2-ҚОСЫМША
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті Тараз қаласы және Жамбыл облысының жалпы орта білім беретін мектептерінің 11(12) сынып оқушыларына 5В010500-Дефектология мамандығы бойынша облыстық шығарма байқауы ЕРЕЖЕСІ
ТАРАЗ 2018
5В010500–Дефектология мамандығы бойынша Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасын қолдау аясында ТарМПУ «Мейірімділік-құнды қасиет» тақырыбында Жамбыл облысы және Тараз қаласының мектеп және арнаулы орта медициналық және педагогикалық білім беру мекемелерінің бітірушілеріне 5В010500-Дефектология мамандығына түсуге үміткерлер арасында облыстық шығарма байқауы Ережесі
1.Жалпы ереже
1.1. Мектеп оқушыларына 5В010500–Дефектология мамандығы бойынша байқауы туралы бұл ереже байқаудың мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру мен өткізу тәртібін, оның ұйымдастыру-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуін, жауаптыларын, олимпиаданың қорытындыларын шығару және жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің марапатталуын белгілейді.
1.2. Дефектология мамандығы бойынша байқаудың негізгі мақсаттары:
Байқаудың мақсаты: бірегей білім беру кеңістігінде арнайы және инклюзивті білім беру аясында оқушылардың бойында жанашырлық пен мейірімділік қасиеттерін тәрбиелеу және жарым жан, дамуында ауытқушылығы бар балаларды оқытып тәрбиелеуге ниет білдіретін, оларды әлеуметтендіруге ат салысатын болашақ мамандарды анықтау.
1.3. Дефектология мамандығы бойынша байқауларды Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында өткізіледі.
1.4. Дефектология мамандығы бойынша байқауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ақпараттар университеттің www.targpu.kz. сайтында «ТАЛАПКЕР» бөлімінде орналстырылады.
2. Дефектология мамандығы бойынша байқаудың міндеттері
2.1. Оқушылардың дефектолог мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру.
2.2. Инклюзивтік білім берудің мақсаттарымен оқушыларды жан- жақты хабардар ету .
2.3. Оқушыларды арнайы педагогика саласындағы соңғы жетістіктермен таныстыру.
Дефектология мамандығы бойынша байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Дефектология маманадығы бойынша байқау талаптары:
- Жұмыстар студент, оқушының таңдауымен қазақ, орыс тілдерінде орындалады.
- Шығармалар әр түрлі нысандарда жазылуы мүмкін (шығарма-толғау, шығарма-эссе, т.б.)
- Жұмыс 5-6 беттен кем болмауы керек. Шығармада тақырыпқа сай эпиграф таңдалып, мазмұны алдын ала құрылған жоспарға сай баяндалуы тиіс. Өзіндік ойымен қорытындылау керек.
- Шығармалар міндетті түрде үміткердің өз қолымен жазылған қолжазба және электронды түрде ұсынылады. Қаріп өлшемі – 14, интервал – 1,5, формат – А4, көлемі – 3-5 бет.
Мектептер байқауға қатысу үшін өз қолымен жазылған шығарма 2018 жылғы наурыздың 10-на дейін келесі мекенжайға тапсырылуы тиіс: Тараз каласы Төле би көшесі №62, ТарМПУ 1 ғимарат №108 ауд, ал электронды нұсқасы aiman_km@mail.ru .
Олимпиада мен байқауды ұйымдастыру-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету
4.1 Мамандық бойынша олимпиада мен байқау кезеңдеріне дайындық және олардың өткізу жұмыстарын ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. Оның құрамына төраға, оның орынбасары, жауапты хатшы және мүшелері кіреді. Ұйымдастыру комитетінің құрамы Дефектология мамандығы бойынша кафедра профессор-оқытушыларынан құрылады. Мамандық бойынша облыстық олимпиада мен байқауларды ұйымдастыру комитетінің құрамы ТарМПУ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
4.2. Дефектология маманығы бойынша облыстық байқауды ұйымдастыру комитеті:
- Дефектология мамандығы бойынша байқаудың дайындығы мен өткізілуі туралы хабарландырудың дер кезінде жариялануын қамтамасыз етеді;
- Дефектология мамандығы бойынша байқаудың өткізу тәртібі мен мерзімін анықтайды;
- Дефектология мамандығы бойынша байқауды өткізу бағдарламасын құрастырады, нәтижелерді бағалау өлшемдерін анықтау жөнінде комиссия құрамын, пәндік қазылар алқалары мен олардың төрағаларын бекітеді;
- қазылар алқаларының ұсыныстары бойынша байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды;
- Дефектология мамандығы бойынша олимпиада мен байқауларға облыстық қатысушылардың жұмыстарын шифрлау және тексеру тәртібін анықтайды;
4.3. Дефектология мамандығы бойынша облыстық пәндік олимпиада мен байқау нәтижелері хаттама түрінде рәсімделеді.
5. Дефектология мамандығы бойынша облыстық шығарма байқауына қатысушылары
5.1. Дефектология мамандығы бойынша облыстық шығарма байқауына қатысушылары болып аудандық және қалалық мектептердің 11(12) сынып оқушылары табылады;
5.2. Облыстық шығарма байқауына қатысатын 11(12) сынып оқушылары міндетті түрде Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуы керек.
5.3. Облыстық шығарма байқауына қатысушының өзімен бірге жеке басын растайтын куәлігі болуы керек. Жеке басын растайтын куәлігі болмаған жағдайда оқу орнынан фотосуреті бар анықтама көрсетуі керек.
5.4. Дефектология мамандығы бойынша облыстық шығарма байқауының жеңімпазы – таклапқа сай жазып, өз ойын логикалық тұрғыдан аша білген,ең жоғары нәтиже көрсеткен қатысушы болып саналады.
6. Жауапкершілік
6.1 Дефектология мамандығы бойынша пәндік тапсырмаларды, бағалау өлшемдері мен әдістемесін дайындау үшін тапсырмаларды дайындау жөніндегі комиссия жауапкершілікте болады.
Мамандық бойынша олимпиада мен байқау қорытындыларын шығару және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау
7.1. Қорытынды олимпиада мен байқаудың әр кезеңінен кейін шығарылады. Әр мамандық бойынша жүлдегерлер анықталады.
7.2. Мамандықтар бойынша олимпиада мен байқаудың бас жүлдегерлері ТарМПУ грантын иеленеді. I,II,III орын жүлдегерлері, 1,2 дәрежелі дипломдармен марапатталады.
7.3. ТарМПУ гранты сертификаты Ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті балл жинаған жағдайда күшіне енеді.
7.4. Дефектология мамандығы бойынша ТарМПУ гранты жеңімпаздарының Ұлттық бірыңғай тестілеуде тапсырған бейіндік пәндері жеңіп алған Дефектология мамандығының бейіндік пәндеріне (биологя-геогарфия) сәйкес келуі міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |