный журнал.
5. Уроки-фантазии: урок-сказка, урок-сюрприз, урок 21 века, урок-подарок от Хоттабыча.
6. Уроки, основанные на имитации деятельности учреждений и организаций: суд, следствие, трибунал, цирк, патентное бюро, ученый совет, редакционный совет.
Таким образом, можно сказать, что инновационный урок предполагает введение каких либо новых элементов, не использовавшихся ранее, наиболее распространенным является элемент игровой деятельности. Так как в ходе игры учащиеся не только закрепляют и обобщают материал, но и сами принимают активное участие в ходе урока, сотрудничают друг с другом, с преподавателем и т.д.
Для более полного понимания, что из себя представляет инновационный урок рассмотрим некоторые из вышепредставленных.
Деловая игра – средство моделирования разнообразных условий профессиональной деятельности (включая экстремальные) методом поиска новых способов ее выполнения.
Деловая игра позволяет найти решение сложных проблем путем применения специальных правил обсуждения, стимулирования творческой активности участников как с помощью специальных методов работы (например, методом «Мозгового штурма», так и с помощью модеративной работы психологов-игротехников, обеспечивающих продуктивное общение.
Цель:
активизация и закрепление знаний учащихся, приобретенных при изучении данной темы;
анализ, синтез, интерпретация материала в ходе данного урока;
практическое применение полученных знаний, планирование хода действий.
Основная задача:
• выработка навыков принятия практического решения на игровых этапах «создания» и «развития деятельности» предприятия.
Урок-КВН.
Основными целями и задачами такого урока является:
обобщение и систематизация знаний учащихся по данной теме – явлениях, процессах и закономерностях;
развитие способностей обобщать и систематизировать изученный материал;
объяснение закономерностей и процессов;
установление причинно-следственных связей;
строить графики;
развитие мышления учащихся и их творческих способностей;
формирование грамотной устной речи;
воспитывать в учащихся чувство товарищества, умение работы в коллективе; ответственности и самостоятельности;
развивать познавательный интерес к предмету.
Урок заключается в том, что группу учащихся необходимо разделить на команды, в каждой из которой выбирается капитан. Победителем будет считаться тот, у кого будет больше правильных ответов на предложенные задания. Правильность и полноту ответов определяет специальная счетная комиссия, состоящая из преподавателей, родителей учащихся или старших товарищей.
Задания для такого урока могут быть различными. Это может быть решение задач; фронтальный опрос членов команд по очереди; отгадывание ребусов, кроссвордов; выявление закономерностей; поиск лишних слов и их исправление; демонстрация домашнего задания, предварительно данного преподавателем по выбранной теме; разыгрывание сценок и т.п.
Урок-конкурс.
Проведение такого урока позволяет:
проверить прочность усвоения теоретических знаний, практических умений и навыков за весь курс обучения;
систематизировать знания учащихся;
формировать у учащихся добросовестное отношение к труду, сознательное отношение к выполнению трудовых заданий;
воспитывать волю к победе;
прививает учащимся интерес к выбранной профессии;
развивать у учащихся самостоятельность мышления, творческую инициативу и активность.
Задания для такого урока могут быть примерно такими же, как и для урока-КВНа.
Урок-конференция.
Вряд ли стоит доказывать, что самым надежным свидетельством освоения изучаемого материала является способность учащихся вести беседу по конкретной теме. В данном случае целесообразно проводить урок-конференцию. Урок-конференция – это своеобразный диалог по обмену информацией. На таком уроке, как правило, учащиеся овладевают определенным количеством частотных клише и пользуются ими в автоматическом режиме. Оптимальное сочетание структурной повторяемости обеспечивает прочность и осмысленность усвоения.
В зависимости от поставленных задач тема урока может включать отдельные подтемы. Во всех этих случаях мы имеем дело с обменом значимой информацией. В такой ситуации логично прибегать к элементам ролевого диалога. Такая форма урока требует тщательной подготовки. Учащиеся самостоятельно работают над заданием по рекомендованной преподавателем литературе, готовят вопросы, на которые хотят получить ответы. Подготовка и проведение урока подобного типа стимулирует учащихся к дальнейшему углублению знаний в результате работы с различными источниками, а также расширяет кругозор.
Урок-сюрприз.
Особенностью данного урока заключается в том, что учащиеся не знают, какие задания их ожидают, для этого используются специально приготовленные шкатулки с вопросами, «черные» ящики, конверты и т.д.
Цели такого урока следующие:
обобщить знания учащихся о понятиях, показать их значение, взаимосвязь;
расширить кругозор, словарный запас через исторические сведения о величинах, повторить старинные единицы массы, длины, времени;
выявить имеющиеся знания и понятия процессов, явлений на уровне собственного жизненного опыта;
воспитывать активность, самостоятельность.
Урок-аукцион.
Этот урок строится как повторительно-обобщающий с акцентом на показ практической значимости изученных вопросов – в этом и цель урока.
Структура урока такова: приветствие; повторение во время опроса основных вопросов темы; объяснение правил аукциона; "продажа" предметов; музыкальная пауза; продолжение "продажи"; музыкальный финал; итоги.
Построить урок – аукцион можно в такой форме: за демонстрационным столом располагаются ведущие в импровизированных костюмах. Перед ними – большой волчок, а вокруг него по кругу расположены "продаваемые" предметы. Ведущий запускает волчок. Остановившаяся стрелка указывает, какой именно предмет будет продаваться. Покупатели, желающие приобрести данный предмет, должны указать его связь с предметом, точнее – с пройденной темой. Называют по очереди; второй ведущий после каждого ответа громко считает: раз, два,…три. Выигрывает тот, кто до счета "три" последним даст ответ.
Мы рассмотрели только наиболее распространенные нестандартные уроки. При планировании и проведении таких уроков преподаватель может вносить собственные коррективы исходя из выбранной темы для проведения урока и способностей учащихся, также преподаватель, полагаясь на свою фантазию и опыт, может спланировать собственный инновационный урок, который будет иметь место в системе профессионального обучения.
В данной работе остановимся на подробном рассмотрении и планировании такого инновационного урока как деловая игра.
ЛИТЕРАТУРА
1. Макаренко А.С. «Педогогические сочинения».
2. Подлосый И.П. «Педагогика. Новый курс».
3. Асипова Н.А. Казакбаева З. «Инновационные технологии по жизнеоберегающему образованию».
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются научно-теоретические основы подготовки учеников к инновационно-проектировочной деятельности, учет которых рассматривается как главное условие противостояния стеоретипам и формирования творческого отношения.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада білім беру үрдісін құрудың педагогикалық стеоретип пен шыәармашылық қарым-қатынасты қалыптастырудың негізгі жағдайы ретінде инновациялық-жобалық қызметтің ғылыми-теориялық жақтары қарастырылған.
СӨЗ ТІРКЕСІН ДАМЫТА ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сембаева А.Ғ. – ората мектеп мұғалімі (Алматы обл,, Жаркент ауданы
Ақжазық орта мектебі)
Сөз тіркесін бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технологиясының міндеттерді шешуге тиімді болатыны, технологияның негізіне жазу теориясы алынумен байланысты деп анықталды. Жазудың өзі тілдің таңбалық болмысын түсіндіруге тірек болады. Сөз тіркесі синтаксисі туралы қажетті лингвистикалық ұғымдар жүйесін іріктеп, бастауыш сынып оқушыларына қазақ жазу принциптерін анықтау, сөздің сөз тіркесі құру процесі, сөз тіркесі мүшелерінің жазылуы, айтылуы туралы ережелерді үйрету арқылы дамыта оқыту қызметін ұйымдастыру көзделді. Қазақ жазуының теориялық концепциясына сүйеніп, бастауыш сыныпта «тізбек», «тізбектелу», «дыбыстар тізбегі», «буындар тізбегі», «түбір мен қосымшалар тізбегі» сияқты ұғымдарды енгізіп, олардың лингвистикалық түсініктерін меңгерту арқылы ғана тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы түсінік қалыптастырады /1, 54/. Бір сөздің орфографиялық түрін талдату арқылы тіл жүйесіндегі тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы жалпы ұғым жасату керек. Одан кейін оқушылар өз бетімен сөздер құрамындағы дыбыстардың тіркесімділік қабілеті мен тіркесімділік талғамы, тіркесім талаптары туралы түсінік беріліп, тапсырмалар орындатылып, қорытынды тұсында тіркесім туралы ұғым жасатылады. Тіл бірліктерінің, дыбыстың түбірдің, қосымшаның, жеке сөздің құрамын талдау арқылы оқушы әр біліктіңмағынасын ашады,соның негізінде әрбір тіл бірлігінің қызметі- өз тектес бірлікпен тіркесіп, өзінен жоғары деңгейдегі жаңа тіл бірлігін жасау екендігіне біртіндеп көзі жетеді. Осы тәріздес жұмыстар арқылы ғана бастауыш сынып оқушыларының ізденімдік- зерттеушілік қызметін ұйымдастыру тиімді болады. Сөйтіп, оқу қызметін оқушы теориялық ойлауы мен тілін дамыту бағытында құруды көздей отырып, сөз тіркесі синтаксисін бастауыш сыныптарда оқытуды жазба тілдің принциптерін меңгертумен байланыстыруды жөн деп қабылдадық. Әрине, бұл дегеніміз- бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуды тек орфографиялық принциптерге негіздеуді ұсыну емес. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін дамыта оқыту барысында жазу принциптерін тірек етудің мүмкіндігін анықтау және оны болашақта нақтылай зерттеу қажеттілігінің өзі – бастауыш сынып оқушыларына фонетикалық және морфологиялық, синтаксистік ұғымдар аясын кеңейте меңгерту мәселесілелерімен тығыз байланысты.
5-9 сыныптарда сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясындағы сөз тіркесінен берілетін білім мазмұнын іріктеуде бұл сынып оқушыларының орфографиялық машық- дағдылары белгілі бірдей дәрежеде қалыптасқаны назарда ұсталынады. Сондықтан да орфографиялық принциптер бұл сынып оқушылары үшін ғылыми жаңа мәлімет болуы көрінбеуі ықтимал.Осындай мәселе біздің алдымызға 5-9 сынып оқушылары үшін сөз тіркесін дамыта оқытуда негізгі теориялық тірек іздеу керектігін танытты. Ондай теориялық тірек ретінде біз мынадай жолды таңдадық:
- сөз тіркесін оқытуда логика элементтерін қолдану және оқушыларға логика элементтерін тілмен байланыстар отырып меңгерту;
- сөз тіркесін лексикамен, морфологиямен байланыстыра оқыту;
- жаңа синтаксистік ұғымдардың енгізілуі;
- қазақ тілінің жүйелі ғылыми курсы салалы фонетика, лексика, морфологияның синтаксистік негізде оқытылуы;
- сөздің синтаксистік қызметіне сөз тіркесін құруға қатысуын да енгізу;
- сөйлем құрылуындағы сөзбен қатар сөз тіркесінің қызметін де алдыңғы қатарға шығару;
- сөз тіркесі мен сөйлем (жай сөйлем, құрмалас сөйлем) жасалуындағы синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастар табиғатына терең синтаксистік талдаулар жасату;
- орфоэпия заңдылықтарының жаңа ұғымдарын енгізу;
- пунктуация теориясының ұғымдарын меңгерту;
- сөз тіркесінің текст құраушылық қызметіне байланысты ұғымдар жүесін енгізу.
Жаңа ғылыми ұғымдарды сөз тіркесін оқытумен байланысты енгізудің өзінде оқушының белгілі бір дәрежедегі даярлығы болуы керектігі естен шығармау қажет. Жаңа лингвистикалық ұғымдар енгізілгенде, оқушының олармен қалай танысатыны, қандай оқу мақсаттарын қоятыны, қандай міндеттерді шешу арқылы жаңа мазмұндық топтастырулар жасауға жете алатыны анықталады. Мұндай мәселе оқушыны орындайтын оқу әрекеттерінің барынша нақтылауын, жүйеленуін міндеттейді. Оқушы теориялық ұғымды анықтауға, талдауға кіріспес бұрын, мұғалім негізгі оқыту нысаны - сөз тіркесінің табиғаты туралы білім мазмұнын есіне түсіріп, оқушының сөз тіркесі туралы білетін білімдік мазмұнын жаңа аспектіден қарауына басшылық етіп, олардың сөз тіркесі туралы білімін жүйелеп алуына көмектеседі. Осы ретте оқушының теориялық ойлауын дамыту мақсатымен бірге оқушының тілін дамыту мақсаты да бірігіп, сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясының толыққандығы айқындала бастайды. Яғни оқушының теориялық ойлауын дамыту міндеті оқушының тілін дамыту міндетімен біріктіріліп, оқушының жан- жақты дамуына жаңа, үлкен арна жасалады. Бұл жерде сөз тіркесінің өзі тектес басқа тіркес түрлерімен салыстыруы, құрмалас сөйлеммен салыстыруы, сөйлем мүшелері мен сөз тіркесінің байланыстығы, текст туралы ұғымдар берілуі туралы айтып отырмыз. Бұл жұмыстардың барлығы, түптеп келгенде, негізгі обьект- сөз тіркесі синтаксисінің табиғатын неғұрлым терең, неғұрлым айқын танытуға бағытталады.
Сөз тіркесін дамыта оқытуда эмпирикалық және теориялық таным деңгейлерінің ерекшеліктері осы 5-9 сыныпта аса ескеріліп, эмпирикалық және теориялық деңгейлерде берілетін білім мазмұндары іріктеледі. Өйткені алдымызға қойылған мақсат- оқушылар сөз тіркесін эмпирикалық және теориялық деңгейлерде бірізділікпен талдай отырып, осы тіл бірлігінің грамматикалық тіл бірлігін айқындауға, тіркес түрлерін ажырата білуге, жай және күрделі сөз тіркестерін тануға, сөздердің байланысу тәсілдеріне, байланыс түрлеріне, құрамына, түрлеріне және синтаксистік байланыстармен синтаксистік қатынастар табиғатына терең назар аударулары керек. Сөз тіркесін тілдің барлық ішкі жүйелерімен (фонетика, лексика, морфология, сөйлем, текст) байланыстара оқыту арқылы пунктуациялық, орфоэпиялық талдаулар жасату арқылы мұғалім оқушының сөз тіркесінің жүйелік-құрылымдық табиғатына мазмұндық талдау жасау дағдыларын қалыптастырады /2, 44/.
5-сыныптан бастап, оқушылардың синтаксистік ұғымдарды терең тануы мен синтаксистік ұғымдарды жүйелеуге дағдылануы дамыта оқыту технологиясының міндеті болып саналады. Өйткені, 5-сыныптан бастап оқушылар қазақ тілінің жүйелі курсын оқып- үйрене бастайды. Енді оқушы тілдің ерекше қызметіне ден қойып, бастауыш сыныптарда меңгерген жазудың заңдылықтары мен тілдің заңдылықтарына теориялық тұрғыдан қарауды үйренеді. «Дыбыс және оның мағынасы», «Сөз және оның мағынасы», «Сөз тіркесі және оның мағынасы», «Сөйлем, сөйлем түрлері, олардың мағыналары» деген тақырыптар енді оқушыға тіл бірліктерінің семантикалық тұрғыдан танылуы қажеттігін айқын көрсетеді. 5-сыныпта фонетиканы оқытудағы басты мақсат – фонеманың сөзбен морфемнің мағынасын ажырататын қызметін таныту. Фонема туралы ұғым қалыптасқан оқушыда жазудың фонематикалық, морфологиялық принциптері туралы түсінік қалыптасуға дайын болады. Жазба жұмыстар мен синтаксистік талдауларды дәстүрлі әдістемеден басқаша етіп түрлендіру және олармен көп жұмыс жасау арқылы оқушыларда жаңа, бұрынғы оқытуда айтылмайтын, тіл жүйесіндегі барлық дерлік бірліктердің, фонемадан бастап, морфема, сөз, сөз тіркесіне шейінгі тіл бірліктерінің, түпкі қызметі- сөйлем құрылымына қатысу екендігі туралы ұғым қалыптасады. Сөйтіп, «Тіл – жүйелердің жүйесі» екендігіне ғылыми талдаулар арқылы көз жеткізеді /3, 79/. Мұндай ұғым жасауда оқушылар жаңа біліміне бұрынғы эмпирикалық білімін тірек етуі үйретіледі.
5-сыныпта фонетика, лексика жүйелерінің сөз тіркесімен байланыстырыла оқытылуына қажетті лингвистикалық және практикалық материалдар дидактикалық қажеттілікпен іріктелінеді. Фонетика тақырыптарын сөз тіркесімен байланыстыруда, дыбыстардың бірізділікпен орналасу арқылы сөз, сөз тіркесі, сөйлем құралуы туралы теориялық топтастырылған ұғымдар жасалуымен бірге, орфоэпиялық нормалардың үйретілуі де дамыта оқытуда үлкен тірек бола алатын жол деп саналады. Лексиканы оқытуда сөз тіркесін байланыстырудың тиімді жолы ретінде біз лексиканың «Сөз мағынасы», «Синонимдер», «Терминдер», «Көп мағыналы сөздер», «Тұрақты тіркестер» тақырыптарына баса назар аудардық. Осы бағытта жасалған жұмыстардың көлемі, негізінен, синонимдерге байланысты болды. Себебі, синоним сөздердің мағыналарының түрлі реңктері, экспрессивтік-эмоционалдық бояулары сан қырлы болып оқушылардың теориялық ұғымдар жасауы мен тіл дамуына мол мүмкіндік бере алады /4, 94/.
6-сыныпта морфология жүйесі оқылады. Бұл сыныпта сөз тіркесін морфологиямен байланыстыра оқытуға лингвистикалық материалдар бай әрі жеткілікті. Морфологияны сөз тіркесімен байланыстырыла оқытудың лингвистикалық негіздемесі сөз тіркесінің морфологияға тым жақын екендігі туралы қағидаға сүйенеді, өйткені, сөз тіркесінің жасалуының өзі сөз таптарының синтагмалық қасиеттеріне байланысты. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, одағай, шылау, еліктеу сөздердің барлығы бір- бірімен тіркесімдік қабілеттері жағынан, синтаксистік қызметтері болуы жағынан сөз тіркесін оқытуға үлкен тірек болады. Сөз тіркесін дамыта оқытуды морфологиямен байланыстыруда оқушылардың дәстүрлі білім алу барысына өзгерістер енгізілді. Ол өзгерістер мынадай: дәстүрлі бағдарламада сөз таптарының синтаксистік қызметі тақырыптардың соңғы жағында ғана, сөйлем мүшесі болуы туралы анықтама және мысалдармен беріледі. Ал сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясы жалпы сөз таптарының белгілері туралы жалпы анықтама беруді ұсынып, сол маңызды белгілердің бірі- сөз табының синтаксистік қызметі екндігіне назар аударылады. Сөздің лексикалық, морфологиялық табиғаты лингвистиканың ортақ мәселесі екені белгілі, ал сөзді синтаксема деп танушыларға /4, 84/ сүйенетін болсақ, сөздің белгілі бір сөз табына жатқызылуының өзінде оның (сөздің) синтаксистік табиғаты басты орын алып тұрғанына назар аударылмайды. Мысалы, зат есім болса, оның сыны, саны, сапасы болады. Дерексіз зат есімдер мен сын есімдердің (батыр, қорқақ т.б.), тұйық етіс пен зат есімдердің (жүгіру, айту т.б.) айырмашылықтары зат есімнің сын есім арқылы анықталатын синтаксистік қасиетіне сүйене отырып танытылды. Мұның өзі оқушылардың дәстүрлі жүйедегідей, морфология мен синтаксисті айырып танудан сақтандырып, тіл жүйесінің тұтастығын тануға жетелейтін жол деп санады. Зат есімнің ішкі семантикалық түрлерінің өзі олардың түрлі тіркесімдік мүмкіндіктері арқылы тануды қажет етеді (ұл бала, қыз бала т.б.).
Ал сөздердің тіркесімі арқылы ғана сын есімнің, сан есімнің табиғаты танытылатыны бағдарлама мен оқулықта айтылмайды (қызыл көйлек, жеті күн т.б.). Сөз таптарының синтаксис болмысы олардың сөз табы болу мүмкіншіліктерін айқындайтын маңызды факторлардың бірі екендігі сөз тіркесін дамыта оқыту бағдарламасында алдыңғы орынға қойылды.Сын есімдердің синкреттік ерекшеліктері, сан есімдердің сөз табы екендігі не еместігі туралы ғылыми көз қарастар оқушыларға ауызша материал түрінде таныстырылуы қажет деп танылды. Есімдіктің тек орынбасар сөз ғана еместігі де, есімдік тек белгілі бір есім сөзді ауыстырушы емес, тұтас абзацтарды да ауыстырып тұратыны тексті оқытумен байланысты түсіндірілді. Етістік сөз табының мүмкіншіліктері мен олардың сөз тіркесін жасау ерекшеліктері зерттеудің лингвистикалық бөлімінде кең талданды. Сол материалдардың дені сөз тіркесін дамыта оқытуда қолданылды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Давыдов В.В. Виды обобщения в обучении. – М.: Педагогика, 1972.
2. Эльконин Д.Б. Избр. Психологические труды. – М.,1991.
3. Репкин В.В., Репкина Н.В. Развивающего обучения: теория и практика. – Томск, 1997.
4. Рахметова С. Бастауыш класс оқушыларының тілін дамытудың негіздері. – П.ғ.д., ғылыми дәр.алу үшін жаз. дисс. авторефераты. – Алматы, 1994.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада сөз тіркесін дамыта оқыту туралы айтылады.
РЕЗЮМЕ
В статье говорится о развивающем обучении словосочетаний.
Достарыңызбен бөлісу: |